Қазақстан барысы - 2012 (фото)


Астанада Қазақша күрестен "Қазақстан барысы" турнирі өтті.
Турнирдің соңында Жамбыл облысының өкілі Бейбіт Ыстыбаев 22 млн. теңге немесе 150 000 АҚШ доллары мен «Астана Моторс» тік­кен «Хюндай Соната» авто­кө­лі­гі­нің кілтіне ие болса, оның жат­тық­тырушысы Елдос Далабайға 50 000 доллардың сертификаты табыс етілді. Күміс жүлдегер Шалқар Жо­ламановқа 30 000 доллар, оның жаттықтырушысы Қанат Сүлей­ме­новке 10 000 АҚШ доллары, қола жүлдегер Айбек Нұғымаровқа 10 000 доллар берілсе, жат­тық­ты­ру­шысы Серік Қожыкенов 3 000 доллар алды. Сонымен бірге, 34 ба­луанның ішіндегі ең жасы Рүстем Жұмаевқа «Көрермен көзайымы» атанғаны үшін 10 000 доллардың сертификаты тапсырылса, «Астана Моторс» компаниясы «Қазақстан барысы» турнирінің қамқоршылар кеңесі мен жанкүйерлер арасында ойнатылған лотереяның же­ңім­па­зына тағы екі «Хюндай» көлігін табыс етті.

























Суреттер: Ерлан омаров
egemen.kz
Бөлісу:

29 пікір

aza
Бас жүлде 150 мың, екінші, үшінші жүлдеген неге сонша аз берді екен… Құрығанда 50, 70 қылмай…
Gastarbaiter
Осы сұраққа теликтен жауап берген өткен жылдың барысы.
Бірінші орын алуға деген мықты мотивация болсын деп. Финал нағыз финал болсын деп. "Өй екіні, не үшті алсам да жарайды" деген ой болмасын деп
Aidakonya
шатаспасам Домбыра патиде ан айткан Сиз го, неге катыспадыныз, женетин единиз
aza
Шатастыңыз…
Gastarbaiter
Осы анық біле тұра «шатаспасам», "ұмытпасам" деп мүләйімсіп алып дәл айтататындарға жыным келед © Сатыбалды
aza
Соны айтам, әнәссс! © Аза
Abilakim
соны шынымен өзің айтып тұрсаң авторын көрсетіп керегі қанша?© Әбіләкім
Gastarbaiter
Бан за флуд! © Асаубота
— десе ия
Janasil
Ареке өз ойыңды да жаза кетсең.
Adiletshu
Бейбіттің салмағы 139 келі екен
asaubota
жалпы турнир идеясы ұнады. 2-ші рет өткізіліп тұрғасын ұйымдастыру жағынан әлі кемшіліктер көп. Пиар жағы биыл жақсы жасалды, оған өкпе жоқ. Тек өткізу орны сәтсіз таңдалған деп ойлаймын. Велотректе акустика нашар екен. мысалы шеткі секторларға дауыс жаңғырып келеді, не айтып жатқандары түсініксіз.

сағат 15-00де басталып, кешкі 22-00де бітетін ұзақ жарыс болғандықтан адамдардың әр түрлі қажеттіліктерін орындау жағы ойластырылмаған. іші қатты салқын болғандықтан ішетін ыстық ештеңе таба алмадым, кофе-шәй сататын жерлер ұйымдастырылмаған. сыртқы есікті де жауып тастай береді, адамдар темекі тартуға шығайын десе «енді кірмейсіңдер» деп күзетшілер қорқытады.

қазақша күрес тартымдылық жағынан әрине басқа спорт түрлеріне жақында алмайды  ұзақ қарау мысалы мен үшін қиындау болды. дұрыс ережесін де білмегесін жалығып кеттім. еркін күрес сияқты емес, әдіс-айлалар шектеулі сияқты. енді былай сопрттық тұрғыда адам қызығатындай тартымды спорт түрі емес. алаңда экран көп, бірақ солардың бір-екеуіне қатысушылар кестесі шығып тұрса жақсы болар еді. кімнен кейін кім шығатынын білмей отырдық. мысалы жеребеде 12-ші номер алған спортшы 14-ші жұпта шықты. біздің есеп бойынша 6-шы жұпта шығуы керек еді.

былай ұлттық спорт идеясы ұнады. көнге түлкі салу сияқты дәстүрлері де. бірақ, келесіде бармайтын шығармын. маған қызық емес екен
omarbirat
әдіс-айлалар шектеулі сияқты.

Иә, ондай жағдай бар. Қазақша күресте жеңістер көбінесе тек әдіс жасау арқылы келетінін байқадым. Ал енді айла жағы… Әдіс бар да, айла кемшіндеу, опшым. Көбінесе аяқтың ептілігін қажет етеді. Бір шетінен, өзі де жан-жақты шектеп тасталған күрес түрі дер едім. Классикалық күрестің аяққа арналған түрі, бірақ партерде күресуге болмайды
Gulistan
Қазағымызда «шүкір» дейтін жігіттер бар екеніне көзім жетті. Бірақ сәйкессіздіктер де жетіп артылды. Асау Бота айтқандай, ұйымдастыру жағында олқылықтар болғаны ТВ алдындағы біздерге де көрініп тұрды. Сонша жарнамалаған соң, жарысты 1 аптаға жоспарлау керек еді. Бір күнде басталып, аяқталды, көп нәрсе айтылмай, жасалмай қалды.
omarbirat
Костюм, декорация, анау-мынауларын қатырып жасаған екен. Осындай жап-жақсы шоу жасап жатқандары қуантады.
Енді салмақ категорияларын қосса болар еді. Қазақша күреспен тек түйе балуандар айналыспайтын шығар
Астынан санағанда төртінші суреттегі күміс жүлдегер жігіт ағасы жасынан да асып кеткен мұжық па, әлде маған солай көрініп тұр ма?
Сосын… қаншама жыл бойы осы спорт түрін "қазақша күрес" деп естіп, айтып келдік. Соны "қазақ күресі" деп шұнтитып тастағандарына жыным келеді, әкесс. "Қазақша күрес" деген әдемі атауын қайтарсын, нақтың
Gastarbaiter
айтпа. Қазақы күрес дейтінін естігем, бірақ Қазақ күресі? Түркие Хава Йоларынсссстың
Салмақтарға бөлсе, зрелищность, кескілескен күрестер көбееді.
Кезінде UFC- осылай салмақ категориясынсыз бастаған, Грейси мен Шемрокты ұмытпасаң. Салмақ категориясы кіргелі, тең жағдай туындап, көркемдігі көбейді ғой ол спорттың. Қараңғы қапастағы қара төбелестен, мейнстримдік бюджеті мол толыққанды шоуға айналды.
omarbirat
Иә, иә, сондай болған.
Қайта іріктеу кезеңдері де қамтылып, жыл бойы жүргізіп, жап-жақсы телешоу да болар ма еді, суперстаркейзеттіиксфакторыменқосыпссс…
Солай елдің қызығушылығын оятпаса, мыналары бір күн болды, бітті-кетті… Қанша жерден әдемі жасалған шара болса да.
Gastarbaiter
Менде идея бар Омарбырат. Қазақша рестлинг ұйымдастыру жайлы. Театралды төбелес қойылымдары. Өзіндік қазақы батыр, балуандар стилінде киінген әртүрлі персонаждардың туу, даму пайда болу тарихын ойлап тауып, рингке шығару. Таза шоу болады. Тіпті көзіме елестетіп тұрмын, тырықша келген бір тарамыс амиго, лақап аты «Желаяқ», жалаңаяқ, жұлым жұлым қапшық тәрізді киіммен жүгіріп кеп нешетүрлі сальто жасап шығады, ысқырық -ушу-шу, ән-би-күй… бір кезде… дә-ә-әу месқарын, беліне дейін шешінген, бұтында қысқа дамбалы бар айдарлы жігіт шығып, 6 литрлік бөшкеден сыраны ішкенінше сылқытып, қалғанын басына төгіп тастайды да, «аааааа, шешессссс» деп айқайлап басын әрі бері жұлқып, сыраны үстіне жағады (Төбедегі кеңформатты теледидарда «Көлтауысар, 17 төбелес, 16 жеңіс, 5 нокаут деп тұрады) Әйде акробатика мен мордобойдың феервергі басталады...Кетейнақ, бұттан кеттім
Marationok
Әрбір қалада, төбелес клубың ашсақ, анау кинодағыдай?
Gastarbaiter
Ол әсіре дамып кеткен өмірінде тышқаннан ауыр ештеңе көтеріп, конфликтіні жұдырықпен шешіп көрмеген офис планктондары көп Ацсотонаның левый берегінде өтпесе, біз жақта өтпейді. Өйткені бізде бәрі 18 ге толам дегенше өтіп қояды төбелес клубын))
Marationok
Конфликт шешу үшін емес, ермек үшін төбелес дегенім ғой
Abilakim
Салмақ жағын қолға алған дұрыс секілді. Себебі, 80 келілік жігіттер, 120-130 келіліктермен белдесуге мәжбүр.
Nurgisa
О баста үкілеп қосылған 34 палуан 17 жұп түзді, форматы олимпиададағыдай (жеңілгендер бірден ұшып отырады) екенін ескергенде, тақ санмен бұнысы қалай болады деп едік, бастапқыдағы кезеңде бағзы бірін екінші мәрте белдесіріп қойды. Диас Ахметшарип белдесулер басталмас бұрын жалпы сипаттамасын, негізгі ережелерді түсіндіріп өткенімен, жеребедегі таңдалған нөмірдің жұптарды қалай анықтайтынын, реттілік қалай түзілетінін түсінбей қалдық.
Ақтөбенің тәп-тәуір шымыр жігіті бар екен, өзінен қырық киләдай ауыр палуанға тап кеп қалды. Соның өзінде тырмысып еді, соңғы приемда жеңісті салмақтылауына беріп жіберді. Мен жеңісті әрекет ақтөбелікке тиесілі деп қап едім. Зал да бірыңғай ысқырып, наразылығын білдірді…
Жалпы, ережесі шашыраңқы, маневрге ыңғай кемшін. Партерде бір-бірімен қуаласа алысар болса, жеңіл салмақтағылардан ауырлардан тіпті артықшылығы болар ма еді деп ойлап қоям…
Жалпы, мұндй нәрселердің өткізіліп тұрғаны жақсы. Патриоттықты, төл спортқа деген сүйіспеншілікті арттыратынын көрдім. Көп жігіттер кішкентай ұлдарын ерте келген. Көрермендерге тігілгені бір көлік деп еді, соңында екеуі ойнатылыпты. Басында келгенімде әр орындыққа спорт газеті, белдесуге қатысушылар туралы шағын буклет және ең қызықтырғаны — шапалақтауға арналған пластиктен жасалған "қолдар" қойылыпты. Мұның барлығы, әрине, қызығушылықты арттыру, кеңінен насихаттауға қаратылған промо-кампаниялар ғой. Ойластырған азаматтарға рақмет.
Келесіде ұйымдастырушылар аншлаг болуы үшін жағдайларды ойластырса екен деймін. Халық бармайды емес, барады. Рухани көтеріп жіберетін ивент, әйтпесе.
Келесі жылы Астанада өтсе барғым келеді. Күтейік.
Nurshat
Анау батыстың жігітінің төрешінің қолын алмай кеткені ұнамады… Күрес ережесі де ұнамады… Айбектің қабағын жыртып жібергені....Қан көрсе түрі өте жәмен боп кетеді екеееееееееен… Ал Жамбылдық жігітке базар жоққ… Шаршы алаңға шыққаннан жеңімпаз екеніне сенімді болды… Жаса Қзақа барыстары…
asaubota
менің бір түсінбегенім қазақша күрес әлемде кең тараған спорт түрі ме? әлем және Азия чемпионаттарының деңгейі ел чемпионатынан да мықты ма?