«Ұрпаққа мәңгі тіл қатшы, далам!»
«Ұрпаққа мәңгі тіл қатшы, далам!»
Айтыстың мақсаты: ұлттық мәдениетті көтере отырып, отаншылдық түсінікті халықтың бойына сіңіруді насихаттап, қазақ тілінің рөлін көтеру. Айтыс өнерін дамыту арқылы, жас таланттардың сөз шеберін жетілдіру, талантты жастарды табу және оларды қолдау. Халықтың көкейіндегісін тап басатын іріліктің тән болуы мен әлеуметтік проблемаларды шеберлікпен білдіретін және айтыстың көркін кіргізетін, ақындарды көтермелеу. Ықылым заманнан жеткен айтыс өнерін арзанқол дүниеге айналдырмау. Жалпы негізгі мәселелер партия жүзеге асырған мемлекеттің әлеуметтік экономикалық дамуы бағытында атқарған нақты жұмыстарды қамти отырып, партияның беделін арттыруғақындық үлес қосу.
Ең бастысы партияның 10 жылдығына дейінгі жеткен жетістіктер, партия белсенділерінің аймақтағы ауқымды жұмыстары, мерей той мәзіріне жыр шашумен тарту жасау.
Айтысқа республика бойынша 20 айтыскер, ақындар қатысты. Айтыс қорытындысы бойынша Бас жүлдені Қарағанды облысынан Дидар Қамиев жеңіп алса, І орынды Қызылорда облысынан Оразхан Сейілханов иеленді. Ал ІІ орынды Қызылорда облысынан Мұхтар Ниязов пен Алматы қаласынан Серік Қалиевтердің қанжығасына байланса, ІІІ орын Батыс Қазақстан облысы Мусина Жансая, Шығыс Қазақстан облысынан Ғафуров Аслан, Оңтүстік Қазақстан облысынан Нұрлан Есенқұловқа тиді.
Айтыс қорытындысы бойынша жеңімпаздарға «Нұр Отан» ХДД арнайы дипломы мен, ақшалай сыйақысы ұсынылды.
Әрі қарай

Ендеше батыр бабалардың төгілген ыстық қаны мен ұлы арман жолында құрбан болған асыл азаматтардың арқасында қол жеткізген ТӘУЕЛСІЗДІКТІ мақтан тұтып, қастерлей білейік! Келе жатқан ТӘУЕЛСІЗДІК мерекесі құтты, әрі ұзағынан болсын! 