Алматыда келіндер мектебі ашылды



Алматыда «Келіндер мектебі» не «Мінсіз Әйелдер Академиясы» ашылды.Бұл мектептiң түлектері Қазақстанның «Ең үздік Келин» байқауына қатысып,12 үздік-топтың қатарынан көрінулеріне болады.
Ұйымдастырушы және басты идеялық рухтандырушы Белла Сатмырзаның айтуы бойынша, ол бірнеше жыл Қазақстандағы үйлену мен айырылысу жөніндегі статистикалық мәліметтерді зерттеп,әр үшінші неке айырылысумен аяқталатынына көзі жеткен. Және қоғамда күйеуге тимеген қыздардың саны өсіп келе жатқаны белгiлi. Сондықтан бұл мектептің қоғамға берері мол.
Оқу курсында тамақ дайындау, дефиле, мейкап, отбасылық психологиядан сабақ беріледі." Бiз нағыз, осы заманға сай, оқыған, білікті маман,әдемі киініп, баптана білетін,ұлттық салт-дәстүрлерін сақтайтын, мәдениетті,өз отбасының бірлігін сақтай алатын,үй шаруасына пысық Келин дайындау",-дейді Белла Сатмырза.
Меніңше, жақсы бастама.Алматылықтардың баруына болады.

P.S.Менің де барғым келеді екен))))
Бөлісу:

32 пікір

madikon
Бұл жаңа идея, жаңалық шығар, бірақ меніңше бұл жұмыстар ананың қызына үйрететін нәрсесі ғой. меніңше керек емес сондай. қолынан бәрі келсе де кәрі енесін бағуға нервысы шыдамай көргенсіз қылықтарын көрсетіп жүрген келіндер де аз емес. (әрине көпке топырақ шашпаймын, ибалы, инабатты, әдемі, қазақ келіні деген атқа әбден сай жеңешелер де көп) мінсіз келінді музейден іздеу керек па деген де ой келеді арасында. дұрыс емес айтсам ренжімеңіз, бірақ бұл жай ғана менің ойым.
VKM
ренжімеймін,әрине.Ананың қызға берері көп қой, бірақ мына мектепте соны толықтырады.Бірақ менде де бірсенімсіздік бар:әу бастан тәрбиесі дұрыс емес қыз,қанша оқығанымен, нағыз келін форматына «кіре алмайтын» сияқты
Tyulpan
ВКМ и, мен сізді дайын келін деп ойлайды екенмін. қолыңыздан көөөөп нәрсе келеді, ақылыңыз да баршылық )) сізден мықты гламур келін шығатынына сенімдімін
VKM
Tyulpan .қайдағы?!Үйренетін нәрсе көп.Сосын келіндерді сынайды ғой, бастапқы кезде: көриик,қандай екен?-деп.
Tyulpan
мИсалы, Ақтау жақта джаман сынайт дит қой. қоғамдық көлік — аптобустың ішінде сәлем салат дит күйеуінің туыстарына. мен жаман таң қалған едім бірінші рет естігенде. соңгин, салтты қатты ұстайтын жанұяға тап болсаңыз, беташарда малдың жаңа сойылған терісін бүктеп, сырғанақ жағында тұрып келін сәлем жасау кк дит. ана нәрсе тайғақ қой, әйту, құлап қалмау кк. келін-шай деген бар ищо...)) жалпы, қай жаққа келін болуға байланысты ғой. шымкент пен ақтауды салт қатты ұстайтын региондарға жатқызады дегендиииииииии...))
madikon
бірақ ол соншалықты қорқынышты болып көрінбейді екен, бңз күнде көріп жүрген соң ба… ия, ол рас, келін қай жерде көрсе де өз қайын жұртына сәлем салады, мен шымкентке барғандарды елестете алмаймын, таңғы 6да тұрып есік алдын сыпырады деген миыма кіріп шықпайды, кешке нешеге дейін отырсам да, таңертең тұру проблемасы бар еді. мен ойлаймын, үй қызметшісін жалдап аламын, келін болғанда. білмим бірақ ол кімге ұнар екен, бәлкім ешкімге ұнамайды.
ken
солтүстікке шық
VKM
Біз жақта рахааат қой келіндерге,өз үйіндей жүреді.Ағам Жетісайдың қызына үйленді, ол үйге кіре: не істейін деп сұрап жатыр.Жеңгем айтты: сен барып отыра ғой, кейін істесең де болады, келмей жатып, жұмысқа салмайды бұл жақта деп.Ол айтады: ыңғайсыз екен, келін болып алып, отырған деп.
Біздің семьяда 1 қортынды жасалды: келінді оңтүстіктен алу керек деген.Ал біз жақтың қыздарын керісінше жіберіп, біраз «испытание огнем» жасау керек деп.
ademi_alem
)))))))))
VKM
Зарина,қалай ойласың?)))))
ademi_alem
«Мінсіз Әйелдер Академиясы»
Мына сөз күлдіреді, мінсіз сөзін көрінген жерге қолдана беруге болмайтын сияқты. Мінсіз адам болмайды ғой мың жерден Академия ашылса да. Мінсіз келін бола алатын қыз мінсіз жолдас іздеп кететін шығар, иә? ))))))) Бірде көпке үлгі бола білген Өскемендік бір әженің «Мен әдепті, ибалы, ұқыпты келін болуды қайын енемнен үйрендім» дегені бар еді. Менің ойымша, қыз баланың бойында болуы керек ізгі қасиеттер мен тәрбиені анасы беруі керек, анасы беріп үлгермеген дүниені кейін қайын енеден үйреніп алуға болады.
VKM
хихи) Зарина, мен Академия идеальных жен дегенді мен сөздікпен аудардым, сонда мінсіз деп шықты.
Ана,қайын ененің үйрететіні дұрыс ғой, бірақ… Келіндер мектебінде де оқыған жаман емес шығар.Жалпы көбірек білген, ешкімге де артық емес ғой)))
VKM
соны мен де айтайын дегенмін
ademi_alem
Белла Сатмырзаның айтуы бойынша
VKM , декекөз қайда?  )))))))))))))
ademi_alem
Аты-жөні қызық екен, көңілге күдік ұялатып ))))))
Erkekyz
Қорқа бермеңдер))) 6-да сыпыру «модаға» сәйкес қалып барады(или қалып қойған уже),
Частный сектор болған соң үйдің ауласын хошь не хошь сыпырасың ғой енді)) Ол салт емес ешқандай. Просто біз жақта көктем-жаз ыстық, күн ұзақ сол үшін таң атпай, салқында сыпырып қояды. Қаласаң кешке/түнде сыпыра бересің ғой))) Неге ана үйдің келіні таң атпай аула сыпырмайды демейді.))) Бірақ сыпырып қойсаң өзің плюс))
aza
Тюлпан, бейшара баланың зәресін ала бермеңіз, өзі де әрең жүр қалтыраап, сылтау іздеп))
Tyulpan
))) қорқытып жатқан жоқ едім. жан-жақты дайындала берсін деп, әлгі келіндер курсына барса, сұрап, үйреніп алсын деп ))
madikon
Сосын келіндерді сынайды ғой, бастапқы кезде: көриик,қандай екен?-деп
эх, мені 3күннен соң үйіме әкеліп тастай ма деп қорқамын.
bizbike
неге күйеулер мектебін ашпайды екен а? күйеулердің де жетісіп тұрғаны шамалы қазір
Olzhass
гомиктер көбейіп, көшеде бір де бір шеге қаға алмайтын ер жыныстылар азайғанда сондай мектеп ашылады ау…
VKM
керек нәрсе, а то кілең «мамаларының балдары»))))
Tyulpan
осы сөзді кім бастайды екен деп отыр едім ))
Armanjan
Әй БыКы, мына жазбаңа сенбей отырмын, шыныңды айт, Рафаэлло шәй ішіп кеткен жоқ па сендердікінен?
VKM
Сол Рафаэлло кім екен?
erkesezim
Нақты адресі бар ма? За ранее жазыла қояйын дегем гой
Tyulpan
Арман-джон, тв-дан көрсетіп жатқан осындай ашылды деп ))
aza
Меніңше, жақсы бастама.Алматылықтардың баруына болады.

P.S.Менің де барғым келеді екен))))

Алматыға не үшін қоныс аудармағыңызды енді ұқтым)))
VKM
 Қателесесің, Астанада қалатын болдым Келіндер мектебінсіз-ақ өмір сүріп жүр ғой қыздар
daugozhek
ВыКыыымммммм (Кәрістердің сөйлеу ырғағымен), сен неге менімен сөйлеспей кеттің, ужы бір жылдан асты, ваще хабарсызсыңғой
VKM
Абзал,қумаши, күнде жүрмін ғой осында)))))