Көмектесе аламыз ба...

Кезекті менің бұл тақырыбым осы сайтқа жазуға жарай ма әлде минус болама білмеймін. Бірақ кімнен сұрарымды білмедім. Нағыз жарамай жатса өшіре салармын. Бүгін мен интернетте отырып бір бағдарлама көрдім. Ол адам өмірін құтқарған батырлар туралы. Соңында рак ауруына ұшыраған кішкентай қызды көрсетті. Оның сыныптастары барлық жағынан қолдау көрсетіп, көмектеседі екен. Көріп, бір жылап алдым. Содан соң ойға қалдым, біздің елде де сондай көмекке зәру адамдар көп қой. Ауруларды санамағанда жетімдер, соның ішінде қазақтар қаншама. Бізде, шүкір, бәрі бар. Тіпті, қымбат сотка мен қымбат киім кимесем де мен өз күшіммен қалағаныма жете аламын. Ал кейбіреулердің оған шамасы жоқ. Бақытты отбасыда өмір сүргеннен артық қандай бақыт бар! Жетімдерге көмектесу — бала күнімнен ойымда бар еді.Тіпті, 3 жыл бұрын мектеп кезінде «алматы ақшамына» осы ойымды жеткізіп, мақаламды жариялаған болатынмын. Сонда мен бай адам болғым келеді, себебі мен сонда ғана жетімдерге көмектесе аламын дегем. Қазір де солай ойлаймын. Сонымен әңгіменің нақтысы, мен ешқашан жетімдер үйінде болмадым. Ойлап отырмын, осы жаңа жылда ең болмағанда бір балалар үйіне кішкене де болса да сыйлық жасасақ не болар екен? Мен әрине үлкен суммадағы қаражатпен көмектесе алмаймын. Бірақ қалай көмектесуге болады? Кім қалай ойлайды? Әлде босқа әуре болмау керек пе көп қаражат болмаса? Көп түкірсе көл болмай ма? Пікірлеріңізді жазуларыңызды сұраймын. айтпақшы, көрген бағдарламам: пусть говорят — не все равно тақырыбы
Әрі қарай

Керек пе, жоқ па...

Осы сонғы күндері жоғарғы оқу керек пе жоқ па деген ой мазалап жүр. Бұған дейін барлық адамдарша мектепте де, универде де сабақты жақсы оқып келдім. Енді бітіруге 1,5 жыл қалды. Универге баруға, оқуға ешқандай ынтам жоқ. Сол дипломды алғанда не болады, алмағанда ше? Айналама қарасам оқуын жарты жолдан тастап кешкі бөлімге түскендердің өмірде жолы болып,өз жеке істерімен айналысып жүрген адамдар да баршылық. Әрине, түсінем өмірде қандай да бір жетістікке жету — оқуды тастауға байланысты емес. Бірақ оқу да бір күннің біраз уақытын алады. Әкем бұл ойымды естігенде қатты ренжіді. Меніңше қазіргі кезде диплом алған ешқандай адам өз мамандығымен жұмыс жасамайды. Диплом алу — жалданып жұмыс жасауға ғана керек. Бірақ менің жоспарымда жалдамалы жұмысқа орналасу емес кәсіпкер болу бар. Сіздер қалай ойлайсыздар? Кім өз мамандығы бойынша жұмыс істеп жүр? Кім мында жеке кәсіпкер?
Әрі қарай

Қайдан білсін...?

Жылы төсекте ұйықтаған адам,
Жаурағанның мұңын қайдан білсін?
Қарыны тоқ, киімі көк адам,
Аш, жалаңашты мұңын қайдан білсін?

Қолда бар да алтынның,
Жоғалтпай тұрып қайдан білсін?
Жезөкшеге жүгірген жүгермек,
Өз әйелінің қадірін қайдан білсін?

Арғымақтың қадірін,
Лексус мінген қайдан білсін?
Жүз теңгенің қадірін,
Миллиард ұстаған қайдан білсін?

Сайлаушының қадірін,
Сайланып болған қайдан білсін?
Мына халықтың қадірін,
Депутат ағам қайдан білсін?

45 мың теңге айлықтың қадірін,
150 мың айлығы бар бастық қайдан білсін?
Мына өмірдің қадірін,
Өлгендер енді қайдан білсін?

Осылай жазып отырғанымды,
Үйдегі әйелім қайдан білсін?
Интернет жайлаған заманда,
Интернетсіз отырған қайдан білсін?

Не нәрсенің болса да қадірін ұғына білейік. Асып-төкпейік, шашып бітпейік… Былтырғы шашылып жиналмай қалған астықтың қадірін, биылғы қуаңшылықта білетін шығармыз, бұдан былай қамбаға астық симай қалды деп байбалам салуды қойып, астық жинайтын қамымызды жасайық…
Әрі қарай

Қыз жүрегі...

Қыз жүрегі.

Өмірдің жолы,
Сан қилы неге келесің?
Соншалық алдан,
Күтуде әрбір белесің…
Жетейін деген
Талпынған жүрек сөзіне
Аяқтан шалып, несіне қинай бересің

Бірақ та мейлі…
Тіршілік-жалған. Өтер күн!
Сүйгенім аман.
Оған да шүкір етермін…
Сездіре алмай,
Жалындап жазған сезімді
Фәниден мынау,
Сүйсініп қана өтермін…

Кеудеме сыймай,
Жүрегім неге тулайсың?
Тағдырдың жолын,
Арнаға өзге бұрғайсың!
Кей кезде көріп алыстан нұрлы бейнесін,
Бақытын тілеп,
Тілекші болып тұрғайсың!
Әрі қарай

«Крупный» балабақшадағы «крутой» тәрбие

КРУТОЙ БАЛА«Өмірдің бір қызығы бала деген,
Баламды оқытуды жек көрмедім,
Баламды медресеге біл деп бердім», –
деп сөздің «бісмілләсін» ақын Абай тілімен бастағанды жөн көрдім. Бала – өмір, тіршілік сабақтастығы. Бала сүю – жұбайлардың арманы. Тоғыз ай толғағы жетіп дүниеге келген нәрестенің қайратты, ақылды, иманды болып бойтүзеуі әр ата-ана үшін маңызды. Ал «оны» кім береді? Баяғы қазақы тәрбие қалғалы қашан. Баяғы дегенде, қайсысы деп ойланып та қалған боларсыз?! Қос қарттың ортасына қосып, кәріқұлақтардың хикаясы мен ертегісі негізінде дана қылу. Ал, бүгінгі «тәй» басқан сәби мектеп жасына келгенше балабақшада тәрбиеленеді. Ата-әжесінің тәлімін алатындар бірең-сараң, нақты санмен дөңгелетіп сөйлетсек 20 пайыздай ғана. Оның басым бөлігі қазақы дәстүрдің бір пұшпағын сақтап қалған ауылды жерлерде.
Ал қаланың «крутой» баласы «крупный» балабақшаға барып жүр. Сондағы көпті білмесе де білген сынай танытып жүрген «айғайшыл» тәрбиеші апайлардың тәлімін алады. Тәрбиеші апай деп қалдым, кешіріңіздер, басым бөлігі сәбидің исін искеп, жаялық ауыстырып көрмеген жас бойжеткендер. Әлгі бойжеткендердің бала тәрбиесі жөнінде айтқан кеңестерін тыңдап көрсеңіздер, шек-шілеңіз қатып, ащы шегіңіз түйіліп қалмасына ешкім кепілдік бере алмайды. Сонда қаланың «Зерелері» қайда жүр? Әлде, оларда «крутой» болып кеткен бе? «Крутой» болып кеткендері де бар екен. Ал біз іздеген «Зерелер» қарттар үйінің тар терезесінен «мен мұндалап» телміреді. «Атаңа не қылсаң алдына сол келеді», бүгінгі «крутой» бала ертең бұдан сорақысын жасамасына кім кепіл?! Үстіңнен шылымның исі аңқып тұрып, аузыннан арақтың «перегары» мүңкіп тұрып «балам шылым шекпе, арақ ішпе» деп ақыл айтқан болса, онда кейін ол баланы шылым шеккені үшін жазалауға құқығы жоқ. Өйткені, «ұяда не көрсе, ұшқанда соны іледі».
Мына байғұс, «балабақшаны неге сонша бейшара кейіпке ұшыратты» деп байбалам салатындарыңызды да сезіп отырмын. Бәріне бірдей күйе жаққым келмейді. Әрине, «Зередей» тәрбие бере алатындары да бар. Мәселен, Амангүл Оразбекқызының итшілеп жүріп ашқан жекеменшік Астана қаласындағы «Әкан-ай, бәкан-ай» балабақшасы. Ұлттық болмысымызға сай тәрбие беру – балабақша ұжымының басты мақсаты. Сонымен қатар, тәрбиешілері де қазақ тілін жетік меңгерген, әрі білімді, әрі мейірімді жандар. Өз ісінің мамандары. Осындай балабақшалар саны артса, жоқ, саны емес, дұрысырағы – барлық балабақшалар Амангүл апайдан үлгі алса нұр үстіне нұр болар еді. Өкінішке орай, бұндай балабақшалар қос қолдың саусақ санынан аспайды.
Қара бастың қамын, қалтаның қалыңдығын ойлап балабақша ашып жатқандар саны қаулап өсіп келеді. Бұл «бизнесмен» сымақтарды баланың тәрбиесі қаншалықты алаңдатады? Бұған жауапты мен айтпасам да, әлгілердің әріптесі Астана қаласындағы №25 «Таңшолпан» балабақшасының тәрбиешiсi Әсел Қозыбақова ойын былайша ақтарып салады: «Қазiргi кезде жекеменшiк балабақшалардың барлығы дерлік талапқа сай тәрбие бередi деп ойламаймын. Олардың арасында тәрбие мәселесiн екiншi орынға ысырып, баланың жыламауы мен қарны ашып қалмауын қадағалауды басты мiндетi санайтындары да бар. Әр мекеме өз қаражатымен, өз күшiмен ашып отырғаннан кейiн ойына келгенiн iстемесiне кiм кепiл?» Дөп басып айтты. Иә, мұндай жауапты iстi бастарда заңдастырып барып қадам жасаған жөн. Балабақшаларды әркiм жетегіндегі есегіне айналдырып, оның iшкi iсiне, жұмыс кестесiне қол сұғуы көңілге қонымсыз. Олар ойына келгенін істейді. Балаларға тәрбие беретін тәрбиешілерді қалай тағайындайтынын да білмейсің. Қазақ болса, жақын-жұқының жинайтыны әбден белгілі. Сондықтан, Білім және ғылым министрлігі Балалар құқықтарын қорғау комитеті осы істі күн тәртібіне алса жөн болар еді. Тәрбиешілерді жұмысқа аларда арнайы емтихан алып, олардың білім деңгейін тексеру керек. Сонымен қатар, олардың жалақысын жоғарлатқан дұрыс. Өйткені, михнаты көп, «шарапаты» аз жұмысты кімнің істегісі келеді? Тоғыз жерге барып, тоғызынан «только» шығара алмаған жұмыссыздар келеді. Тәрбиенің іргетасын қалаушылар ретінде тәрбиешілер орта жастағы, тіпті зейнеткерлікке шыққан апаларымыздың болсын! Бұлар – менің көп ұсыныстарымның бірі ғана.
Тәрбиеші қауымның шамына тиіп отыруымның да өз себебі бар. Осыдан санаулы күн бұрын Астанадағы азын-аулақ жылтыраған балабақшалардың бірталайына бас сұққан едім. Сондағы байқағаным, «крупный» балабақшалар нағыз «крутой» тәрбие беріп жатыр екен. Ауызымды ашып аңырап қайттым. Тіпті, қай бетімді ұстарымды білмеймін. Нөмір бәленбайыншы (нақты атауды жөн көрмедім, өз әлімше сыпайылық танытқаным ғой) қазақ балабақшасына кіріп барғанымда шыңашақтай қазақтың қара домалақ қызы (қателеспесем есімі Әйкерім) «Здраствуйте, дядя» демесі бар ма? Сасқанымнан «Здрасте» деп жауап бердім. Әлгі қыздан «орыс тілін кім үйретті?» деп сұрасам, «біз балабақшада орысша сөйлеуді үйренеміз» деп былдырлап қоя берді. «Әттегең-ай» деп санымды бір соқтым. Байғұс санның да соғар жері қалмады, әбден көгеріп, дұрысырағы ісініп болды. Ісінген жердің іріңдегені жаман…
Жел сөз: Бұл сөздер желдің ығына қарай ШАХ-тың шаһарына жетер, бірақ желдің соңы дауылға айналып әрі қарай өтіп кетпесе болғаны!
Әрі қарай

Логотип жасау жолдары.

Бәріне Салем! Маған көмек керек еді, логотип жасауым керек. Тегін приложениелер мен программаларды пайдаланып көріп едім, ойымдағыдай болмады. Дайын емес, өзім құрастыра алатын программалар болса немесе басқа да жолы болса айтып жіберіңдерші а?! Қатты кереееек! Күтемін!
Әрі қарай

Сәттік сыр...

Қазанның күзі, асығам саған,
Жасырам деп сары көрпеңе мұңды.
Қазанның күзі, сағындым сондай,
Ертегі айтатын ерке желіңді.

Өлеңсіз жанған өгей көңілді,
Биыл тағы да басам дегенсің.
Мүсіркемейтін мөлтек мұңымды
Қазанның күзі,
Қашан келесің?

пы.сы: Майлагенттің блогынан алынган оленсымақ
Әрі қарай

Қу түлкі

Бұл өлеңім жануарға арналмады,
Айлакер адамдарға арналады,
Заманның қу түлкісі болып жүрген,
Ей надан сендерге арналады.

Жамандықты жақсылық деп білесің,
Жамандықты өз жарыңдай сүйесің,
Жақсылық бір іс жасаудың орнына
Жақсыларға қаһарыңды төгесің.

Жақсылықты түсінбейтін надандар,
Ондайларда бар екен ғой адамдар,
Жаман іске өкінудің орнына
Мақтанышпен жар салатын жауыздар.

Заманның ағынымен өзгерді
Бұл адамдар қайда кетіп барады,
Тоқтатпасақ бұл апаттың салдары
Өз басыңды,өз басыңды жалмайды!!!
Әрі қарай

Беті ескірген қыз

Нәзік жанды ақын Д-нің Қазақ Ұлттық университетінің журналистика факультетінде оқытушы боп қызмет істейтін кезі. Алабұртқан жастық шақ, көзі мөлдіреген студент қызға ғашық болады. Аудиторияға кірген бетте көзімен сол қызды іздейді. Амал жоқ, отбасы бар, «Әттең тонның келтесі ай»,-деп телміреді де қояды. Арада он шақты жыл өтеді. Д. жұмысын ауыстырған. Елге танымал ақын. Алматыға барған сапарында әлгі нәркес көзді қызды кездестіріп қалады. «Аға, мен сізге ғашық болатынмын, сіз маған үздігіп қарайтын да отыратынсыз»,-дейді шәкірт қыз ақтарылып. Бір-бірінен адасып қалған сезімдердің табысуына кеш. Осыны әңгімелеп отырған Д-дан достары әлгі қыз қалай, өзгеріп пе деп сұрайды ғой. Сонда, Д: «Өзгермепті. Тек беті ғана ескірген»,-деп жауап беріпті.
Әрі қарай

Астана шынында да Венеция болғысы келіп жүр

Өткен сенбіде өткен жауын елорданың коммуналдық қызметтеріне тағы бір ескерту жасады. Түс ауа басталған жаңбыр көше-көшенің бәрін суға толтырды. Су болғанда қандай. Көліктер жүріп емес, жүзіп өткендей көріністе. Адамдардың көбісі бірінші кездескен ғимаратқа кіріп паналаса, асыққандары малмандай су болғандарына қарамастан жүгіріп бара жатыр.
Есесіне такси айдағандардың тілеуі берді. Аялдамаға жете алмағандары солардың көмегіне жүгінуге мәжбүр болды. Бұған дейін айдың басында дәл осындай жауын болып, қаланың біраз жерінде көлік жүре алмайтындай жағдай орын алған болатын. Сол кезде тіпті кейбір жаңа ғимараттардың да шатыры су ұстамай қалған. torgai.kazjur.kz/2012/06/29/%d0%b0%d1%81%d1%82%d0%b0%d0%bd%d0%b0-%d0%b2%d0%b5%d0%bd%d0%b5%d1%86%d0%b8%d1%8f-%d0%b1%d0%be%d0%bb%d0%b0-%d0%bc%d0%b0/
Көшедегі су тартқыш шұңқырлардың барлық суды сорып үлгірмеуі – коммуналдық қызметтердің жұмыс істемейтіндігін көрсеткендей. Таксиге артық ақша жұмсап, көліктерін жөндетуге ақша шығындағандар болса – қала билігіне рахмет айтыңыздар. www.youtube.com/watch?v=mxjv25S4Rsw&feature=youtu.be
P.S. Ең дұрысы осы кезден қайық сатып ала беру керек пе деп ойлап қоямын. Кім білсін…
Әрі қарай