Осы қазақ қашан оянады?

Автор: Серік Мақұлбекұлы

Оян, қазақ! Ойлан, қазақ! Бол, қазақ! Шын бақытқа жеткізетін жол да ұзақ. Алашағың аз ба мына дүниеден, Болашағың емес пе еді зор, ғажап?! Оян, қазақ! Ойлан, қазақ! Бол, қазақ! Сілкінші бір қанатыңды қомдап ап! Ауырыңды арқала да, алға бас, Бауырыңмен не көрінді жорғалап?! Мен қазақпын, сен қазақсың, ол қазақ, Ер мінезбен өр рухқа болма жат. Ортасына жалғыз орыс кіргенде, Орыс тілде шүлдірлейді он қазақ. Аталардан қалған асыл мұрамыз – Туған жердің қақ төрінде тұрамыз. Азаттығы ұмытылған ұлт болып, «Қазақ тілі» қоғамдарын құрамыз. Құрғап кеткен құлдық сіңген санамыз, Сұмдық сіңген сүйекке де – Қараңыз! Тойланады мерекеміз жат жұртша, Ойланады өзге тілде баламыз. Құранды да, Құдайды да сүймейміз. Сұлу көрсек, оңашаға сүйрейміз. Жыртаң-жыртаң, қалжың айтып күлеміз, Тыртаң-тыртаң, тойға келсек, билейміз. Біреу озса – күңкіл-күңкіл күндейміз, Біреу тозса – дүркін-дүркін жүндейміз. «Намыс!» деген сөзді жиі айтамыз, Бірақ оның не екенін білмейміз. Дүниенің пайдасына пысықпыз. Жәннат иісін сезе алмайтын пұшықпыз. Бауырларға арыстанбыз, барыспыз, Басқаларға бас игенде – мысықпыз. Мақтаншақпыз, өтірікші, даңғоймыз, Түтіндейміз, үрлесе де жанбаймыз. «Жер бетінде бізден ұлы ұлт жоқ!» деп, Өзімізді-өзіміз көп алдаймыз. Ісіміз жоқ еске алатын тамсанып, Селтеңдейміз әуейі боп ән салып. Тірі ағайын пәтер таппай жүргенде, Өлгендерге әуреміз там салып. «Қаным таза, жаным таза» дегенмен, Көш соңында қалып қойдық неге елден? Мойындаған күллі адамзат неміз бар? Не шығардық ел ынтыққан, еленген? Бүкіл әлем өркендеуде дүрілдеп, Ғарышты да игеруде бұрын кеп. Кеме де емес, ұшақ та емес, біздерде Белесебет жасай алар білім жоқ. Шіренгенде үзеңгіні үземіз. Мүйіздіміз мүйізсізді сүземіз. Оралманға одырая қараймыз, Келімсектен дірілдейді тіземіз. Ертегіге есігін кең ашқаның, Ертеңіне қатырмайды бастарын. Қонағы би жаман үйдің тұрғыны, Шеттерінен шел басқан көз, месқарын. Құдай берген мұнай, көмір, мысың да, Біздікі емес, билігінде басқаның. Сырт көзге сыр бермегенмен тайраңдап, Ақылымыз ашып бітті айран боп. Қамқор Алла сақтамаса біздерді, Қайран жұртта өзін қорғар қайран жоқ. Оян, қазақ! Ойлан, қазақ!…
Бөлісу:

8 пікір

bake
Қасыған қотыр жазылмайды. Оян, оянба. Мағына жоқ. Жазылған келеңсіздік бүкіл халықтарда баршылық. Мектеп қабырғасынан утопизм идеясынан алшақ болыңдар деп оқытады. Күрескер болсаң нақты бағытты таңда. Бағыттасыңды тап. Жаманды көрсөң оны айт, бірақ айтпас бұрын қалай түзетуге болатынын ойла. Иә кемшілік бар. Көбінде кемшілікті көрген жеңіледі. Таразасы басы бірден теңелмейді.
Сосын, керемет жазудағы ойды көрдің, несіне көшіріп қоя салдың? Керемет десең толғандырған тұсын айтып, ойыңды қоссаң.
Физикадағы электр ағымын лезде өткізу ұғымы бар және лезде өткіштік пайда болудың шарттарын қарастырады. Қалыпты жағдайда кең таралған өткізгіштіктерде аз болсын кедергісі баршылық, ондай кедергіні үлесті кедергі дейді. Өйткені сым болып созылған өткізгіш ұзарған сайын оның кедергісі артады.
Аналогияны таба бер… Біраз блогында жазба жаздың, түрткі болған жайттар баршылық, жалғастырып жазсаң… таза көшірмені қоя салдың, сонда көзқарасың қайда қалды.Жазбаң, спорттағы ойындағы сығайлы футболшы стадион көрермендеріне қарай допты бағыттап жібереді, олар болса ысқырып наразылықтарын білдіреді…
SSSS
ой тастайын дегенім ғой
SSSS
ал өз ойымды айтар болсам, кезінде Абай бабамыз, дос жалатып айтар демекші, өлердегі сөзін айтып өткен, Алаштың бес арысы да оятуға тырысқан, бырақ ештеңе өзгере қоймады, осы жайлы жұрт пікірін білгім келеді
SSSS
дос жылатып айтар, жоғарыда қате кетті
Dzhyubakhan_Stefaniya
Абай бабамыз, дос жалатып айтар демекші,
:D *lol* :J
Emilia
2015 жылы әлі мұндай ұрандар айтылады ма? Жаныңыз ашыса клава термей қазақ үшін әрекет жасаңыз
SSSS
ұран деген бықсып жанбай жатқан халықты түтету үшін тасталған от ұшқыны ғой, сондықтан бірінен болмаса, бірінен күш алар, не дегенмен наразы халық көп, басшы реформатор болмай тұр.
MERmukhanov
Қой, аздап қалғып алайын құрсын