Бутрос Бутрос Ғали ағам дүниеден озды

Кеше, Каирде, 94 жасқа қараған шағында, Әлемнің Ұлы Азаматы, Біріккен Ұлттар Ұйымының 1992-1996 жылдар аралығындағы бас хатшысы Бутрос Бутрос Ғали қаззақтарға білдірместен дүниеден озды.
Әрі қарай

Павлодарда «Құстарды қыста қоректендір!» атты шарада 60 жемсалғыш дайындалды

Блог - asaubota: Павлодарда «Құстарды қыста қоректендір!» атты шарада 60 жемсалғыш дайындалды
Павлодар алюминий зауытының қызметкерлері құстарға арнап 60 жемсалғыш дайындап, оқушылармен бірге мектеп аумағына орналыстырды. «Құстарды қыста қоректендір!» атты шараны Еуразиялық Топ құрамына кіретін «Қазақстан алюминийі» АҚ қызметкерлері Павлодар экология және туризм балалар-жасөспірімдер орталығымен бірлесіп ұйымдастырды.

Міне, бес жыл бойы зауыт еңбеккерлері оқушылармен бірге қараторғай ұясын жасап келген, ал биыл балалар суық күндері қанатты достарына қамқорлық көрсете алуы үшін жемсалғыш дайындауды жөн санапты.

Құрылымның сызба нұсқасын жасаған кезде орталық экологтарының барлық ұсыныстарын ескеруге тырысқан. Табиғи материалдардан жасалған, берік жемсалғыштар бір жыл ғана қызмет етпейтіні белгілі. Олар әдемі дизайн мен бояулардан түбегейлі бас тартқан, әртүрлі формалар мен ашық түстер құстарды үркітеді дейді тәжірибелі мамандар.

— Құстарға қыстан аман шығуларына көмектесу қиын шаруа емес, тек ниет болса жеткілікті, — дейді №29 жалпы орта мектептің 9-сынып оқушысы Максим Тюрчев, — пластик бөтелкелерден жасалған жемсалғыштар құстарды көтермейді, өте нәзік, ал жемсалғыш жасағанда берік әрі сенімді болуына жіті назар аударған жөн.

Жем салуға ыңғайлы болуы үшін құстардың үйшігі адамның қолы жететін жерге орналыстырылды.

— Қыстың қаһары әлі қайтқан жоқ, күн суық, оның үстіне жердің бетін мұз жапқандықтан құстарға қорек табу өте қиын, — дейді өндірістік қауіпсіздік, экология және еңбекті қорғау департаменті бастығының орынбасары Ренат Сарлыбаев, — сондықтан біз балаларды табиғатты қорғауға, құстарға қамқор болуға қызықтыру үшін бүгін осы шараны өткізіп отырмыз.
Орнатылған жемсалғыштарға бірден сары шымшықтар қонып, жайлы, жаңа «асханалардағы» тағамнан дәм татып көрді.

Блог - asaubota: Павлодарда «Құстарды қыста қоректендір!» атты шарада 60 жемсалғыш дайындалды

Блог - asaubota: Павлодарда «Құстарды қыста қоректендір!» атты шарада 60 жемсалғыш дайындалды

Блог - asaubota: Павлодарда «Құстарды қыста қоректендір!» атты шарада 60 жемсалғыш дайындалды
Әрі қарай

Жыныма тимеш(і)

Блог - DinaAbdigalieva: Жыныма тимеш(і)
Жұрттың бәріне жаға беруге мүмкін емес. Мінезсіз адам да болмайды. Мінезі жоқ адам, мына заманда алға қадам боспас. Әр табалдырыққа, әрі кетсе тасқа шалынып құлап жүретін болады. Тек сүйкімді мысық келбетіндегі қасқырлар мен айлакер түлкілер ғана тірі қалмақ. Бірақ бәрібір бетперделері түсіп, шынайы келбеттерін көрсететін кезде келер. Сайқал, екіжүзді, бетіне күліп тұрып, екіншісіне жамандап тастайтын достарымыз аман болсын! Осындай адамдарсыз ешқашан алға жылжи алмас едік. Бұл күтпеген «толчек» сияқты. Адамды алға итермелеп, күшке-күш қосып, гипер, ультра болуға шындайды. Сол себепті, көпіртіп жаза бермей, Жадыра Байбұланованың «Жыныма тимеші» өлеңімен аяқтауды жөн көрдім. Айтпақшы, сіздердің ойларыңызша дүниеде зұлымдық атымен болмаса, қандай жетістіктерге жетер едік? Дүниені қалай елестете алар едіңіздер?
Әрі қарай

Рахат ӘБДІРАХМАНОВ: "ПОЭЗИЯ ЕРІККЕННІҢ ЕРМЕГІ ЕМЕС"

«Жанымның жазба нұсақасы», «Әдемі менің әлемім» атты жыр жинағының авторы, Қасым Аманжолов атындағы І облыстық ақындар мүшәйрасының бас жүлде иегері, ақын Рахат Әбдірахмановатың «Жүрегім» атты жаңа жыр жинағы жарық көрді. Осыған орай, ақынмен поэзия төңірегінде азды-кем сұхбаттасқан едік. Сәтті сұхбатты сіздермен бөліскенді жөн санадым.
— Сұхбаттымыздың тұздығы ретінде тұсауы жаңа кесілген «Жүрегім» атты жыр-жинағыныздан сиясы кеппеген жаңа туындыңызбен бастасақ… Кітаптың «Жүрегім» деп аталуына не себеп? Жалпы ақындарға деген қолдау қандай?
— Ұқсайтын ол күндердің әлдиге әні…
Жаным-ай, жарық таңдай бал дидары!
Көктемнің берген бағы көзден ұшып,
Өткеннің өкініші жан қинады!

Былтырғы қалпында емес биылғы бақ,
Сәуір де алып кеткен сыйын жырақ!
Көзіңмен көріп жүрген дүниеге,
Көңілдің сенуі де қиын бірақ…

Жоқ іздеп жүгіргендей белден белге,
Сенделіп түсіп кеттім сергелдеңге!
Күннен де жарық еді күлген жүзің,
Сен қандай бақытты едің мен келгенде!

Лепіріген қайран көңіл аласарып,
Білінді бал күндердің бағасы анық.
Мойныма асылушы ең шыдай алмай,
Есікті апыл-ғұпыл жаба салып!

Жалғанып үзілуде нешінші үміт?
Жалықтым өкінуден кеш ұмсынып…
Дәл қазір ештеңе де болмағанда,
Еркелеп жүрер едің есің шығып…

Жүректе дейсің бәрі сыр мен мұңның,
Елесі алаң-қамсыз жүрген күннің!
Түнімен қиналасың ұйықтай алмай,
Түсіңе келіп еді гүлмен кіргім…

Былтырғы қалпында емес биылғы бақ,
Сәуір де алып кеткен сыйын жырақ!
Көзіңмен көріп жүрген дүниеге,
Көңілдің сенуі де қиын бірақ…
Шынымды айтсам, жыр жинағымды оқырмандардың сұраулары бойынша шығардым. Ал, енді оның «Жүрегім» деп аталуының қарапайым ғана себебі, ондағы өлеңдер жүрегімнің жазбаша көшірмесі. Бүгінде ақындарға қолдау жақсы көрсетілуде. Тек ақындарды іріктеу жағы дұрыс жолға қойылмаған. Кітаптың шығуына қолдау көрсеткен бала күннен бірге өскен достарым.
— Бәрекелді! «бас кеспек болса да, тіл кеспек жоқ» деп жатамыз...Қалай ойлайсыз бүгінгі поэзияда цензура бар ма?
— Ақындар әр заманда шындықты, халықтың жай –күйін жырлаған. Әр ақын өз шығармасында белгілі бір мәселелерді көтеріп, ақиқатын айтып жатады. Біз қазір Құдайға шүкір, еркін елде тату-тәтті тұрып жатырмыз. Сондықтан да, еліміздің одан ары дамуы жолында, бірлігі жолында қызмет етуге тиіспіз.
— Рахат аға, сіздің көп өлеңдеріңіз лирикалық бағытта жазылған. Лириканы өзіңізше қалай түсінесіз?
— Менің жазып жүргендерім — жүрегімнің сөзі. Қағаз бетіне түскен сезім. Лирика – ол өте мөлдір әрі пәк! Мен тақырып таңдап, идея іздеп, ізденіп жазбаймын. Дәл қазір қандай күйде отырмын, соны қағаз бетіне түсіремін. Ең әдемі жыр-ол ең шынайы жыр.
— «Күндер өтті ала да құла не бір,
Не көрмеді жалғанда мына көңіл?
Бақыт беріп бір сынап көріп еді,
Мұң құштырып тағы да, сынады өмір» дейсіз… «Бақыт» дегенді қалай ойлайсыз? Өмірде «Әттеген-ай» деген сәттеріңіз болды ма?

— Бұл жалғанға келген әр адамның өзіндік атқаратын қызметі, өз миссиясы бар. Мен жылдар өткен сайын, өзімді өлең үшін жаралғандай сезінуім артып келеді. Сорым да бағым да осы өлеңнің айналасында. Менің бақытым, өлеңді пайдаланып атақ не болмаса сый-сияпат алу емес. Менің бақытым-жүрегімдегі сезімді со қалпы өлеңге айналдырып, өзге жүректерге жеткізу. Әттеген-ай әркімде бар болғандықтан, менде де бар! Көп!
— Қазіргі таңда «сүйдім- күйдім» деп, бір өлең жазып, ақын атанып жүргендерді көзіміз көріп жүр. Жалпы бүгінгі поэзияны қалай бағалайсыз?
— Поэзия еріккеннің ермегі емес. Өлеңнің өз ғажабы мен өз азабы бар. Оны ұйқасын үйлестіре салып, әдемі сөздерді тізбектеп шығу деп ойлайтындар оңбай қателеседі. Бүгінде ақын көп деп жатады. Шын мәнінде ақын өте аз. Жүрекке жетпейтін, бірді екілі шумақпен ақынмын деп жүргендер өте көп. Біз поэзияны қадірлесек, әр нәрсені өз атымен атап, әркімді өз орынынан көруіміз керек.
— «Әннің сөзі рухы да, ал әуені сүйегі» дейді. Осы уақытқа дейін қанша әндеріңіз жарыққа шықты?
— Мен әнін де сөзін де өзім жазған 4-5 ән, сонымен қатар мен мәтінін жазған 30 шақты әндер орындалып жүр. Олардың қатарында, Ақбота Керімбекова, Ердос Қанаев, Нұрсұлтан Батырқұлов, Жаңабай Өтегенов, Ерлан Малаев, Төреғали Төреәлі сияқты бірнеше әншілер бар. Еркін Нұржан, Мақсат Базарбаев тағы да басқа әншілермен жаңа әндер жазу үстіндеміз.
— Сіздің көп туындыларыңызды өзге атпен ғаламторда жарияланып жатқаның жиi байқаймыз. Плагиат жайында не дейсіз?
— Иә. Ондай жағдайлар бар. Бірақ, мен нақты бір туындымды сол беті өз атынан жариялап жіберіп жатқан бауыр-қарындастарыма еш ренжімеймін. Олар әдейі емес, байқамай солай болып жатыр деп ойлаймын. Ал, енді өлеңдегі идея, ойыңды, тың теңеулеріңді өңін айналдырып өз өлеңі етіп жіберуді қоштамаймын.
— Алдағы уақытта шығармашылық кеш беру жоспарыңызда жоқ па?
— Шынайы өлең сүйетін оқырмандарымды жинап алып, алдарында өлең оқығым келеді. Менің арманым сол. Көрерменді белгілі бір эстрада жұлдызының беделімен емес, өлеңмен жинағым келеді.
— Сұхбатыңызға үлкен рахмет! Жазар дүниеңіз көп болсын!
Әрі қарай

Сіз білмейтін кір сабынның құпиясы...

Мен бұл постты барлық қауымға арнағым келеді. Әр үйдің жуынатын бөлмесінде кездеседі, алайда оны тек қана кір жууға пайдаланады, — деп жұмбақ жасырып кетсем)))) Менің сіздерге айтайын деп отырғаным кір сабын жайлы. Әдетте біз оны тек киім жуғанда ғана пайдаланамыз. Бірақ оның тұрмыс-тіршілікте де пайдасы орасан зор екендігін біле бермейміз. Ендеше, сіздермен кір сабын жайлы біраз пайдалы кеңестермен бөлісемін.
1. Адамның қолына тікен немесе ағаштың жаңқасы кіріп кеткен жағдайда оны инемен тескілеп, жанымызды ауыртамыз. Осындай да кір сабынды жылы суға езіп, дәкеге қалыңдау етіп жағып, тікен кірген жерге таңып қойсаңыз, бір сағаттың ішінде тікен өзінен-өзі сыртқа шығады.
2. Шашыңыз қалың әрі ұзын болғанын қаласаңыз, онда мамандар шашыңызды кір сабынмен жууға кеңес береді. Сусабынды пайдаланып болғаннан соң, артынша басты кір сабынмен жуу керек. Содан соң суға бір-екі тамшы сірке суын қосып шашты қайта жусаңыз, шаштың түбін қатайтуға көмектеседі.
3. Аптасына екі рет бетті кір сабынмен жуу керек. Ол беттің тері қабатына терең сіңіп, бетті майланудан сақтайды. Кір сабынмен жуынғаннан кейін, артынан балаларға арналған крем жағуды ұмытпаңыз.
4. Моншаға түсуді ұнататындарға кеңес. Буға түсерде сыпырғыны (веник) кір сабын салынған суға батырып қолданса, теріңіз тазарып, денеңізді сергітуге жақсы көмектеседі.
5. Сулы беторамалды кір сабынға үйкеп, ащы иісін 5-10 минуттан күніне үш рет иіскеп тұрған адам тұмауынан айығады.
6. Іріңдеген жараларға сықпа майын жаға бергеннен, кір сабынның көмегін пайдаланған да пайдалы. Ол үшін кір сабынды ірі үккіштен өткізіп, табаға ені 1 сантиметр етіп жаймалап салыңыз. Үстінен сабынның көлемінен екі есе асатындай етіп сүт құйып, әбден қою болғанша араластырыңыз, отта бір жарым сағат бойы қайнатыңыз. Суыған осы қоспаны жұқалап қағаз бетіне жағып, жара үстіне дәкемен орап қойсаңыз жетіп жатыр. Үш күн қайталасаңыз жараның іріңдеуі қойып, тез жазылып кетеді.
7. Көгерген, жарақаттанған жеріңізді кір сабынмен жусаңыз, жараны асқынуынан және микроб тусуінен қорғайды. Жараның бетін күніне екі-үш рет жусаңыз жеткілікті.
8. Күйіп қалған жараға (суға немесе отқа күйгенде) сабынды езіп жақсаңыз ісікті қайтарып, ауырғанын басады. Дәрі-дәрмектен, улы заттардан абайсызда уланғанда немесе сәбилер металл заттарды жұтып қойғанда, аздап сабын суын ішкізіп, ауруханаға жеткізуден бұрын шұғыл алдын алу шарасын жүргізуге болады. Оны қолдануда көңіл бөлетін тұстар: әсте көп мөлшерде ішкізіп жіберуге болмайды. Таза сабынды жұқа жапырақтап турап, қайнаған жылы суға ерітеді. Сосын, ересек адамға 300-500 мл, ал балаларға 100-200 мл ішкізсеңіз улы зат құсықпен бірге түседі. Және маталл заттардың асқазанды зақымдауынан сақтана тұруға болады.
Әрі қарай

Жақсы дос - жан азығы

Өмірде кездесетін сан алуан қиындықтар мен қуаныштарды бірге көтеріп, ағынан жарылып, сырларын да бөлісіп отыратын жандар бір-бірімен дос бола алады. Достық ұғымына байланысты мақал-мәтелдер, нақыл сөздер жетерлік. Мәселен, " Дос болсаң берік бол, досыңа серік бол ", " Дос жылатып айтады, дұшпан күлдіріп айтады ", " Досы көппен сыйлас, досы азбен сырлас", т.б.
Ата-бабаларымыз кезінде өзінің жан досы үшін өмірлерің қиып, қиындықтарына бірге төтеп берген. Ал, қазіргі таңда жан дос деген некен-саяқ. Көпке топырақ шашпаймын, бес саусақ бірдей емес әрине, алайда кейбір достар өзінің жолдасын қызғаныштан, көреалмаушылықтан бұрыс жолға бағыттатып отырады. Шынайы дос — қашан да бір-біріне адал, арам ойлары жоқ, бір мүдделі, ортақ көзқараста болатын жандарды айтуға болады. Достықтың сақтаушысы, қорғаушысы адалдық пен шынайылық деп ойлаймын.
Дос деген киелі ұғым. Дос — биікке жетелейтін, шыңға шығаратын, көкке көтеретін, қызық қуанышына ортақ, қиындықта демеу болатын жан. Нағыз достар бір-біріне сенім артатын, жақсылығын асырып, жамандығын жасыратындар. Дос табу оңай, бірақ оны сақтау қиын. Бақтағы гүлді дұрыс баптап өсірсең, әдемі, жайқалып өсіп тұрады. Солай, достықты да баптап сақтасаң ұзағынан болады. Сондықтан да достық ұғымы мәңгілік сақталсын, берік болсын десең, өзің дұрыс бағбан болуың қажет. Бұл ұғым биігінен төмендемесін десек әрбір адам дос тұрғысынан адал болғаны абзал. Сонда ғана достықтың құны жоғары болары анық. Ал, сіздер үшін қазіргі уақытта достық ұғымы базардағы бағадай арзан ба, әлде қымбат па?
Әрі қарай

Тағдыр

Ұйқыда көзім көңілім ояу, жатырмын сезіп бәрінде.
Кезіп жүр жаным әлемді көктеп құлақ сап қойып әр үнге.
Тозақтан шыққан үндерме бәлкім, тұндырып құлақ зарлайды.
Күнәға батқан шырқырап жаны, ұшырап аллам кәріне.

Ей шерменде неге өмір сүрдің дуниеге неге келіп ең,
Денеңді мынау уақытша ғана қызмет үшін беріп ем.
Енді міне шырылдап жанып отына тамұқ барасың,
Сендейлерді жазаламақ түгіл өлтіруге жерінем.

Осылайша жаратқан ием қаһарлана тіл қатты,
Күналы жанды шырқыратып жер астына зырлатты.
Бейкүна жандар самғай ұшып көтеріліп аспанға,
Жаратқанның нұрына шомып ұжмақтың асын жеп жатты.

Одан әрі барамын ұшып көктей өтіп аспанға,
Бұл жақта дейді бәрі ақихат орын жоқ асып тасқанға.
Орын жоқ егер күнахар болсың алла алдында адамзат,
Көкірегің ақ көңіл ояу болса төрге өт дейді жасқанба.

Тіршіліктің қадірін білмей асып тасып толдыңба,
Тікенек гүлдей күніңе жетпей тамырың қурап солдыңба.
Себепсіз салдар болмайды мынау бес күн жарық дүниеде,
Одандағы мойынұсындағы тағдырыңа қол бұлға.
Әрі қарай

Елордада «Шаттық-2016» өнер фестивалі өтеді

Астана жаңалықтары: Елордада «Шаттық-2016» өнер фестивалі өтеді
15 ақпанда Махамбет Өтемісұлы атындағы Оқушылар сарайында балалар мен жасөспірімдер арасындағы «Шаттық-2016» 10-шы ашық шығармашылық қалалық байқауы ашылуы өтеді. 10 жыл ішінде байқау көптеген жас өнерпаздарға танымалдылыққа жол ашып, білім саласының шығармашылық өмірінің өзіндік қолтаңбасына айналды. Бұл байқау қатысушылар дарынын ашып, орындаушылық шеберлігін дамытады.

Өз шығармашылығын таныту мақсатында байқауға қатысушылар саны жыл санап көбеюде. Биылғы жылы Астана қаласының 100 білім беру мекемесінен 5000 астам жас дарын әділ қазылар мен көрермендер алдында өз бағын сынап көрмек.

Елорданың дарынды жастары 2 жас ерекшелігі бойынша 15 номинацияда бәсекеге түседі: жеке аспапта орындаушы/ансамбльдік аспапта орындау; классика, халық аспаптары/хор әні, эстрадалық ән, вокалдық ансамбль, халық әні, халық биі, қазіргі заман биі, поэзия, театр өнері, фотосурет, бейнелеу өнері, ерекше жанр және киім үлгісі.

Бес күн бойы қаланың әр түрлі алаңдарында шығармашылық сайыстар өтеді. 29 ақпанда «Шаттық-2016» қалалық байқауының Гала-концерті және мерейтойлы алтын статуэткалармен марапаттау рәсімі өтеді.

Айта кетейік, «Шаттық» байқауы Рүстем және Мұхаммедәлі Жүгінісовтер, Александра Самарина, Әлібек Әлмадиев, Ділнұр Біржанова үшін «бастама алаңына» айнала білді.

astana.gov.kz/kk/modules/material/9945
Әрі қарай

Соңғы жүзжылдықтағы жағаұстатарлық ғылыми ашылу

ФБ-да жаға ұстап, klout-та рейтинг қарап шулап жатқанда көпшіліктің назарынан бір ұлы жаңалық шетте қалған сияқты. Гравитациялық толқындардың бар болуының дәлелденуі. 100 жыл алдын Энштейн жорамалдап кеткен бұл құбылыстың қазіргі кезде дәлел табуы ғылымдағы үлкен жетістік. LIGO детекторлары арқылы жаңалықты ашқан ғалымдарға Нобел силығының берілетіні сөзсіз түсінікті.
Әрі қарай

Келіннің ата-енесіне төсек салғаны дұрыс па?

Жалпы кіші жүздің қызымын. Басқаларға қарағанда сонау 18 ғасырда өмір сүріп жатқандай сезінетінмін өзімді. Той-томалақ, кеңес, дау-дамай болса үлкен үй, көкенің үйі деп әкеме биге жүгінгендей үзіліссіз келіп отыратын. Қонаққа дастархан жайылса, өзіміздің қонақтарға деп бөлек бөлмеде дастархан жайылып,қыздарды күтетін. Ең дәмді, ең тәттінің бәрі қыздарымыздың аузында еді. Әкем мен анам ылғы „Ұл-үй иесі, қыз-төр иесі” деп, біздерді төрге шығаратын( әжем неге десек ертектеп айтып беретін)
Айтпағым не? Жасым 20 ға келгенге дейін тіпті тұрмыс құрғаныма дейін ер адамның денесін көрмеппін. Ағам марқұм арамыз 2 жас болса да менен қымсынып еті ашылып қалса орамалмен не жастықпен жауып отыратын. Үйде 3 қыз жалғыз ұл едік. Әкем мен анамның бөлмесіне жөнсіз кіріп көрмеппіз. Анам біздің киімдерді бөлек жуып, әкемнің киімдерін бізге үтіктетпейтін де. Екеуінің ұрыс-керісін көзбен көріп, құлақпен естімедік десек те болады.
Уақыт келіп алтын босағамды аттап мен де келін атанлым. Жаңа орта, жаңа үй бейімделу оңай емес. Қайын жұртым заманауиласып кеткендей бір. Әке үйімдегі дәстүрдің бірі де орындалмайды. (Ас қайырмайтындары таң қалдырды). Көкейімді тесіп жүрген сұрақтың бірі мынау, ата-енеме төсек салу дұрыс па әлде жоқ? Осы уақытқа дейін әкем мен анамның жатын төсегіне қолымды тигізіп көрмеппін, анам жолатпайтын еді. Құлағыма да төсегің таза болсын, өзіңнен басқа бөтен адамның қолы тимесін деп құйып тастаған. Енді өзімді тіпті зорлап та болса істете алар емеспін. Тым жеке басқа қатысты сияқты. Егер екеуінің бірі о дүниелік не жастары келген шал мен кемпір болса түсінер ем.Бірақ жастары жаңа қырыққа жетті. Бұл не? Келіннің көргенсіздігі ма, әлде ата-енемнің білместігі ме?
Әрі қарай