Өлімге билет не, замаң талабы?!


Жалпы әлемде әуе көліктерін ойлап табуы, үлкен ғылыми прогресстің нәтижесі деп сөзсіз есептеуге болады. Адамның бір жерден екінші жерге тез мезетте жетуі өте ыңғайлы. Егер шұғыл шаруалар бола қойған жағдайда немесе алыс қашықтықты, уақытты үнемдеу үшін адам баласы осы көлік түріне жүгінеді екен. Оның әлемдегі түрлерінің сан алуандығы басты айналдыратыны түсінкті. Тік ұшақ та, ұшақтың көптеген басқа да түрлері баршылық… Адам баласы оны ойлап тауып қана қоймай, қауіпсіздігі жайлы да біраз ойланып жылдан-жылға жетілдіру әрекеттерін ендіруде. Дегенмен апта, ай сайын, кейде үлкен өкінішке орай күн сайын әлемнің түкпір-түкпірінен әуе көліктің апатқа ұшырауы туралы қайғылы хабарлар келуде. Біздің еліміз бұл қайғылы оқиғалардан шетте қалған жоқ.

Енді құрметті оқырмандар сіздердің назарларыңызға қазақстандық әуе көліктермен, не Қазақстан жерінде болған апаттарға қысқаша шолу өткізсем.

— 1983 жыл. Алматы әуежайында «Аэрофлот» компаниясының ТУ-134 ұшағы дұрыс жерге қона алмай жанып, 90 адамды өзімен бірге өлім аузына әкетті.

— 1996 жыл. «Charki Dadri» Дели қаласының әуежайына жақын жерде, әлемдегі аспандағы ұшақтардың соқтығысқан ең қайғылы оқиға орнады. Қазақстандық «Эйр Казахстан» компаниясының «Ил-76 ТД» мен Араб Әмірлігінің «Saudi Arabian Airlines» ұлттық компанияның «Боинг-747» ұшақтарының соқтығысуының салдарынан 349 адам көз жұмды. Қазақстан тарапынан ұшақта 37 адам болды.

— 2004 жыл. Ақтөбе облысы, Бозой елді мекені маңында «Araiavia» авиакомпаниясының Ан-2 ұшағы апатқа ұшырап, бір адам қайтыс болды.

— 2006 жыл. Қазақстанда Orlan 2000 авиакомпаниясының ауыл шаруашылығы мақсатында қолданылатын ұшағы апатқа ұшырап, бір адам қайтыс болды.

— 2007 жыл. Алматы әуежайында Jet Connection авиакомпаниясына тиесілі Challenger-CL604 ұшағы әуеге дұрыс бағытта көтеріле алмай, бетон қоршауға соқтығысып, өртеніп кеткен. Бір адам мерт болды.

— 2008 жыл. Қызылорда облысында Ми-8 тікұшағы құлап, апат салдарынан бес адам қайтыс болды. 13 адам әртүрлі дәрежеде жарақат алды.

— 2009 жыл. Оңтүстік Қазақстан облысында арнайы операцияға ұшып бара жатқан ҰҚК шекара қызметінің Ми-8 тікұшағы құлап, он адам мерт болды. Үш адам жарақат алды.

— 2012 жыл. Астана аэродромында оқу-жаттығу жасауға ұшып шыққан қорғаныс министрлігінің Ми-17 тікұшағы апатқа ұшырап, 4 адам қаза тапты.

— 2012 жыл. Алматы облысының маңында Ми-8 тікұшағы апатқа ұшырап, 8 адам бір мезетте дүниеден өтті.

— 2012 жыл. Шымкент қаласы. Ан-27 ұшағындағы құралдардың ақауы нәтижесінде, 27 адам о дүниеге өтті.

— 2013 жыл. Алматы облысында SCAT авиакомпаниясының жолаушылар ұшағы қона алмай апатқа ұшырап, 21 адам қаза тапты. Елде қаралы күн жарияланды.








Осы оқиғалардың барлығысы әр түрлі уақытта болса да, ең негізгі себептер ауа-райының қолайсыздығы, көлік қызметкерлерінің қатесіздігі немесе көліктің ақаулығы. Қазіргі таңда елімізде ең ірі әуе жолы арқылы жолаушыларды тасымалдаушы «Эйр Астана» және сол «SCAT» компаниясы. Оның құзырында ұшақ пен тікұшақтар саны аз, Қазақстан бойынша ғана тасымалдауды ұйымдастырғанымен, әуе кеңістігінің халыққа қызмет көрсету бойынша біраз орнын алып отыр. Одан басқа да ұсақ-түйек компаниялар баршылық.

Ал енді жалпы алғанда барлық компаниялардың және қорғаныстағы қолданыста бар әуе көліктерінің тозуы жайлы ойласам, көзіме жас келеді. Себебі, ертең не бүгін сынып қалып, құралдар немесе белгілі бір тетік ақау берсе, болғаны… тағы да қанша адам өмірінен айырылуымыз мүмкін. «Техниканың аты — техника», «Қатесіз – адам, ормансыз — бұлбұл» демекші дана халқымыз, бірақ өкінішке орай ешкім қауіпсіздік жайлы 100% кепілдік бере алмас.

Дегенмен біз де қол қусырып, келесі апат қашан болатының күтпей, белгілі бір іс-әрекеттерге баруымыз қажет деп санаймын. «Ауруды емдегенше, алдын алған жөн» демекші барлық әуе паркіне қатаң тексеріс жүргізіп, пайдалынысқа жарамсыз немесе сынып кету қаупі бар көліктерден бас тартуымыз қажет. Республика көлемінде әуежайларды да қатаң бақылауға алып, керек болса қателікті дұрыстамағанша жауып тастау керек деп есептеймін. Әуе жолдары және сол салаға байланысты барлық қызметкерлердің білім сапасын, біліктілігін тексеріп, керегінше қайта оқытып, даярлап бар күш жігерімізді салуымыз хақ. Сонда неше түрлі қазіргі таңда қажетті жоқ шараларды ұйымдастыра беріп, ақшаны ауаға шашқандай болғанша, адам қауіпсіздігі мен өмірі үшін құю дұрысырақ деп сенемін. Ол жағдай дұрысталып болғаннан кейін ғана, осындай іс-әрекеттерге баруымызға болады.

Аман болайық және аман болатынымызға сенейік!!! Тек жақсы жаңалықтарда жүздескенше!!!
Бөлісу:

5 пікір

bake
Жаңа жылдан кейін Өскемен-Алматы әуебилеттің құнын сұрап білгенде таң қалғанмын, А320 аэробусына эконом класына билет құны 59000-нан артық. Жалпы ел ішіндегі қозғалыс қиын, әсіресе қыс ішінде. Шығыс Қазақстаннан бес климаттық бойлықтан өтетінін ескерсек жол бойындағы жолаушылар көлігі не күтіп тұрғанын елестетуге жетіп жатыр. Кейбір кішігірім елді мекен арасында қара жол ғана, қыста автокөлік туралы ұмытады. Жолаушылар тасыйтын ауа көліктері дами қояды дегенге сенбеймін, бұл сала үкімет қолдауынсыз жеке көтеріле алмайды, оның себебінің бірі жолаушылардың тасымалдау көлемі аздығы. Ұшақтар түр-түрімен әрине қажет жәнеде ондай кәсіпорын мемлекеттік болуы тиіс. Жекелей компаниялар қолынан келетін іс емес, келер еді егерде олардың ұсынған бағасымен ұшатын жолаушы көп болса.
Tyulpan
ақпанда 4 рет ұшам (мүмкін одан көп), наурызда 4 рет ұшам, сәуірде 2 рет ұшам. онсыз тағы болмай тұр. қорқып жатырм, негізі… ((
kazkozha
Негізі осы компаниялардан байлар жоқ. Соларға талапты күшейту керек.

Еріктен тыс жанарымнан жас тамды.
Көргеннен соң ұшақтағы жас қанды.
Ұшақпенен келіп жеткен сұм ажал,
Алып кетті өзіменен жас жанды.

Қайран халқым, қайран елім, қазағым.
Тағы келді, тағы болды аза күн.
Ия АЛЛАҺым өтінемін, жалынам…
Естілмесін бұдан былай азалы үн.
Tyulpan
эйр астанаға сот жоқ..((
kazkozha
Қазіргі таңда бізде де шамалап әділдік орнап келеді. Егер тоқталмай іздіенген адам болса табуға болады