Егер сiздi бiреу сүйсе..

Егер сiздi бiреу сүйсе… Егер қатты сүйсе… Егер сiзде оны сүйетiн болсаңыз… Махаббат сезiмiңiздi алаулатып ұстауыңыз үшiн сiзге бiздiң бірнеше кеңесiмiз бар. Бұл оны сынақтан өткізуге кең мүмкіндік.

Егер күрсiнсе не болғанын сұраңыз, тіл қатпаса да қоймай-қоймай қайта-қайта сұраңыз. Жауап бермесе ренжiп қалыңыз…

Оның болмас қателерiн оған таудай етiп көрсетiңiз, үш күн бойы одан басқа қозғайтын тақырып болмасын, әңгіме өзегі тек қана сол оның жіберген қателіктері болсын. Бұл ренішіңізді бүкiл достарыңызға жеткiзiңiз, олармен бетпе-бет көрiспесеңiз де телефон соғып айтыңыз.

Кикілжің болған сайын осыдан бірнеше жылғы ұрысты қолыңыздан келгенше қайтадан есіне түсiрiңiз. Оның жіберген қателігін есiңiзге түсiре алмасаңыз өзiнен ебін тауып сұраңыз, ол сасқанынан өз қатесiн айтып қалса, онда дереу оны кiнәлаңыз.

Үйге келгенде оны көз тартар іш киіммен күтiп алыңыз.

Жұмыс бабымен жолға шығар кезде оған жағымды сыйлық дайындаңыз.

Күнде кешке мобил телефонындағы нөмірлер тiзiмiн тексерiңiз. Қайта-қайта бейтаныс нөмердi сұрай берiңiз, қалай болғанда да айтқандарына қанағаттанбай сол номерге телефон соғыңыз. Трубканың арғы жағындағы кiсiге кiм екендiгiн және сүйiктiңiздi қайдан танитынын сұраңыз. Бастығы болса да.

Жұмыс орнына жиi-жиi барып тұрыңыз, сосын сол жердегiлерге ол жайында әңгiмелер айтыңыз. Бiрақ не болса да, егер ол ауырып қалса, жоғарыдағыларды iстеудi уақытша қоя тұрып бiраз оған көңiл бөлiңiз.

Оны бірмезгіл өзгелерден қызғанып тұрыңыз, оған бұл әрекет ұнап қалса қызғануды қойыңыз…

Шашыңызды оның ұнататын түрiнен басқаша етiп қысқартыңыз…

Егер бүкiл берген кеңесiмiздi жасаудан сіз жалықпай, егер ол да сізге ынтазарлығын доғарта алмаса не iстейсiз? Қалай iстейсiз бiлмеймiз оған тұрмысқа шығыңыз.

Егер тұрмысты болсаңыз сiзден өтiнiш жоғарыдағыларды iстеудi қойыңыз.

Бұрынғы Арулар сайтынан
bk
Бөлісу:

45 пікір

Tarazkyzy
Мен деген үйге барған соң кеңесіңізге жүгініп, жоғарыдағыларды жасаймын ба десем.«Егер тұрмысты болсаңыз сiзден өтiнiш жоғарыдағыларды iстеудi қойыңыз» деген сөйлем құртты бәрін
asaubota
кейбіреулерін жасап көруге болады ғой
Tarazkyzy
5-ші абзацқа қарап тошно тұрмыстағыларға арналған кеңес деп ойладым
kokbori
Құрысын, одан да жемеш нақ деген Zhan ның сөзін айта салсай, мынау жігіттің невірін нивамен тегістейді ғой
Gulistan
Үйге келгенде оны көз тартар іш киіммен күтiп алыңыз.
Мынаны енді тұрмыстағылар істейтін болар
satibaldi
Адамдар үйленгенге дейін еш кездеспейтін пәк замандар қайтып келді дейсің ғой
dark_nazgul
Енді біреуді сүйе қалсам, сүйгізе қалсам, тошны істеймін осы айтылғандардың бәрін.
salta
сүймек түгіл күйіп кетсе де мынадай қылықты тек ез жігіт қана көтере алатын шығар... мен жігіт болсам қақ маңдайдан қағып жіберіп бозторғай аулатып жіберер едім
Zhan
Сенің қыз болып туылғаның қандай жақсы болған. Құдай Гульвира деген проектіден значить жаңылмаған  А то еркек болып туылсаң бозторғай қуалап жүрген біраз қыздарды көрер ме едік
Kipshakkyzy
Қыздарды қайдам, дәл осылай жігіт жасаса безіп кетер едім.
salta
Қыздарды қайдам, дәл осылай жігіт жасаса безіп кетер едім — мен ваще қақ маңдайдан қағып жіберіп бозторғай аулатып жіберер едім
bitanazamat
Құдайдан қорықпайсыздар ма?! Мына суретті алып тастаңыздар!
dark_nazgul
не бопты? қылышты қынабынан суырып, қайта салып жатқан сурет болса бір сәрі. а мынау, баланың шимайы ғой.
AKY
қылышы нес көтек?
dark_nazgul
қынабын сұрамайсың ба?
AKY
қынабың енді жетіп отыр маған)))
AKY
аудармасы нащарлау екен былай.
bitanazamat
«Әйелдер мерекесінің шығу тарихы» (блогерлер бұғып қалды ма?) bitanazamat.kazjur.kz
araika
Мыналар ажыратып тынатын амалдар жиынтығы ма дедім
madlen
Как избавиться от парня за 10 дней деген фильмнин сюжетине келеди екен.
Ramzik
Елімізде 8 әйклге 1 еркектен неге келетіні түсінікті болды.Байсыз қалғыларын келмесе сынақтарды қысқартындар өздері байға тиіп алып қыртып жаза береді олар.
meirzhan
8 әйелге бір еркек деген тіпті соғыс жылдарынан кейін болған жоқ. Қайдан алынған бұл статистика?!
zhanara2013
Еркектер қауымы өздерінің бағасын осы статистикамен көтеріп қояды
Daniar-Alan
… тек қана көтеріп емес, осы статистикаға сенген ақмақ қыздарды пайдаланып көтергізіп жүргендерге де куә болып жүрміз…
Adiletshu
Соңғы санақ бойынша 51 пайыз әйелдер 49 пайыз еркектер болды ғой дейм Қз-да
Tyulpan
Еркектер қауымы өздерінің бағасын осы статистикамен көтеріп қояды

ужі ескірген, отсталый статистика. соны әәәәәлі айтып, әңгіме айтатындарға күлкім келет ))
zhanara2013
Мақтанайықшы біз де, керісінше статистикамызды айтып, мысалы
Бір басымда 7 жігіт бар деп
aikarakoz
өмір бақи байсыз өтетін сияқтысың ғо
zhandarm
мен осының бәрін нақ сүйеріме жасаймын
Baisaldy
Мына берілген шабылондармен шапқылай берсе абыломдары шығар қыздардың
Zhan
Мен біреуді неше түрлі сынақтардан өткізіп көрдім. Жоғарыдағы емес, өз әдістерім. Бала жаман емес, былай сынақтан +5 алып өтті. Лібә, бірақ өткені құрсын, әрең құтылдым одан.
Aikona
Ойланатын жайт екен
Gastarbaiter
Ата-енесімен тұратын қатын істейтін тірлік емес, не де болса