Журналист, журик, журье… тағы кім?

Сурет сілтемесі
Алда журналистер мерекесі келе жатыр. Таңертең жұмысқа келген соң, әдетте компты қосқан соң, міндетті түрде “Мэйл.рудағы” почтамды, Фейсбукты, анда-санда Твиттерді, сосын “Керекинфо” және басқа сайттарды мүмкіндігі болса бір шолып шығамын. Кезек Фейсбукке келіп, шарлап отырсам Өркеннің сілтеме жасаған мына бір jaqsy.kz/story/779 мақаласына көзім түсті. Бұл туралы блогымда бұрыннан жазған болатынмын. Өркеннің айтқанына қосыламын. Журналистердің өз мамандығына кәсіптік тұрғыдан сай келмейтіндігі, бүгінгі қоғамның жаршысымыз дей тұра, көп жағдайда ақсап жатқан дүниелерге менің де қарным ашады.

Қазір телеарнаны қосып қалсаңыз әнші, биші, дәрігер, саясаткерлер т.б. авторлық бағдарламаны жүргізе береді. Газет-журналды ашып қалсаңыз да толып жатқан журналистер. Дилетанты бар, осы мамандықты бітіріп, таза журналист деген дипломды алып келгені бар, келмегені бар, әйтеуір көп. Көп бола берсін, болғысы келгендер де бола берсін, “журналистпін” деп күпіне берсін, жыртылсын, айрылсын, Үкіметтен алақан жая ма, жоқ мақтап мақала жаза ма, көкесінің тілін таба ма, мейлі жағдайын жасап алсын. “Пәлен” деген телеарнаның я болмаса “пәлен” деген газеттің тілшісімін. Сіз журналиспен сөйлесіп тұрсыз” дегенді доқ көрсетіп, кейіпкерін шамалы ықтырып алмаса болмайды. Әйтпесе, журналистің ойы, мақсаты жүзеге аспай қалуы мүмкін. Қалтырап тұратын әкімшілдерге бәлкім солай істеу де керек шығар я әкімшілік-билікті жағалап отырғандар “жоғарыға қағыс ақпарат” кетіп қалмасын, мақталсын” деп өздері де журналистерге солай повод беріп қоя ма, не де болса, бұл екіжақты мүдделестік пен жарамсақтықтың әлімсақтан келе жатқаны һәммаға аян.

Таак, енді артқа сәл шегінсек.

Бірінші класқа бармай тұрып, рас журналист болуды және онша-мұнша емес диктор болуды армандадым. Ал бірінші сыныпқа барған кезде әріп тануды үйреніп, жазу жаза алатын кезде үйге келетін газеттегі теледидар бағдарламасына қарап соған ұқсатып өзімше бағдарлама жасап алатынмын да, ешкім жоқ кезде соны диктор болып оқитынмын. Және жан-жағыма қарап қойып, ешкім көріп қоймасын деген сақтығым да бар. Бір күні мен жазған “телеарна бағдарламасын” жиен әпкем Алина көріп қойып, айқай сала атам мен апама жүгіріп барып айтып қойды. Мен ұялып жерге кіріп бара жатырмын. Сөйтсем атам пен апам мәз. “Ойбай, мына қыз журналист болғысы келеді екен. Қарашы шал, өзінше бағдарлама жасап алыпты” деп қуансын. Қысқасы, арманым да, талпынысым да құпталды. Ал әпкем Алина маған кекетіңкіреп: “Сен не, диктор болғың келе ме? Ол үшін сенің түрің әдемі болу керек қой” деп мырс етті. Ешкім жоқта айнаға барып, Жаратқан берген түрге қайтадан зер салып қарадым. Қандай кемшіліктер бар дегендей. Расында, экранға жарамайтын сияқтымын. Қынжылып тұрмын кәдімгідей. Бірақ, түрім экранға келетіндей асқан сұлу емес екем деп қайғыра қойғам жоқ, журналист болу туралы арманым өрши түсті.

Ең алғаш жазған-сызғандарымды “Ақ желкен” журналына, сосын “Ұлан” газетіне беріп тұрдым. “Ұланның” жас тілшісі атандым. Бертін келе бұл газетті місе тұтпай, үлкен газеттен бірақ шыққым келіп, “Қазақ әдебиетіне” жазған бір мақалам жарық көрді. Ой, сол кездегі қуанғанымды көрсеңіз. Мені мектептегілер ғана емес, бүкіл ауыл-аймақ “газетке шыққанымды көрсе екен, оқыса екен, білсе екен, іштері күйсе екен, қап бәлем, сені ме деп тістерін қайраса екен” деп қоямын. Солардың маған қызғана да қызыға қарап тұрғанын ойша елестетіп алып, бір рахатқа бөленетімді қайтерсің. “Ұланға” шыққан мақала соңындағы өз аты-жөнімді көрген кездегі қуанышымды айтпай-ақ қояйын. Қаттап салып қойған чемоданнан қайта-қайта ашып қарап, қайта-қайта оқитын “дертке” де ұшырадық. Ол этаптан да өттік. Апырай, тип-титімдей боп алып не деген атаққұмарлық, не деген пассионарлық десеңізші көкірегімді тесіп бара жатқан?!

Осы желікпен, осы арманмен, осы құлшыныспен 11 сыныпты бітіріп, 1999 жылы Түркістандағы қазақ-түрік университетінің журналистика кафедрасына оқуға түстім. Бас ұстазымыз яғни завкафедрамыз Сейдолла Садықов деген ағай болды. Сейдолла ағай басқаларға қайдам, маған және группаласым Айгүл екеумізге ерекше ықыласпен қарады. Қандай жындылық пен тентектік жасасақ та арашалап алатын, қорғап жүретін. Бізге тиіскендерге “Тәйт, тимеңдер бұл дәйіскаларға” деген кезде, тіпті екі есе қоқиланып қалатынбыз. Мен ұстаз ретінде Сейдолла ағайға қарызбын әрі ол кісінің алдында басымды иемін. Кемпір-шалдың қолында еркін өскен мен сияқты тентектің бетінен қаққан жоқ. Ағай бізге еркіндікті берді, батылдыққа үйретті. “Айтатын болсаңдар айтып қалыңдар, жас кездеріңде, саналарың пендешілікпен былғанбай тұрған таза кездеріңде жазатындарыңды жазып қалыңдар” деп жиі айтатын. Қазір де сол Түркістанда оқып жатқан жас журналистерге солай үйретіп жүрсе таң қалмаймын.

Біз шет аймақта болғандықтан қазіргі жастар сияқты оқып жүріп жартылай ставкаға газет-журнал, телеарналарда жұмыс істей алмадық. Группаға кілең бір үйдің бетіне қарап отырған еркелері мен серкелері жиналды. “Мен ғана мықтымын” деп келгендердің біразының аптығы басылып қалды, біреулер өзіне сенбей жүрсе, өзіне деген сенімі артты. Біреулер ашыла түсті, біреулер керісінше мүлде жабылып қалды. Біреулері мүлдем басқа салаға кетті, біреулері тұрмысқа шығып кетті, біреулері әйтеуір анау-мынау болды. Содан “Әй, осыдан бірдеңе шығады-ау” деп іріктелгендердің біразы бүгінде республикалық, облыстық, салалық басылымдарда, телеарналарда жұмыс істеп жатыр. Сөзім жалаң болмасын, өз группаластарымды осы мерекені пайдаланып құттықтай кетпесем, мақтай кетпесем, айта кетпесем не болғаным. Ешкім де кісілік кемшіліктен ада емес. Еліміздің бас газеті “Егеменде” қос бірдей группаласым Айгүл Сейілова мен Әбдірахман Қыдырбек, “Қазақ спорты” газетінде Нұралы Мұхтарұлы мен Жолдыбай Базаров, “Хабар” арнасының Ақмола облысынан меншікті тілшісі Меруерт Палмаханова және осы “Хабар” арнасында үйлестіруші қызметін атқаратын Динара Балаубекова, облыстық газетте істейтін Мәлік Дәулетов, “Қалқан” газетінде Мұрат Құдайбергенов және мен “Сарбазда” жүрміз. (Алтын группаластарым, мерекелеріңмен! Давай тосты алып қойыңдар, до конца!  )

Жә, сонымен Өркен айтқан мәселеге қайта айналып соғатын болсам, күндердің күнінде “Осы мен не істеп жүрмін? Журналист деген өзі қандай мамандық? Бұл мамандықтың қадірі неге сонша түсіп бара жатыр?” дегенді ойлана бастадым. Жақсы мақала жазып, “Пәленше ана мәселені көтеріпті, мынаны ерекше жазып шығыпты, өйтіпті, бүйтіпті, пәлен деген дөкейден, пәлен деген орақ тілді, отауыздан сұхбат алыпты, ешкімге ұқсамайтын керемет мақала жазыпты, осылай айызын қандырып сол пәленше ғана жаза алады, анау пәленше тақырыпқа ерекше барады, көп ізденеді, еңбекқор журналист” деген сияқты дүниелерден жалыға бастадым. Шаршадым қысқасы. Бір түсінгенім, журналистиканы яғни өз мамандығымды ерекше сүйеді екем. Сүйгендігім үшін де осы салада жүрмін. Бірақ, не бітірдім? Нені қарқ қылдым, не үлес қоса алдым осы журналистикаға? Мардымды жауабым да жоқ екен. Оны араға салынған уақыт көрсетпесе, әзірге күмілжіген күйдемін.

Жағымды мамандықтың иесі атану шарт емес, өз кәсібіңді жүрегіңмен сүйіп істесең ғана мән табатын сияқтысың. Әйтпесе, жанығып, арамтер болудан сіз бен біз өмір сүріп отырған қоғам гүлденіп кетпесі анық.

Мерекелеріңізбен әріптестер, қазақта жақсы журналистер көп, солар жасасын!
Әрі қарай

Тағы ұрлық. Не істесе болады?

Мына жерге «Алаш айнасы газеті бүгінгі санына бізге беймәлім КВН командасы туралы мақала шығарып, біздің www.kazkvn.kz сайтынан суретін ұрлап алып салып қойып. Не сілтеме, не басқа да бір ұяттың нышаны жоқ. Не істесе болады?
Әрі қарай

Мені бір сұрақ толғандырып жур

Мені бір сұрақ толғандырып жур. Сізге кулкілі болып көрінер))) Осы біз мектепте 11 сыныпқа дейін Қазақстан және Дуние Жүзі тарихын окып келдік. Бірақ заман бір орында тұрмайды ғой, әр жыл, әр болған әлемдегі оқиғалар тарих болып қалатыны сөзсіз. Біз сол байырғы сонау тас дәуірлерінен осы 2000 жылғы болған жайттарды оқып келдік. Ал болашақта мысалы 20 жылдан сон менің баларым немесе немерелерім осы букіл тарихта қалған жайттарды оқып улгереді ма екен жоқ әлде оның барі пән бағдарламасында қысқартылады ма екен деген сурақтар мені тоғандырып жур.
Әрі қарай

Ауыл клубы

Павлодар облысының Баянауыл ауданындағы Торайғыр ауылында жетпістен ғана астам отбасы бар. Бір кездері мыңға тарта түтіні болған бұл ауылда мектеп, мәдениет ошағы, бірнеше дүкен мен ауруханасы болған.
Әрі қарай

Қытайды дүр сілкіндірген құпия ақпарат

Бұл ақпарат қытай ғаламторын кезіп жүр қазір, бір мектеп оқушысы жазып таратыпты, маған қытайда тұратын сыныптасым жіберіпті, тікелей қазақшаластырып көрейін.

Мұны маған Гангонгта тұратын бір досым жіберіпті көрген кезде бүкіл денем тітіркенді, осындайда болады екен-ау, ал енді бірге тыңдайық: менің бір досымның әкесі Қытай халық банкының жоғары лауазымды бастығы еді, оның АҚШ тағы «Кэннеди» тауық етін өндіретін фабрикасының бастығымен кейбір іскерлік байланыстары бар еді, бір жолы жанағы банктың жоғары лауазымды бастығы сол «Кэннеди» фабрикасын көру мүмкіндігін алады, ол жер негізінде кез келген адам кіре алмайтын өте құпия орын екен. Сол күні мен досым екеуіміз кешкі курсқа қатысып қайтып келе жатқанбыз, досыма әкесі Америкадан қоңырау шалды әкесі: «бұдан кейін ешқашан „Кэннедидің“ өнімін жемеңдер» деді де қоя салды. бір аптадан кейін досымның әкесі Америкадан оралып арнайы біздің мектепке келіп фабрикада көргендерін әңгімелеп берді, фабрика ішінде жүрген тауықтардың барлығында жүн болмайды екен, кілең 6 аяқты, 6 қанатты тауықтар. Шынында қытайлар тауықтың сирағы мен қанатын жегенлді өте жақсы көреді әрі бұл фабрика экспортының негізгі бөлігін қытай ұстайды. Ал жаңағы 6 аяқты 6 қанатты құстарды Америкалықтар радияциялық сәулелермен әсер ету немесе басқада құпия жолдар арқылы осындай будан алып отырған.

суретке қараудың өзі қорқынышты.

(асығыстау болып мәтінді толық аудара алмадым, айып етпеңіздер)

Әрі қарай

Екі

(18 жастан асқандардың ғана оқуына болады)

Екі көз күлім етіп бір сызыққа,
Сиқыр сезім жол берді бір қызыққа.
Екі мұрын жәй ғана соқтығысып,
Екі ерін кенелді ырыздыққа.

Тепкілеп тентек жүрек тездегендей,
Бір сұмдықтың болары сезілгендей.
Екі бейне еріксіз есі кетіп,
Екі тілсім бір-бірін іздегендей…
Әрі қарай

Сауалнамаға қатысушылар керек

Қайырлы түн/таң/күн, блогшылар!
Осыдан бір ай бұрын «Ана мен бала» сайтында сайтпен аттас журнал шығару жайында оқырмандар арасында сауалнама жүргізіп едік. Дауыс берушілердің саны 501-ге жеткенде сауалнаманы тоқтатып қойып едім. Сөйтсем, сауалнаманың нәтижесімен қоса, берілген дауыстардың саны да маңызды болып шықты. Енді дауыс берген адамдардың санын арттыру үшін сайтымыздан тыс жерлерде (басқа сайттарда) дауыс беретіндерді іздеп жатырмын.

Дауыс берудің еш қиындығы жоқ. «Ана мен бала» журналы қажет пе? деген сұраққа жауап берсеңіз болғаны. Дауыс беру кезінде үш жауаптың қай-қайсысын таңдасаңыз да өз еркіңізде.
Сауалнама мына бетте: ana-bala.kz/saualnama

Ескерту!
Сауалдың астарында ешқандай философия жатқан жоқ. Дауыс берген адамдар санының көп болғаны керек.
Әрі қарай