Түсінбеймін...

Мына постты жазғалы көп болыпты. Толықтырып жариялаймын деп жүргенде ұмытып кетіппін.

… Дениздің махаббатын
… Құмырсқалардың тірлігін
… Нұржан Тутовтың әзілдерін
… Несие алатындарды
… Ислам Кәрімовтің саясатын
… Менттер мен гейлерді
… Өртсөндірушілердің өрт сөндірмейтін кездегі жұмыстарын
… Жануарлардың махаббатын
… Құмар ойынына берілгендердің психологиясын
… Көпшіліктің билігін
Бөлісу:

38 пікір

alisha
Дениздің махаббаты… білмеймін, сірә, біздің махаббатымыздан айырмашылығы жоқ сияқты… қарапайым қыздың махаббаты.

Құмырсқалардың тірлігін National Geographic, Animal Planet-терден «түсінуге» болады…

****************************************************************************
Несие алатындарды
Байдың баласысың, болмаса ақшаға мығымсың, бір тиыннан екі тиын құрай білесің…
Бірақ бәріміз ондай емеспіз ғой
Barsa
қарапайым қыздың махаббаты
Онда қарапайым қыздардың махаббатын да түсінбеймін

Байдың баласысың, болмаса ақшаға мығымсың, бір тиыннан екі тиын құрай білесің…
Шын мәнісінде несие деген, әсіресе тұтынушылық несие деген ертеңгі күнгі еңбегіңнің ақысын бүгін жарату, дәл қазір ішіп-жеу дегенді білдіреді. Несие алып қарызға белшесінен батқанның ең үлкен үлгісі — "Қазақстан Республикасы"
bazuka
"… Дениздің махаббатын" түсінуге тырысудың қажеті шамалы, өйткені ол сериал
"… Құмырсқалардың тірлігін" мен жер бетіндегілердің тірлігін түсінбеймін)
"… Нұржан Тутовтың әзілдерін" өзі айтып өзі күледі ме)
"… Несие алатындарды" менде түсінбеймін, әсіресе той жасау үшін алатындарды
"… Ислам Кәрімовтің саясатын" Кәрімовте саясат бар ма?
"… Менттер мен гейлерді" менттерді білмим жұмыстары солай шығар, ал гейлер туа пайда болатын нәрсе, бұл үшін оларды жазғыра алмайм
"… Өртсөндірушілердің өрт сөндірмейтін кездегі жұмыстарын" қашан өрт болады
екен деп күтіп отыру деп ойламаңыздар, өрттің алдын алумен айналысады
"… Жануарлардың махаббатын" National Geographicті қарау керек)
"… Құмар ойынына берілгендердің психологиясын" әлсіз жандар
"… Көпшіліктің билігін" мұны түсінбедім
alisha
 Мен де өзімше осылай бастап жатқам… Сосын "Қасссқа, не отырыс?! Бастық сұратқан қағаз қайда?" деп қоя салдым…
bazuka
 аяқтаңыз енді, түскі ас ғой
Rafaello
Кім нені түсінбейтінімен бөліссе, жақсы эстафета шығайын деп тұрған сияқты. Барса, осы тақырыпты жалғастыру таяғын біреуге бер
salamat
Каримов ұлтының тілін сақтап қалды
бірақ демократ емес!
Marationok
Каримов ұлтының тілін сақтап қалған жоқ, ұлтының тілін ұлт сақтады.
Aldeken
Каримов ұлтының тілін сақтап қалды
әуелі, Кәрімовтың ұлтының кім екенін анықтап алуды рекомендеймін…
mercedes
Оның ұлты кім екен қызық?
Marationok
Оның ұлты тәжік, ал әйелі болса орыс екен.
Gastarbaiter
Ондай гламурный әңгімелерге қызықпаппын.
Marationok
Гөгл құдай көмек берсін
Aidakonya
Менттер мен гейлерді — неге бір тармақта?
SaZhaM
Екеуінің де аңдығаны еркек!
salamat
"Қазақ түйткілдері" күйіп тұрғанда сыртқа назар аударғым келмейді.
олардан үлгі алатын да дүниелер барын жоққа шығармаймын.
sammita
Өртсөндірушілердің өрт сөндірмейтін кездегі жұмыстарын"
ал суда құтқарушылар ше, каникул кезінде мұғалімдер ше, сенің ойыңа сүйенсек?

Өрт сөндірушілер күнде азанда сапқа тізіліп тексерістен өтеді, нұсқаулар алады, жаттығады, физикалық дайындыққа тапсырады, биіктікке өрмелейді общым тынымсыз жүгіріс.
Оның үстіне басқа жерді білмеймін, Астанада кезекшілікке түсетін құтқарушыларда кемінде 2-3 вызов болады. Мысалы 25 қабатқа (бізде одан биік үйлер де көп) көтеріліп өрт сөндіру де оңай емес қой.
Өртенген заттарды, адамдарды құтқару сыртқа шығару, кейде өртеніп кеткен адамдарды шығарады(((((
Gulistan
Бірде ТШОлық өрт сөндірушімен сапарлас болдық. Сондағы әңгімесі — «ТШО ашылғалы бері өрт болмады, жұмыс жоқ»
Gastarbaiter
Ондайлар жұмыс емес, айлық іздеушілер ғой. Әйтпесе, жұмыс қашанда бар.
VKM
Түсінбеймін:
-қыздардың кішкене сумкаларын көтерісіп жүретін жігіттерді
-сериалды жылдап көретіндерді
-үнемі ыза болып жүретін адамдарды
-тыныш отырған адамға тиісетіндерді
-боқтап сөйлейтіндерді
-өсек айтатындарды
-менттер андай-мұндай дейтіндерді))) жалғасы бар)))
Adiletshu
менттер андай-мұндай дейтіндерді
онсыз да сондай ғой
Aigolek
козим жеткен. тура сондай
VKM
Қазақстан полициясын жамандай беріңдер, менің папам прокуратураға ауысып кетті
aza
Прокуратура да келісіп тұрған жоқ! Челах құқық қорғаушылардың абыройын әлі күнге төгумен келеді… Әскери прокуратурамен қоса)))
VKM
Туй енді… мен жауап беруім керек пе соған?(
Marationok
Иә, иә, өте дұрыс, олар сондай ғой. Оларды жақтайтындар да сондай ма… деп қалдым.
bake
"-боқтап сөйлейтіндерді" түсінбеймінде және ұнатпаймын
Marationok
Бәке, кейде боқтаған адамдар ақкөңіл болады.
Ал сыпайы сөйлеп арқаңа пышақ салатындарды айта кетсиш…
Gastarbaiter
Боқтаған ақкөңіл адамдарды жұрт боқтағаны үшін емес, ақкөңілділігі үшін ұнатады.Артқа пышақ салатындарды да сыпайылығы үшін емес, жасырған пышағы үшін жарытпайд.
Түсініктер шатасып кетпесін дегенім ғой, пікірталасқым келмейд.
Marationok
Әрине, пыросто боқтайтындардың барлығы жаман адамдар емес дегім келді де
alisha
Боқтау мәнеріне қарап адамның ауылдық болмаса қалалық екенін ажыратуға болатын сияқты, өзгешелік бар… әлде мен көріпкелмін бе
Marationok
Боқтау мәнеріне қарап адамның ауылдық болмаса қалалық екенін ажыратуға болатын сияқты, өзгешелік бар
Мысалға? Нағыз белден төмен соққы екен…
alisha
Боқтыққа сұранып тұратындар да бар ғой, түзу сөзді босқа ысырап еткің келмейтін кездер болады-ау шамасы адамдарда… әсіресе, ер адамдарда…
bake
Қара сөзді аяп жауап берген боқтығыңа боқтық жалғасып кетеді, түзу сөзіңе тоқтай қоймаса жалғауың қажеті қанша? Боқтық алтернатива емес
Gastarbaiter
Түсінбеймін, және түсінуге тырысып бас қатырмаймын:
Үнемі әлемге, ата анасына, шыққан тегіне, ұлтына, қоғамға, претензия қойып, өзінің мисфорчендеріне кінәлілерді іздейтіндерді.
Қалғанының барлығын түсінем, не түсінуге тырысамын.