Дағдарыс жағдайындағы Қазақстанның xал-аxуалы қандай?

Ұялы телефоныма қажетті заттың барлығын Орталық Әмбебап Дүкеніндегі (ЦУМ) сатушы болып жұмыс істейтін танысымнан сатып алатынмын. Әрине, таныс болғаннан кейін әр барғанымда түрлі жеңілдіктер жасап, кеңпейілдік танытып жатады.%) Қазіргі дағдарыс кезінде студент үшін бұл кішкене болса да жеңілдік. Өткен аптада аталмыш дүкендегі досымды іздеп тағы бардым. Бұл жолы телефоныма қуаттандыратын құрылғы сатып алмақшымын. Зәулім ғимараттың ең төменгі қабатына түсіп, таныс досымның шағын дүкеншегіне келдім. Бірақ, сатушы орнында жоқ екен. Әрине, күтуден басқа еш шарам болмады. Уақыт өткізбек болып дүкеннің әр қабатын аралап жүріп ойыма түрлі сауалдар келді. Қоғамда орын алып жатқан үлкен дағдарысқа қарамастан дүкеннің іші тұтынушыларға лық толы екен. Осы бір күрделі әрі өзекті сұраққа осы xалық не дер екен деген ой келді сосын. Әсіресе, жастар қауымы. Уақытым зая кетпеу үшін сауалнама жүргізуге бел будым. "Қазіргі елдегі дағдарыс сіздің өміріңізге қаншалықты әсер етуде?" деген сұрағымды негізгі тақырып етіп сауалнама алуға кірістім. Менің бұл сұрағымды естіген жұрттың көбі жауап беруден бас тартып, ат тондарын ала қашты. Бірі естімегенсіп төмен қарап, енді бірі елемей өте шыққандары да болды. Менің сауалым оларға тым қиынға соқты ма екен әлде? Бір-екі ауыз сөзбен тіл қатса, кетіп бара жатқан ештеңелері жоқ. Бұл жағдайдан кейін қазақ жастарының бір кемшін тұсын байқағандай болдым. Бір ауыз сөзді айтуға тілдері күрмеліп, беттерін басып ұялып жатты. Сөйтіп, неге жауап бермегендері мен үшін беймәлім күйде қала берді. Қайтсем де 4-5 адамнан сұрағыма жауап алуым керек деп мен де алған бетімнен қайтқан жоқпын. Әйтеуір дегенде, әйпіремдеп жүріп төрт адамнан жауап алдым-ау.
Бейтаныс жан: Қазіргі доллардың еркін қалықтауы уақытында Қазақстанның жағдайы тұрақсыз деп ойлаймын. Себебі кез келген жұмыс орнын қарасаңыз да барлық жерде қысқарту жүріп жатыр. Соған қарағанда қиын тиетін сияқты.

Ару қыз: Менің ойымша Елбасымыздың «Нұрлы жол» бағдарламасында дағдарыстан шығу жолдары қарастырылған. Сол себепті біз сабыр сақтап, қолдау жасауымыз керек деп есептеймін өз басым.

Ер жігіт: Жалпы жағдай жаман емес, осы күнге жеткізіп отырған елбасымызға рақмет.

123: Қазіргі таңда Қазақстанның жағдайы тұрақсыз деп ойлаймын.

Ал сізге қазіргі дағдарыс қаншалықты әсер етуде?
Әрі қарай

Тастанды

Жаралып ем жалғыз тамшы сұйықтан,
Қысылып ақ шығып едім тұйықтан.
Анашымның құрсағынан тоғыз ай,
Кең дүниеге шығып едім болып таң.

Анашым ай қандай жолға бастадың,
Бүгінғана дүние есігін ашқаным.
Не жазып ем шықпай жатып жарыққа,
Әжетхана нәжісіне тастадың.

Ақ әжемай не жазып ем мен саған,
Сұлу жиен мен есеспе ем аңсаған.
Қалайғана тәрбиеледің қызыңды,
Соны менің түсінбейді бар санам.

Демеушіме ед қыз балаға қырық үйден,
Ата-ананың тәрбиесі мен бар түйген.
Қалай ғана жүре аларсың жер басып,
Босағасын аттап шығып бір үйден.

Сорлы қазақ қайда кетіп барасың,
Жоғалттыңба жақсы, жаман арасын.
Ұрпағыңды сен осылай қорласаң,
Қайдан барып қадір,қасиет табасың.
Әрі қарай

Қарағандыда қоқыс өңдейтін зауыт қашан салынбақ?

Блог - alya: Қарағандыда қоқыс өңдейтін зауыт қашан салынбақ?
Қарағанды қаласында қоқыс өңдейтін зауыт туралы 2000-ыншы жылдары айтылған болатын. Қаржылық дағдарысқа байланысты жоба ол кезде іске асқан жоқ. 2010 жылы аталмыш мәселе тағы да көтерілді. Бұл жолы құны бірнеше миллиард теңгені құрайтын жобаға неміс инвесторлары қызығушылық білдірген. Алайда басы таудай болып басталған жобаның соңы құрдымға кетті. Себебі бюджетте қаражат жоқ. Ал Қарағандыда қоқыс қалдықтарын өңдейтін бір ғана зауыт бар. Ол — қаламыздағы «Ресайклинг» компаниясы. Оның қызмет көрсету аумағына қала мен сұрыптау мөлшері кіреді. Яғни компания облыстың барлық аудандарына қызмет көрсетпейді. Ең басты мәселе сол, тұрғындар қоқысты жәшіктерге сұрыптап салу жағына келгенде енжарлық танытады.
Блог - alya: Қарағандыда қоқыс өңдейтін зауыт қашан салынбақ?
Бүгінде көшеде шашылып-төгіліп жататын қалдықтарға жұртшылықтың көзі үйреніп кеткен. Көрсе де көрмеген болып өте шығады.
Блог - alya: Қарағандыда қоқыс өңдейтін зауыт қашан салынбақ?
Блог - alya: Қарағандыда қоқыс өңдейтін зауыт қашан салынбақ?
Ең бастысы қоқыс төгетін контейнерлер бос тұр. Ал оны қоршаған қоршаудың сыртқы жағында үйіліп жатқан қалдықтарда есеп жоқ.
Блог - alya: Қарағандыда қоқыс өңдейтін зауыт қашан салынбақ?
Блог - alya: Қарағандыда қоқыс өңдейтін зауыт қашан салынбақ?
Тұрмыстық қалдықтарды жою бүгінгі таңда өте өткір күйде тұрған мәселе. Бұл біздің қаламыз үшін ғана емес, бүкіл еліміз үшін де маңызды.
Өз сөзінде: «Бірінші мәселе олар үлкен аумақты алып жатса, екінші мәселе оларды жою кезіндегі ауаға таралатын түрлі газдардың адамға кері әсер етуі»,-дейді Қарағанды қалалық мәслиxат xатшысы Қабдығали Оспанов.
Блог - alya: Қарағандыда қоқыс өңдейтін зауыт қашан салынбақ?
Ал енді статистикаға назар аударсақ, республикамызда 6325 елді мекеннің 4525-інде ғана тұрмыстық қалдықтар мен күл-қоқыс төгілетін арнаулы полигондар бар. Оның тек 307-сі ғана заңдастырылған. (2015жыл)

Тек бір белгілі жайт — біздің қаламыздың қоқыс орталығына айналып бара жатқандығына билік өкілдері мен эколог мамандардың дабыл қақпайтыны қынжылтады.

Қарт кісінің сөздері сүйегімнен өтті...

Осыдан үш күн бұрын билет алу үшін теміржол кассасында кезекте тұрған едім. Алдымда егдей жастағы қарт кісі өз кезегін күтіп тұр екен. Асықпай, ептеп билетін алып болып, назарын бізге аударды. Біраз қарап тұрып:

-сендерге кім шаштарыңды жаюға рұқсат берді, бұл қазақ қызының болмысына жат нәрсе. Батысқа еліктемеңдер! Әлде, ата-аналарың сендерді осылай тәрбиеледі ме?! Әйтеуір шаштарыңның түсі қара екен, соған тәубе. Осы шаштарың түбінен қиып, сары түске бояп қоятындарға ешкім ақыл айтпайды ма?! Сендерге айтарым, қайда жүрсеңдер де қазақи болмыстарыңды жоғалтпаңдар! Аман болыңдар! Менің айтқандарым жүректеріне жетті деп ойлаймын,-деп, өз жолымен кете берді. Ұялғанымнан жерге кіріп кете жаздадым. Сол сөздер сүйегімнен өтті. Бұл қарт кісіге еш ренжігенім жоқ. Керісінше, рақметімді айтамын. «Көп жасағаннан сұрама, көпті көргеннен сұра» демей ме?! Осындай жандардан үлгі алмай, кімге қарап, кімнен тәлім-тәрбие алып өсеміз?!
Блог - DanaKuntuganova: Қарт кісінің сөздері сүйегімнен өтті...
Расымен де, ойлап қарасаң, баяғы заманда күйеуі қайтыс болып, жесір атанған әйел ғана шашың жаятын. Ал қазір, заман ағымына ілесеміз деп, қазақи болмысымызды, рухани мұраларымызды жоғалтып бара жатқандаймыз. Әртүрлі жағдай болады, бірақ бұл жағдайды мәңгілік жадымда сақтарым анық. Жаныма қатты батты. Сіздермен бөлісіп отырған себебім де сол. Көрген, білген жерлеріңізде айта жүріңіздер. «Көп түкірсе- көл» деген…
Әрі қарай

Қыз күнделігінен

Сезім ұшқындарын оятқан күзБлог - Kutpegen-konak: Қыз күнделігінен
Р.S. Осыдан бірнеше жыл бұрын журналистика мамандығына түсу үшін шығармашылық емтихан тапсырған болатынмын. Маған мына бір (сайын, жапырақ, жылу, шақ, ел аузында, үмітсіз, нағыз, қар) деген сөздерді қатыстырып күз бен қыздың сезімі туралы эссе жазу тапсырмасы келді. Уақыт тапшы, ойыма дым түсер емес. Ол кезде қанатым қатаиып, қаламым ұшталмаған еді. Тек бар арман мақсатым оқуға түсу болатын. Сол менің алғашқы шимай шатпағым...
Күз. Әр мезгіл келіп кеткен сайын мен үшін осы күздің орны бөлек. Ұйқылы көңілімді түртіп оятқандай, нақ осы мезгіл жүрегіме небір сезім ұшқындарын себеді. Жаныма ерекше күй, жүрегіме қайталанбас сезім сыйлайды. Ел аузында күздің бірнеше атауы бар деседі. Солардың бірі – мырза күз, бұл жеміс-жидектер пісіп, молайған шақ екен. Сен де осы мезгілде мені піскен жемістей тәтті сезімдерге тойдыртып кеткенсің. Дәл осы күз мен үшін ғажайып, сезімдер іспеттес, Жалғасын табар сары күз – ағаштың, жапырақтың сарғайып түлеген кезі екен. Сағыныш сезімі солып, жапырақша сарғайып, ағаштан бір талдап үзілген жапырақтай жүрегім үмітсіз күйді бастан өткереді… Осыдан келеді екен жылауық күз. Күн жылуы азайып, салқын тарта жауындатып, нөсерлетіп тұрады. Өшкелі тұрған сезімдей. Келесі келер қоңыр күз – бұл енді қара суық, жүрекке қоңыр суығы жеткендей. Қара күзді айтпаса да түсінікті, нағыз суық түскен кез, сөніп-өшіп сезім күлі қалған кез. Содан кейін біз күткен келіп жетті-ау, бақырау күз. Қар жауып, ызғары тоңдырған кез. Күздің соңғы айлары, соңғы түстер сынды. Бәрі өткен, бәрі кеткен сол бір – КҮЗ…
Әрі қарай

Бұл өмір -жалған өмір.

Келме маған қуанышты кезімде,
Жоламағын, жамандықты кезінбе.
Қайғысынан отбасымның қорқамын
Өзге жанның жылағанын сездім де.
Аждаһа ажал алыс жүрші келмегін,
Шайтандардың бесіктерін тербегін.
Менен және менің жақындарымнан
Аулақ кеткін, уытыңды бермегін.
Ұзақ жүріп, құлшылығын жасасын,
Алма ажал, пенделердің мазасын.
Жақсы жанды сезесің бе әйтеуір
Көбейтпесін дейсің бе әлде жазасын.
Өмір сүйсең өлімді әсте жат көрме,
Біреу кетсе, дұға тіле бөгелме.
Сенде бір күн, менде бір күн кетермін
Жалған өмір, бір-біріңе кектенбе.
Подробности

Үйсіз мысық

Өлеңге әркімнің-ақ бар таласы...: Үйсіз мысық
Үйсіз мысык. © Абылай Шаймерденұлы.

Шулы коше, мазасыз шақ болатын
Әне адам жерге қойды пакетті.
Әлі ұйқыда жатқан мысық баласын,
Осы жерге қалдыруға әкепті.

Ал оянған мысык тұрды мияулап,
Сезгендей ме енді жалғыз қалғанын.
Жаутаңдайды бөтендерге таяулап,
Қайда кеттін ием менін арманым?

“Қарашы бір көздеріме қожайын,
Көзіңдегі мейірімге қанайын.
Мені өзіңмен ала кетші қожайын,
Пыр пыр етіп ерке әніме салайын.

Маңызды емес ата тегің, кім едің,
Сипап өтші болды сенін досыңмын.
Анам барда еш алаңсыз жүр едім,
Бүгін міне жабайыға қосылдым!”

Естілмеді адамдарға жанайқай,
Бұлай адам болғандарың бар болсын.
Қарамайды: “Асығыспын балақай,
Ал өзіңе жаратқаның жар болсын”

Иттер қуды, байғұс суға былғанды,
Тағдырынан алған қатал жарлықты.
Бұрын жүріп көрмеген ғой бұл маңды,
Шырылдаумен әлсіз даусы қарлықты…

Ащы сабақ, оған да жоқ таласым,
Адамдарға суытқан көз қарасын.
Ол көңілді марғау емес ендігі,
Қасқыр еді жалап жазған жарасын…
Әрі қарай

Қызық тапсырма

Қай әлеуметтік желіні ашып қарасаңыз да, мына алма, кокос, бананы бар, канадалық Лиза Уолке жариялаған сурет шыға келеді.))
Блог - alya: Қызық тапсырма
Тапсырманың күрделілігі жеміс санының өзгеруі, яғни банан мөлшері азая түседі, ал туралған кокос жаңғағынан жартысы қалады.
Көбісінің берген жауабы әртүрлі. Біреулер «14» десе, екеншілер «15», үшіншілер болса, дұрыс шешімі «16» деп жауап берген.
Сіздің ойыңызша неше?
Әрі қарай

Сен маған кел

Өлеңге әркімнің-ақ бар таласы...: Сен маған кел
Сен маған кел… © Абылай Шаймерденұлы

Мен тоңдым, тұмандатқан күн де мұңды,
Жан-жағым тұман ба әлде елесің бе?
Алыстарда жол таппай жүргеніңді,
Сезінем, ойланамын, келесің бе?

Сен маған кел көп бұлбұл ән салғанда,
Ерекше кел, қалмағын бірі болып.
Сен маған кел меңіреу бұл жалғанда,
Талауыртқан аққудың үні болып.

Сен маған кел көк түтін бұл ғаламда,
Таза самал жел болып, соқпа қатты.
Періште бол, жартастан қарғығанда,
Іліп ала жөнелген, ақ қанатты.

Сен маған кел, желкенді кеме болып,
Суға кетсем көрінген қарсы жақтан.
Келші мейлі судағы пері болып,
Тұншықсам да жаныңда қарсыласпан.

Сен маған кел,құпия теңіз болып,
Бар екенін ешкім де білмей қалған.
Сен маған кел бейтаныс әлем болып,
Ғаламшар боп, телескоп көрмей қалған.

Айым боп кел, болса да әркім ғашық,
Күнді куткен… Көгінде жүзген…
Сен маған кел жүректің құлпын ашып,
Жалғыз кілтпен...Өзіңде жүрген…
Әрі қарай