Тарихи романдарды ұнатсаңыз...


ПРИЗНАНИЕ КОРОЛЕВЫ («Исповедь королевы») — Виктории Холттың өте қызықты романы. Жалпы тарихи романды қызық деп табатындарыңыз болса, осы романды оқуды ұсынамын. Бұл жерде Францияның королевасы Марии Антуанетта өз өлімін күту үстінде басынан өткен оқиғаларының барлығын көз алдынан өткізеді. Антуанеттаның Австрияда өткен балалық күндері мен Францияға келуі, күйеуге шығуы, өзінің жіберген түрлі қателіктерін есіне алып, өкінуі, корольдікте болған қызықты оқиғалары және т.б. таныс боласыздар. Тарихта болған Француз революциясы осы романда сипатталады. Сол революцияның болуына себепкер болғандардың бірі-осы автриялық «ақымақ» королева болған-ды. Шәкәрімнің "Үш анығын" оқығандарыңыз болса, сол жерде Калиостра туралы мысал келтірілгенде осы Антуанетта туралы айтылады. Роман бір жағынан тарихи болса, енді бір жағынан романтикалық десе де болады. Ең бастысы өте қызықтыыыыыыыы
Бөлісу:

35 пікір

asaubota
мұндай посттарға кітапты қайдан табуға болатынын немесе электронды нұсқасына сілтеме қоссаң пайдалырақ болады.
jebe_92
lady.webnice.ru/literature/download.php?file=5528 осы сілтеме бойынша жазып ала аласыз. кеңесіңізге рахмет )))
satibaldi
Тарихи романдардың шылқыған өтірік екеніне, 5 пайыз мәліметке 95 пайыз аффтардың азғын қиялы қосылып берілетін бұттерброд екеніне Болеслав Прустың «Фараоны» мен Валентин Пикульдың «Баязетің» оқығаннан кейін көзім анық жеткен.
Жама'ат, тарихи роман оқып уақыт құртпаңдар! Тек қазір не көріп отырсың — сол ғана шын!!!
Elirgen
Ондайы болса, ана Герадотың мен Гомерің ағаш өскіндерін шайнап, қуып кеткен шалдар дешиш...
jebe_92
Тарихи РОМАН болғандықтан, әрине автор өз атынан да өзгертулер қосуға хақылы. Барлығы шын болса, оны роман деп атаудың жөні болмас та еді ғой. Егер шынайы тарихқа қызығатындар болса, тарихи басқа да деректерге қарайды емес пе?! Ал романның басты мақсаты, тарихта болған оқиға желісімен қызықты сюжетті оқырманға жеткізу
satibaldi
Жоға орнымен болуы керек барлығы. Роман дегенмен — тарихи деген айдар алып тұр. Мысалы, «Тихий Дон», «Молодая гвардиялар да» тарихи романдар. Адамның ішкі қыжылдарын суреттеу арқылы -ақ заманды суреттеп отыр. Бір түйір өтірік жоқ ішінде. Әйтеуір, елестету үшін шегудің қажеті жоқ. Ал «Күннің сәулесі бірте-бірте бәсеңдеп, орнына Рамзестің бала жүзі пайда болды» дегендер, хершірерсіздер — аффтардың неше пинта ішкенімен байланысты сияқты. Киноның әсері де байқалад тіптен.
meirzhan
Адамдарға құрғақ тарихи фактты жұтқаннан гөрі, майланған, елестетіп, қабылдауға жеңіл тарихи романдарды оқыған ыңғайлы ғой. Тарихи романнан тарихи шындықты іздеудің қажеті жоқ әрине.
Elirgen
Б. Жандарбековтың Сақтар кітабын оқып отырып, «Мынауың шіли өтірік»,-деп жан айқайы шыққан адам елестеп отыр
meirzhan
Дегенмен роман тарихи шындықтан тым алыс болса, жан айқай шығады ғой әрине. «Абай жолын» оқығанда іштеу тулап ем
jebe_92
жоғарыда satibaldi келтірген пайыздық көрсеткіштерде ПЕРЕБОР болып кеткені сөзсіз.
meirzhan
Орташа есеппен алғандағы пайыздық көрсеткіш шығар
jebe_92
солай ойлайсыз ба????????  біз де солай ойлай салайық ендеше
meirzhan
уахахаха, солай ойлайыыық, уахаха
Elirgen
Басқасын білмеймін, «Абай жолы», әсіресе, бірінші томы маған ұнайды.
jebe_92
әрине, оған ешкімнің де дауы жоқ шығар
meirzhan
Еліргенге 1-ші том ұнады, ұнамады деп те дауласуға бола ма не?
jebe_92
сізбен келісемін. Тарихи еңбек пен тарихи РОМАННЫҢ айырмашылығы да сонда ғой
satibaldi
Бүйтіп тәпсірлей берсең, жақында тарих пен романның да айырмашылығы қалмайтын сияқты.
Elirgen
Сатеке, Қалибек Данияровтың «романдарымен» таныссыз ба?
satibaldi
Бұл апайды Сізден бірінші рет естіп тұрмын, оллахи-буддахи.
Elirgen
Өзіңіз айтқандай, тарих пен романның айрмашылығын жоюды тікелей қолға алған адамға ұқсайды
satibaldi
Толығырақ айтып қойсаң енді дікені құртпай. Чатта отырған жоқпыз ғой.
satibaldi
Ой, ол алжығандар домен нон грата ғой менде. Сілтемеңнің түрін!!!
satibaldi
Ой, бұл сайтқа кірсем мониторым атылып кететін қылып программалап қойғанмын баяғыда.
Elirgen
 , Сатеке, Сіздің персона-нон грата сайттарыңыздың бан-листін көре алмай әлек болатны болдық қой
satibaldi
Жалпы, әсіресе қаззақ романистеріне театралдық сцена мен кино қатты әсер еткенін байқадым. Есенберлин, Мағауиндерді бақылап оқып отырсаңдар, аффтар кейбір жерлерде байқамай кинолық сценаларға не сахнаға арнап жазып кетеді. Сондықтан ба, 1930 жылға дейін шыққан ғана романдардың әлі адами кейпі бар. Қалғандары — құсық.
satibaldi
Ох, таптым міне.
Очм, тарихи роман делінгесін, қиялға ерік бергеннің не сөлекеттігі бар дейсіз. Онда мына үзіндіні оқып жіберсеңіз. Олжас Сүлейменов гүржі жазушысы К. Гамсахурдианың «Доместик Бакуриани» атты «тарихи» романы туралы былай дейді:
Чтобы подчеркнуть роль рыцарей Картли, писатель–патриот превращает союзников в недочеловеков Армяне и осетины, по его мнению, трусы. Кипчакам же достается больше всех. Они, прежде всего варвары, грабители, а не воины. В меню их входит человечья кровь и «собачье мясо, сваренное в кумысе». Шатры их почему–то покрыты шкурами белых медведей. (Хотя белых медведей кипчаки впервые увидели в XX веке, в Алма–атинском зоопарке). Имена их в романе весьма характерны — «Абай», например.
Шынымен, романда қыпшақтар қоянжүрек қорқақтар, осетиндер — дүрдараздар, армяндар — малдар етіп жазылған дөрекі түрде. Тарихи роман! Не боп қалд, құптасаңызшы???