Жеміс-жидек жейтін маусым келіп қалды. Алақай!

Бізге келмеген жеміс Ақтауда қайдан демеңіздер. Суреттер архивтен алынған.



Ақтауда алма, мандарин, банан сатушыларының аузынан "Қытайдікі", «китайский» деген сөздердің орнына Түркменстан, Әзербайжан, Иран дегенді естисіз. Ақтауға жаңадан келгенде Қытайдың майда мандаринін іздеп, таппап едім.Қыстың күні үлкен мандариндер дәмсіз болады деген ой санамда қалыпты. Қате екен. Майда мандариндерсіз-ақ күн көріп жатырмын.
Әрі қарай

ӘНДІ СҮЙСЕҢ...

Ән тыңдауды жаным жақсы көреді. Әннің құдіреттілігі сонда, керек кезде көтеріңкі көңіл – күй сыйлап, кейде керісінше көңілге мұң ұялата алады. Кейде бірнеше параққа сыйдыра алмаған ойыңды бір ғана ән жеткізіп бере алады.
Әрі қарай

Высоцкийді сомдаған актер белгілі болды


Ресейдің танымал актері Сергей Безруков "Высоцкий. Спасибо, что живой" фильмінде басты рөлді сомдағанын мойындады. Бұл оқиға 16-сәуірде Бірінші арнада «Вечерний Ургант» бағдарламасының бірінші шығарылымында орын алды.
Әрі қарай

Драйвер іздеу

Компьютерге қосылған әр құрылғы драйвер көмегімен жұмыс жасайтын көрінеді. Мәселен, шина, юзби сияқты құрылғылардың драйвері Windows операциялық жүйесінде бірге жүруі мүмкін, бірәқ бізге көбіне дыбыс картасы, видеокарта, чипсет құрылғысының драйверін өзіміз орнатуға тура келеді. Драйвер болмаған жағдайда, дыбыс шықпай, монитордағы терезені жылжытқанда қалқып жылжуы, желелік сымды қосқанда желіге қосылмай қою сияқты проблемалар орын алатын көрінеді.
Драйвер іздеудің жолдары әрине көп те шығар, бірақ практикада кездескен бірнеше жолын осында қарастыра өтсек:
Әрі қарай

Жаңа IPad немесе IPad 3 (Бейне шолу)

Сәлем керекинфо қолданушылары! Әдеттегідей бұл менің шолуларымның жалғасы!

Бұл жолы жаңа IPAD-қа бейне шолу жасадық! Қызық қылуға тырыстық) Ал шыққан бейне шолуды өздеріңіз бағалай аласыздар)

Шолу жасаған: Тойғұлиев Әлішер (@toiguliyev)
Твиттерде: @toiguliyev
Шолу жаcауға көмектескен: Ахметжанов Сауран, vbloggers.kz сайтының командасы және mobistore.kz сайты!



Егер орысша нұсқасын көргілеріңіз келсе: Мына сілтемеге басыңыз

Көргендеріңізге рахмет! Әдеттегідей пікірлеріңізді күтемін!)
Әрі қарай

Цукербергтің кезекті суқиты


Фейсбуқ желісі «Instagram» компаниясымен келісім-шартқа отырды. Бұл туралы Марк Цукерберг өзінің парақшасында аттай болмаса да, ешектей қылып жазыпты. Ал, уордпресстің негізін салушы Матт өзінің блогында осы жаңалықпен бөліскен екен. Ал, ресейдің порбс журналы Марк неге бұндай қадамға барды деп бас қатыруда.
Instagram — ұялы телефонға арқылы сурет жариялауға арналған приложение/application. Оның Simbian-ға және Aplle-ге арналған нұсқалары бар екен
Әрі қарай

Maxthon браузерімен таныса отырыңыздар.

Мына броузерді байқап көріңіздер, өздерінің айтуларынша жылдамдығы Хромнан 200% артық дейді. /шынында 200% болмаса да жылдамдығы жақсы екен./
Мына жерде соңғы нұсқасы бар. --->>>
Жақсы жері кез-келген видеоны көшіріп алуға тырысады екен. Мысалы youtube.com, namba.kz секілді сайттардан еш қосымша бағдарламасыз бірнеше нұсқада көшіріп алуға мүмкіндік береді.

Браузер
Әрі қарай

Ресей миллиардерлердің елі (АҚШ-нан қалса...)

«Forbes»-тың 2012 жылдық көрсеткішінде, дүние жүзіндегі 1226 миллиардерлердің (жеке байлығы бір миллиард доллардан асатын) тізімін жәриялаған болатын. АҚШ миллиардері 425, ал Ресей миллиардері 96 (екінші орында тұр), үшіншісі Қытайлықтар.
АҚШ «Forbes» журналында, “Ресейлік миллиардерлердің басты байлық қайнары ــ Кен, метал қорту, мұнай және тәбиғи газ саласы”-, деп жазылған.
Әрі қарай

Стейси Доллманға жауап #1

Әлгі астаналық «Барыс» хоккей клубына қатысты Стейси Доллман деген әйелдің жазғаны (http://kaziland.com/2012/03/home-sweet-home/) туралы американдық бұрынғы бастығымнан және өзге де шет елдік әріптестерімнен сұраған болатынмын. Қазір сол елінде, Америкада жүрген бастығымның жауабы төмендегідей болды. Әзірше, ағылшын тілінде, реті келсе, аудармасы кейінірек болып қалар. Тоқетері: "Әлгі әйел оттамасын. Бардак тек Қазақстанда емес, Америкада да, басқа жерде де бар" деді.
Әрі қарай