Беті ескірген қыз

Нәзік жанды ақын Д-нің Қазақ Ұлттық университетінің журналистика факультетінде оқытушы боп қызмет істейтін кезі. Алабұртқан жастық шақ, көзі мөлдіреген студент қызға ғашық болады. Аудиторияға кірген бетте көзімен сол қызды іздейді. Амал жоқ, отбасы бар, «Әттең тонның келтесі ай»,-деп телміреді де қояды. Арада он шақты жыл өтеді. Д. жұмысын ауыстырған. Елге танымал ақын. Алматыға барған сапарында әлгі нәркес көзді қызды кездестіріп қалады. «Аға, мен сізге ғашық болатынмын, сіз маған үздігіп қарайтын да отыратынсыз»,-дейді шәкірт қыз ақтарылып. Бір-бірінен адасып қалған сезімдердің табысуына кеш. Осыны әңгімелеп отырған Д-дан достары әлгі қыз қалай, өзгеріп пе деп сұрайды ғой. Сонда, Д: «Өзгермепті. Тек беті ғана ескірген»,-деп жауап беріпті.
Бөлісу:

5 пікір

satibaldi
Сосын сен әрине — күлдің?
19852407
Беті ғана ескірсе ештеңке етпепті
Zilola
))) Гуфа, нені меңзедің )))
19852407

Сезімдерінің ескірмегенін айтам да
Gulistan
Жансарай, тақырып қорқынышты екен. «Деген екен» деп жалғап қоймадың ба?