Ақыл кеңес айта отырыңыздар

Блогка тіркелдім (елдің комменттарын оқып көңіл күйім көтерілген соң )-ол түсінікті, енди не болады??? мен де ойыма келген әңгімені жаза беремін бе??
Бөлісу:

22 пікір

neoaskar
Ойыңызға не келсе, соны жаза бермеңіз, ұят қой, айпесе адам баласының ойына нелер келіп, не кетпейді.
damilya
Сіздің айтқан пікіріңізбен келісемін, алайда ойыма келеген дегенде ұятты нәрсені меңземеген едім. Дегенмен Менің сұрағыма Сізден нақты жауап болмады.
nurkanibek
Жазып коріңізші ))) ойыңызға не келседе шет жағасын біле отырайық)))
damilya
Оқыған мамандығым жаратылыстану саласының бірі болғандықтан, тобымызда үнемі дау орнап жатады. Онда айтылатын көп мәселенің бірі — дүниенің пайда болуы. Барлық адам бірдей емес, яғни ой-пікірі де бөлек. Айтыңыздаршы сіздердің дүниенің пайда болуы туралы қызықты ойларыңыз бар ма? Блогқа жаңадан келіп қосылғандықтан қандай да қателіктер кетсе кешірім сұраймын.
VKM
Мектепте маймылдан таралғанбыз деп оқыдық,қазір Алла жаратты дейміз))))
damilya
Ол ойыңызға мен де қосыламын алайда ондай пікірмен менің тобымдағы дауға еш жаңалық айтпасым анық. Сіздікі дәстүрлі ой ғой.
ken
дүниенің пайда болу мәселесі болса, онда ол креационизм жақтаушылары мен эволюционизм жақтаушылары арасындағы дау болса керек, айтып отырғаның.
мына бір өздерін рационал монотеситпіз деп атайтын топ аталмыш екі теорияны біріктіріпті.
мына видеодан қара:
Real_man
«еркін блог жүйесі» деп ойыңа келгенін жазып лағып кетпессің)) Жұртқа керекті, қызықты-ау деген мәліметтермен, әңгімелермен бөліс, өнеріңменде бөліс!
damilya
Менің жазғандарымды біраз адамдар оқитынын біле тұра (бұл жерде виртуалды қоғамдық орын сияқты деп ойласа)лағып кетпейтінім онсыз да түсінікті ғой, ондай ойым болса, «ақыл кеңестеріңізді» сұамас та едім.
Beytanis
Жаза бер, айналайын. Ары кетсе БАН аласың
damilya
БАН деген не? Жарайды әзірге өз ойымнан ештеме жазбаймын. Әйтпесе жабылып кететін сияқтысыздар ғой!
Beytanis
Бәрі таМММММММаша болады
Ereimen
Қорықпай жаза берсей, артық кемін ойыс шұңқырын тегістеп жіберейік…
damilya
Блогтағы жазғыштардың әрқайсысы әр жақтан ба, бұл блогтың қызығы неде, пайдасы бар ма, жалпы мақсаты не деген сұрақтардың жауабын білгім келген. Артық жазсам қоғамға зияны тиіп кетер, ал кем жазсам адамдар дұрыс түсінбес. Мәселе қорыққанда емес!!!
Beisek
Дамиля шымкенттiк емессiң бе?
damilya
Жоқ Шымкенттен емеспін. Орталық Қазақстаннанмын
Er89
желдің жеті есігі бар ерейменнен боласын ба
Ereimen
Атым айтып тұрғандай Ерейменнен боламын.
damilya
Маған негізі көмек керек. Бұл жерде балл жинайды ма, сосын рейтинг деген бар ма, мен басқа адамдардың пікіріне пікір қоса аламын ба, ол қосқан пікірімді қалай бақылаймын, әлде үнемі өзім пікір жазған адамның блогына кіру керекпін ба?????
Er89
Пайдасы шынымен бұл жерден өзіңе керек нарселер табасың.Мысалы іздеу арқылы рационал эгойзмді қарап көр. Мақсат озіңде жақсы ойлар, пікірлер, идеялар болса мархабат ал да жаза бер, біреуге пайдасы тиер. Артықшылығы бәі өз тіліңде және қазақы минталитетте.
damilya
Іздеу дегні жақсы екен!!! Сізге рахмет!!! Сонда орысша жазуға болмайды деген сөз ғой.