Айналайын немерем

Айналайын немерем,
Ұрпағымның жалғасы.
Кеңде болсын керегең.
Қызығымның алғашы.
Айбынды бол, батыр бол,
Жақсылыққа жақын бол.
Көмейден сөз ағылған,
Суырып салма ақын бол.
Сегіз қырлы, бір сырлы,
Жігіт болып өскейсің.
Шырқатып мәнді ән
Әрі қарай

таныстыру

Қайырлы кеш! «А» дегеннен блог жазуды жөн көрмедiм.Алдынмен өзімді таныстырып өтейін. «Жұлдыздай жарқырап жүрсін деп, ата-анам есiмiмдi „Жұлдыз“ деп қойған. Жер жанаты жетiсу жерiнiң тумасымын.»Жылқының жалын, жаудың жағын айырған жалайырмын".
Әрі қарай

Mazda автоконцерні ақау шыққан 5 млн көлігін кері қайтарды

Жапондық Mazda автоконцерні оталдыру жүйесіндегі ақауға байланысты күллі әлем бойынша 4,9 млн машинаны, оның ішінде АҚШ нарығынан 1,2 млн көлікті кері қайтаруды бастады, деп хабарлады Associated Press.Блог - maratamirov: Mazda автоконцерні ақау шыққан 5 млн көлігін кері қайтарды
АҚШ-тан атап айтқанда, 1989-1998 жылдары шыққан
Әрі қарай

Журналистер аллеясы ашылды

Астана жаңалықтары: Журналистер аллеясы ашылды

Астанада Журналистер аллеясы ашылды. Журналистер «Сұлу» тұрғын үй кешенінің ауласында ұзақтығы 3 километрді құрайтын бірінші республикалық медиа аллеясын ашты. Аллеяның ашылуы Ұлттық орман егу күніне орайластырылды – деп хабарлайды astana.kz сайты.

БАҚ өкілдері 150 сиверс алма ағашын, емен, қызыл жемісті шетен, ақ қайың, сібір шыршасы, ақ тал, сүмбіл терек, қызылтал, сондай-ақ, ЭКСПО-2017 брендіне айналған арнайы гүлбағында дайындалған мамық түзбейтін бальзамдық терек көшеттерін отырғызды.

«Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Әбішұлы жерімізді көгалдандыруға көп көңіл бөледі. Біздің бетпақ даламызда ағаштар аз қамтылған. Сондықтан, жастарды көшеттер отырғызуға шақырамын. Себебі көшеттерді жиі отырғызған сайын, ауа да тазарады. Бұл жерде журналистік аллея бастау алды. Аллея Қазақстанның барлық қалаларында жалғасын табады. Бұл бірегей журналистер аллеясына айналады» дейді шараға қатысқан «Тұрақты даму» жер қорының биологы Валентина Ободовская.

Айта кетейік, Қазақстанда 2014 жылғы 19 сәуірде БҰҰ Халықаралық орман жылын қолдауы мақсатында бірінші Ұлттық орман егу күні өтті. Акция қорытындысы бойынша 2014 жылы мыңдаған еріктілер қатары жалпы көлемі мыңдаған гектарды құрайтын миллионға жуық көшет отырғызды.

Сурет astana.kz сайтынан алынды
Әрі қарай

Бата (Ремейк. Өткен мен болашақты жалғастырған бата)

Дастархан төрінде жетпіс төрт жастағы ата, шөккен денесіне шапан үлкен, етегі жерге тиер-тимес. Соны байқап шапанның екі жақ өңіріннен ұстап, анда-санда беліне қапсырып жинап қояды.
Ас, жеп-ішіліп болды дегенде қолын жайып:
-Үйдің кішісі қайда, бата сұрасын, -дегенде үлкендердің бірінің белгісімен үйдің кішісі дәл жанына жүгіріп келіп:
-Иллә әмин!, -деп қолын жайды.
Сол мезетте… Қас-қағым сәтке уақыт кері қарай, 61 жылға кері шегерілді.

Тракторшы және бала

Минск трактор зауытынан шыққан алғашқы трактордың моделі (МТЗ-5 Беларусь). Тракторға негізгі жүктелген қызмет жетектегі екі тісті соқамен жер жырту, қызметін жақсы атқару үшін құрастырушы және жобалаушы тарапына тракторға қырық аттың күшіне тең қозғалтқыш сыйлады.
Трактордың жетілген түрінде брезентті кабина орнатылды, әзірше трактордың жетілген түрі ауылға жеткен жоқ. Бірер жылдан соң ондай тракторлар ауылда көбейеді. Орталықтандырылған тракторды жөндейтін шеберхана, жанармай құю станциясы салынады. Әзірше жанармай темір бөшкелермен ауылға әкелінетін.
Тракторға техникалық қызмет көрсету тракторшының мойнында. Трактор жағатын жанар майды құйяды, механизмдерін майлайды, тозған немесе істен шыққан бөлшегін алмастырады. Сырт киімге мұнай өнімінің иісі сіңіп, тамшыларына бұлғанатын.
Тракторға қызмет көрсету өз алдында, оған отырып басқарып жүргізу рахатқа бөлемейді. Кабинасы жоқ тракторда жазда шыбын-шіркей маза бермейді, беті күнге күйеді. Тракторға тіркелген құрал, механизм жұмыс істегенде жан-жақта шөп –шалаң, шаң-тозаңды көптеп шашып ауаны ластап тракторшыны жылы күнде қымтанып киінуге мәжбүрлейтін. Басынан картоз-фуражкасы түспейді.
Дегенмен, тракторшының жұмысы ауылда ең құрметті мамандық қатарында. Тракторды басқарып, қызмет көрсетіп, оны жөндеу біліктінің ісі саналатын.
Гүрілдеп, тырққылдап трактор кешкі ауыл тыныштығын бұзды. Арық бозбала тракторшының қасында отыр. Үстінде мереке күндері киілетін ақ жейде, қара шалбар. Шашы тақырлап алынған.
Бала өскенде жүк көлікті немесе тракторды рулінен екі қолдап ұстап оны жүргізіп келе жатқанын талай рет елестетіп көрген.
Жайшылықта кез-келген бала тракторшының жолаушысы болу мәртебесіне бөленбейтін.
Жұмыстың ауырлығынан қажып, шаршаған, үсті кір тракторшыны елестету оңай шығар. Бірақ, баланы қасына алған тракторшы күш, қайрат, сән жарасқан жігіт ағасы. Сәнге сәйкес қыр мұрынына қанат бітіріп, толқыған бір қарыс шаш өсіріп оны маңдайына қайрыпты.
Тракторды жүргізіп шаршадым демей жұмыс аяқталған соң дала басындағы жұмыс киімін ауыстырып, жуынып-шайынғанға ерінбейтін. Өзі жуынбас бұрын тракторында жуып үлгеретін. Ылғида жаңа трактордай жайнап шығатын.

Бірер минут бұрын.

Құрдас балалардан қандайда бір ерекшелігімен көзге түспеген бозбаланы аяқ астынан жақын –жақпай туыстары емес, ауылдың сыйлы ақсақалы қонаққа шақырыпты. Ақсақалдың кенже ұлы тракторына отырып әкесінің қонағын алып кетуге барған. Баланың анасы ақсақалдың үй-ішін сыртынан білетін.
Ақсақал және үлкен ұлы соғыстан аман-есен оралыпты. Ақсақал соғыста ерлікті мол жасағанын жеңіс мейрамында кеудесіне тағып шығатын медальдерінен белгілі. Қандай ерлігі үшін қандай медалін алғанын, соғыста не көргенін тісінен жарып шығармайтын. Үлкен ұлы соғыстан оралған соң жеке үй тұрғызып үйленген. Қазір ағаш ұстасы. Олда әкесі секілді. Соғыста көрген, білген жайттары жайлы тіс жармайды. Бір үйден екі еркек соғысқа кетіп оралғаны сирек. Анасы:
-Ақсақалдың бағын берсін,-деп ырымдап баласын мерекелік киіміне киіндіріп қонаққа шығарып салды. Неліктен баласын қонаққа шақырды, тағыда неліктен деген сұрақтар көмейінде тұрғанмен ештеңе демеді. Ешнәрсе текке жасалмайды, бір оңды шешімі бар.

Қонақты күту.

Қонақты күтуге үй іші әзір, дастархан жасалған. Қараңғыдан үйдің босағасын аттап кіргенде жарық электр жарығы баланың көзін ашытып еріксіз жұмдырды. Көзі жарыққа үйренген әулет мүшелері -ұлдары, немерелері, келіндері дастархан басында бас қосқанын көрді.
Бүгінгі кеште әулеттің жалғыз қонағы. Балалығымен жалғыз қонақ болғанын байқамады.
Төрде отырған ақсақалдың қасына төрлетіп отырғызды. Бала өзін ыңғайсыз сезінді. Оның орыны төменде отырған немерелердің жанында.
Табаққа салынған ас қойылды, асқа бата берілді. Күнделікті отбасының машығы бойынша бір адамдай тамақтануға кірісті. Әкесі анда-санда ұлдарынан күн қалай өткенін, қандай шаруа бітіргенін сұрастырып қояды, ұлдары болса қысқа жауап қайырады. Кеш өз кезегімен өте берді. Қонақты шығарып салғанға уақыт келді.
Үстел басынан тұрмас бұрын, ақсақал, қонақ баланы орнынан тұрғызып:
-Аштықты, соғысты өткердік. Бейбітшілік заман орнады. Дастарханда ақ нан. Заман, жылға қарап ауыспайды, адамның ісімен ауысады. Жаңа заманның қарқынды құрылысы басталды. Заман ауысқан шақ, мына бала жаңа заманда жол бастайды, сендер бұның артынан еруге жарайсыңдар, -деп қонағына қаратып қол жайып, бата берді:
-Алдыңнан күн, артыңнан ай тусын!
Жол бастағанда жолың болсын!
Бастаған ісің оңды болсын!
Жамандыққа бассаң, аяғыңда тұсау болсын!
Жасаған жасын жүз болсын! Әумин, -деп жайған алақандарын бетіне тосып, сипады.

Бүгінгі күні.

Батаны естіген бала бүгінде егде тартқан. Қала тұрғыны. Бала кезіндегі арманына сай жүк көлікті, тракторды жүргізбеседе, соншалықты қажет маңызды жұмысты атқарды. Зуыттың конструкторлық бөлімде жобалаушы қызметін атқарды. Бүгінгі күні бір-біріне босағасы тиіп, көп қабатты үйдің бір қабатта көрші орналасқан пәтерде шағын отбасылық қуаныш аталып өтуде. Атаны қуанышмен бөліскенге көршісі қонаққа шақырыпты. Отбасының кенжесі әліппемен қоштасыпты.
Дастархан басынан қонақтар тұрып тарқайтын кезде қуашыш себепкерін, ата қасына шақырып батасын берді. Одан кейін баланы өзіне жақын тартып маңдайынан сүйіп көзіне қарап:
-Жаман не екенің білесің бе? Жақсы не екенің білесің бе?, -деп сұрады. Бала атадан ұялып тұр. Қайсы заманда болмасын бала аты бала ғой. Дауыстап жауап бермесе де бірнеше рет басын төмен және жоғары көтеріп шұлғып жаманды және жақсыны ажыратынын білдіртті. Ата әрі қарай қонақтарға және балаға көңіл бөлетіндей қырындап отырып:
-Байқасам, мына отырған атаңның басынан талай оқиғалар өтіпті. Жақсылыққа жолым болып, пендеге жамандық жасауға ыңғайым болмапты. Мына құлақ, бала кезден мол жақсы тілекті естіпті. Жақсы сөз жарым ырыс -деген мақалдың мағынасын түсінбегенмін, өмір түсіндірді -деп. Балаға қарап:
-Естіген жақсы тілектер мына құлақ түбінде жүрсін, айтылған жақсы тілектерді ұмытпа, сонда жүрегін өмірде өз жолыңды тапқызады. Ісіңмен өз заманыңды жасайсың. Анаң-әкең, мына алдыңда отырған атаң күткеніндей-деп балаға арнаған тілегін аяқтады. Бала болса, балалығымен басымен шұлғи берді.
Әрі қарай

БАҒА БАҚЫЛАУДА!

Доллардың айы оңынан туып, бағасы шарықтау шегіне жетті. RBK сынды банктердің доллар бағасын 255 теңгеге дейін көтеріп жібергені белгілі. Доллардың қымбаттауы халық тұтынатын тауарлардыңда қымбаттауына əкелуде.Бұл қымбатшылықтың экспорттаушы бизнес өкілдері үшін тиімді болғаны мен қарапайым халыққа əзірге тиімді болмай тұр. Қазіргі таңда доллар бағасының тұрақталғанын естудеміз. Соған қарамастан сауда орталықтарында бағаның көтерілгені байқалады. Бүгінде нарықтағы бағаны тұрақты ұстап тұру шамалы қиындық туғызып тұрғаны рас. Бірақ-та соған қарамастан қала, аудан, ауыл əкімдері бағаны бақылауда ұстауға тырысуда. Осы тұрғыда Түлкібас ауданының орталығы болып есептелетін Тұрар Рысқұлов ауылының орталық базарында бақылау шаралары жүрген болатын. Бақылауды тікелей аудан əкімі Қайрат Əбдуəлиев мырза жүргізді. Бақылау барысында бағаны көтерген саудагерлерге ескертулер жасалды. «Алдағы уақытта халық тұтынатын азық-түлік тауарларының бағасы бақылауда болмақ» — деді Қ.Əбдуəлиев мырза. Осы сынды шаралар аудан көлемінде өткізілуде. Əзірге «баға бақылауда», алдағы уақытта да осылай жалғаспақ деп білеміз.

#БалнұрҮпібек
Әрі қарай

Осы қазақ қашан оянады?

Автор: Серік Мақұлбекұлы

Оян, қазақ! Ойлан, қазақ! Бол, қазақ! Шын бақытқа жеткізетін жол да ұзақ. Алашағың аз ба мына дүниеден, Болашағың емес пе еді зор, ғажап?! Оян, қазақ! Ойлан, қазақ! Бол, қазақ! Сілкінші бір қанатыңды қомдап ап! Ауырыңды арқала да, алға бас, Бауырыңмен не көрінді жорғалап?! Мен қазақпын, сен қазақсың, ол қазақ, Ер мінезбен өр рухқа болма жат. Ортасына жалғыз орыс кіргенде, Орыс тілде шүлдірлейді он қазақ. Аталардан қалған асыл мұрамыз – Туған жердің қақ төрінде тұрамыз. Азаттығы ұмытылған ұлт болып, «Қазақ тілі» қоғамдарын құрамыз. Құрғап кеткен құлдық сіңген санамыз, Сұмдық сіңген сүйекке де – Қараңыз! Тойланады мерекеміз жат жұртша, Ойланады өзге тілде баламыз. Құранды да, Құдайды да сүймейміз. Сұлу көрсек, оңашаға сүйрейміз. Жыртаң-жыртаң, қалжың айтып күлеміз, Тыртаң-тыртаң, тойға келсек, билейміз. Біреу озса – күңкіл-күңкіл күндейміз, Біреу тозса – дүркін-дүркін жүндейміз. «Намыс!» деген сөзді жиі айтамыз, Бірақ оның не екенін білмейміз. Дүниенің пайдасына пысықпыз. Жәннат иісін сезе алмайтын пұшықпыз. Бауырларға арыстанбыз, барыспыз, Басқаларға бас игенде – мысықпыз. Мақтаншақпыз, өтірікші, даңғоймыз, Түтіндейміз, үрлесе де жанбаймыз. «Жер бетінде бізден ұлы ұлт жоқ!» деп, Өзімізді-өзіміз көп алдаймыз. Ісіміз жоқ еске алатын тамсанып, Селтеңдейміз әуейі боп ән салып. Тірі ағайын пәтер таппай жүргенде, Өлгендерге әуреміз там салып. «Қаным таза, жаным таза» дегенмен, Көш соңында қалып қойдық неге елден? Мойындаған күллі адамзат неміз бар? Не шығардық ел ынтыққан, еленген? Бүкіл әлем өркендеуде дүрілдеп, Ғарышты да игеруде бұрын кеп. Кеме де емес, ұшақ та емес, біздерде Белесебет жасай алар білім жоқ. Шіренгенде үзеңгіні үземіз. Мүйіздіміз мүйізсізді сүземіз. Оралманға одырая қараймыз, Келімсектен дірілдейді тіземіз. Ертегіге есігін кең ашқаның, Ертеңіне қатырмайды бастарын. Қонағы би жаман үйдің тұрғыны, Шеттерінен шел басқан көз, месқарын. Құдай берген мұнай, көмір, мысың да, Біздікі емес, билігінде басқаның. Сырт көзге сыр бермегенмен тайраңдап, Ақылымыз ашып бітті айран боп. Қамқор Алла сақтамаса біздерді, Қайран жұртта өзін қорғар қайран жоқ. Оян, қазақ! Ойлан, қазақ!…
Әрі қарай

Егер алғашқы автоңды қолдан алып жатсаң

Автоны қолдан алғанда неге көңіл бөлу қажет? Қолданыста болған автоны алуға турарлық па? Жаңасын алса қалай болады?

Автоның техникалық жағдайын жақсартуға жұмсалатын қаражат

Қолдан сатылсада жеңіл авто бағасы ылғида арзан болмайды.
Кейде авто қандай нарық сегментінде шығарылғанын анықтау қиын. Сыртының типтік өлшемі бойынша «С» категориясында техникалық жабдықталуы болса нашар. Сыртына қарап «С» категориясына жатқызады. Өйткені автоның классификаттануының негізінде сыртқы типтік өлшемдер жатыр.
Сырты «В» категориясының автосы болғанмен нарықтағы бағасы «С» категориясындағы автодай. Автоның сырты шағын болғанмен техникалық жабдықталуы жоғары, сол себепті нарықтағы бағасыда жоғары.

Қолданыста болған автолар нарығының басты критерийінің бірі -баға

Автоны пайдаланған сайын оның бөлшектері тоза түседі. Бұл жайтпен келіспейтін жан жоқ шығар. Үш жыл пайданылған автоның құны бастапқы бағасының 75% құрайды десек төрт, бес, алты, жеті жылдан соң құны нешеге тең болады? Меніңше жеті жыл пайдаланылған авто бағасы -бастапқы бағаның жартысынан аз болуы тиіс.

Блог - bake: Егер алғашқы автоңды қолдан алып жатсаң
Суретте Пежо автосы. Бізде кең тарамаған, белоруссияда жиі кездесетін автобренд.

Сатуға қойылған авто бағасы өзінің бастапқы бағасының 75%. арзан тұрса оны сатып алуға тұрарлық па?

Сұраққа бірден жауап беру қиын. Сондықтан мысалдармен жауап берейін.

а) Toyota Corolla автосының тежегішінің тозуын қарастырсақ.

Көбінде тежеу жүйесінің жұмыс беттерінің тозуы 1 мм көп болса оны ауыстыру қажет. Toyota Corolla-ның артқы тежегіші дискілі немесе барабанды болуы мүмкін. Номинальді өлшемі және тозуға дейінгі негізгі өлшемі қалыңдығы және диаметірін алайық. Номинальді, яғни бастапқы өлшемі 10 мм, екі жағынан 1 мм-ге желінсе қалыңдығы 8 мм жетіп тозығы жетті деп табылады.
Барабанды болса номинальді диаметрі 230 мм, тозығы жеткенде диаметірі 231 мм үлкейеді. Дискілі тежегіш дискінің тозуын анықтау ең оңай. Тозығын анықтау үшін дөңгелекті шешіп жіберіп қалыңдығын өлшейміз, диагностиканың ең қарапайым түрі.
Тежегіштің тозуы автоның пайдалануымен пара-пар. Үш жылда 45 мың емес 100 мыңнан артық километр жүру әбден мүмкін. Одометрге сенуге, сенбеуге болады. Сондықтан автоның сатушысына тауарын, яғни автосының тежегіш жүйесін стендтік сынақтан өткізуді талап етуі тиіс. Сынақ кезінде өзі қатысуы қажет. Стендтік сынақты кез-келген автокөлікті техникалық байқаудан өткізетін орталыққа атқарылады. Сынақтың бағасы қымбат емес.
Егер тежегіш барабанын, дискісін, тежегіш сұйықтығының шлангті жалғасын, тежеу табандарын ауыстырсақ және тұраққа қойтын тежегіштің реттеу жұмысының бағасын қоссақ төменгі бағадағы «В» сегментіндегі жаңа автоның 1/10, 2/10 дейін қаражатын тежегіш жүйесін қалпына келтіруге жұмсаймыз.

ә) Өкпенің денсаулығы. Жаздың ыстығындағы авто ішіндегі комфорт.

Өкпеге суық кондиционер қолдануынан тиеді деген пікір бар. Ондай пікірдің ақиқат шығар, бірақта кондиционер авто ішіндегі ауаны тек сырттан емес іштен алып рециркулярлық жағдайда жұмыс істеу мүмкіншілігі барын ескерсек және ауа өтетін құбырларда және салон фильтірінде шаң-тозаңнан басқа ылғал, конденсат жиналатынын мойындасақ су тамшыларындағы микроорганизимдер денсаулыққа қауіп төндіретіні кімді болсын мазаламалау мүмкін емес. Осы жайтқа білместіктен көңіл аудармайды. Қолдан алынған автоның салонына ауа жеткізетін құбырларды заласыздандыру қажет.
Залалсыздандыру сервистік орталықта немесе авто иесінің өз күшімен атқарылады.
Кондиционерлік жүйеде ақауда болуы мүмкін. Кондиционер көп уақыт бойы, яғни ай бойы іске қоспаса істен шығуы мүмкін.
Қыс айларында автоның кондиционерін іске қосу көптің ойына келмейді, қыста автоның ішін суыту қажет пе?
Бұл сұраққа кондиционердің конструкциялық ерешелігі жауап береді. Кейде қыс айында екі аптаның бірінде қысқа уақытқа жылы бокста кондиционерді іске қосып отыру қажет.
Жаздың ыстығында авто ішінде комфортты жағдай болуы үшін кондиционерлің жұмыс істегені жақсы-ақ. Сондықтан кондиционерді жөндеуден өткізіледі.
Жөндеуге кеткен қосымша шығынды қоссақ автоның бастапқы бағасының 1/10 бөлігі қалтаңыздан шықты деп есептеңіз.
Осындай шығындардан кейін автоны иеленуден күтілген қозғалыс қауіпсіздігін және комфортын аласыз.

Жалпы, автоның техникалық күйін жақсарту үшін 1-3 мыңға дейін шартты бірлік жұмсалынады.

Жаңа және ескі автокөлік бағасын салыстырып келесі қорытындыға келдім. Бастапқы бағасы 10-12 мың шартты бірлікке дейінгі 3 жыл тебілген автоны 75% бағасынан түсіріп сатып алу қымбат. «С» және одан жоғарғы класты автоны сатып алуға тұрарлық, ондай жаңа автоның бағасы 20 мыңнан жоғары.

Қолдан алынған автоның техникалық күйі тез арада нашарлауы мүмкін

Кейбір жағдайда авто ішіндегі сұйықтық өзіне жүктелген қызметті атқармауы мүмкін. Соның салдарынан автоның техникалық күйіде нашарлауы мүмкін.

Сонымен автоға қандай сұйықтық құйылды?

Сканер көмегімен іске асырылатын компьютерлік диагностика әмбебап құрылғы болғанмен автодағы сұйықтықты ажыратпайды.
Автода қандай сұйықтықтар қолданады? Оның сапасы қалайша нашарлау мүмкін, қандай жағдайда сұйықтық өз қызметін атқармайтынын еске алайық:

а) Тежегіш сұйықтығы ылғалданады, жай тілмен айтқанда су аралас болуы мүмкін. Оны тексеру қажет.

ә) Қозғалтқышты суытуға арналған сұйықтық. Авто иесі қысқы немесе жазғы деп ауыстыра бермейді. Кейбір жағдайда, мысалы, қозғалтқышты жөндеткенде жаз айы болса тазартылған суды құйып жүріп кетеді. Бес-алты литр суыту сұйықтығы арзан тұрсада оның бағасына үнемдеуі әбден мүмкін. Сондықтан сирек жағдайда қозғалтқыш ішіндегі сұйықтық дұрыс болмауы мүмкін.

б) Алдыңғы және артқы шыныларды сыртынан бүркіп шайып жууға арналған сұйықтықтарға да көңіл аударған жөн. Жаз айында көбісі (оның ішінде өзімде бар) терезені шайып-жуатын сұйық ретінде суды қолданамын. Қыстың, көктемнің басында суықта қатпайтын сұйықтықты қолданамын. Күзде қолдан автоны сатып алып жатсаңыз бірден терезелерді шайып-жууға арналған сұйықтықты ауыстырған жөн. Бірінші аязды күні сұйықтықты ауыстырған кеш болуы әбден мүмкін.

Автоәуесқой атаңған кезде автоңыздың техникалық күйі жақсы болсын!
Сатушығада және автоны сатып алушыға «саудаларыңыз сәтті болсын» деп тилеймін.

Ойдың соңы

Ұнаған автоның салонына отырғанда рульдегі «би-би» сигнал беру батырмасын басқанды ұмытпаңыз. Сирек болсада «дауыспен сигнал беретіні» (бип-бибі) істемейтін авто кездеседі. Оның себебі қарапайым электр жүргізгіштердің түйісу жеріндегі тотығуынан электр ағымының жүрмеуінен бастап рульде орналасқан эластикалық шлейф үзілсінен және батырманың, реленің істен шығуы секілді ақаулармен жалғасуы әбден мүмкін.
Автоның шанағын, транмиссиясын, отын беру жүйесін байқап көріңіз.

Қорытынды

Қолдан авто алып жатсаңыз ең бірінші техникалық күйіне сосын бағасына көңіл бөліңіз. Автоның жақсы техникалық күйі жолда қозғалу қауіпсіздігін арттырады және жөндеу жұмыстарын арзандатады.

P.S.: Жазба «жаңа авто» сататын салондардың ықпалысыз жазылды. Превьюға сурет алынды rio.ua/files/images/items/1028/1028193b60b121c5.jpg
Әрі қарай

«Нұр Отан» елдігімізді нығайтар игі істерге қоғамды жұмылдыруға барынша ықпал етіп келеді - Бауыржан Байбек

Елбасымыз, Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың жүлдесі үшін қазақ күресінен «Қазақстан Барысы» V республикалық турнирі финалының ашылуы рәсімінде сөйлеген сөзінде «Нұр Отан» партиясы Төрағасының Бірінші орынбасары Б.Байбек ұлттық спорт пен өнерге, оның ішінде көкпарға, айтысқа, аламан бәйгеге, қазақ күресіне, басқа да шараларға жүйелі қолдау көрсету бүгінде партия қызметінің ажырамас бөлігіне айналғанын атап өтті.

Блог - Abylaikhan_Kalnazarov: «Нұр Отан» елдігімізді нығайтар игі істерге қоғамды жұмылдыруға барынша ықпал етіп келеді - Бауыржан Байбек

«Осылардың арасында халқымыздың өршіл рухын жаһанға танытып, айбатын асырған Қазақ күресінің даму тарихы халқымыздың шежіресімен тұтасып жатыр. Ұлттық брендіміз іспетті осынау бұқаралық спорт түрімен кезінде Елбасымыз да шұғылданғаны белгілі» — деді Бауыржан Байбек.
Айта кетейік, биыл қатарынан бесінші рет ұйымдастырылған «Қазақстан Барысы» турниріне еліміздің әр аймағынан іріктелген 32 балуан мен былтырғы жылғы жарыстың жеңімпазы Мұхит Тұрсынов жолдама алған болатын. Іріктеу жарысы наурыз айынан бастап, мамыр айына дейін үш кезең бойынша жүргізілді.
Ақтық жекпе-жек қорытындысы бойынша, Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың сыйлығын және «Қазақстан Барысы» деген атақты 2012 жылғы жеңімпаз Бейбіт Ыстыбаев осымен екінші рет иеленген.
Әрі қарай

Жемқорлықпен күреске әр азамат атсалысуы керек

Кеше «Нұр Отан» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Б.Байбектің, «Нұр Отан» партиясы жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша Республикалық Қоғамдық Кеңестің төрағасы Қ.Сүлейменовтың, Алматы қалалық партия филиалының төрағасы, Алматы қаласының әкімі А.Есімов және басқаларының қатысуымен, жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша өңірлік Кеңестердің жетекшілерімен «Нұр Отан» партиясының 2015-2025 жылдарға арналған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бағдарламасын іске асыру бойынша өңірлік Кеңестердің міндеттері туралы» республикалық семинар-кеңес өтті.

Блог - Abylaikhan_Kalnazarov: Жемқорлықпен күреске әр азамат атсалысуы керек

«Нұр Отан» партиясының XVI Съезінде Мемлекет басшысы, партия Төрағасы Н.Ә.Назарбаев елімізді әрі қарай модернизациялау үшін «Бес институтционалдық реформа» ұсынғаны мәлім. Оны іске асыру үшін «Ұлт жоспары – 100 нақты қадам» қабылданды, оны орындау Қазақстанның әлемдегі ең дамыған 30 елдің қатарына қосылуына мүмкіндік туғызады. Сонымен қатар, аталған реформаларды іске асыру мемаппараттағы және әлеуметтік саладағы сыбайлас жемқорлықты ескертусіз мүмкін емес.
Осыған орай, қоғамда сыбайлас жемқорлыққа атымен төзбеушілікті және жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға ғана емес, сондай-ақ, азаматтық қоғам институттарының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға қатысуын заңнамалық тұрғыда қамтамасыз етуді көздейтін «Нұр Отан» партиясының 2015-2025 жылдарға арналған бағдарламасы ерекше маңызға ие бола түседі.
Семинар-кеңеске қатысушылардың алдында сөз сөйлеген «Нұр Отан» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек құрылған кезден бастап «Нұр Отан» партиясының сыбайлас жемқорлыққа қарсы мақсаты айқын тұрақты жұмыс жүргізіп келе жатқанын, ал, Мемлекет басшысының қатысуымен өткен партияның Саяси Кеңесінің кеңейтілген отырысында қабылданған 2015-2025 жылдарға арналған бағдарламаның Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мемлекеттік Стратегияның идеологиялық өзегіне айналғанын атап өтті.
«Бес реформаны іске асыру қазақстандық мемлекеттілікті нығайту, либералдық қоғамды дамыту, «Қазақстан-2050» Стратегиясын орындау, сондай-ақ, жемқорлыққа жол бермеу мен мемлекеттік аппараттың ашықтығын арттыру үшін шынайы жағдайлар туғызады. Сонымен бірге, қоғамның белсенді қатысуынсыз, тек мемлекеттің күшімен ғана сыбайлас жемқорлықпен күресу тиесілі нәтиже бермейді. Мемлекет пен қоғам жемқорлыққа қарсы бірыңғай майдан болып қарсы шығуы тиіс», — деп атап өтті сөйлеген сөзінде Б.Байбек.
Партия Төрағасының бірінші орынбасары сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі Қоғамдық кеңестің сыбайлас жемқорлық көріністерін жою, барлық мемлекеттік органдардың қызметін терең талдау және қоғамдық партиялық бақылауды жүзеге асыру бойынша түбейгейлі шараларға арналған партияның базалық алаңы екенін баса айтты.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі қоғамдық кеңестердің басшыларына БПҰ-ның сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінде тұрақты әдістемелік және тәжірибелік көмекті ұйымдастыру тапсырылды. Жастардың «Жас Отан» жастар қанатының жұмысына ерекше назар аудару қажет, өйткені жастар арасында оның белсенділігінен сыбайлас жемқорлыққа қатысты олардың көзқарасының қандай болатынына байланысты
Партияның Жарғысы мен Доктринасына сәйкес бүгінгі күні «Нұр Отан» партиясы мүшесінің Әдебі кодексінің жобасы әзірленді. Партия мүшесінің Әдеп кодексінің басты мақсаты партия мүшесі мінез-құлқының моральдік-адамгершілік эталондарын күшейту, қазақстандық патриотизмді, партиялық тәртіпті нығайту және қоғам тарапынан парияға деген сенімді жоғарылату болып табылады. Партия мүшесінің Әдеп кодексі бастауыш партия ұйымдарына талқылауға жіберілді.
Семинар-кеңес барысында «Нұр Отан» партиясы жанындағы РЖҚІҚК төрағасы Қайырбек Сүлейменов сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша қоғамдық кеңестердің партияның жемқорлыққа қарсы бағдарламасының, сондай-ақ партия Төрағасының «Нұрлы жол- болашаққа бастар жол» Қазақстан халқына Жолдауында баяндалған Ұлттық қордан бөлінетін қаржының жұмсалуын бақылауды қамтамасыз ету бойынша тапсырмасының іске асырылуына қатаң бақылау жүргізіп отырғанын атап өтті.
Бүгінгі күні сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша партияның жұмыс істейтін институттары пайда болды, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы Бағдарламаны іске асырудың қадамдық механизмдері ретінде Жол картасы мен іс-шаралар жоспары бекітілді.
Бағдарлама шеңберінде «Жемқорлықсыз ел – гүлденген ел» жобасы іске асырылуда, «Қоғамдық бақылау туралы», «Ақпаратқа қолжетімділік туралы» заң жобаларымен белсенді жұмыс жүріп жатыр, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» жаңа Заңды дайындауға бастамашылық жасалды. Сонымен бірге, тұңғыш рет Қазақстанда жемқорлықты қабылдаудың жыл сайынғы Ұлттық Индексін қалыптастыру үшін әдістемелік арқау дайындалуда.
Әрі қарай