Драйвер іздеу

Компьютерге қосылған әр құрылғы драйвер көмегімен жұмыс жасайтын көрінеді. Мәселен, шина, юзби сияқты құрылғылардың драйвері Windows операциялық жүйесінде бірге жүруі мүмкін, бірәқ бізге көбіне дыбыс картасы, видеокарта, чипсет құрылғысының драйверін өзіміз орнатуға тура келеді. Драйвер болмаған жағдайда, дыбыс шықпай, монитордағы терезені жылжытқанда қалқып жылжуы, желелік сымды қосқанда желіге қосылмай қою сияқты проблемалар орын алатын көрінеді.
Драйвер іздеудің жолдары әрине көп те шығар, бірақ практикада кездескен бірнеше жолын осында қарастыра өтсек:
1. Аналық тақшаның (мат. плата) қорабында бірге келетін драйвер дискісі көмегімен орнатуға болады. Кей жағдайда, дыбыс картасы мен видеокарта аналық тақшаға орнатылған болып келеді. Тиісінше, олардың драйверін бір дисктен алып орната салуға болады. Бұндай орнатылып қойған құрылғылар әлсіз болып келетн көрінеді, мәселен видеокарта жады 16-128 мб шамасы болуы мүмкін. Тек, әр компьютердің өз дискісінің драйверлерін ғана орнату керек.
2. Құрылығынң ІД арқылы іздеп орнату. Ол үшін: «Мой компьютер» үстіне тышқанның оң жағын шертіп, «Управление» ашу керек, кейін «Диспетчер устройств». Тізімдегі кез-келген құрылғының үстіне тышқанның оң жағын басып, «Свойства» кейін «Сведение» деген жерінде құрылғы ІД жазылып тұрады.

Сол ақпаратты көшіріп (ctrl+c) алып, интернеттегі іздеу жүйесі арқылы драйверді алуға болады. Оның жеңілдетілген түрін ұсынатын жақсы ресурс та бар: www.drp.su
Драйверді пакетімен де жүктеп алуға болады. Бірнеше гигабайттық пакетті жүктеуге уақыт жетпесе, тек өз компыңызға сканер жасап, неттен тікелей драйвер жасайтын бағдарлама.
Сонымен қатар, driver.ru сайты да жақсы сайт, әсіресе принтер драйверлерінің көбін осы сайттан аламын, ондағы тиісті ОЖ қатысты драйверді алуға болатын мүмкіндігі ұнайды. Соңғысы, гугл бауырымызға құрылғы_моделі драйвер деп жаза салғанға не жетсін. :-)
Бөлісу:

2 пікір

Sabions
devid.info бар по ходу
sigma
Ол әдісті жиі қолданамын.