Кімге барып, кімге айтып өтінем?! немесе Ақшатау кентінің жай-күйі.

Қазіргі таңда шағын кенттердің шағымы өте көп. Солардың бірі –Ақшатау кенті. Әлем бойынша вольфрам қорынан Қазақстан бірінші орында тұр. Балқуы қиын және отқа төзімді металдарға дамыған мемлекеттерден сұраныс та күн сайын артып отыр. Алайда, еліміздегі алтыннан қымбат осы металдарды игеруге мүмкіндік жоқ. Кеңес дәуірінде ашылған кеніштерден шыққан өндірістік қалдықтар да қазір экологиялық жағынан қауіп төндіруде. Бір ғана Қарағанды облысындағы Ақшатау кентіндегі кен -байыту фабрикасынан тараған радиация қатерлі ісік ауруының таралуына жол ашып отыр. Ақшатау кен-байыту комбинаты өткен ғасырдың 90-жылдары жабылған. Осы комбинаттың жер бетінде қалған өндіріс қалдықтарынан сол өңірге радиация таратуда. «Радиациялық фон 16 рентгеннен аспауы қажет, ал бұл аймақта 45 рентгеннен жоғары»,– дейді мамандар.
Ақшатау кентінің әкімі Шәріпов Талғат мырзаның айтуынша: «Бұрыннан қалған шахтылардың беті ашық. Солардан радиация тарап жатыр. Астарында су толып тұр. Осы комбинаттан кеңес дәуірінің кезінде вольфрам мен молибденнің шикізаты алынатын. Ал, балқуы қиын отқа төзімді металдар Кеңес дәуірінде Өзбекстандағы Шыршық комбинатында өндірілген. Бүгінгі күні ТМД елдерінде сирек кездесетін металдарды өндіретін фабрика жоқ. Сондықтан, Қазақстандағы вольфрам мен молибденге әлемнің дамыған елдерінің көзі түсіп отыр. «Ақшатауда өндірістік қалдық деп есептелетін 25 млрд. доллардың кен қоры жатыр», – дейді мамандар. Соны қайта өңдеп шығаруға Үкіметте қауқар жоқ. Экологиялық проблемадан экономикалық табыс табуға болады. Экологиясын түзеп берсе, халыққа тиетін бірінші пайдасы сол. Екіншіден, жаңадан жұмыс орындары ашылады. Молибденнің қаттылығы болаттан бірнеше есеге асып түседі. Ал оны өндіретін жаңа комбинатты салуға 2 млрд. АҚШ доллары көлемінде инвестиция керек екен. Украина мен Ресей бұл жобаға қаржы салуға дайын. Өйткені, молибден шыққан жерден осмий металы шығатынын ғалымдар жақсы біледі. Ғарыш саласына пайдаланатын осмийдың бір грамы 300 мың долларға бағаланады. Осы жер асты байлығын игеру Қазақстанның басым бағытының біріне айналып отыр. Ақшатау Ұлы Отан соғысы кезінде елімізге 75-80 пайыз вольфрам мен молибден берді. Қазіргі кезде жоба Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлының бастауымен 2020 жылға дейінгі индустриалдық-инновациялық даму бағдарламасына кіріп отыр. Бағдарлама бойынша қатты металдар мен түсті металдар әлем бойынша алдыңғы қатарға шығады. Қазақстанның жер асты байлығын айтпағанда, өндірістік қалдықтардан мол пайда табуға жол ашылады. Тек мемлекет аралық келісімдерге қол жеткізуге Үкіметтен қолдау көрсетілсе болғаны.
Даңқы алты алашқа шыққан кенттің жай-күйі 90-жылдары құлдырап, байыту комбинаты жабылған соң, жаппай жұмыссыздық белең алған. Кенттегі көп қабатты үйлер бұзылып, үйінділері әлі күнге тазаланбай жатқан жайы бар. Қираған үйдің үйіндісін көргенде «мына жерде не болған» деп шошып қаласың. Кент тұрғындары жан бағып, күн көру үшін айлап, күндеп жалдамалы жұмыстар істейді. Әрине оның бәрі өз қамы үшін. Сол кезеңдегі Ақшатау мен қазіргі таңдағы Ақшатауды салыстырсаң ішің ашиды. Ақшатаудағы басты мәселе де коммуналдық шаруашылықтың тұралауынан туындаған. Бірер жыл бойы ауыз су мәселесі де дұрыс шешілмей, соңы үлкен дау-дамайға ұласқан болатын. Әлі күнге дейін ол мәселе шешімін тапқан жоқ. Ауыз су проблемасы жыл сайынғы «жыр-дастан». Бір кездері 8,5 мың халқы болған бұл елді мекенде қазір 1200 тұрғын бар. Тоқсаныншы жылдың ортасына дейін өнім беріп келген кенттегі «Қазвольфром» комбинаты қалай тоқтады, содан бері ушығып тұрған ауыз судың зары тұрғындардың ашу-ызасын туғызса, жергілікті атқарушы билік орындарының шарадай басын шақшадай етті. Бұл аймаққа кезінде комбинаттың арқасында 35 шақырым жерден құбыр арқылы су беріліп келген. Қазір ондай мүмкіндік жоқ. Тұрғындар соңғы үмітін Елбасының жаңа Жолдауына артып отыр. Онда барлық қазақстандықтарды сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету мәселесі нақты айтылған. Халық таңғы сағат 8-ден бастап 11-ге дейін 7 шақырым жерден ауыз су таситын арнайы техниканы сарыла күтеді. Күніне қырық құбылатын қыстың аязы мен боранының кесірінен ат шаптырым жерге барып келудің өзі қиямет қой. Жақын маңда бұлақтың көзі жоқ. Бұлақ қайдан келсін? Кезінде «Қазвольфром» комбинаты жұмыс жасаған Ақшатаудың асты аңырап жатқан шахта болса. Ауыл тұрғындары 7 шақырым жерден таситын судың барынан жоғы, ашынан тоғы деп отыр. Су жетсе, шу болмас еді ғой. 2005 жылы аудан әкімдігі жергілікті қазынадан 25 миллион теңге бөліп, алақандай ауылдың ішіне жаз бойы 23 шүмек орнатқан. Ол шүмектер бар-жоғы үш-ақ ай істеп, айдың-күннің аманында саудасы біткен. Күніне үлкен водовозбен Жылыкөң деген жерден су тасымалдап отыр. «Судың да сұрауы бар» демекші, сусыз қалатын күніміз де болған деп ауыл тұрғандары «аһ» ұрады. Тасымалдап әкелетін суды тегін емес сатып алады тұрғындарымыз. «Былай тартсам өгіз өледі, былай тартсам арба сынады» дейді ғой дана халқым.
Көне көз қарияларымыздан сыр суыртпақтап Ақшатау бұрын да осылай ма дегенімізде олар: «Е, ондағы кезіміз айт пен той еді ғой. Кішігірім фабрикамыз, жайнап тұрған дүкендеріміз, мектептеріміз, көп қабатты үйлер, көше бойында орнатылған су құбырлары қандай еді. Қазіргі жағдайға қарап қарнымыз ашады» деп күрсінгендерін көзіміз көрді. Айтып айтпай не керек, қазірде ауылымыздағы осы ғимараттардың жартысы ғана қалған. Үш мектептің біреуі ғана жұмыс істейді, сауда орнының тек қаңқасы ғана қалған, ал, үйлерді айтпай-ақ қоюға болады, тек мына жерде үйлер болған дегендей әр жерде көп қабатты үйлердің үйіндісі ғана қалған. Бәрін айт та бірін айт, ең бастысы ауылымызда Алланың үйі — мешіт бар. Кейбір ауылдарға қарағанда айырмашылығымыз сол. Ол мешіттің өзі жөндеусіз, ішіндегі Алланың сөзі, қасиетті Құран кәрімнен алып, қабырғаға жазылған сөздер, аяттар түсіп жатыр, яғни құлап жатыр. Мешіт жабық тұрады, себебі ішінде жарық жоқ. Не себептен екенін кім білсін, электр тоғынан ажыратылғалы біршама уақыттың жүзі болды. Тазалық жұмысы да сын көтермейді.
Ауылдың қазіргі жағдайы осындай аянышты халде тұр. Ауыл тұрғындарының жан айқайын тыңдап, халықтың хал-ахуалын түсінсе екен дейміз ел тізгінін ұстаған ағалар. Қазір Ақшатау халқының басты күнкөрісі Астана-Алматы бағытындағы тас жол бойындағы дәмхана-сервистік бизнес болып отыр. Жол бойынан дәмханаларын ашып, тұрмыс жағдайларын ойлап, күн көріп отыр. Кешегі күні гүлденген кент тұрғындарының жағдайы мәз емес. «Ақшатау жылда ашылады» деген құр жел сөзден шаршаған ауыл тұрғындары үкілеген үміттерін үзбейді. Кезінде дүркіреген ауылдың ертеңі бола ма? деген сансыз сұрақ көкейде сайрап тұр. Ауызбен орақ орғанша бір жағынан бас, бір жеңнен қол шығарып бірдеңе тындырса екен дейміз. Басшылар белдерін бекем буып кіріссе, нәтиже болар деген үмітпен…
Бұл мақала облыстық «Орталық Қазақстан», республикалық «Халық сөзі», «Ел» газеттерінде жарық көрді.
Әрі қарай

Бұрынғы полицейлер бала ұрлады

13 наурыз Петропавлда адам ұрлады деген хабар тарап елді дүрліктіргенін білеміз. Мұндайда жалғыз өзі барып жаудың ойран-топанын шығаратын «крепкии орешок» Брюс Уиллис табылмас. Дегенмен СҚО ІІД мен Петропавл қалалық ішкі істер басқармасының жеке құрамы жұмылдырылып, үш күн, үш түн тынымсыз еңбек етіп Сергей Семенченяны дін аман ата-анасының қолына жеткізді.


Әрі қарай

LG Electronics компаниясы ULTRA HD 84-дюймді 3D теледидарын ұсынады

Тұтынушылар электроникасы жәрмеңкесінде ең алғаш рет ұсынылған IFA,, 84-дюймді ULTRA HD ең жоғары мүмкіндігімен жабдықталған LG LM960V 3D-теледидары нағыз технологиялық, әрі эстетикалық серпіліс көрсетті. Әлемдегі ең үлкен 214 см диагональді экран барлығын таң қалдырды. жана теледидар

Енді LG 84LM960V ULTRA HD жаңадан шыққан инновациялық 3D-теледидары арқылы үйден шықпай-ақ нағыз кинотеатрда отырғандай әсерді алуыңызға болады. Компания батыл, әрі жаңашыл ойды жүзеге асырды.

Әлемдегі ең алғашқы, әрі ең үлкен LG 84LM960V теледидары сурет кадрларын ауыстыру кезінде кескіндердің анық көрсетілуімен ерекшеленеді. Оған көзіңізді жеткізу үшін әр түрлі кескіндерді (мысалы: суреттерді) үздіксіз ауыстыру режимін қосыңыз. LG Triple XD Engine технологиясы кадрлардың бір қалыпты ауысып отыруын қамтамасыз етеді. Сонымен қатар “бір қалыптылығын” жоғары сапалы 8 млн.пикселді (3840x2160) теледидар экранынан тамашалауға болады, ал ол Full HD теледидар панелінің сапалылығын 4 есеге арттырады.

LG Triple XD Engine технологиясы суретті анық бейнелеу замани жүйесінің ажыратылмайтын бөлігі болып табылады. Бұл технологияның ең басты міндеті кадрлардың бір қалыпты ауысып отыруын қамтымысыз ете отырып, көрермендердің кинодағы динамикалық көрініс немесе видео-ойындарды тамашалаған сәттегі әр көріністен ләззат алуын қамтамасыз ету. Сонымен қатар әлемге әйгілі LG CINEMA 3D технологиясымен жабдықталған. Ол 3D бейнелеу әсерін одан әрі күшейте түсіп, көрермендердің 3D атмосферасына енуіне мүмкіндік береді. Сонымен қатар 3D Depth Control функциясы арқылы 3D кескінін басқара аламыз. Кескінді 2D-дан 3D-ға алмастыратын кіріктірме маханизмі кез-келген видео немесе фильмге көлем береді, ал Dual Play функциясы ойынды бір теледидарда екі адамның ойнауына мүмкіндік береді, қарсыластар бір экраннан бір мезетте әр түрлі кескіндерді көру мүмкіндігіне ие болды. теле

Реалистік 3D кескіндерін тамашалаған сәтте көрермендер қияли әлемге түсіп, замани кино атмосферасын сезіне алады. 3D нысаны көрермендерден қандай қашықта болса, дыбыс шығару әсері де соған байланысты әр түрлі болады, яғни дыбыстың жоғарлауы немесе төмендеуі. Ондай әсер LG 3D Sound Zooming технология арқасында іске асады. Қысқаша айтсақ, бұл көрерменге айналасында болып жатқан дыбысты анық, әрі сапалы етіп жеткізетін, 3D әсерін күшейтетін замани жаңа технология болып табылады. Оның сапасы да 2.2 инновациялық акустикалық жүйемен жабдықталған, екі 10-Вт динамика және екі 15-Вт сабвуфер. Жаңа, әрі ең үлкен LG теледидары көрермендерге кино атмосферасын толығымен жеткізу ушін дыбыс жүйесі қажет.

Ең үлкен көлемді экран мен жанды дауыс Smart TV теледидарларының қазіргі заманға лайықты философиясы болып табылады. Қолайлы қосымшалар, сервис және интернет көмегімен LG LM960V 84 диагоналді теледидар нағыз интерактивті құралға айналады, оны толығымен өз қалауыңызға қарай лайықтай аласыз. 500 ден астам қосымшалар мен икемдегіштерге қоса көрермен өзінің талғамына қарай 3D World немесе Megogo қосымшалары көмегімен кез келген видео немесе кинофильмді онлайн тамашалай алады.

LG компаниясы ұсынған жаңашыл теледидарының ең маңызды элементтерінің бірі- SmartShareTM Plus функциясы болып табылады. Ол ноутбук, самртфон, планшет және т.б сияқты портативті құралдардағы әр-түрлі мультимедияларды үлкен экранда трансляциялауға мүмкіндік береді. Resolution Upscaler Plus қосымша функциясы қатты диск пен веб сайттардан кескінді адаптациялап, пайдаланушы құрған контентті де оңтайландырады.

LG Magic Remote жетілдірілген дистанционды пульт бақылауы көмегімен тұтынушылар басқару панелін оңай шығарып навигацияны іске асыра алады. Басқаруды дауыс командасын беру немесе мәтінді теру арқылы іске асыруға болады. Бұл функция өте тиімді болып шықты, әсіресе толық фразалармен берген жағдайда, мысалы Twitter немесе веб сайтты еңгізген жағдайда.

LG ULTRA HD Smart TV ең үлкен теледидары енді Қазақстанның барлық электрондық магазиндерінде «Sulpak», «Технодом», «Планета электроники», «Мечта», «Эврика» ұсынылатын жекеленген бағасы: 2 999 990 тенге.

Теледидардың фантастикалық жаңа функцияларымен енді компаниянын ресми сайтына LG Electronics Almaty Kazakhstan Youtube: www.youtube.com/watch?v=mKbCPDAHnEA кіріп виртуалды таныса аласыз.
Әрі қарай

Хэтроу

Бұдан бұрын сіздермен өмірімдегі өзгерістермен бөлісіп едім. Жаңа жер жайлы фотосет жасау ойымда болған, бірақ кешігіңкіреп жариялап жатырмын. «Ештен кеш жақсы» дегендей, қабыл алыңыздар.
Осында соңғы рет 2007 жылы болған едім. Қала өте өзгерген. Ең ұнағаны ағаш егілгені көшелерге. Кеткен әкім Бергей Рысқалиевті қанша даттап жатса да, әйтеуір қала үшін бір игі іс жасапты ол. Жолдар дұрысталған, жаяужолдарға тас салынған. Байқасаңыздар, жолдың бойында сарғыш қоқыс жәшіктері тізіліп тұр. Жаңа әкім Бақтықожа Ізмұхамбетов салқын түскенде жол жиектерін (бордюр) ауыстыруға кіріскен, негізі ескі емес еді олар. Жиектерді ауыстырған соң, маңайындағы тастарды да ауыстыруға тура келеді.
Жаңа үйлер көп, бүкіл жерде салынып жатыр әйтеуір. Бірақ бағасы енді қып-қызыл.
Көлік көөөөөөөп, күнде жол-көлік оқиғасы болып жатады. Бағдаршам аз, барлығы әйтеуір асығып бара жатады, очм экстрим.
Супермаркет, дүкен көп. Ақша бар жерге саудагерлер де үйіледі ғой.
Қазір қала түрлі-түсті шамдармен жанып тұр. Әр мекеменің алдында бір шырша. Бірақ қар жооооооооқ. Кейін уақыт болса, қысқы қала фотосетін жасап, жариялармын.
Әрі қарай

ТҮЛКІНІҢ ҚАЙРАУЫ

Бір қасқыр жортып келе жатса, алдынан бір елік шығып, қасқыр соны қуып келе жатқанда бір орға кез келіп, елік аттап өтіп кетіпті. Қасқыр орғи алмай қалыпты. Сөйтіп тұрғанда қасқырдың досы қу түлкі жолығып, «не қылып тұрсың?» — депті. Қасқыр: «Бір елік қуып осы орға келгенімде ол қарғып, мен өте алмай тұрып қалып тұрмын», — дейді. Сонда түлкі: — Өзіңіз арыстандай басыңызбен бұты сидиған елік құрлы аттай алмағаныңыз лайық па? — десе, қасқыр қорланып, ыза болып аттаймын деп белі мертігіп өліп, түлкі досына азық болыпты.
Әрі қарай

БАҚ өкілдеріне қаншалықты сенесіз?

Теледидардан жаңалықтарды естіп отырсаң, кейде төбе шашыңды тік тұрғызатын хабарлар болып жатады. кейде оның соңы сол шындықпен не шатасумен аяқталып, кейде ондай хабарлардың басқа бағытқа бұрмаланғандығы туралы айтылып жатады, әсіресе 2012 жылдың ең шулы болған хабарлы «Арқанкерген» шекара бекетінде болған оқиға, әлі күнге халықтың күйі екіұқдай… одан кейінгі де болып жатқан хабарларды сол БАҚ өкілдері жеткізіп отырғандықтан сіздер қалай ойлайсыздар.
Әрі қарай

Менің сынақтарым. Қорытынды

Төртінші курсымда пара беруден мәстір болып алғаным соншалық, старостаны ортаға салмай, қымсынбай өзім бара беретіндей жағдайға жеттім. Сессияға тіпті барғам жоқ. Зачетка толған бес (бірінші курста төрт үш, пен алты төрт, екіден бастап бесінші курсқа дейін тек бес ).
Әрі қарай

15 миллион тұтынушылар LG компаниясының Optimus L серия смартфондарын қалады

Смартфондардың жаңа сериясы Optimus L II өз сәттілігін жалғастыруда
2013 жылы 14-ақпанда Сеул қаласында LG Electronics компаниясы ұсынған Optimus L смартфондар сериясы соңғы екі айда секунд сайын сатылды, нәтижесінде әйгілі смартфондар сатылымы 15 миллионға жетті. Өткен жылы Mobile World Congress (MWC) жәрмеңкесіндегі смартфондар көрсетілімінен кейін, Optimus L смартфондар сериясы ерекше дизайнымен үйлескен смартфондарды қалайтын әлемдегі барлық адамдар үшін бірінші орында. Барлығын ескере келіп LG компаниясы өзіндік стилі бар, жаңартылған дизайнымен, кеңейтілген мүмкіндіктерімен ерекшеленетін жаңа смартфондарды Mobile World Congress 2013 жәрмеңкесінде ұсынады.
Optimus L II сериясы бұрын өндірілген LG смартфондарына ұқсас болып келеді, сонымен қатар бірегей ерекшелігі бар Optimus L3II, Optimus L5II және Optimus L7II смартфондарын ұсынады. Смартфондар жиегінің жіңішкелігімен, әрі функциональді көмескі жарық пернелерімен ерекшеленеді.
“Нарықта үйлесімділіктің бар екендігінің дәлелі, әрі пайдаланушылар көңілінен шығатын смартфондар сериясы Optimus L. Optimus L II жаңа сериясы дизайнының өзіндік ерекшелігі бар, сондықтан бұл смартфон да бестселлер(өтімділігі жоғары смартфон) болатынына сенімдіміз” деп LG Electronics Mobile Communications компаниясының бас директоры, әрі президенті д-р Чен-Сок Парк айтты.
Осы айдың соңында Mobile World Congress жәрмеңкесінде Optimus L II сериясының жаңа смартфондары көрсетілімге шығарылады. MWC жәрмеңкесіне келушілер № 3 залда LG стендінде орналасқан жаңа моделдерді тестілеуден өткізіп, тамашалай алады.
Әрі қарай