Патриоттық әндер Хит-парады

  • TOP
Алда Тәуелсіздік күні келе жатыр, 20 жыл! Иә, Тәуелсіздікті біз басқаларға қарағанда ең соңынан алдық. Иә, елімізде келеңсіздіктер, коррупция, тіл мәселесі, неше түрлі былықтар, негативтер толып жатыр. Бірақ, бәрібір бұл біздің еліміз, Отанымыз. Отанды да ата-ананы таңдай алмағандай таңдай алмаймыз. Отан мен үшін тек қана туған жер емес, Отан — маған туған кезімде туған жеріммен берілген тіл, тарих, дәстүр. Бұларды таңдауға ешкімнің құқығы жоқ деп ойлаймын. Бұлардан бас тартып, бірақ қазақ деген атты жамылып жүргендерді САТҚЫН деп есептеймін. Өздері де сатқын, ұрпақтары да!

Жарайды негізгі тақырыбымнан ауытқымайын. Бүгін патриоттық, рухани күш беретін әндер хит-парадын жасағым келіп отыр. Ұсыныстар болса төменге жазарсыздар.

Әрі қарай

Эротикалық жұлдызнама

Жұма күнгі бояннндар: Эротикалық жұлдызнама
Жыныстық үйлесімді анықтайтын жұлдызнама. Қай жұлдыз кіммен жұптасқаны дұрыс? Қай жұптар бір біріне келмейді? Кімнің мінезі қандай? Барлығы осында.

ТОҚТЫ
Әйелдерге арналған эротикалық жұлдызнама.


Ол әрқашан еркектерге өзі таңдау жасауға тырысады. Сол себептен өзіне тартымды нәзікжанның «имиджін» жасаумен әлек. Жыныстық қатынаста өзімшілдікке бой алдырады. Еркектерден кез-келгеннен «кемшіліксіз еркектен» алғысы келетіннің барлығын талап етеді. Эротика олар ойлағаннан бөлек нәрсе екенін түсінгісі жоқ. Олар жыныстық қатынаста да біреуге бағынғанды ұнатпайды. Сондықтан бұндай әйелдерге күшті, өктем еркек керек. Ол серігінен дұрыс қанағаттанбаса да оны керемет сезімге бөлей алады. Бұндай әйелдер махаббат айдынында көптеген проблемаларға тап болады. Оның бірі қайғылы жағдаймен аяқталуы да мүмкін.

Әрі қарай

Зодиактар және оларға мінездеме

  • TOP
ТОҚТЫ
Оcылай екен...: Зодиактар және оларға мінездеме
Тоқтыларға Шолпан мен Күн әсер етеді.

Түстері: ашық қызыл, сарғылт, көкшіл, жұпаргүлді түс. Күлгін олар үшін сәтсіз түс саналады.
Тастары: алмаз, рубин, аметист, кровавик, гелиотроп, аквамарин, зүбәржәт.
Металдары: темір мен болат.
Аптадағы сәтті күндері: — сейсенбі мен жексенбі.
Сәтсіз күндері: — жұма мен сенбі.
Сандары: 4, 7, 9 ( 9 мен 11-ге бөлінетін сандар).

Тумысынан жігерлі, талантты, басқарушылық дарыны бар әйел мен ер тоқтылардың ортақ қасиеттері: оптимизм мен атақ құмарлық.
Әрі қарай

Үйде жүріп арықтаудың жолдары

  • TOP
Тренажер залына баруға, үнемі спортпен айналысуға, диетаға отыруға бәрінің жағдайы және уақыты бола бермейді. Үй жағдайында да арықтауға болады.

1. Режим және дұрыс тамақтану
Ең бастысы дұрыс режим қою. Әр нәрсені өз уақытында істеңіз, тамақты да белгілеген уақытыңызда ғана ішіңіз. Күніне 15 минутты жаттығу жасауға бөліңіз. Қарапайым жаттығуларды әдетке айналдырыңыз.
Әрі қарай

Қымызды қалай ішу керек?

Қымызды ұлттық сусынымыз дейміз, жұрт патенттеп жатыр дейміз. Бірақ сол қымызымыз туралы қазақша нақты ақпараттар жоқ екен интернетте. Қымыз түрлері, дайындалуы, пайдасы туралы бар да, ал қымызды қалай ішу керегі туралы ешкім жазбапты. Амал жоқ Рунетті шарлауға мәжбүр болдым. Сонымен қымызды қалай ішеміз?

Бұрын қазақтар күніне 10-15 литрдей ішкен екен. Қазір әрине организміміз ондай жүкті көтере алмайды. Сондықтан арнайы графикпен ішкен дұрыс. Тәулігіне 100 миллилитрден 6 рет ішу керек. Мөлшерін көбейте отырып, бір күнгі норманы 2 жарым литрге жеткізуге болады. Қымыз ашқарынға, бөлме температурасымен аз ұрттаммен ішіледі. Таңғы және түскі астан кейін кем дегенде 1 жарым сағаттан кейін ішкен дұрыс. Ал кешкі астан кейін ішуге болмайды. Кешкі асқа дейін де 1 жарым сағат бұрын ішу керек.
Әрі қарай

Ою-өрнек түрлері

Қазақ оюларының мазмұны мал өсіру мен аңшылықтың, жер-су, көшіп-қону көріністері мен күнделікті тұрмыстық заттардың бейнесін аңғартады. Барлығына дерлік мүйіз оюы үнемі араластырылып отырған.

Ою-өрнектің сыр-сипаты салынатын материялға, өрнектелінетін заттың қандай мақсатта қолданылатындығына байланысты. Мысалы, ақ түс — әділдіктің, шыншылдықтың, тазалықтың; қара түс — жердің, берекенің; жасыл түс — көктемнің, жастықтың; қызыл түс — күннің, оттың; сары түс — даналықтың, білімділіктің; көк түс — судың, ашық аспанның символдарын білдіреді.
Әрі қарай

Бөдененің жұмыртқасы...

«Биологиялық құндылығы жөнінен бө­дене жұмыртқалары тауықтың жұмыртқа­ларын ба­сып­ озады, – дейді Миша ағай. – Бөдененің бес жұмыртқасы тауықтың бір жұмыртқасының­ салмағымен тең бол­са, оның құрамындағы ка­лий мен фосфор­ тауық
Әрі қарай

Шипалы жемістер мен көкөністер сырқаттан сауықтырып, жаныңды жасартады

  • TOP
Автор: Мақсұтбек СҮЛЕЙМЕН

Жеміс – жидек өсіру Қазақстанда 20 ғасырдың 30–жылдарынан бастап дами түсті. Әуелі аймақтық тәжірибе стансасы ашылып, кейін ол Қазақ егіншілік ғылыми – зерттеу институтының қарамағына берілді де, 1959 жылы Қазақ жеміс
Әрі қарай

Секс туралы қызық фактілер

  • TOP
— Әйелдердің 88%-ын жүнтөс еркектер қызықтырады
— Орташа есеппен әйел гардеробында 11 бюстгальер, 22 ішкиім бар
— Бір еркектің өмірінде орташа есеппен 7200 эякуляция (сперманың шығуы) болады
— Оның 2000-ы мастурбациямен
— Күніне 1,5 лт ананас шырынын ішетін еркектердің спермасы тәтті болады
— Ұйқыдағы еркекте түсінде не көрсе де 9 рет эрекция болады
— Жер бетінде әр 5 секундта 2778 жыныстық қатынас болып жатады
— Сүндеттелген еркектің жыныстық қатынасы ұзағырақ болады
— Сперманың ұшу жылдамдығы 45 км/с
— Еркектердің 73%-ының эрекциясы 70 жаста да болады
— Әйелдердің 85%-ына секстің ұзақтығы маңызды
— Презервативтер шілде және тамыз айларында көбірек сатылады

Ешкі сүтінің пайдасы зор

Ешкі сүті — жоғары азықтық және биологиялық құндылығы бар ерекше тағам өніміне жатады. Өзінің физикалық-химиялық қасиеттері мен дәміне сай ешкі сүтінің сиыр немесе басқа да ауыл- шаруашылық жануарларының сүтімен салыстырғанда тиімді айырмашылықтары
Әрі қарай