Менің де атам - батыр!


(фотода кішкентай мамам мен әкесі)

Менің нағашы атам — Сергебаев Барат 1919 жылы қаңтардың 15-де дүниеге келген. Есімде қалғаны: 4-5 жаста жаз сайын анам бізді (тәтем екеуімізді) ауылға апарып тастайтын. Атам мен әжемнің қасында 1-2 айдай аунап-қунап жүретінбіз. Бірақ шыны керек басында үйренісе алмай, (әсіресе мен) үйге қайтқым келіп жүретін. Оның үстінде атам қызу мінезді, әрдайым айқайлап, ұрысып жүретін.

Әлі де көз алдымда тамақ ішуге шақырғанда, дөңгелек үстелдің басында малдас құрып отырып: «Айжаааан, Баяяяян, Қасыыыым, Досыыыым» деп әндетіп айқайлап бәрімізді келмейінше шақыратын. Сонда бұрышта бір уыс, моп-момақан болып отыратын әжем: «Балаларды қорқытпасайшы, келесі жазда келмей қояды ғой» деп байсалды-ақ айтатын. Сонда атам: "Әкеңнін аузын...")) Иә, атамнан қорқатынбыз. Әсіресе, қорқақ мен) Сонда әжемнің жып-жылы қойнына тығылып алып, оның сипалағанына еркелеп жататынмын.
Әрі қарай

Тарихи романдарды ұнатсаңыз...


ПРИЗНАНИЕ КОРОЛЕВЫ («Исповедь королевы») — Виктории Холттың өте қызықты романы. Жалпы тарихи романды қызық деп табатындарыңыз болса, осы романды оқуды ұсынамын. Бұл жерде Францияның королевасы Марии Антуанетта өз өлімін күту үстінде басынан өткен оқиғаларының барлығын көз алдынан өткізеді. Антуанеттаның Австрияда өткен балалық күндері мен Францияға келуі, күйеуге шығуы, өзінің жіберген түрлі қателіктерін есіне алып, өкінуі, корольдікте болған қызықты оқиғалары және т.б. таныс боласыздар. Тарихта болған Француз революциясы осы романда сипатталады. Сол революцияның болуына себепкер болғандардың бірі-осы автриялық «ақымақ» королева болған-ды. Шәкәрімнің "Үш анығын" оқығандарыңыз болса, сол жерде Калиостра туралы мысал келтірілгенде осы Антуанетта туралы айтылады. Роман бір жағынан тарихи болса, енді бір жағынан романтикалық десе де болады. Ең бастысы өте қызықтыыыыыыыы
Әрі қарай

Б.Соқпақбаев: “Менің атым Қожа” (Е-кітап)

Кітапсүйер оқырманға Бердібек Соқпақбаевтың келесі бір шығармасын ұсынғалы отырмын. Бұл жолы қазақтың жасы-кәрісіне дейін сүйіп оқитын, сүйіп көретін “Менің атым Қожа” өздеріңіздің қолдарыңыздағы құрылғыларға қарай жол тартады. Осыған дейін де айтып жүргенімдей, бұл да epub форматындағы кітап.
Мына жерден жүктеп алуға болады.
Әрі қарай

Жазалар әлеміне саяхат - (Премьера)

«Жазаласа, ох жазаласа...© Satibaldi

Соңғы кезде жазалaу туралы сөз болса, амиголар өз қиялы мен кинодан көргенінің жаңғырықтарынан құрауға мәжбүр болып жатыр.
Осы тұрғыда, жазалау түрлеріне бірнеше сериялы ситком жазып жіберу керегін бұрыннан сезіп жүргенмін. Қиял сарқылғанда, жаңа жазалау сюжеттерін құрғанда осы топтамадан шабыт алуға болады. Нәзік жүректілер адамзат тарихы тек архитектуралық, мәдени, әдеби креативтерге ғана емес, біреуге қиянат жасауда да зор шығармашылық танытқанын байқайды.
Уа, экшн сүйгіш жамағат, қаныпезер, қатыгез қауым!
Әрі қарай

Жаңалықтар - 12 наурыз 2012

Бальзак жасындағы жолаушы әйелдің «Не істеп тұрмыз? Неге жүрмейміз?» классикалық сұрағына «Асықсаңыз таксиге мініңіз» деп төмен тонмен, әлсіз жауап берген контролердің стресіне жүргізушінің қаһары қосылып, маршрутка карьерасы сәтсіз басталды.

***

Аула белсендісі 64 жасар Люба апайдың ЦОНдағы шаруалары бар болғаны 12 минутта аяқталып, үйіне ашулы қайтты.

***

"Қайрат" капитанының «Мықты болсаң өзің ойнап көр» сөздерінен кейін ойынға қосылған жанкүйер әзірше 2 ойында 4 гол соғып, 2 гол пасын берді.

***

Францияда үйленген гей мұсылмандар туралы депутат Марсель Көшімхан өзінің Твиттер бетінде «Діндер аздық, дүрдараздық, барып тұрған п***раздық!» деп баға берді.

***

Құрсақта жатқаннан діни тәрбие алып келе жатқан 11 айлық Мухаммед-ханафияның алғашқы сөзі 1 күнде нағашысы үйретіп кеткен «Наху» сөзі болуы баланың ата-анасының көңіліне кірбің ұялатты.

***

Satibaldi Kerbabaev подружилась с Нуржан Тукой и Аскар Наймантаевым. 11 ч. назад возле Астана.
Әрі қарай

Егер сiздi бiреу сүйсе..

Егер сiздi бiреу сүйсе… Егер қатты сүйсе… Егер сiзде оны сүйетiн болсаңыз… Махаббат сезiмiңiздi алаулатып ұстауыңыз үшiн сiзге бiздiң бірнеше кеңесiмiз бар. Бұл оны сынақтан өткізуге кең мүмкіндік.

Егер күрсiнсе не болғанын сұраңыз, тіл қатпаса да қоймай-қоймай қайта-қайта сұраңыз. Жауап бермесе ренжiп қалыңыз…

Оның болмас қателерiн оған таудай етiп көрсетiңiз, үш күн бойы одан басқа қозғайтын тақырып болмасын, әңгіме өзегі тек қана сол оның жіберген қателіктері болсын. Бұл ренішіңізді бүкiл достарыңызға жеткiзiңiз, олармен бетпе-бет көрiспесеңiз де телефон соғып айтыңыз.
Әрі қарай