Высоцкийді сомдаған актер белгілі болды


Ресейдің танымал актері Сергей Безруков "Высоцкий. Спасибо, что живой" фильмінде басты рөлді сомдағанын мойындады. Бұл оқиға 16-сәуірде Бірінші арнада «Вечерний Ургант» бағдарламасының бірінші шығарылымында орын алды.

Хабардың жүргізушісі Иван Ургант актердан:
— «Высоцкий. Тірі болғаныңа рахмет» фильмінде Высоцкийдің рөлін ойнаған сен дейді. Сол рас па? — деп сұрады. Сонда С. Безруков «Ия» деп жауап берді.

Еске сала кетелік, Петр Бусловтың аттас фильмі 2011 жылы 1-желтоқсаннан бастап прокатқа шыққан еді. Кинотуындыда басты рөлді орындаған актердің есімі осы күнге дейін құпия болып келді.

Бағдарламадан үзінді:


Киностан
Бөлісу:

8 пікір

patick
Сомен солай — соқыр Николай
Kerekstavka
Бұл фильмнің өткендегі орыстардың «Оскарынан» жүлдесіз қалуы қандай рейтингке ие екенін көрсетті. Орыстар Высоцкийді наркоман ретінде қабылдай алмайтындықтарын ашық білдірді.
patick
Сен фестиваль-конкурстың нәтижесіне қарама. Аталған фильм — халықтың дауыс беруімен 2011 жылдың ең үздік фильмі атанды (әрине, Ресейде).
Kerekstavka
Далбаса, брателло. Фильмнің айналасында интрижка көп болды, ролді кім ойнады деген сұрақты мистифкациялап жіберді, сукалар. Әйтпесе үйде телевизордан көре беруге болады, режиссерлердің кеткен ақшасын қайтару үшін ғана кинотеатрларға шығарғаны болмаса. В общем, особо не вдохновил фильм. Оның нарик екені итак белгілі болатын.
patick
Бірақ, сукалардың жасаған маркетингтік тәсілі сәтті шыққанын мойындамасқа болмайды. Көпшілік «тірі Высоцкийді» көруге барды, ал ұнау-ұнамау жағы бөлек әңгіме. Ешқандай жүлде ала алмауы оның нашар болғанынан деп ойламаймын.
Kerekstavka
Меніңше чисто протест болды, кинорежиссерлерге. Типо, олардың пірін нарик ғылып көрсеткендері үшін. Хотя фиг его знает. Чисто біреудің мақсаттап жүрген фильмі болуы мүмкін, какй то там олигарфтың. Не для того, чтобы сорвать куш.
Abilakim
Сұраққа жауап беруші:«лібә, Ургант қыртпаш, сен де түсірілімде болдың ғой. Баланың сұрағын қоймаш» деп жауап бергісі кеп кеткен болар