Төрлеттім Керекинфоға!!!

Алаштың арқа сүйер алтыннан ардақты қазақ жұртым, амансыздар ма?! Ең алдымен өзімді таныстырып өтейін. Мен, Гүлзат Сəрсембекқызы Қарағанды облысы Балқаш қаласында туып өстім.
Қазақта «Армансыз адам, қанатсыз құспен тең» — деген сөз бар емес пе?! Шынында да арманның өзі өнер ғой. Өмірде 2 нəрсені таңдауда қателеспеу керек: біреуі — мамандық болса, екіншісі — жар таңдау. Өзімнің жүрек қалауымен таңдаған мамандығым — журналистика. Осы саланы таңдағаныма еш өкінбеймін. Осыдан 3 жыл бұрын Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды Мемлекеттік университетіне құжатымды тапсырып, бісміллə деп журналистикаға аяқ бастым.
Керекинфоға көкейімде жүрген сын — жазбаларымды жазып жəне де жазу стилімді қалыптастырып, жетілдіргім келеді.

Қызығушылық неден басталды ?!

Менің қызығушылығым қалай және қашан басталды? Мен бесінші сыныпта оқып жүргенде ауылда менің апам кішкене мойыншақтан бір адамның аты жазылған білекке тағатын бұйым жасап отыр екен. Қарап отырмын қалай жасайтының. Ешкімге көрсетпей өзім жасап көрдім басында шықпады солай біраз нәрсені бүлдіргенім бар, анам тігінші болғандықтан кеткен жіпті ойлап отырған мен жоқ. сол кезден бастап қызығушылық басталды. Алдына мақсат қойсан, мақсатына жетеді екенсін. Әкем рұқсат бермейтін көзінді құртасын деп, сондада тығылып отырып жасайтынмын. Қазірде жасаған бұйымдарыма қарап таңқалып отырады. Мына суреттегі браслет менде жүреніне 10 жылдан асқан шығар, бұл менің ең алғашқы жұмысымның бірі! (менің естелігім блог үшін алып шықтым). Апама рақмет менің осындай бойымдағы дарынды ашуға септігін тигізген. Келесі постта менің кішкентай сіңілімнің жасаған заттарын жариялаймын!
Әрі қарай

Алғашқы жазбам

Сəлем беріп бастайын сөзімді, өзім жайлы айтайын! Туып өскен жерім Сатбаев қаласы, мектепті <Менделеев шәкірті> наминациясымен тәмамдап, білім қуып Қарағанды Мемлекеттік Университетіне оқуға түстім. Қолөнермен айналысқанды ұнатамын сол себепті де мен осы салада блог жазып, жасампаз оқырмандарымды қуантып отыруға тырысамын. Болашақ мамандығым журналист болғандықтан тек қана қолөнер емес көптеген еркін тақырыптарда жазбалар жазамын деген ойдамын.

Қош келдім Керекинфоға!!!

Саламатсыздар ма, керекинфошылар!!! Журналист, блогер, ақын, қазақ тілі маманы, ешкім ешкім емеспін. Тек жәәәй бір ішінде әңгімесі толып қалған тентек қызбын. Таныса отырайық! Мен бұл жақтың заңдылықтарын, ережесін білмеймін, кейбір түсініксіз жағдайларды гәпляшіп қойсам айып етпеңіздер! Жас ұлғая келе әңгімеңді тыңдайтын, жалпы әңгімеңді айтатын адам азаяды екен. Бірақ осындай бір кереметтей дүние бар екен, әңгімеңді спокоооооойнА отырып жаза алатын. Қызық емес посттарға пікір жазбай үндемей өтіп кетулеріңді сұраймын! Мен новичокпын ғой енді
Әрі қарай

Өзге емес, өзім айтам өз жайымда

Сәлем достар! КерекИнфоға тіркелгеніме көп болған жоқ. Сондықтан ары-бері ойланып, алғашқы блогымда өзімді таныстыра кетуді жөн көрдім. Ал енді өзім жайлы айтар болсам. Жамбыл облысы Жуалы ауданының жалынды жастарының бірімін. М. Ломоносов атындағы
Әрі қарай

Өмірге құштар жандардың мақсаты айқын

Өркениетті мемлекеттер мүмкіндігі шектеулі жандарды кеудесінен итермейді.Қайта оларға алабөтен құштарлықтың иесі деп, бір қабілеті болмаса, екіншісіне қарап, шарболаттай шыңдалуына,қиыннан қисын тауып,өмірдің қалтарысы мен бұлтарысында, шырғалаң жолында
Әрі қарай

Қоштасып кел!

Кішкентай болсада оқуларыңызды сұраймын.Өз басымнан өткен оқиға болғандықтан жазып отырмын.

Мен осыдан 2 жыл бұрын туған әжемнен айырылдым.Сол жылы әжем қатты ауырып, қалаға ауруханаға кеткелі жатырды.Мен өз ата анаммен және әпкем мен інім бәріміз
Әрі қарай