Екі

(18 жастан асқандардың ғана оқуына болады)

Екі көз күлім етіп бір сызыққа,
Сиқыр сезім жол берді бір қызыққа.
Екі мұрын жәй ғана соқтығысып,
Екі ерін кенелді ырыздыққа.

Тепкілеп тентек жүрек тездегендей,
Бір сұмдықтың болары сезілгендей.
Екі бейне еріксіз есі кетіп,
Екі тілсім бір-бірін іздегендей…
Бөлісу:

10 пікір

a63a1
саусақтарын сүңгітіп бір сызыққа,
Қайран ару баттығой бір қызыққа.
Екі жүзі албырап беті ысып,
Жаны шіркін кенелді ырыздыққа.

Тепкілеп тентек жүрек тездегендей,
Бір сұмдықтың болары сезілгендей.
Қараңғыда жалғыз өзі есі кетіп,
Судан кейін нан мен май іздегендей…
zhanibek_nurish
rafaello-ның сауалнамасына рахмет, біраз пікірге мұрындық болар сыңайы бар,
Ereke
 Абзал керемет ғой мынау))), жаттап алып, кештерде айту керек ғой!
boztorgai
Жалғыздық жаны сыздап бір бұзыққа
(Әудем жер жүрем бе деп бір қыздыққа)
Жүрегі әлденені іздегендей
Бір тылсым сезім бар дид құдды сіздей
zhanibek_nurish
«тамға қойдым сатыны, анаууууууууу кімнің қатыны?!»©
дегендей болды ғой,
Nurshat
Мынау Ерекеңнің Екісі ғой… бұрқырыпа тұр
Nurshat
Ереке жаза бер… Эр өлең…
Abilakim
тілсім деген не? Тылсым шығар?