Азаматтарды заңдастыруға белсенді қатысуға шақырады

Астана қаласы Мемлекеттік кірістер департаментінің мәліметінше, қазіргі кезде жалпы құны 20 666 млн. теңгені құрайтын 4 947 мүлік нысаны заңдастырылған. Сонымен қатар, 11 арнайы декларация қабылданып, 8 322 млн. теңге мөлшерінде ақшалай қаржы заңдастырылды.
Астана қаласының МКД түсіндіру жұмыстары басқармасының басшысы Сәуле Баймағамбетова салық төлеушілерге арналған семинар барысында мүлікті заңдастырудың жаңа ережелері туралы айтып берді. Оның айтуынша, заңдастыру мерзімі үстіміздегі жылдың 31 желтоқсанына дейін ұзартуға және процедураны жеңілдетуге қатысты өзгерістер енгізілген.
Айта кетейік, мүлікті заңдастыруға қатысты кез келген мәліметтер салықтық және бакнтік құпия болып табылады. Ақпаратты таратқаны үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылған. Сондай-ақ, заңдастыру субъектілері құқық қорғау және басқа да мемлекеттік органдар тарапынан заңнан тыс әрекеттерден қорғалған. Яғни, мүлікті және ақшаны заңдастыру фактісінің дәлелі ретінде пайдалануға немесе қылмыстық іс қозғауға тыйым салынған. Заңдастырылған мүлікті тәркілеуге де болмайды.



Қыста үп еткен жел тұрса бітті, ауылға кіріп-шығуыңыз оңайға соқпайды. Қыста жиі естейтін сөздеріңіз: «Тоқылдақта қалып қоймаңдар», «Тоқылдақ ашық па екен?» «Тоқылдақта қалып қойыпты», «Тоқылдақтан өтіп алсақ болды». Елдің уайымы — осы. Күрек, тағы басқа заттар оңайлықпен көмектеспейді. Бір УАЗ-дың өзі әзер сүйреп шығарады. Осы Тоқылдақта небір оқиғалар болды. Боран болса ауылдағылар жолға шықпайды, ал бері келе жатқан жолаушының келгенін ешкім байқамайды. Себебі, түпте орналасқандықтан басқа көліктер өтпейді, сеть атаулы ұстамайды. Ол жерде үсіп-қатып бірнеше сағат, 24 сағат та қалып қойған жолаушылар жетерлік. Бір жақсысы Қарқаралыға шыққан 5-6 көлік болса бірінің соңында бірі, бір-бірін итеріп, күреп жанталасып жүреді. Сондай жақсылық жасалынып жатқан дүниені көргенде жүрегін елжіреп кетеді.) Ауылдың басты проблемасы — жолды үнемі тазартып отыру.
Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы 2016 жылғы 20 наурызға тағайындалған партиялық тізімдер бойынша сайланатын Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі және мәслихаттар депутаттарының сайлауына байланысты прокуратура органдары конституциялық өкілеттіктеріне сәйкес барлық сайлау процесінің қатысушыларымен сайлау туралы заңнаманың дәл және бірыңғай қолданылуына жоғарғы қадағалауды жүзеге асыратынын мәлімдейді.



Құрметті, оқырман! Бүгін сіздерге ақша табу жолдарын ұсынамын. Қаншама адам айлықтан айлыққа өмір сүріп, абыр-сабыр боп жүреді, студенттердің де күні мәз емес. Декретке шыққан келіншектер де, зейнетке шыққан кісілер де бұл кеңестерді пайдаланса болады. Сондықтан мақалада қаражат табудың 5 жолын қарастырамын. Әрбір әдістің өз құндылығы бар. Мұқият болыңыз. Сонымен, бастадық.
