Lightwave технологиясы тағамның дәмді болуын қамтамасыз етеді

Әрбір үй иесі тағамның дәмді, әрі денсаулыққа пайдалы болғандығын қалайды, сонымен қатар әзірлеген кезде уақыт пен электр қуатының үнемді жұмсалуын армандайды. Бүгінгі таңда LG Electronics компаниясы шығаратын инновациялық шағын толқынды пештердің арқасында арманыңызға қол жеткізу мүмкінділігі ашылды.

Көп уақыттан бері шағын толқынды пеш ас бөлмесінде таптырмайтын бөлшектердің бірі болып кетті. Ол біздің уақытымызды үнемдейді, сонымен қатар жақындарымыздың денсаулығын күтуге, ас бөлмеде аспаздық өнер шеберлігін іске асыруға көмектеседі. LG компаниясы жыл сайын жаңа моделдерді шығаруда, ал бұрын өндірілген моделдерді одан әрі жетілдіріп жатыр. Lightwave технологиясы тағамды жылыту технологиясының сапалылығын арттырып, тамаша жаңа тағамдарды әзірлеуге жол ашты. LG MJ3281BC шағын толқынды пеш тағамның тез әзірлеуіне мүмкіндік береді, сонымен қатар тағамды бірқалыпты жылытады. Ерекше технологиямен жабдықталған пеш тағамға көмірде қақталған сияқты хош иіс береді. Әсіресе тауықтың қытырлаған қабықшасын жақсы көретіндер үшін LG MJ3281BC жақсы таңдау болып табылады.

Active Convection мен Lightwave инновацияларының жақсы үйлесіп кетуінің арқасында шағын толқынды пеш периметріне жылу бірқалыпты тарайды, солайша тағамның одан әрі жақсы жылытуын қамтамасыз етеді. Сорпа, тоқаштар, құймақ немесе еттің сырты мен ішін де оңтайлы температурада жылытады.

толқынды пеш грильАctive Convection технологиясы бірінші рет наубайшылық өнерге (нан пісіру өнеріне) жол ашты. Пісіріп шығару процесінің керекті программалары алғашқы секундтан бастап іске қосылады, нәтижесінде қамыр бірқалыпты ыстық ауамен жан-жақты қыздырылады, қамыр көтеріліп, тәбетті ашарлықтай алтын бидай тустес болып пісіп шығады. Grill Temp Controller (Гриль уақытын бақылау) функциясы балық немесе етті әзірлеген сәтте жылудың бірқалыпты таралуын қамтамасыз етеді.

Шағын толқынды пештің ішкі беті екі материалдан тұрады: керамика мен тефлон, олар өте төзімді болып келеді, әрі барлық үй иелерінің көңілінен шығады. Енді күйіп, қатып қалған заттардан тазарту үшін тұрмысқа арналған әр түрлі химиялық заттарды қолданудың қажеті жоқ. Бетін жай ғана ылғал шүберекпен сүртіп шықсаңыз болғаны.

ДианаLG компаниясының Аспаздық Шебер Мектебінен сіздер жаңадан шыққан шағын толқынды пеш жайлы көбірек мағлұматпен таныса аласыздар, ең бастысы тегін. Жай ғана курстарға жазылсаңыз болғаны, ол жерде сізді инновациялық LG MJ3281BC толқынды шағын пешті қолданып отырып тағамды қалайша тез, әрі дәмді әзірлеу керек екендігін үйретеді. Мектептің мекен-жайы: Төле би көшесі, Розыбакиева қиылысы. LG фирмалық дүкені, екінші қабат. Курстарға 8 (727) 313 06 91 телефонына хабарласып жазыла аласыз.

Бағасы: 52 000 тенге.
Әрі қарай

Алматыда келіндер мектебі ашылды



Алматыда «Келіндер мектебі» не «Мінсіз Әйелдер Академиясы» ашылды.Бұл мектептiң түлектері Қазақстанның «Ең үздік Келин» байқауына қатысып,12 үздік-топтың қатарынан көрінулеріне болады.
Ұйымдастырушы және басты идеялық рухтандырушы Белла Сатмырзаның айтуы бойынша, ол бірнеше жыл Қазақстандағы үйлену мен айырылысу жөніндегі статистикалық мәліметтерді зерттеп,әр үшінші неке айырылысумен аяқталатынына көзі жеткен. Және қоғамда күйеуге тимеген қыздардың саны өсіп келе жатқаны белгiлi. Сондықтан бұл мектептің қоғамға берері мол.
Оқу курсында тамақ дайындау, дефиле, мейкап, отбасылық психологиядан сабақ беріледі." Бiз нағыз, осы заманға сай, оқыған, білікті маман,әдемі киініп, баптана білетін,ұлттық салт-дәстүрлерін сақтайтын, мәдениетті,өз отбасының бірлігін сақтай алатын,үй шаруасына пысық Келин дайындау",-дейді Белла Сатмырза.
Меніңше, жақсы бастама.Алматылықтардың баруына болады.

P.S.Менің де барғым келеді екен))))
Әрі қарай

Қуат Қайранбаев. Ақиқатты іздеу


Тәуелсіздік таңы атса да Тұранға,

Әлі бізді адымдатпас бұғау көп.

Мұсылманға хақтың жолы Құранда,

Кім айтады ақтың жолы мынау деп?!

Тіршілікте тойым бар ма адамға,

Көкейлерде сауалдар жүр мың күпті.

Әркім өзін жөн санаған заманда,

Кім айтады қиып түсер шындықты?!

Тура бидің тұрағы елден алыстап,

Ақиқат та айтылмайды дәл бүгін.

Аяз билер, Жиреншелер қалыс қап,

Айтқан сөзі дұрыс боп тұр әлдінің.

Адамдықтың әдірем қап шарты ізгі,

Көңілдерді күмән бұлты торлауда.

Арашалау былай тұрсын әлсізді,

Әділет те зәру бүгін қорғауға.

Арамдардың алшы түсіп асығы.

Кес-кестейді алды-артыңды күліп бір.

Артық шығып асылынан жасығы,

Заман бетін жылпостарға бұрып тұр.

Иыққа алу тиімсіз боп ар жүгін,

Есірікке кетті ақылдың есесі.

Жаратқанға жетпей үні жарлының,

Ернеуінен асты ептінің кесесі.

Жиі құлап адалдардың байрағы,

Жалғандық жүр орын алып төрлерден,

Ақылымның содан шығып ойраны,

Күпті болған көңіл шіркін шерменде!

АСТАНА

Алыстан шалған маңайды,

Арқаның төсі арайлы.

Астана сынды ай-қала,

Асқақтап маған қарайды.

Айтатын сөзім кесімді,

Асуға бұрдым көшімді.

Астана асқақ қарайды,

Аймалап ерке Есілді.

Айта алман бүгін «күйім кем»,

Алты әлем саған сүйінген.

Астана — әсем арудай,

Айтулы тойға киінген.

Ажары әрлі ғажап тым,

Ауасын төкті азат күн.

Арқалап өзі тұрғандай,

Арманын барша қазақтың.

Алашқа болып дара шың,

Арқадан таптың жарасым.

Азғана паңдық бар сенде,

Арудай білген бағасын.

Аңсаттың елдің талайын,

Алқаны жырдан тағайын.

Астана асқақ тұр ғой деп,

Аспандап кетпе, ағайын!

АЛМАТЫ

Жаңа түлек,

жалын жүрек,

жас шағым,

Кеудемізде күмбірлейді асқақ үн.

Есімде әлі, арқалап сан үмітті,

Алматыға алғаш қадам басқаным.

Айта алмаймын,

маған құшақ жайды ма?

Қадам бастым айбарынан қаймыға.

Қабылдады қырдың қара баласын,

Оған күн мен сан сырласқан ай куә.

Биіктетіп мұратымның шоқтығын,

Қызық-думан қалқасында кетті мұң.

Жалындаған жастықпенен жарасты,

Өтті жылдар,

өтті айлар,

өтті күн.

Жүрдек уақыт қамшы басып сауырға,

Бірде аптапқа салды, бірде дауылға.

ҚазМУ атты қасиетті шаңырақ,

Білім беріп, аттандырған ауылға.

Үміт артып алдағы атар ақ таңға,

Сен баптаған балаң талай шапты алға.

Қайта оралдым жылдар салып араға,

Қатаң тірлік қабырғама батқанда.

Заман туып қазағымның бағына,

Тәубе дедік тәуелсіздік таңына.

Алашыңнын бар арманын арқалап,

Өгейсітпей өбектедің тағы да.

Таусылған ба тіршіліктің таласы,

Көш түзеліп, жазылды елдің жарасы.

Аттың басын қайта бұрдым ауылға,

Шақырған соң Талдықорған қаласы.

Сан тағдырды тоғыстырған жер үсті,

Теріп жейді бұйырған бір жемісті.

Талдықорған…

сонда өтті алаңсыз,

Кемел шақтың көп күндері келісті.

Дей алмаспын алынбайтын шеп құрдым,

Байламы жоқ бақ талайы текті ұлдың.

Алты Алашқа айбар болған Алматы,

Қайта айналып тағы алдыңа кеп тұрмын.

Ару қала — арманымның өзегі,

Ет жүрегім елдің мұңын сезеді.

Үшінші рет алдыңа кеп жүгіндім,

Үш мәрте ғой ер жігіттің кезегі.

Қоныстанып қос шаһарға кезекпен,

Байқамаппын жылдарымды тез өткен.

Жүгі ауырлап жеткіншегің жеткенде,

Жатқа балап, итермессің өзектен.

Болжап қайтем,

тағдыр неге кез қылар?

Орта тапсам ойымды оқып, сөзді ұғар.

Арман қала, ақын келді алдыңа,

Елде туып, астанада көз жұмар!

ТАЛДЫҚОРҒАН

Тастағам жоқ Талдықорған мен сені,

Сағынышым көтертпейді еңсені.

Өзің едің тазалықтың теңеуі,

Өзің едің әсемдіктің өлшемі.

Тастағам жоқ,

жолаушылап кетті де,

Салған да жоқ түйткіл өмір тепкіге.

Қоныс болдың жақсы менен жайсаңға,

Мекен болдың адалдар мен тектіге.

Талдықорған,

тал бесігім, киелім,

Жүрегімнің қоңыр сазды күйі едің.

Арудайын күн нұрына малынған.

Жамалыңды жанымменен сүйемін.

Көк аспанды торлағанда бұлты кеп,

Тұратындай таңғажайып жыр тілеп.

Екі ерке өзен — Көксу менен Қаратал,

Қос бүйірден ағып жатыр күркіреп.

Алатаудан атқан кезде таң сағым,

Көңілімнен қашушы еді қанша мұң.

Сұлуларды көрік берген көшеге,

Серік болған жігіттерді аңсадым.

Жақсылыққа жүрген болса шөлдеп кім,

Жатсынбай-ақ жидың жұртын жер-көктің.

Жұматайды, Әбен менен Ордашты,

Бесігінде өлең-жырдың тербеттің.

Талдықорған,

мен болайын жолыңда ән,

Перзентіңмін бақытым көп сорымнан.

Қимайтындай құрбы-құрдас көп сенде,

Аға таптым, ініні ерттім соңымнан.

Аралап бір жүргендейін гүл ішін,

Арықтарда сыңғырлайды күміс үн.

Шаған таудан көрінгенде көк сағым,

Таңғы ауадай ашылады тынысым.

Естіге де құшақ жайған, ептіге,

Ақын саған сағынышын төкті ме?

Талдықорған,

тағдырымның таңдауы,

Тастағам жоқ,

жолаушылап кетті де!

САБАҢА ТҮС, ЖҮРЕГІМ

Сабыр, сабыр, жүрегім,

Сабаңа түс, салқында,

Сен жарылсаң қайтемін,

Борышым көп артымда.

Адалы бар өмірдің арамы да жетерлік,

Жасың құмар қызықтан тартынбайды қартың да.

Өрекпіген, өртенген,

өзің ғана деймісің?

Құлан жортқан даладай құлазиды кейде ішім.

Құлағымды басып-ап құла түзге кетсем бе,

Түйткіліне тірліктің мына көңіл тойды шын.

Саябырлат дүрсілді,

сабыр, сабыр, жүрегім,

Салмақ салдым көтермес, сызат салдым,

білемін.

Сенің адалдығыңды, арманыңды кім ұқсын,

Ескерер ме естілер елжіреген тілегін?!

Суық сөзі семсер боп қадалды ма ағаның?

Құлады ма ол жайлы өзің соққан қамалың?

Іздеп едім өмірден ізгілікті жалықпай,

Тілім-тілім болғанша тасқа тиіп табаным.

Қадіріңе жетпеген,

жастығына күбінер,

Қиналдың ба көңілді қалдырды деп інілер.

Сабыр, сабыр, жүрегім,

болмашыға босама,

Алдыңда әлі күндерің тіршіліктен түңілер.

Сезім қайтып көрді ме сылқым сұлу қыздардан,

Кетті ме әлде алшақтап қызғалдақ қыр біз барған.

Сұлулықтың сұп-суық сескендің бе сұрқынан,

Қамықтың ба әсемдік әкелетін ызғардан ?!

Сабыр, сабыр, жүрегім,

соға берме шапқын ғып,

Сері болып бір кездер сәйгүліктен ат міндік.

Ескермедің сол кезде бар екенін тірлікте,

Адалдардың сазайын тартқызатын сатқындық.

Біреулерге шыңырау,

біреулерге шыңдайсың,

Ардақтаған өзіңді аяулыға күн де, айсың.

Сабаңа түс жүрегім,

Санаға сал бар істі,

Көреріңді тауыспай бәрібір де тынбайсың!

СЫРЫМҒА СЫР

Ұлым,

әсте асқақ болар арлы адам,

Сен от басып қалмасын деп қарманам.

Көрдім талай жақсы менен жаманды,

Айтарым бар, құлағыңды сал маған.

Ұлым,

өмір тұра бермес күлімдеп,

Арқаларсың тағдырыңнын жүгін көп.

Елді ойлаған Даттың ұлы сияқты,

Болсын дедім ат қойғанда Сырым деп.

Ұлым,

сүрдім бұл өмірді бұрын кеп,

Тағдыр тезі маңдайымнан білінбек.

Сырым менен жырымды ұқсын деуменен,

Қойған едім есіміңді Сырым деп.

Сырым дедім,

ұлым дедім шаттана,

Алмасады бұл өмірде бақ, нала.

Сен ез болсаң тірі өлгені әкеңнін,

Шаттығымды ойсыздықпен таптама.

Армандай біл,

арман сенің қанатың,

Қиял құсың шарықтасын бала күн.

Жүрегіңнін түкпірінен нұр шашып,

Арман — отың мәңгілікке жанатын.

Ұлым,

байлық мұрат емес адамға,

Ізгіліктің ізі жатсын санаңда.

Арзан күлкі азаматты отқа айдар,

Әрқашанда жұрттың жайын бағамда.

Текті атаның ұлысың сен киелі,

Ақылменен аңдап сөйле жүйелі.

Менің даңқым саған құрмет болмайды,

Еңбек етсең бақ та басын иеді.

Мұхитқа сап мұратыңнын кемесін,

Зұлымдықпен болсын әркез егесің.

Өтінемін,

сөз келтірме атыңа,

Түңілген жұрт «тексіз екен» демесін.

Дана жүрген,

сана білген тарт ізге,

Ашуға ерме, безбен болсын ар-сүзбе.

Мықтылардан ығып име басыңды,

Мықты екем деп күш көрсетпе әлсізге.

Әр ісіңді туған елге тиімді ет,

Дос іздегін,

дос көп болса үйің көп.

Алшақтама ақиқаттың аулынан,

Тайсақтама ақтың жолы қиын деп.

Білім ізде,

үйрен және өнерді,

Өрелі адам өнерменен көгерді.

Ақылға сал, алғы күнге көз жібер,

Өресізге мына жалған не берді?!

Сырым едің жүрек жырын қозғаған,

Бақыт іздеп дүние кезген аз ба адам.

Ұлым,

сенсің үмітімнің өлшемі,

Өшірмегін сол үмітті маздаған.

Ойсыз жанға ұсынады төрін кім?

Арманым сол, биіктерден көрінгін.

Екі бірдей дүниеде ризамын,

Менің емес, ұлы атансаң еліңнін!!!
Әрі қарай

Сырты бүтін, іші түтін...

Автобустың төрінен бір орын табыла ма деген есек дәмемен артына қарай жылжыдым. Алдымда қасы көзі қою қара, жылтыр шашы жабысқан жігіт отыр. Орын бермегеніне алғашында өкпелесем де, артынан қуандым.
Құлағын құлаққаппен мықтап бекітіп алған жігіттің ұялы телефонына әлдебіреу қоңырау шалды. Жөнсіз уақыттағы қоңырауға кейіген кейіпкерім телефонын әзер дегенде көтерді. Жауап беріп болғаны сол, жанындағы жолсерігі жол қысқартуға әңгімесін бастап кетті. Әппақ шашын, әспеттеп әшекейлеген әжетай ақ періште емес екен…
Сөмкесінен суырып, әлденені берді де, сыбдырлай, әңгімесін айта жөнелді. Телефонның құлағында қоқаңдаған жігіттің үні өшіп, назары түгелдей бейтаныс апаға бұрылды.
Мен сығырайып қарасам жігітке «Жизнь — после смерти» деген брошюр мен тілдей қағаз берді. Содан апам, аялдамасы жақындап қалғанын айтып, сылқым қыздай сектасының мекен-жайын айтып, телефоны брошюрде сақтаулы екендігін мәлім етті. Шайтанның арбауынан кем түспейтін арбаумен жігіттің келуін қатты өтінді.
Жексенбі күні темір жол вокзалының о жақ, бұ жағын айтты.(мен бұл кезде терезеге қараймын деп, естіп қалдым). Естіген құлақта жазық жоқ!
Апамыз шыққан соң, маған да орын бұйырды. Қасымдағы жігіт терезеге таңылды да қалды. Апамыз әбден «ой салса» керек.
Бірақ жігітке сол жерге бармауын айта алмадым. Өз таңдауы білсін. Егер қазақ бауырым болса, айтар едім.
Айтайын дегенім, осындай бөтен ағымдағы адамдардың қоғамдық орында неге ашықтан ашық ақпар беретіні… Сол жігіттің орнында жасы кәмелетке толмаған, оң солын ажыратпаған азамат(ша)лар болса, үп-үлкен кісі дін туралы айтса тапжылмай тыңдап, сол жолды таңдап кетсе, тағдыры не болмақ? Білімі бетегеден төмен адам да, бұндай атжалманның тырнағына ілініп кетпей ме?
Сіздерден сұрарым, бөтен пиғылдағы адамдарға ұшырасаңыз, тиісті орынға айтып, қолыңыздағы парақты шара қолданатын орындарға жеткізіп, қаламыздағы жас жеткіншектердің санасын уламауға үлес қосайық! Қисық жолға қақпа болсақ – болашағымыз жарқын болмақ!
Әрі қарай

Өмірімнің ұмытылмас шағы...

Осы өмірде кез келген адамның өзіне ыстық, жақын жері, мекені (ғимарат, мекеме немесе т.с.с) баршылық. Соған сәйкес, көптеген естеліктер ойына түсіп, жүрегі мен жанның бір толғандырып жібереді. Сол жерге адамның сүйіспеншілігі белгілі бір өзінің өмірінің бөлігін өткізуімен сәйкестендіруге болады. Оның жанынан өткен кезде ғажайып бір толқынға түседі. Ол жерде көп уақыт болмаған жағдайда, сағынышқа түсіп, ой-толғауға батады. Кішігірім өзгеріс орын алғынмен, бірден тауып, әрбір ұсақ-ірі жайттар мәңгі есінде қалады. Бұл керемет бір сезім.
Әрі қарай

Өлімге билет не, замаң талабы?!


Жалпы әлемде әуе көліктерін ойлап табуы, үлкен ғылыми прогресстің нәтижесі деп сөзсіз есептеуге болады. Адамның бір жерден екінші жерге тез мезетте жетуі өте ыңғайлы. Егер шұғыл шаруалар бола қойған жағдайда немесе алыс қашықтықты, уақытты үнемдеу үшін адам баласы осы көлік түріне жүгінеді екен. Оның әлемдегі түрлерінің сан алуандығы басты айналдыратыны түсінкті. Тік ұшақ та, ұшақтың көптеген басқа да түрлері баршылық… Адам баласы оны ойлап тауып қана қоймай, қауіпсіздігі жайлы да біраз ойланып жылдан-жылға жетілдіру әрекеттерін ендіруде. Дегенмен апта, ай сайын, кейде үлкен өкінішке орай күн сайын әлемнің түкпір-түкпірінен әуе көліктің апатқа ұшырауы туралы қайғылы хабарлар келуде. Біздің еліміз бұл қайғылы оқиғалардан шетте қалған жоқ.

Енді құрметті оқырмандар сіздердің назарларыңызға қазақстандық әуе көліктермен, не Қазақстан жерінде болған апаттарға қысқаша шолу өткізсем.
Әрі қарай

Жаңа ғасырдағы жаңа мамандықтарға сұраныс

ХХI — ғасыр адам өмірінің әртүрлі саласына жаңалықтар енгізіп қанай қоймай, жаңа мамандықтарды да ала келді. Адам баласы ХХ-ғасырда қажетсінбеген, тіпті естіп-білмеген түрлі мамандықтар пайда болуда.

Ол негізінен, ақпараттық технологиялардың ұшқыр дамуына, қызмет көрсету және саладағы еңбекті жіктеу ережесінің түрленуіне байланысты. Төменде келтірілген мамандық атаулары бірнеше жыл бұрын қолданыста болмаған, олардын атын естігенде қазіргі күннің өзінде «Сонда, ол маман немен шұғылданады?» деген сауал туындайды. Бірақ даму жолына түскен компаниялар бүгінде осындай мамандар үшін өз мекемесінде «орын әзірлеп» жүр. Сонымен, жаңа ғасырдың жаңа мамандықтарына тоқталайық:
Әрі қарай

Көметесіп жіберіңіздерші

Саламалейкум құрметті керекшіл қауым!!! Сіздерден өтініш Менің тәтемнің жеке тігін шеберханасы бар еді сол кісіге біреулер сайт ашыңыз деп ақыл беріпті ендігі мәселе сол сайт ашу болып тұрғаны. қалай ашуға болады??? Жөн жобасын үйретіп жіберетін адам болса ары қарай өзім алып кетер едідын (ақымақ емеспінғой). Алдан ала рахмет!!!
Әрі қарай

Караоке – қара, оқы емес пе?

Бiз отбасымызбен ән салғанды ұнатамыз. Осындайда кез келген әннiң әуенi мен сөзi бiр жерден табыла қоятын караокенiң болғаны қандай жақсы! Сол караокемен қанша рет ән салып жүрсек те, оның мән-мағынасына үңiлмеппiз. Караоке деген қазақтың «қара, оқы» деген сөзiне ұқсайды екен. Шынында, осы сөздiң түбiрi қайдан шыққан?

Айғаным САБЫР

Караокенiң отаны – Жапония. Ал атаудың мағынасына келсек, жапон тiлiнде «кара» – бос, «оке» оркестр дегендi бiлдiредi. ХХ ғасырдың екiншi жартысында Дайсукэ Иноун осы бiр құрылғыны ойлап тапқанда, әншiнiң бiр уақыт тынығып, ал жиналған жұрттың өздерiне таратылып берiлген парақшалардағы әндi айта тұруын көздесе керек.

Ал қазiргiдей экранда әннiң мәтiнi жазылып, көрермендердiң соған қарап әндi шырқауы 50-жылдардың соңынан бастап үрдiске айнала бастапты.

www.alashainasy.kz/
Әрі қарай