От ұшқыны жайлы. Бала кездегі дүниені танып білу үшін жасалынған тәжірибелер.
Естеліктің бір шетін ой елегінен өтізсем дүниені танып –білу бала кезден бастау алыпты. Баланың ісін үлкендер ойын көреді. Ес біле, ақыл тола жылдың әр маусымының қызығын танып, біле бастайсың.
Жаз маусымы кешқұрым тынық, электр жарығымен жарықтандырған үйдің ауласын, жұлдызы кезекпен жанған аспанды сыйлады. Қоршаған дүние болса босағасынан оны танып -білуге ниеттеніп аттап кірген адам баласын қарсы алғанға даяр.
Кейбір тасты бір-біріне жанай соқсаң от ұшқыны шығады. Біздің жақта, Шығыс Қазақстанның Қалба жотасының сілемінде туып-өскен баланың бір рет болсын тасты-тасқа соғып от ұшқынын шығарып ойнамаған бала жоқ шығар.
Жеті-сегіз жаста күн батқан соң, кешқұрым, тастарды бір-біріне жанап «шықырлатып» жүресің. Ұшқын сүт түсті, түссіз жұқа жылтыр қаппен қапталған тастардан жақсы шығады. Бұл тастардың атауы бар. Тас күйінде кездесетін кварц. Ғылым тілінде кремний оксиді. Табиғатта кең тараған минерал. Бірақ кварцтың таза минерал күйі сирек кездеседі. Біздің қолға түскені таза минерал күйі емес, қоспа күйіндегі қатты заты.
Тастан алынған от ұшқыны басқа жағдайда байқалды. Бірақ, бұл жолы тастың қатысы жоқ.
Электр құбылысымен танысу барысында от ұшқыны алынды. Электр көзі ретінде 4,5 Вольттік «Планета 2» (3336, 3R12) батареясы қолымыз анда-санда тиіп қалатын. Маған белгілі электр құбылысын зерттеу үшін қолдануға жарамды ең қауіпсіз электр көзі.
Барлығы «Планета 2» немесе оған ұқсас гальваникалық батареяны қолға ұстап көрмеген шығар.
Сондықтан оны қысқаша сипаттап кетейін. Сіріңкенің шырпысынан сәл ұзын, табаны номиналы «2 тиын» темір ақшаның диаметріндей цилиндрге пара-пар 1,5 Вольттік үш батареяны қатар қойып, сосын бір корпуста жинаса «Планета 2» батареясын аламыз. Корпус өлшемі 65×61×21. Корпустың екі жағынан қысқа және ұзын ені 5 мм иілгіш пластина шығады. Пластиналар түбінен ішіне қарай ұзыннан иілген. Батареяның үстінен қарағанда екі пластина бір-біріне қарап, жақын жатады. Қысқа пластина оң зарядты, ұзыны теріс зарядты клеммалары. Яғни, «клемма» деп батарея басынан шыққан пластиналарды атап отырмын. Клемма немістің сөзі «бекіту» дегенді білдіреді. Электрлік сызбада батареяның екі клеммасы полюстері деп те атай береді.
Қазірде «Планета 2» батареясының аналогтары сатылады. Интернеттен «халықаралық элетротехникалық комиссия» анықтаған белгіленуі бойынша «3R12 батарея»-сын іздестірсе табылып қалады.
Ұзындығы 15 см электр өткізгішті қолға алайық. Электр өткізгіш ретінде өзегі мыстан созылған сымнан жасалған диаметрі 0,5-1 мм болатын және жұқа полиэтилен қорғаны бар «электр сымы» жарамды. мұндай электр өткізгіштің «монтаж жасауға арналған электр сымы» деген атауы бар (ПВ-1).
Электр сымның бір ұшын 2 см, бір ұшын 1 см сыртқы қорғаныс қабығынан тазалайық. Көбірек тазалаған ұшын 1-2 орам жасап иеміз, орам жалпақ батареяның клеммасына сәл нығыз киілетіндей болуы қажет. Тарқап кетпеу үшін бос үшін орам түбіне орап бекітеміз. Клеммаға қосылатын арнайы контакттіні дайындадық. Осы контактіні батареяның «+» клемасына («кигізу» арқылы бекітіп) қосамыз.
Гальваникалық батареядан және электр өткізгіштен тұратын эксперименттальды құрылғымыз дайын. Көлеңкелі жерде, қараңғы бөлмеде немесе кешқұрым электр өткізгіштің (сымның) екінші ұшын «-» клеманың үстіне жанап өтсе «от ұшқынын шықанын байқауға болады».
Жазбаны оқып, ойша эксперимент жасап, екі түрлі әдіспен алынған от ұшқынына куәгер болдыңыз. От ұшқындардың арасында қандай айырмашылық бар?
Қарастырылған екі түрлі жағдайда «от ұшқыны неліктен шыққанын» талдап өтейік.
Бірінші жағдайда тасты -тасқа жанай соққанда ұшқын шығады. Барлық тастан ұшқын шықпайды. Беті қатты. Бет бедерінде ұш болып бітетін қыры мол болса тастан от ұшқыны мол шығады. Себебі екі тастың беті бір-бірін жонып өтеді. Жону жүрген тұста қатты қызу ошағы пайда болады 900-1000 Цельси. Қызу жоңқаға, дәлірек айтсақ жарықшаға беріліп үлгереді. Өлшемі микронмен өлшенетін қатты қызған жарықша ауадағы оттегімен әрекеттескенде жанып үлгереді.
Екінші жағдайда, яғни, батареяның «-» клеммасының үстімен «+» клемасына жалғанған электр өткізгіштің ұшын жанап өткенде байқалған от ұшқыны екі клемманың бір-бірімен тұйықталуынан өте бастаған электр зарядының күшінің мол болуынан балқып үлгерген металлдың түйіршіктерін көреміз. Металлдың беті тасың беті секілді тегіс емес. Беті өте ұсақ бедерден тұрады, бедер биіктігі микронмен өлшенеді (1 мм=1000 микрон). От ұшқыны болып балқыған металл түйіршіктері барлық жаққа ұшып жоқ болмайды. Біраз бөлігі бір металл бетінен екінші металл бетіне түйіршік-түйіршік болып көшеді. Клемма беті аз болсын бұзылады. Сондықтан клемма бетінде ұсақ дақтар түскені байқалады.
Әрі қарай жалғауға болады: Батарея клеммалары бір-бірімен қосылғанын білдіру үшін «тұйықталды» деген термин сөз қолданылады. Терминнің мағынасы қандай?
Тақырыпты толықтырсақ, тасты бір-біріне «жону» дегенді "үйкеліс" сөзімен алмастырған жөн. Өйткені жону кезіндегі үйкеліс коэффициентті жоғары. Үйкелістен жонылған тас түйіршігінің қызуы жоғары және өлшемі кішкентай болғандықтан ауадағы оттегімен әрекеттесіп от ұшқынына айналады.
P.S.: bake-нің мына жазбасы "ұл баласы болмағандықтан оның алдында әкелік парызын орындауға мүмкіндігі жоғынан жазды" десе немесе, дүниеден озған әкесін сағынып жазды деседе қателеспейді.
Сурет алынды www.rusfiber.ru/images/front/785446_87070751.jpg -мына жерден.
Пікір жоқ әзірше