"Тұңғыш президент" күніне!

Жаратқан қазағымның бақытына берген бала,
Бұл күні бар әлемді мойындатқан кемел дана,
Елін сүйген,
жерін сүйген көшбасшысы халқымның,
Алты алаштың ерекше ықыласы сізге ғана!
Ғасырына бір туатын ұлы тұлға,
Тиіс емес мұны ешкім ұмытуға,
Тағдырдың қысыменен мұздай болған,
Көңілін халқымның келді жылытуға.
Ізі кетті бұл күндері санғасырлық қайғының,
Көтерілді аз уақытта Қазақ елі айбының,
Ынтымақ пен тыныштықты ортамызға орнатып,
Толтыруда мерекеге қазағымның жай күнін…
Қайтер едік еркіндікке қол жеткізе алмасақ?
Артық емес бір күнімізді ұлықтап біз арнасақ.
Әбішұлы Нұрсұлтанның еңбегі деп білемін,
Заманның ағымымен біз көшінен қалмасақ.
Бөлісу:

1 пікір