ӘНДІ СҮЙСЕҢ...

Ән тыңдауды жаным жақсы көреді. Әннің құдіреттілігі сонда, керек кезде көтеріңкі көңіл – күй сыйлап, кейде керісінше көңілге мұң ұялата алады. Кейде бірнеше параққа сыйдыра алмаған ойыңды бір ғана ән жеткізіп бере алады. «Құлақтан кіріп, бойды алар,
Әсем ән мен тәтті күй.
Көңілге түрлі ой салар,
Әнді сүйсең, менше сүй!» — деген Абай атамыздың өлең жолдары ойымдағыны дөп басады. Сіздерге «көңілге түрлі ой салар» үш ән ұсынбақпын:
1.«Желсіз түнде жарық ай». Бұл әнді орындаушының аты – жөнін білмедім, бірақ дауысы өте ұнайды. Әнді тыңдаған сайын бәріне қолымды бір сілтеп, туған жеріме кетіп қалғым келеді. Тыныштықта отырып тыңдасаңыз, өзіңізді табиғат аясында отырғандай сезінуге болады. )))



2.«Мечта сбывается». Юрий Антоновтың орындауындағы бұл әнді көңіл — күйіңіз құлазыған сәттерде тыңдаған жақсы.



Если любовь не сбудется,
Ты поступай как хочется.
И никому на свете,
Грусти не выдавай.

Новая встреча лучшее,
Средство от одиночества.
Но и о том что было,
Помни, не забывай.

Припев:
Мечта сбывается и не сбывается,
Любовь приходит к нам порой не та.
Но, всё хорошее не забывается,
А всё хорошее и есть мечта.

Пусть о любви нечаянной
Кто-то сказать осмелится.
Если поверишь в это,
Сердце не закрывай.

В сердце необитаемом
Снова любовь поселится.
Но и о том, что было,
Помни, не забывай.

3. Шәкәрім Құдайбердіұлының «Анадан алғаш туғанда» әнін Жанболат пен Жазира орындайды. Сөзі мен әуені үйлесіп тұрған ән өз орындаушысын тапқандай. Бұл өлеңнің толық нұсқасын оқуға кеңес берем. ))



Анадан алғаш туғанда,
Жыладым неге дауыстап?
Кіндікті кесіп, қиғанда,
Анамнан кеттім алыстап.

Жұлдыз бен айды алам деп,
Аптықтым неге жасымда?
Еркіндік жолын табам деп,
Ойлаған едім басында.

Еңбекке шыда, ебін тап,
Сабырдың түбі — сары алтын.
Өзімшіл болма, ардақта,
Адамның бәрі өз халқың.

Залым боп келді қырсаң да,
Қожаңыз себеп болмай ма?
Патша боп қанша тұрсаң да,
Бір күні дәурен солмай ма?..
Бөлісу:

29 пікір

satibaldi
Тыныштықта отырып тыңдасаңыз
Қалай бірдеңе тыңдап отырып, тап сол уақытта тыныштық орнатуға болад?
ademi_alem
Болады. Айналаңызда адамдар болмаса, жалғыз отырып тыңдасаңыз сондай жақсы. Әнді көзіңізді жұмып тыңдасаңыз тіпті жақсы, «желсіз түн, жарық ай», өзеннің сыңғырлаған дыбысын тыңдағандай күй кешесіз. Орындаушының дауысы да сондай әдемі, жүрегіңізге тыныштық орнатып береді. ))))))))))))))))
satibaldi
Көзіме жас үйірілді.
ademi_alem
))) шын айтыңызшы ааа ))))
Aya
Антоновтың орындауындағы ән тема екен
sammita
«Анадан алғаш туғанда" біздің санаға Жанар Айжанованың орындауында әбден сіңіп қалған)
ademi_alem
Ғаламтордан Жанар Айжанованың орындауындағы нұсқасын таппадым.
sammita
90 ж. кассетадан тыңдайтын едік.
ademi_alem
)))))))))))))) ааа мен де іздейтін жерді тапқан екем онда. ))))
patick
Ән тыңдауды жаным жақсы көреді.

Жалпы адамзат тарихындағы өте сирек құбылыстардың бірі екенін атап өту қажет.
ademi_alem
Бұл сөйлем арқылы ән тыңдауды жақсы көруім әлдебір құбылысты білдіретіндігін меңзеген жоқпын. Әр сөзден астар іздеудің не қажеті бар?
Gastarbaiter
Ән тыңдауды жаным жақсы көреді. Әннің құдіреттілігі сонда, керек кезде көтеріңкі көңіл – күй сыйлап, кейде керісінше көңілге мұң ұялата алады. Кейде бірнеше параққа сыйдыра алмаған ойыңды бір ғана ән жеткізіп бере алады. «Құлақтан кіріп, бойды алар,
Әсем ән мен тәтті күй.
Реверанс жасап амандасып, Па жасап қоштасу демекші:
Кез келген жазбасын «как много в этом слове» деп бастайтын бір кісілер болады өзі.
«Сәуірлік субботник» туралы 8 түп емен, 9 түп терек, 6 түп қарағаш ектім деген қысқаша есеп берудің өзін былай бастайды екен:
«Весна! Как много в этом слове, для сердца нашего слилось! Динь-Донь-динь донь, что это? Это апрельская капель радуется теплу весенних ветров!… и земля радуясь свету солнца, благодарит ее подснежниками робко выглядывающими из под корки тающего снега!
И только сейчас наш трудолюбивый коллектив швейной фабрики «Раиса» выходит на улицу… Ведь это самое прекрасное время года. И самое короткое — пролетает в один миг, как и твоя юность… Поэтому, наша дружная команда поторопилась ...»
деп басталады екен. Қалай аяқталатынын да шамалап отырған шығарсыздар
ademi_alem
Gastarbaiter
Ренжімеш, өзім де жақсы көрем әсерлі кіріспелерді.
dark_nazgul
Мен жасырақ кезімде «Тау жаңғырып, ҮН қосып» делінуші еді.
Ұмытпасам, мынау бір қазақ киносының саундтрегі болды, осы орындауда.
Есіме түсіп қалар…
Бірақ "өӨзен" деп қисайтатына жаман екен.
Содан кейін, неге осы «жаПрағы» деп айтуға милары жетпейді?
ademi_alem
неге осы «жаПрағы» деп айтуға милары жетпейді?
))))))))))))))) орындаушы Нұржамал Үсенбаева емес пе?  Ұқсатып кетем дауысын кейде соған.
Gastarbaiter
гүрильдьеп, — дегенше неге грильдеп дей салмайд)))Буш аяқтарынсссс
dark_nazgul
тоПрақ деп айтқанда, жаПрақ деп айта алмай ма?
Gastarbaiter
Мәселе сонда, тоПрақ деп айтпады, ТопЫрақ деп айтып жатыр.
dark_nazgul
7-8 буынды өлең өлшемінен және қазақ тілінде «жаПрақ, тоПрақ» деп айтылатынынан хабары жоқ адам сияқты сөйлемеШ.
Gastarbaiter
ау-епті, енді мен саған не айтып отырмын, сау адамды алжытасыңдар сендер. Тап осы тармақты қайта оқыш, не жазып отырғаныңды.
«тоПрақ деп айтқанда, жаПрақ деп айта алмай ма?»
деп отырсың. Бұны оқыған көті қарақты оқырман, епті мына әнші «ТоПрақ» деп айтуды жарытып, «ЖаПраққа келгенде жаңылыпты» деп түсінері анық.
Ал мен оның тіпті «ТоПрақ» деп жарытқанын көрмедім.
Әжессс, кетшнақ тақыр жерде сүрініп.
dark_nazgul
жоқ, ол "өӨзен" деп қисайтпас еді.
dark_nazgul
Жанболат пен Жазира арбасының дөңгелегін ағаштан жасатса, ұқсап тұрар еді. А так, погружение в эпоху болмай қалған.
dark_nazgul
Жазира ән айтқызып қойып, қарап қана отыратын келіншек ей.