БАҚ өкілдеріне қаншалықты сенесіз?

Теледидардан жаңалықтарды естіп отырсаң, кейде төбе шашыңды тік тұрғызатын хабарлар болып жатады. кейде оның соңы сол шындықпен не шатасумен аяқталып, кейде ондай хабарлардың басқа бағытқа бұрмаланғандығы туралы айтылып жатады, әсіресе 2012 жылдың ең шулы болған хабарлы «Арқанкерген» шекара бекетінде болған оқиға, әлі күнге халықтың күйі екіұқдай… одан кейінгі де болып жатқан хабарларды сол БАҚ өкілдері жеткізіп отырғандықтан сіздер қалай ойлайсыздар.

БАҚ өкілдеріне қаншалықты сенесіз?

Бөлісу:

8 пікір

qyzylordalyq_jigit
Қазақтың БАҚ өкілдері өте сауатсыз. Беретін материалы да, оны жеткізу формасы да заманға сай емес. Шет ел БАҚ-тарын мүлде зерттемейтіні көрініп тұр.
Мысалы, шет елде болып жатқан оқиғаларды copypaste-пен бере салады. Өз еліміздің көзқарасы тұрғысында бермейді. Не Ресейдің көзқарасымен, не АҚШ-тың көзқарасымен бере салады. Көшіргені содан көрініп тұрады.
Мысалы, АҚШ-тың сыртқы саясатының негізгі бағытының бірі — әлемдегі елдердің арасынан өздеріне жау тауып, соларға баспасөздері арқылы әбден қаралап тастайды да, соңынан сол елге әскерін кіргізеді, байлығын тартып алады, т.с.с. Міне сондықтан да батыстық БАҚ-тарда күніне бірнеше рет Ирандағы болуы мүмкін (нақты емес) ядролық қару жасау пиғылдары туралы 50-100 рет қайталанады. Ал әлемде ядролық бағдарламалары бар басқа елдер туралы (Индия, Пакистан, Израиль, Австралия, Аргентина, Бельгия, Бразилия, Германия, Испания, Италия, Нидерланды, Япония) ақпаратты бермейді.
Қазақстанның БАҚ-ы Ирандағы уран байыту туралы батыстың осы идеологиялық ақпаратын дәл солай қылып күніне бірнеше рет қайталайды.
Немесе мысалы 2008 жылы Ресей әскері Грузияға әскер кіргізіп, басқа елдің ішкі саясатына араласты. Сонда Қазақстанның БАҚ-ы тәуелсіз ақпарат тарату орнына, Ресейге болысты.
Осының бәрі сауастыздықтың белгісі. Әлі көп іздену керек
torgai
Сауатсыз деу жаңсақтық болар. Бәрі бірдей олай емес. Қалай десек те сол БАҚ арқылы ақпарат алатынымыз шындық.
neoaskar
шет елдегі хабарларды білмеймін, өзіміздің ішіміздегі кей хабарларды да дұрыстап бере алмайтынына қарным ашады…
Massa
Кейбір хабарларды өтірік екенін біле тұра оқимын. Қызық үшін
Hetrou
Сенбеймін, әсіресе "Қазақстан" телеканалына. Жақында ғана менің апамды таныстары попросили, ол барып типа сауда жасап жүрген адам болып түсіп келді (саудаға қатысы жоқ оның, жұмысы бар), кешке телевизордан көрсетті.
xsanatos
ешкімге сенбе! бәрін оқы, тыңда, көр, сосын өз пікіріңді қалыптастыр!
neoaskar
мен де солай ойлап жүрмін, кейінгі кезде БАҚ-қа сенуді қойдым
asaubota
жалпы ТВ-дан жаңалық қарамаған дұрыс. барлығы адам миын зомбилау үшін.