Сауалнамаға қатысушылар керек

Қайырлы түн/таң/күн, блогшылар!
Осыдан бір ай бұрын «Ана мен бала» сайтында сайтпен аттас журнал шығару жайында оқырмандар арасында сауалнама жүргізіп едік. Дауыс берушілердің саны 501-ге жеткенде сауалнаманы тоқтатып қойып едім. Сөйтсем, сауалнаманың нәтижесімен қоса, берілген дауыстардың саны да маңызды болып шықты. Енді дауыс берген адамдардың санын арттыру үшін сайтымыздан тыс жерлерде (басқа сайттарда) дауыс беретіндерді іздеп жатырмын.

Дауыс берудің еш қиындығы жоқ. «Ана мен бала» журналы қажет пе? деген сұраққа жауап берсеңіз болғаны. Дауыс беру кезінде үш жауаптың қай-қайсысын таңдасаңыз да өз еркіңізде.
Сауалнама мына бетте: ana-bala.kz/saualnama

Ескерту!
Сауалдың астарында ешқандай философия жатқан жоқ. Дауыс берген адамдар санының көп болғаны керек.
Бөлісу:

14 пікір

satibaldi
Жоқ, қажет емес деп дауыс бердім. Себебі, сұрағыңның топастығы сондай, топастығының тереңдігіне тіпті әлгі өзің сынайтын журиктер де тұншығып өледі. Мұндай топас сұрақты екінші рет көріп тұрмын. Жауап беру қиын дегенді басқандардың міскіін елестетіп, тіпті ішегім қатты нақ.
Zako
Қыртып не қыласың? Ешқандай пәлсафа жоқ сұрақта. Шешілетін шаруа шешіліп қойды. Тек қана дауыс берушілердің саны үшін ғана керек.
Егер топастығын одан сайын айқындай түскің келсе, сауалнама уақытының өтіп кеткенін де жаздым ғой.
Дауыс бергеніңе рахмет! Сенің жоқ немесе иә дегенің қажет емес, дауыс бергендер қатарында болғаның қажет еді.
satibaldi
Шешілетін шаруа шешіліп қойды.
Бәсе, өзің басына тышып жүрген журьедан алыс кетпепсің. Әрине, 99,9 пайыз Иә деп жауап беретінін білдің. Жеті Серік пе еді әлгі, резюме тапсыр соларға, бір жәшіктен шыққан шіріген алмамыз де.
Botik11
сатыбалды, больная темаңнан арылатын кезің болған сияқты ғой, освежи мозги
urimtal
Егер сауалнаманы маркейтингтік мақсатта жүргізген болсаңыз сауалдарды түрлендіріп, көбейту керек. «Ана мен бала» журналы керек немесе керек емес деген сұрақтың ар жағында «неге керек деп ойлайсыз?» деген сұрақтың да жауабын білген дұрыс болар. Себебі көпшілігі «Ана мен бала» сайтының контентін білген соң жай ғана керек деп жауап бергенімен, кейін басылымдық нұсқасын оқиды деген сөз емес.
Zako
Жай ғана ресмилік үшін қажет еді. Маркетингтік зерттеу емес.
sammita
«Ана мен бала» деген газеттің бар екенінен хабардар шығарсың?
Zako
Хабардармын. Газетті көрдім. Сол баяғы ұрлық қой олардың істейтіндері. Енді басқа біреулер журнал шығарғалы жатыр екен.
sammita
жақында ашылған сияқты, 2011 ж. шатыспасам.
Zako
Аты әйгілі ұрылар жұмыс жасайтын «Айсан-пресс» ЖШС былтыр қараша айында «АНА МЕН БАЛА Ай-сан» деген атпен газет тіркеп алған. Алғашқы санын осы жылы шығарды.
Aizhantabyn
иә дедім. сапалы болса екен тек, және бағасы қымбат болмаса. Бөпем журналы жақсы екен, 150 теңге бар болғаны. Басқа альтернатива жоқ.
Zako
Баға жағынан «Бөпем» журналына бәсекелес болу дәл қазіргі сәтте біз үшін мүмкін емес (яғни біздің журналдың бағасы одан қымбатырақ болады). Себебі ол журнал үлкен әрі айтарлықтай капиталы бар компанияның меншігінде (дүкендерде жарнамалау мен таратылуы тегін деуге болады). Журнал шығындарының біразын жарнама арқылы жауып отыр. Ал жарнама табу алғашында біз үшін олар тапқандай оңай болмайтын түрі бар. Себебі сол компанияның қызметі мен беделінде болып тұр.
Abilakim
Кейінгі кезде байқап жүрмін жұрттар сол «Бөпем» журналын алады екен. Мен бетін ашып көрмеппін. Материалдар жағы қалай? Қуып кетпеген болар?
Zako
Жаман емес. Менің білуімше, қазақ тілінде шығатын журналдардың арасындағы ең жақсысы — сол журнал: қағазы сапалы, бағасы арзан. Ал контент жағынан орыс тіліндегі «Мой ребеноктың» қазақша нұсқасы деуге келеді.