Елордалық басқармаларға 1,5 мыңнан астам өтініш келіп түсті

Астана жаңалықтары: Елордалық басқармаларға 1,5 мыңнан астам өтініш келіп түсті
Астанада «Белсенді азамат» акциясы аясында ашық есік күні өтті. Елордалық басқармаларға 1541 өтініш келіп түсті, соның ішінде 660-ы жазбаша түрде жолданған.

Жазбаша өтініштердің басым бөлігі Тұрғын үй басқармасына жолданды – 86, Жер қатынастары және жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасына – 45, Жолаушылар көлігі басқармасы мен «Астана LRT» ЖШС – 43, сондай-ақ, Жергілікті полиция қызметіне – 35 өтініш келіп түсті.

Басқарма басшылары Астана тұрғындарының сұрақтарына мардымды жауаптар қайтарып, тұрғындар қалалық қызметтердің жұмысын жақсарту бойынша өз ұсыныстарымен бөлісті. Сонымен қатар, басқармалардың басшылары биылғы жылға арналған жоспарларға тоқталып, өткен жылы атқарылған жұмыстардың қорытындысын шығарды.

Айта кетейік, елорда тұрғындары өз сауалдарын кез келген уақытта Астана қаласы әкімдігінің ресми сайтындағы «Халықтық бақылау» және «Виртуалды қабылдау бөлмесі» айдарларына жолдай алады.

astana.gov.kz/kk/modules/material/9938
Әрі қарай

Астаналықтар «Белсенді азамат» акциясына қатысты

Астана жаңалықтары: Астаналықтар «Белсенді азамат» акциясына қатысты
10 ақпан күні Конгресс-холлда барлық қалалық басқармалардың өкілдерінің қатысуымен Ашық есік күні өтті. «Белсенді азамат» акциясы аясында өткен шара барысында елорда тұрғындары қалада тұру жайлылығы мен сапасын арттыру мақсатында қалалық инфрақұрылым жұмысын жақсарту бойынша ұсыныстар мен сауалдарын жолдады.

Қалалық басқармалардың басшылары қойылған сұрақтарға жауап беріп, өткен жылдың қорытындысын шығарды, сондай-ақ 2016 жылға арналған жоспарларға тоқталды. Елордалықтар өз сауалдарын жазбаша және ауызша түрде жолдады. Негізінен, балабақшаға кезек, ескі үйлерді бұзу, тұрғын үй коммуналдық шаруашылықты жаңғырту, тұрғын үй салу, ПИК жұмысы, қаланың көлік жүйесі, аулалардың аумағын абаттандыру мәселелері сөз болды.

Тұрғын үй инспекциясы басқармасына сауалдар көп жолданды. Мекеме басшысының орынбасары Азамат Әміржанов адамдардың басым бөлігі түске дейін келгенін атап өтті.

– Таңертеңнен бері адамдар көптеп келіп жатыр. 20 жуық адам Тұрғын үй инспекциясы басқармасына келді, оларға бәрін түсіндірдік. Кейбір сұрақтарға сол жерде жауап бердік, кейбір сұрақтарды қосымша қарау керек. Азаматтар көбіне тұрғын үй қорына, санитарлық жағдай мен ПИК жұмысына қатысты сұрақтар қояды, деді А. Әміржанов.

Қала тұрғындарының айтуынша, мұндай кездесулер жергілікті билік пен тұрғындарды байланыстыратын буын болып табылады, сондай-ақ, проблемалық мәселелерді шешуге көмектеседі. Жалпы, кездесу аясында 1541 өтініш келіп түсті.

Гүлмира, елорда тұрғыны:

— Бұл кездесудің нәтижесі болады деп үміттенемін. Мен Тұрғын үй инспекциясы басқармасынан өзіміздің ПИК туралы сұрамақпын. Олар мәселені шешіп береді деп ойлаймын.

Марина, елорда тұрғыны:

— Мен өз үйімді бұзу туралы сұрамақпын. Мұндай шара қала тұрғындары үшін өте ыңғайлы. Кез келген адам кез келген департаментке және басқармаға сұрақ қойып, сол жерде жауап ала алады.

Аманжол, елорда тұрғыны:

— Мұндай кездесуге алғаш рет келіп отырмын. Несиені қалай төлеп, болашақта қалай жұмыс табуға болатынын сұрау үшін келдім. Өйткені, қазір жұмыссыз жүрмін. Кездесудің өтетіні туралы смс-хабарламадан білдім.

Айта кетейік, Астана қаласының тұрғындарымен және басқа да мүдделі тұлғалармен тығыз байланыс орнату үшін осындай кездесулер тұрақты түрде өткізілетін болады. Тұрғындар өз сауалдарын «Халықтық бақылау» және «Виртуалды қабылдау бөлмесі» айдарлары арқылы кез-келген уақытта жолдай алады.

Астана жаңалықтары: Астаналықтар «Белсенді азамат» акциясына қатысты

Астана жаңалықтары: Астаналықтар «Белсенді азамат» акциясына қатысты

Астана жаңалықтары: Астаналықтар «Белсенді азамат» акциясына қатысты

Астана жаңалықтары: Астаналықтар «Белсенді азамат» акциясына қатысты

astana.gov.kz/kk/modules/material/9928
Әрі қарай

Жақсыбеков пен Есімов ЭКСПО-2017 көрмесіне дайындық бойынша кеңес өткізді

Астана жаңалықтары: Жақсыбеков пен Есімов ЭКСПО-2017 көрмесіне дайындық бойынша кеңес өткізді
Бүгін елордада ЭКСПО халықаралық мамандандырылған көрмесі аумағында қала басшысы Әділбек Жақсыбеков пен ұлттық компанияның басқарма төрағасы Ахметжан Есімовтың төрағалығымен Астана қаласы әкімдігі мен «Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ алғашқы бірлескен кеңесі өтті.

Бірлескен іс-қимылдар жоспары аясында тараптар 2017 жылы өтетін көрмеге дайындық және оны өткізу бойынша өзекті мәселелерді жұмыс тәртібінде талқылап, шешеді. А. Есімов ұлттық компания атқарған негізгі жұмыстарға тоқталып, іс-шаралардың кестеге сәйкес жүргізіліп жатқанын, барлық бағыттар бойынша жұмыстардың күшейтілгенін және Мемлекет басшысы берген тапсырмалардың бәрі орындалып жатқанын атап өтті.

Бүгінгі таңда 74 мемлекет пен 14 халықаралық ұйым ЭКСПО-2017 көрмесіне қатысатындарын ресми түрде растады, сондай-ақ, ЭКСПО-2017 басқарма төрағасы көрменің ашылуы кезінде қатысушы мемлекеттердің саны 100-ге жететініне сенім білдірді.

Елорда әкімінің орынбасары Нұрәлі Әлиев қаланы аталмыш маңызды шараға дайындау жөнінде толығырақ айтып берді. Оның айтуынша, ЭКСПО өткен кезде басты жүктеме көлік басқару жүйесіне түседі. Астана әкімдігі көрмеге дайындық аясында қаланың көлік-логистикалық инфрақұрылымын қамтамасыз ету бойынша үлкен жұмыс атқаруда. Атап айтқанда, бірыңғай диспетчерлік қызмет пен көліктік бақылау қызметі құрылды, Қазақстанда алғаш рет Көлік ағынын басқару орталығы енгізіліп жатыр, тұрақ кеңістігін басқару жүйесін кешенді құру мәселесі қаралуда, интеллектуалды көлік жүйесін (ITS) енгізу жұмыстары қолға алынды және т.б. Н. Әлиевтің сөзіне қарағанда, осы мәселені кешенді түрде шешу елорданың көлік-логистикалық желісін халықаралық стандарттарға сәйкес құруға мүмкіндік береді. Қала әкімінің орынбасары өз баяндамасында құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету, денсаулық сақтау, көрме қонақтарын орналастыру мен тамақтандыруды ұйымдастыру, іс-шаралар күнтізбесі, волонтерлар жұмысын ұйымдастыру және т.б. мәселелерге тоқталды.

Қала әкімдігі қызмет көрсету саласында сапаны арттыру бойынша жұмыстарға айырықша назар аударады. Бүгінгі таңда ұлттық компаниямен бірлесе «ЭКСПО ұсынады» Астана қаласының серіктестік бағдарламасы жүзеге асырылуда. «Қазіргі кезде серіктестік бағдарламаға қатысуға 50 астам өтінім келіп түсті», — деді Н. Әлиев. Оның айтуынша, бағдарламаға қонақ үйлер, қоғамдық тамақтану объектілері, көлік қызметтерін ұсынатын компаниялар мен турфирмалар қатысады.

Кеңес соңында елорда әкімі бірлесіп жұмыс істеудің және барлық бағыттар бойынша өзара әрекет етудің маңыздылығын атап өтті.

«Қала үшін ЭКСПО халықаралық көрмесі маңызды емтихан болып табылады, оның үстіне бұл елордамыздың тыныс-тіршілігінің барлық саласының дамуына қосымша серпін береді. Көрмеге де, Астанаға да қызығушылықтың ұдайы артып отырғаны байқалады. Бүгінде барлық қалалық құрылымдардың басты міндеті – қаланы ЭКСПО-2017 көрмесіне дайындау» — деді Ә. Жақсыбеков.

А.Есімов, өз кезегінде, Астана үшін ЭКСПО-2017 көрмесіне дайындықтың шешуші кезеңі басталғанын атап өтті. Ұлттық компанияның басқарма төрағасының айтуынша, 1 қарашадан бастап барлық павильондар тапсырылуы тиіс.

«Астанада көптеген маңызды халықаралық шаралар өткізілді, бірақ олар 2-3 күнге ғана жалғасатын. ЭКСПО көрмесі 93 күн бойы өтеді, және бұл қаланың барлық инфрақұрылымына салмақ түсірмек, бәріміз де бұған дайын болуымыз керек», — деді А. Есімов.

astana.gov.kz/kk/modules/material/9919
Әрі қарай

Муха Мухырлыч. "Подхалим"

Жырақта жүріп, арды ойлар болар ма. Оның үстіне — баяғы істерге бола.

Болады екен. Болмақ түгілі, сол бір оқиғаларға қатысы болған кісілердің кейпі көз алдыңда қылаң беріп, дауыстары қаңғырлап естілетіні бар екен. Былайғы жұрт Остраваның жайма-шуақ кешінде қазақша сөз түгілі, мұңғұлоидқа ұқсас кескін кездестіруі неғайбыл. Тек маған олай емес. Сыртқа жалғыз көрінгеніммен, қасымда — ертедегі үлкенді-кішілі адами қылмысыма куә болған қырық кісі бар. Барлығы қазақ. Барлығы қазақша сөйлейді. Жады шыңырауынан сыбап жатыр мені.
Әрі қарай

Депутатқа ұсыныс...

Депутат десе қарапайым халықтың көз алдына жұмыс істемейтін, жалақысы көп, мемлекеттің ақшасына қыдырып жүретін жасы 50-ден асқан ағатай елестейді. Істеген жұмыстары міне-міне деп көрінбеген соң солай ойлайды. Жалпы, халықтың арасында депутатқа деген негативті көзқарас бар. Бірақ, бәрі балаларының депутат болғанын қалайды)
Мен жаңадан сайланатын депутаттарға әлеуметтік желіден аккаунт ашуды ұсынар едім. Депутаттың кемінде 3-4 көмекшісі болады. Соның біреуіне смартфон ұстатып қойып, өзі бағыт беріп отырса халық істеген істеріне көз жеткізер еді. Оның үстіне халыққа да жақындай түседі. КВН-шиктер де ұйқы туралы әзілдерін азайтар еді. Содан, депутаттардың арасында рейтинг есептеп сыйақымен мараппаттап отырса тіпті бәсеке күшейіп, парламенттегі жұмыс ашық көрінер еді. Кімнің- кім екені көрініп, халық жұмысын интернет арқылы білген соң дауыс беруге де көзқарасы басқаша болар еді. Солай емес па?
Әйтпесе, мандаттан үміткерлердің жартысынан көбін халық саяси аренада көрмеген. Танымайды. Тіпті, «Ақ Жол» партиясының атынан тізімге енгендердің 70% кәсіпкерлер екен.
Қарапайым облыстық деңгейдегі мемлекеттік басқармалар да әлеуметтік желіні оңынан пайдаланып отыр. Осы желі арқылы өздерінің аудиториясын қалыптастыруда.
Жалпы, депутаттардың атқарған жұмыстарынан хабардар болып отырғым келеді.
Әрі қарай

16 қыз - жаңа романтикалық комедия 03 наурызда!

Киностан: 16 қыз - жаңа романтикалық комедия 03 наурызда!

Нұржан мен Сәлиманың арманы — немерелі болу. Бірақ Бауыржан сүйген қызына үйленгісі келеді. Оның үстіне, ата-анасы «бел құда» салтымен айттырып қойған қалыңдығы Айжанның ұнатқан жігіті бар. Егер Күләш тәтейге тон қажет болмағанда бұл әрекеттен түкшықпас еді. Ару қыздар байқауы, үндістермен айқас, жол бойындағы шытырман – осынау әдемі тон үшін кейіпкерлеріміз қандай қиындықты бастан кешпейді дейсің!

Әрі қарай

Сайлаудағы саяси жүріс...

Біздің журналистерге рейтинг болса болды ғой шіркін! Өзі түсінбей отырған халықты "Қайрат Нұртас пен Жанар Дұғалова депутат болады" деген тақырыптармен одан сайын шулатып қойды.

Біріншіден, кандидат болды деген мандат алып депутат болды деген сөз емес. Әзірше олар жай ғана тізімге енді.
Екіншіден, бұл деген саяси жүріс. Яғни, танымал адамдарды тізімге енгізе отырып халықтың сайлауға деген көңілін бөліп, көбірек дауысын жинау. Уақыты келген кезде сол «вид» үшін жүрген әртістер өздерінің дауысын лайықты деген немесе билік айтқан үміткерге беріп шетке жылжи салады. Бұл жерде олар өздерінің жас екендерін, ағаларға сенетіндерін айтып халықтың алдында тағы бір мәрте беделдерін көтеріп қалады. Жақсы емес па?

Үшіншіден, жылына 2,5 миллион доллар табатын Қайрат Нұртас 500- ақ мың үшін әншілігін қойып депутат болады дегенге сенбеймін) Сондықтан-да сабыр сақтайық!

Өзім, қоғам қайраткері Бекболат Тілеухан ағамыз депутаттықтан үміткер болғанына шынымен қуандым! Сәттілік аға! Мүмкін Сіз, мандатқа мұқтаж емес шығарсыз. Бірақ, Ел Сіздей депутатқа мұқтаж!
Әрі қарай

Стамбул университетінен кімдер білім алды?


Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды Мемлекеттік университетінің алтын ордасынан ұшқан түлектері. Стамбул университетінің доктарантурасын тәмамдап, қазіргі таңда Қазақстан Ұлттық телеарнасында қызмет атқарып жүрген Ержан Төлек пен Стамбул университетінің магистратурасын бітіргелі жатқан Сəкен Салтан ҚарМУ-дің журналистика бөлімшесінің студенттерімен кездесіп, өздерінің артынан еріп келе жатқан мына біздерге ақыл-кеңестерін айтып, студенттердің қойған сауалдарына жауап берді. Қазіргі уақытта журналистика мамандығының ішіндегі экономикалық жəне саяси саланы меңгерген абзал деді. Жəне де кез келген жерге барсаң ағылшын тілін сұрайды. Сондықтан да уақыттарыңызды босқа өткізбей, ағылшын тілін меңгерген жөн деген пікірлерін айтты. Алтын уақыттарыңызды бөліп келгендеріңізге үлкен алғысымыз шексіз.

Балалардың ермегі

Кеш жарық Керекинфо оқырмандарым! Алдынғы постта мен сіңілімнің жасағандарын көрсетемін деген едім. Менің сіңілім 8 жаста 2 сыныпта оқиды. Мен үйге барғанымда сіңілім маған неше түрлі кішкентай резенкеден жасалған бүйымдар жасап береді. Осы резенкелер балаларға жақсы болды. Резенкелер балалардың қол моторикасын дамытуына көмектеседі. Қазір жаһанданған заманда ғаламтордан көптеген заттар жасап үйренуге болады. YouTube желісінен видеолар көріп үйренген екен. Әр жасаған заты, тандаған түсі үйлесімді. Бос уақытын телефон ойындарына құртқанша осындаймен айналысқанына мен қуанамын.
Әрі қарай

Басы ащы болса,соңы тәтті болады.

Басы ащы болса, соңы тәтті болады.

Жаздың жайма шуақ кезі.Дәл осы жылы ең алғаш дүние есігін ашқаным есімде.Анамның құрсағында жатып ана мейрімін көрмегенім мен бөтен апайлардың тәрбиесін, мейрімін сезініп жүрмін.Анамды ең құрығанда бір көруді армандаймын.Анамды түнде жұлдыз ішінен іздесем, ал күндіз бұлттың арасынан іздеймін.«Апа мені қашан алып кетесіз?Қашан мені бауырынызға басасыз»-деп айтудан еш жалыққан емеспін.Анамды сағынғаным соншалық тіпті көрмеген, даусын естімеген анамды еске алған сайын көзіме жас келеді.Әр адам күндерін балаларын аймалап,құшақтап бар мейрімге бөлеп жатады.Ал біз ше біздің күйімізді ешкімнінде басына бермесін.Әр күніміз терезеге үнілумен өтеді.Кетіп бара жатқан адамдарға қарап, мүмкін менің анам шығар деген үмітпен әр күніміз өтіп жатыр.Әр адамға жаутандап қарағанымызбен ішкі жан дүниеміз өртеніп бара жатқандай болды.Қанша дегенмен өз анан әрқашан ыстық емес пе? сол аналарынын қадірлемей жатқан қанша адам бар.Тоғыз ай көтеріп, бауырына басқан, сен жыласан жанынды құрбан ететін ананды қалай ғана қарттар үйіне тастайсын ал мен болсам өз анамның мейрімінде, алақанында ,құшағында сезіне алмадым.Менің анам мүмкін мені қаламайтын шығар,әлде мені жек көрді ме екен оныда білмеймін.Кейде анамды елестетіп қойамын: Шашы қою қара, бойы ұзын, көзі мөлдіреген,қиылған қара қастары бар,өте мейрімді адамға ұқсатамын.Шіркін анамды бір көрсем екен…

Ертең менің бақытты күндерімнің бірі болмақ.Туған анам келіп алып кетпеседе, туған анамдай балатын апай алып кетпекші.Әрине алып кететініне көңілім толмайды.Өткені ол мені өз баласындай көреме,әлде  сен бөтенсін деп шеттете ме, оныда білмеймін.Бірақ ол үшін бөтен болатыным айдан аңық.Не боларын ертең көрерміз.Тек апа мен сізді жаксы көретінімді сіздің орнынызды ешкім баса алмайтынын білсеніз болғаны.Сонында өзі мен үшін жеткілікті…

Міне өзім армандаған  күнгеде жеттім.Осы күнге жетсемде неге көңілім толмайтының түсінбеймін.Неге екенін білмеймін бүгін туған анам іздеп келетіндей көрінеді.Бірақ бұлай болмасы аңық.Міне өгей анамда келді.Өзім елестеткен адамға мүлдем ұқсамайды.Қабағынан қар жауған, бір мейрім танытпайтын адамға ұқсайды.Қандай ана болсын мейрімі шексіз болады деуші еді.Бірақ бұл сөз бұл адамға жат көрінді.Тіпті маған мән беріп қарамады да… Кейін тәрбиешілерім мен қоштасып, шексіз алғысымды білдірдім.Қанша маған жат адамдар болғаныммен қоштасуға көңілім қимады.Бауыр басып кеткенім соншалық, бөтен деп санайтын тәрбиешілерді, білім нәріммен сусындырған ұстаздарымды тіпті үйімдей ыстық болып кеткен балалар үйінде қимай қоштасуға тура келді.Кейін өгейде болсын туған анамдай болатын анамның қолымнан ұстап кетіп бара жатқан кезде, бір бөтен әйелге түйісіп жерге жығылып құлап түстім.Әлгі әйел жіңішке даусымен:

-Балам тұра ғой! Бір жерінді жарақаттап алған жоқсын ба?-деп орнымнан тұрғызды.Әлгі әйелдін бар мейріммен «Балам»деген бір ауыз сөзі жүрегімді елжіретіп жіберді.Құдды бір өз анам айтып жатқандай шыдай алмай әлгі әйелді құшақтап алдым.Әлгі әйелде мені қатты құшақтап маңдайымнан еміреніп қайта-қайта сүйе берді.Осы кезде ғана ана махаббаты қандай болатының түсіндім.Алайда өгей анам осы бақытты көп көргендей мені әлгі әйелдің құшағынан суырып алмақ болды.Мен оның мойының жіберместей тас қылып құшақтап жібермедім.Алайда өгей анам бой бермей ақыры әлгі әйелдің құшағынан айырып алды.Кетіп бара жатқан кезде бар даусыммен:

-Арман-деп айқайладым…

Өгей анамның үйінеде келдік.Ішін көрсен адам шошырлық.Құдды бір сарай дерсін.Отырып жайғасарлық бір орын таппайсын.Улап шулап жүрген кір қожалақ балалардан басқа ешкім жоқ.Балалар мені көре сала топырлап мені қоршап алды.Менің үстімдегі киімімді көріп, кір-кір қолдарымен ұстап ластап тастады.Кейбіреулері аяқ киіміме жармасты.Қорыққанымнан аяқ киімімді шешіп бере салдым.Олар аяқ киімге таласып жатқан кезде бір бұрышқа барып жайғастым.Осы кезде өгей анам айқайлап:

-Тынышталындар не болды аяқ киімге жабылып әкеліндер-деп балалардың қолынан жұлып алды.

-Бүгінгі тапқан ақшаларынды әкеліндер-деп еді балалар қалталарынан ақшаны шығарып бере салды.Өгей анам балалардың ақшаларын жинап болғасын барлығын қосып, санай бастады.Санап болғасын:

-Бүгін дым жұмыс жасамапсындар.Өңшен арам тамақтар-деп балаларды ұра бастады.Мен оларды ұрып жатқаның көріп, шыдай алмай орнымнан тұрып:

Тоқтаныз бұныныз не? Оларды не үшін ұрасыз-деп айқайлап жібердім.Өгей анам жаныма келіп, жағымнан ұстап:

-Эй боқ мұрын сен не деп тұрсын.Өз орнынды біл.Ертен сенде осы балдар сияқты көшеге шығып,қайыр сұрайтын боласын.Енді мына жиденді шеш.Шеш-деп деп айқайлады.Мен шешіп бере салдым.

-Бүгін ешкім тамақ ішпейтін болады.Ертен тағыда осындай мөлшерде ақша алып келетін болсандар тағыда тамақ ішпейтін боласындар-деп менің киімім салынған сөмкені алып есікті қара кілтпен тас қылып кілтеп кетті.Өгей анам кете сала балалар мені дөңгелектеп қоршап алды.Маған тиісетін шығар деп ойлағам бірақ барлығы керсінше болды.Барлығыда өзім сияқты жетім балалар екен.Оларды да мен сияқты жетімдер ұйінен алып келіп осы жерге қамап қойыпты.Балалар таңертен ертесімен тұрып, көшеде тұрып қайыр сұрайды екен.Балалар Тапқан ақшамен өгей анам өзінің отбасын асырайтын көрінеді.Мында 10шақты бала осылай қайыр сұрайды екен.Енді осылардың қатарына 11ші болып менде қосылдым.Осылардың барлығын естігенде төбемнен жай түскендей болды.Барлығымыз түнде ұйықтай алмадық.Бөлменін іші суық болғаны соншалық денен дір-дір етіп ұйықтай алмайсын.Табандарым бүрсиіп суық тартып қалады.Жылыту үшін аузыммен үрлеп-үрлеп қойамын.Сөйтіп отырғанда таңда атты.Балалар айтқандай ертесімен өгей анам келіп тас болып жабылып тұрған есікті ашты.Балалар есікті аша салысымен топырлап шыға бастады.Кейін өгей анам бүгін осындай ақша жинауларын керек деп балаларға бөле бастады.Міне кезек мағанда келді.

Ү Сен бүгін енді алғаш рет шығайын деп жатқандықтан 3000теңге жинасан болғаны-деп миыма құйып айтып кетті.Қанша жинайтынымызды айтып болған соң бізді аудан-ауданға бөле бастады.Мені кісілер ығы-жығы болып жататын базарға апарып кісілер көп жүрер ау деген жерге апарып орналастырды.Қайыр қанша сұрамайын десемде сұрамасқа амалым болмады.Қарнымның ашқаны соншалық не берседе, жей берер едім.Балалар үйінде өзім жемейтін тағамға зар боламын деген ой үш ұйықтасамда ойыма кірмепті.Тағдырдың жазғаны шығар деп қолымды жайып едім бір ана келіп,қолыма тиін тебенің тастап кетті.Осы кезде көзімнен жас еріксізден шығып кетті.Мен армандаған өмірім осы ма еді.Әрине осы болмағаны айдан аңық.Маңдайыма жазғаны осы шығар.Көнбескем амалым жоқ…

                            ********************************

                                     5 Жылдан соң

Кәмілеттік жасқада келдім.Өз қолым өз аузыма жеткенді.Өз бетіммен өмір сүрер кезде келді.Ендігі мақсатым өгей анамнан құтылып кашып шығу.Бала кезден қашудың жоспарын құрып жүргеніме міне  5жыл өтті.Болашақта кішкентай болсын жұмысқа тұрып адал еңбек ету… Міне әдеттегідей таң атпай жатып өгей анам келді.Сол баяғы бүгін жинайтын ақшаларымызды айтып, аудан-ауданға бөліп тастады.Осы жолы маған шағын бірақ адам көп жүретін ауданға тұру бұйырыпты.Ауданға барып жайлы бір жерге отырып жайғасып қайыр сұрай бастадым.Өгей анам түскі асқа кеткен кезде ебін тауып қолымдағы бүгін түскен ақшаны қорапқа салып қашып кеттім.Бір жағынан қашып кеткеніме қуансам, бір жағынан өгей анамды да аямын  қайыр сұрап азда болса отбасына көмектесуші едім.Енді олда жоқ.Егер өгей анамда қалсам болашағыма балта шапқандай болар едім.Осылай өгей анамнан қашып пысып жүргенімде қас қарайып кеште түсті.Бір саябақтың орындығына барып біраз ойландым.Енді жаңа өмір бастауым керектігін кішігірім жұмыс тауып, адал еңбек етіп ұлкен білімді азамат болуым керек деген алдыма мақсат қойып өз-өзіме уаде бердім.Кейін орындықта жатып көзім ілініп кетіпті.Таңертен ертесімімен біреу түрткендей болды.Өгей анам тауып алдыма деп шошып ойанып көзімді ашып қарасам ешкім жоқ.Тек аяғымның астында жатқан қанғыбас иттердің бірі екен.Иттің басынан сипап:

-Ай жануарым ай сеніңде күйін дәл менікіндей екен.Сеніде анан  керек қылмай тастап кеті ме? Сенің күйінді менен басқа кім түсінер дейсін-деп басынан сипап кетіп қалдым.Жолда кетіп бара жатқанда дүкендер мен аялдамада тұрған хабарламаларды ежіктеп оқып, ақыры қара жұмысшы болып жұмысқа тұрдым.Кешке дейін жұмыс жасап болғасын.Еңбекпен тапқан ақшамды алып,қарным тойғанша тамақтандым.Еңбектің наны тәтті денен осы шығар…

                     1Жылдан соң

Міне жайлап-жайлап қара жұмысшыдан көтеріліп келемін.Бұрын білімім солмаса, ал қазір дәрігерлік мамандықты оқып жатырмын тіпті мамандығым бойынша тәжірібе жинақтап жұмыс жасапта жатырмын.Өз өміріме өзім ризамын.Бүгінгі жұмысым бітіп үйге кетіп бара жатырған жолда бір әйел адамға соқтығысып қалдым.Апай жерге құлап қалды.Мен апайдан кешірім сұрамақ болып:

-Апа кешірініз сізді байқамай қалыппын-деп орнынан тұрғыздым.Апай маған қарап үн қатпады.Менде ол апаның түрін көрген кезде жүрегім дір етіп қобалжи бастадым.Апайдан кешірім сұрап бұрылып кетіп бара жатқан кезде.

-Балам-деген дауыс естілді.Артыма қайта бұрылдым.Апай қасыма келіп:

Балам-деп құшақтады.

Балам мен сені қанша іздегенімді блесін бе? Сен әлі күнге дейін өзгермепсін.Сені қалай сағынғанымды блесін бе? Балам сені тастап кеткенім үшін кешірші балам-деп жылады.Сол кезде ғана есіме түсті.

-Апа сізді қанша күткенімді білесіз бе? Сізді сол кезде көргенімде сіз менің анам екенінізді бірден білгем.Менен кешірім сұраманыз мен сізден кешірім сұраймын.Сізді осы кунге дейін іздемегенім үшін кешірініз апа-деп қатты етіп құшақтадым.Мен осы кезде бақыт деген осы екенін түсіндім.Осы күнен бастап анам екеуміздің жұбымыз жазылмады.Базарға барған кезде қайыр сұрап отырған адамдарға қарап, өзімнің бағы кезіп есіме түсіп, осы өміріме шүкіршілік етемін.Ата-анамыздың қадірін біліп,өмір сүріп жатқан өмірімізге шүкіршілік етейік…
Әрі қарай