Жаңалықтар - 12 наурыз 2012

Бальзак жасындағы жолаушы әйелдің «Не істеп тұрмыз? Неге жүрмейміз?» классикалық сұрағына «Асықсаңыз таксиге мініңіз» деп төмен тонмен, әлсіз жауап берген контролердің стресіне жүргізушінің қаһары қосылып, маршрутка карьерасы сәтсіз басталды.

***

Аула белсендісі 64 жасар Люба апайдың ЦОНдағы шаруалары бар болғаны 12 минутта аяқталып, үйіне ашулы қайтты.

***

"Қайрат" капитанының «Мықты болсаң өзің ойнап көр» сөздерінен кейін ойынға қосылған жанкүйер әзірше 2 ойында 4 гол соғып, 2 гол пасын берді.

***

Францияда үйленген гей мұсылмандар туралы депутат Марсель Көшімхан өзінің Твиттер бетінде «Діндер аздық, дүрдараздық, барып тұрған п***раздық!» деп баға берді.

***

Құрсақта жатқаннан діни тәрбие алып келе жатқан 11 айлық Мухаммед-ханафияның алғашқы сөзі 1 күнде нағашысы үйретіп кеткен «Наху» сөзі болуы баланың ата-анасының көңіліне кірбің ұялатты.

***

Satibaldi Kerbabaev подружилась с Нуржан Тукой и Аскар Наймантаевым. 11 ч. назад возле Астана.
Бөлісу:

13 пікір

aikarakoz
Satibaldi Kerbabaev подружилась
aikarakoz
үйленген гей мұсылмандар
«намысты» қайта-қайта үйкей бердіңіздер ғой қайраққа
MrQ
Осыдан басқасына сілем қатып күлдім,,,
Abilakim
 Жақсы, Марсель ағамыз, анау футбол жанкүйері ырза қылды
asaubota
Багратионычтың қаһарына ұшырап, карьераң сәтсіз аяқталып қалмасын
Rafaello
Сәкең әзіл түсінетін жігіт қой. Ол жердегі әзіл негізінде Facebook туралы
asaubota
Ахаң, Мұхаңдармен де құрдас шығарсың епті?
Aldeken
шешессс… жарасың нақ…
VKM
иә, иә, фейсбукте бәрі в женском роде)))
satibaldi
Көгілдір мұсылмандар? Мүмкін емес! Алматыда қызтеке шеруін ұйымдастырмақ болған шайтани тобырдың біреуі болдың ғой сен, қаламыңның аяқ алысынан-ақ көрініп тұр. Олар да, сен де әлі қазақ деген киелі ұлттың жазасын аласыңдар!!!
Botik11
Жаңалықтар Айна ТВ-ны еске салады…
konvict
Маған Алаш айнасын еске түсірді