Зодиактар және оларға мінездеме

  • TOP
ТОҚТЫ
Оcылай екен...: Зодиактар және оларға мінездеме
Тоқтыларға Шолпан мен Күн әсер етеді.

Түстері: ашық қызыл, сарғылт, көкшіл, жұпаргүлді түс. Күлгін олар үшін сәтсіз түс саналады.
Тастары: алмаз, рубин, аметист, кровавик, гелиотроп, аквамарин, зүбәржәт.
Металдары: темір мен болат.
Аптадағы сәтті күндері: — сейсенбі мен жексенбі.
Сәтсіз күндері: — жұма мен сенбі.
Сандары: 4, 7, 9 ( 9 мен 11-ге бөлінетін сандар).

Тумысынан жігерлі, талантты, басқарушылық дарыны бар әйел мен ер тоқтылардың ортақ қасиеттері: оптимизм мен атақ құмарлық.
ТОҚТЫЛАР үшін қиындық туғызатын ең жаман қасиет- шыдамсыздық. Оларда дипломатиялық талант мүлдем жоқ.
ТОҚТЫЛАР үшін өмірдің ең басты мәні-жұмыс. Олардың батылдығы мен кез-келген нәрсеге аса мән берушілігі басым. Олардан жақсы дәрігер, журналист, әкімшілік лауазым шығады.
ТОҚТЫ белгісіндегі ер адамдар әрдайым адал және еңбекқор. Олардың салмақтығына қарап денсаулығы балғадай деп ойлап қаласың. Әлбетте олардың денсаулықтары сын көтермейді. Жүйкелерінің жұқалығынан күйбелектікке бой алдырып, дөрекілік әрекеттерге жиі барады. Сол себептен оларға отбасылық өмір ауыр тиеді. Ерлер өзгелерден бірнеше қасиеттерімен ерекшеленеді. Мәселен олар ашушаң, өзгенің пікіріне құлақ аспайды.
Ал, осы белгідегі әйелдер ерлерге тән жұмыстарды білек сыбана істейді. Отбасында басты ролді алғысы келеді.




ТОРПАҚ
Оcылай екен...: Зодиактар және оларға мінездеме
Тоқпақтарға Венера мен Ай ықпал етеді.
Түстері: сары, ашық көгілдір, сарғыш. Қызыл түс сәтсіз саналады.
Тастары: бирюза, сапфир, агат, опал, зүбәржәт, эсмеральд, жасыл мәрмәртас, нефрит, карисол.
Металдары: сары түстінің барлығы.
Аптадағы сәті күндері: дүйсенбі мен жұма.
Сәтсіз күні: сейсенбі.
Сандары: 2,4, 16. (алтыға бөлінетін барлық сандар).

ТОРПАҚ-Жердің белгісі болып саналады. Жағымсыз қасиеті- эмоцияға тез берілетіндігі. Олар абырой, атаққұмар. Алайда олар ысырапшыл болып келеді. Жақсы жағдай жасауға тырысқанымен сәл ұқыпсыздау. Салтанат жиындар мен мерекелік шаралардан қалғысы келмейді. Олар әрдайым кез-келген жерде өзін қуанышқа бөлей алады.
Бұл айда туғандар өнер мен архитектураны жақсы көреді. Олардан кәсіби көркемдеуші, тігінші, қолынан бал тамған аспаз шығады.
ТОРПАҚ белгісіндегі еркектер қыңыр мінезді, ұсақ-түйекке сұстасып қалатын бірбеткей. Алайда, олардың көнгіш мінездері беймарал, шыдамды, ақылды және байсалдылыққа жетелейді. Оның ішкі дүниесі сентименталды. ТОҚТЫ-қай жағынан болса да нағыз ермінезді еркек.
Ол жоғары лауазымды шенеуніктермен танысқанды ұнатады. Өзінің тартымдылығымен зиялылардың деңгейінде иық теңестіре алатындай көрінгенімен, балалық қырсық мінезінің кесірінен ұсақ-түйек нәрсеге бола ұрыса кетеді.
Ал, ТОРПАҚ белгісіндегі әйелдер көрікті, нәзік. Олар әдемі заттарға, гүлдерге, көйлектерге, ішімдікке қызығады. Жеңілтек көрінгенімен сүйіктілерінің көздеріне шөп салудан аулақ.




ЕГІЗДЕР
Оcылай екен...: Зодиактар және оларға мінездеме
Егіздерге Меркурий ықпал етеді.
Түстері: күлгін, сұр, ашық сары, ашық-жасыл, бозғылт –көк, сарғылт. Қою жасыл түс сәтсіз саналады.
Тастары: хризопраз, берилл, гранат, тау кристалы, агат.
Металдары: алтын мен күміс.
Аптаның сәтті күні: бейсенбі.
Сандары: 3, 5, 12, 18.

ЕГІЗДЕР ақылды, қызық құмар, біртүрлі қызық адамдар. Кез-келген жағдайға икемді, тілді тез меңгере алады.
Бұлар жуасуды жақсы көрмейтін, алдағыны болжағыш, әр нәрсеге қызығушылығы басым типтер. Әркез жүйкесі тозып, қабағы шытылып жүреді. Өзіне сенімсіз ЕГІЗДЕР өздерін іштей жей бергендіктен аурушаң болады.
ЕГІЗДЕР-зиялы, алайда айналасындағылармен тез жұғыса алмайды. Олардың арасынан талантты, ойы озық ғалымдар мен әдеби шығармашылық деңгейі жоғары адамдар көп. Осы белгідегі әйелдерді сүю өте қиын. Өйткені, олар сүйіспеншіліктерін аса сезімталдықпен көрсетуден жұрдай.
ЕГІЗДЕР белгісіндегі еркектер өздерін біреудің сүйіктісі болуға лайықпын деп есептейді. Біреудің алақанындағы «алтын» болғанды қалап тұрады. Өзіне назардың ауғанын жақсы көреді. Оларға идея берсең болды, кез-келген бастаманы ары қарай алып кетеді. ЕГІЗДЕР математика мен философияны терең біледі.
Осы белгідегі әйелдер-жақсы дос бола біледі. Ақылды, пысық, бетке ұстар адам. Олармен сөйлескенде іш пыспайды. Елдермен оңай тіл табысып, кез-келген тақырыпта әңгімелесіп кетеді.

Тәуелсіз болуға тырысады. Осы белгідегі әйелдер жақсы басшы мен алып-сатар болады. Отбасында еркексымақ. Олар күйеулеріне жақсы пір бола алады.




ШАЯН
Оcылай екен...: Зодиактар және оларға мінездеме
Шаяндарға Ай әсер етеді.
Түстері: ақ, ашық-көк, қанық көк, қою жасыл. Сұр сәтсіз түс саналады.
Тастары: зүбәржәт, рубин.
Металы: күміс.
Аптадағы сәтті күндері: дүйсенбі мен бейсенбі.
Сәтсіз күндері: сейсенбі мен сенбі.
Сандары: 1 (2-ге бөлінетін барлық сандар), 4,5,8.

ШАЯН белгісіндегілер- аузын ашса көмекейі көрінетін арманшыл адам болып келеді. ШАЯН-ның өзгелерден айырмашылығы-құпиялығында жатыр. Оның жан дүниесі айналасындағыларға түсініксіз болып көрінеді. Бұндай адамдар жүйке жасушалары жұқа өте сезімтал.
ШАЯН белгісіндегі ер азаматтар-көбіне дәрігер немесе емші сымақ бақсы болады. Олар белгісіз заңдылықтармен өмір сүреді. Логикадан алшақ. Сол себептен олар өзгелердің жынына тиіп, шиеленіскен дау-дамайда салғыласып ұрысып тұрудан тайынбайды. Алайда, адамдар бұл белгідегі туылғандарды жаулап алуға шебер. Өйткені ШАЯН-дар тура нақтылықты аса байқамайды. Аңқау.
Олар табиғатты сүйеді. Жұмыс бабында адам көтергісіз мінезінің кесірінен проблемаларға шалынып жүреді. Бұндай еркектер шыдамды, өзіне талапты жоғары қоя біледі. Бұлардан ойшыл ғалым, музыкант, діндарлар шығады.
ШАЯН белгісінде туылған әйелдерге де жоғарыда айтылған қасиеттер тән. Олар құрбысына адал дос, жолдасына сүйікті әйел, балаларына қамқор ана бола алады. Елдегі берешек қарызынан құтылу ол үшін кезек күттірмес нәрсе. Олар жайлы, салмақты я болмаса қыңыр мінезді әйел болады. Берік сенімді дос болудан, әңгіме дүкен құрғаннан кетары емес.




АРЫСТАН
Оcылай екен...: Зодиактар және оларға мінездеме
Арыстандарға Күн әсер етеді.
Түстері: алтын сынды сарғылт, алқызыл, қара. Ақ түс олар үшін сәтсіз саналады.
Тастары: янтарь, хризолит, топаз, рубин, оникс, алмаз, эсмеральд.
Металы: алтын.
Сәтті күн: жексенбі.
Сәтсіз күн: сенбі.
Сандары: 1, 5, 9, 11.

АРЫСТАНДАР ақкөңіл болуға көп күш жұмсайды. Олар кез-келген жағдайда шынайылықты бағалап, табиғи қалпын сақтап қалады. Оның жақындары әрдайым одан көмек сұрай алады. АРЫСТАНДАР темпераменты, импульсивты типтер.
Адамдарға қатты сенгіш. Осының салдарынан тез алданып, санын соғып қалады. Сондықтан ол адам бойындағы пайдакүнемдік, сатқындық деген нәрселерген таңқалыспен қарап жүреді.
АРЫСТАН белгісіндегі еркектер –сенімді, адал дос бола біледі. Ол байлық пен әсемдікке тәнті. Жомарт, берекелді адамдар. Алақанының ашықтығынан жиі кедейленіп, тақырға отырады. Бұлар қонақжай. Ол спорт, түрлі жарыстарды, құмар ойындарды жақсы көреді. Бұл айда туылған ерлер кез-кезген мамандыққа икемді, деншілігі жетекшілік қызмет атқарады.
Ал, АРЫСТАН белгісіндегі әйелдер-махаббатқа берік, ақкөңіл. Өзіне ынтық еркектердің көп болғанын қалағанымен жігіттермен жақын байланыс жасауға келгенде көкіректеу.
Әйелдер арасындағы достықты дұрыс бағаламайды. Еркектермен дос болғанды жөн санайды. Сүйіктісіне жоғары талап қояды. Опасыздықты кешірмейді. Ұрыс-керістен кейін өзі бірінші барып ымыраласуға зауқы соқпайды. Еш уақытта өзі таңдаған жігіттің адалдығына көз жеткізбей отбасын құрмайды. Бұндай арулар бесаспап әйел мен мейірімді ана бола алады.




БИКЕШ
Оcылай екен...: Зодиактар және оларға мінездеме
Бикештерге Меркурий ықпал етеді.
Сәтті күні: сәрсенбі.
Аптағы сәтсіз күндері: бейсенбі және жұма.
Сандары: 3, 5 ( беске бөлінетін барлық сандар), 6, 12, 20, 27.

БИКЕШ-нақтылық пен логика, анықтылық белгісі. Бұл белгідегілер бәріне нақты көзқараспен қарайды, өзгелерден соны талап етеді. Олар құмарлылыққа ынтық емес. Махаббатқа да солай қарайды. Олар сараптамалық тұжырым жасайтын жақсы қызметкерлер.
БИКЕШ белгісіндегі еркектер саясатқа, экономикаға, білімге жақын. Өз білімдерін тереңдету жолында өмір бойы көп ізденеді. Ұзақ ғұмыр кешеді. Сыйласымды болғанымен түкке тұрмайтын нәрсеге бола елдермен ұрыса кетеді.
Ал, осы белгідегі әйелдер болса, сұлу, көркем болып келеді. Оларға темперамент жетіспейді. Олар «бармақ басты, көз қысты» жағдайларды ұнатады. Ұяң. Ұялшағынан жәбір көріп жүреді. Қара басын ойлауға дайын тұрады.




ТАРАЗЫ
Оcылай екен...: Зодиактар және оларға мінездеме
Таразыларға Сатурн әсер етеді.
Түстері: қою-көк, жасыл, теңіз түстес көк.
Тастары: құрыш, лазурит, коралл, алмаз, сапфир, меруерт, берилл, хрусталь, хризолит.
Металы: қола.
Аптаның сәтті күндері: жұма және сенбі.
Аптадағы сәтсіз күндері: сейсенбі және жексенбі.
Сандары: 2, 6 (алтыға бөлінетін барлық сандар), 7, 8, 9, 15.

ТАРАЗЫ белгісіндегі адамдардың мінезі жұмсақ, ақылды, салыстырғыш, әр нәрсені таразылайтын қасиеттерге бай адамдар.
ТАРАЗЫ өмірде өз орнын тез табады. Ауруға шалдығып, бақытсыздыққа ұшыраған кезде де өзге жақтан жанына жақын үйлесімділік іздейді. ТАРАЗЫЛАР ұрыс-керісті, қитұрқы әрекеттерді, жайсыз жағдайды жек көреді. Олар үшін өмірде тыныштық пен бейбітшілік қымбат.
ТАРАЗЫ белгісіндегі еркектер тентектеу болады. Оларды тағдырдың сыйы десе де артықтық емес. Өйткені елдер оның өмірге икемділігі, тазалығы, мейірбандығы, шат күлкісін, ақкөңілдігін жақсы көреді. Олар-сауатты адвокат, дипломат, саудагер, актер.
Ал, осы белгідегі әйелдер өте нәзік, тартымды, ерке, қыңыр мінезді. Олар бейуақытқа дейін ұйықтағанды ұнатады, әшекейге әуес. Тәтті тағамдарға құмар.

Олар үшін өмірдің мәні-махаббат. Біреудің арманындағы сүйіктісі болғысы келді. Қиындықты, жазғыруды, сөккенді ұнатпайды. Кішкентай ғана жағымсыз нәрселер оның ашуын шақырады. Өзімшіл болғанымен жас балаша өте мейірімді.




САРЫШАЯН
Оcылай екен...: Зодиактар және оларға мінездеме
Сарышаяндарға Плутон әсер етеді.
Түстері: жасыл, қою-қара, бозғылт.
Металы: темір мен құрыш.
Тастары: аквамарин, карбункул, коралл, берилл, рубин, хрусталь, топаз, малахит.
Сәтті күні: сейсенбі.
Сәтсіз күндері: дүйсенбі мен жұма.
Сандары: 4, 5, 8, 9, 10, 11, 21, 100, 666.
САРЫШАЯН белгісінде туылған адамдардың мінезі қатал. Өмірлері қызыққа толы. Олардың мінезі екі түрлі бағытта сипатталады. Бір кезде одан асқан ақкөңіл табылмаса, кейде өте заһарлы болады.
САРЫШАЯН белгісіндегілер күрескенді жақсы көреді. Өзін сөгіп, іштей жегідей жей беретін және өзін асқақтатып мақтан тұтатын типтер. Темпераментті, өте көз тартар тартымды, көркем, сұлу, сондай-ақ қатал.
Олар үшін өмірдегі ең қиын нәрсе-өмір сүру. Бір қарағанда жоғары жетістікке жетелейтін нәрселердің барлығы оның бойынан табылады, мысалы, күш-қайрат, қайсарлық, өмір сүру қабілеті зор, өнері бойында тұнып тұр. Әлбетте мінезінің қаталдығынан қас-дұшпандары көп.
САРЫШАЯН белгісіндегі туылған еркектер әркез ашушаң болады. Ашу уытын өзіне шашуға дайын тұрады. Оның бойында шешімі жоқ құпиялық басым. Ол шынайы ізгі тілекпен ойын жеткізіп тұрған кезде де тұйық мінезін сақтап тұрады. Бұл ол үшін қорғаныс пен сақтықтың әдісі.
Оған елдің барлығы сынап, үркітіп-қорқытып тұрғандай көрінеді. Осындай күдіктің кесірінен сақтық пен қорғанатын қарулармен қаруланып жүреді. Егер жанына тиетін бірнәрсе айтып, сөзбен қағытып өтсең болды ол заһарлы зілмен шабуыл жасай түседі.
Жұмыс бабында кез-келгеннің кемшігі мен күрмеленіп тұрған мәселенің кілтін іздеуге бейіл. Ол тумысынан тар жол тайғақ кешуде күрескер. Бұндай еркектер алға қойған мақсатына жету үшін түрлі әрекеттерге барады.
Елдермен сөйлескенде тәртіпті, сыпайы, шыншыл адам ретінде көрінеді. Алайда бұл образы өте сирек шындыққа жанасып жатады. Осындай ерекшелік оны тәуелсіз етеді. Бұл айда туған еркектердің көбісі — диагност, хирург, зерттеуші және адвокат.
Ал, САРЫШАЯН белгісіндегі әйелдер екі типке бөлінеді. Оларға ортақ қасиет-қайсарлық пен өжеттілік. Алайда, бірінші типтегі арулар-құпияға толы тұйық болса, екінші типтегілер-күрескер, батыр әйелдер.
Бірінші типтегі әйелдерге осы белгіде туған еркектерге қатысты мінез-құлықтар тән. Бұндай әйелдер талабынан шығатын жігіттерді оңай тауып алады. Оған өзіне сенімсіз, жігерсіз, нәзік еркектер құмартады. Егер бұндай әйелдер осындай типтегі еркекпен некелессе, ол жолдасының карьера жасауына көмектеседі. Бұндай әйелдер әдемі көйлек пен әсемпаздықты көзге ілмейді.
Екінші типтегі әйелдер-әсем, сезімтал, қыңыр мінезді, ерке. Бұлар өте қауіпті әйелдер! Сүйіктісінің басына шәй қайнатқанды жақсы көреді. Біреуді басынғысы келіп тұрады. Тіпті, кейде еркектерді өзіне қол жұмсайтын жағдайға дейін жеткізеді. Өмірге деген әуесқойлығы өзін де жоғалтып жібереді.




МЕРГЕН
Оcылай екен...: Зодиактар және оларға мінездеме
Мергендерге Юпитер әсер етеді.
Тастары: топаз, аметист, хризолит, бирюза, опал, карбункул, сапфир, агат.
Металдары: мырыш пен қаңылтыр.
Сәтті күні: бейсенбі.
Сәтсіз күні: сәрсенбі.
Сандары: 3 ( үшке бөлінетін барлық сандар), 4, 9.

МЕРГЕНДЕР салиқалы, ауқатты, ой-өрісі жетік, өрескел болып келеді. Бұл белгідегі еркектер екі типке бөлінеді. Бірінші типтегілер-оқымысты, ойшыл. Бұлар саяхатты жақсы көретін қатал саясаткер мен зерттеуші ғалым бола алады. Басын қатерге тіккенді ұнатады. Бұлардан керемет археолог, этнограф, фоторепортерлер көп шығады. Көңілді, ақкөңіл, кең пейіліне қарамастан, қол жетпейтін нәрсеге ынтығады. Оларға жер шары алақандай болып көрінеді. Өзіне не керк екенін көп біле бермейді. Бұл типтегі адам ұзақ өмір сүреді.
Ал, екінші типтегі МЕРГЕНДЕР өркениетті ұнатыңқырамайды. Оның өмірлік белсенділігі жоғары. Әйелдердің көңілінен шыға алатын, елдерді күлкіге қарық қылатын қасиеті бар. Жігерлі, тәуелсіз, еңбекқор МЕРГЕНДЕР қызықты оқиға мен қасіреті көп жағдайларды бастан өткергенді ұнатады. Бұндай қызуқанды адамдардан теңізші, жауынгер, қаңғыбастар шығады.
МЕРГЕН белгісіндегі әйелдер де екі типке бөлінеді. Брінші типтегі әйелдер-ермінезді болады. Спортты жақсы көреді, бір жерден тыным таппай жүреді. Бұларға отбасында жақсы жар болу қиынға соғады. Кез-келген кәсіпте икемділігі мен етінің тірілігінен жетістікке жетеді.
Екінші типтегілер- ақылымен ерекшеленетін зайырлы әйелдер. Ол өнерге, кітапқа, танымал адамдарға құмар.




ТАУЕШКІ
Оcылай екен...: Зодиактар және оларға мінездеме
Тауешкілерге Сатурн мен Марс әсер етеді.
Түстері: қара-жасыл, қап-қара, көк, бозғылт-сары, қою-қоңыр.
Тастары: рубин, оникс, гранат, лунный, лазурит.
Металы: қорғасын.
Сәтті күндері: сейсенбі мен сенбі.
Сәтсіз күндері: дүйсенбі мен бейсенбі.
Сандары:3, 5, 7, 8 (сегізге бөлінетін барлық сандар), 14.

ТАУЕШКІ белгісіндегі адамдардың мінездері тік, ақылдары жетік. Тұйық, өмірге нақты көзқараспен қарайтын, жұмысқа берілгендер. Аса шыдамдылық пен қажырлықпен баспалдақты аттап, қиындықтарды жеңіп, мұратына жеткіш. Оны беттеген бағытынан ешкім тайдыра алмайды.
ТАУЕШКІ белгісінде туылғандар бала күнінен алға нақты мақсат қойып, оған жетудің жолдарын қарастырады. Бір істі бастамастан байбына барып, «жеті рет өлшеп барып, кеседі». Барлық салада таптырмас қызметкер болады. Ойшыл, дарынды мемлекеттік қызметкер.
ТАУЕШКІ белгісінде туылған еркектер жақындарына құрметті, мейірбан жандар. Алайда, онымен тез жұғысып, жақындасу өте қиын. Өйткені, әркез тұйық. Олар дәстүрлікті, тұрақтылықты жақсы көреді. Белгісіз мақсатта шешім қабылдамайды. Қатерге басын тікпейді. Оған айналасындағылардың махаббатына бөлену қиындық туғызады. Оның мінезі ұяң, сезімтал. Бұны ол әрдайым өзгелерден жасырып жүреді.
Бұлардың есте сақтау қабілеті өте жоғары. Ақылдығында шек жоқ. Бұлардың арасынан басшы, ғалым, инженер, саясаткер, қаржыгерлер көп шығады.
Өмірінің екінші жартысы біріншіден қарағанда әлдеқайда жайлы болды. Олар өте кеш үйленеді. Тіпті, кейде үйленбей жүріп алады. Олардың серілігі өзге белгідегілердің таңқалысын туғызады.
ТАУЕШКІ белгісіндегі әйелдердің сұлулығы, көркемдігі жасы ұлғайған сайын ажарлана түседі. Олар 35 жаста 18 жастағы кезінен әлдеқайда жас, сұлу болып көрінеді. Бұл типтегі әйелдер бостандықты ұнатады. Олардан жақсы хатшы, директор, мұғалім, дәрігер шығады. Бұлар ТАУЕШКІ белгісіндегі еркектерден қарағанда өте салмақты, опасыздықты кешірмейтін типтер.




СУҚҰЙҒЫШ
Оcылай екен...: Зодиактар және оларға мінездеме
Суқұйғыштарға Сатурн ықпал етеді.
Түстері: сұр, күлгін, жасыл-көк. Қара түс сәтсіз саналады.
Тастары: гранат, ашық сапфир, опал, аметист, лазурит.
Металы: қалайы (олово).
Сәтті күндері: сәрсенбі мен сенбі.
Сәтсіз күн: жексенбі.
Сандары: 2, 4 (төртке бөлінетін барлық сандар), 8, 9, 11, 13.

СУҚҰЙҒЫШ белгісіндегі адамдар арманшыл болып келеді. Адамгершілігімен елді өзіне тартып әкетеді. Олар өзге адамның қасіретін жіті түсінеді. Өмір ауыртапалығын көргендерге қолғабыс, көмекші болады.
СУҚҰЙҒЫШ белгісіндегі еркектердің бойында ерекше идея бар. СУҚҰЙҒЫШТАР-да жалқаулыққа салынатын кездер жиі болады. Ұстанымды. Олар керемет оқымысты, әсіресе атомды физика пен астронмия саласында тың жаңалықтар ашқыш.
Оның бақытсыздықтары ешқашан қара түнекке айналмайды. Оның өмірінде-байлық та, кедейлік те, жетістік те, қызықты кездесулер де болады. Кейде ол өзін өлікпін деп есептейді, бірақ оған тағдырдың сыйы оңай жолмен келіп тұрады.
СУҚҰЙҒЫШ белгісінде туылған әйелдер өте әдемі, тартымды болып келеді. Ол жиі өзгеріп тұрады. Жұмысқа қабілетті, алайда қатал заңдылықтарды ұнатпайды. Әңгімешіл, мың құбылған биші. Тұрмысқа ерте шығады, алайда сирек бақытты болады. Некелік өмірде жолдасынан аларынан, оған берері көп.




БАЛЫҚТАР
Оcылай екен...: Зодиактар және оларға мінездеме
Балықтарға Шолпан әсер етеді.
Түстері: күлгін, сарғыш, жасыл, көк.
Тастары: меруерт, аметист, жауһар, сапфир.
Сәтті күндері: дүйсенбі, бейсенбі, жұма.
Сәтсіз күні: сәрсенбі.
Сандары: 6, 7 (жетіге бөлінетін барлық сандар), 11, 3, 7, 9, 12.

БАЛЫҚ белгісіндегілер құпияға толы адамдар, жолы болғыш, ақылгөй. Байсал көрінгенімен ішкі жан дүниесі әбіржіп, уайымға беріліп жүреді.
БАЛЫҚ белгісіндегі еркектер логикасы мықты, өзіне есеп бергіш, қасындағылардың таңдасына тап болып жүретіндер.
Олар жайлылықты жақсы көреді. Қонақжай, жомарт, анда-санда ғана көңілсіз болады. Әрқашан әділ, шынайы. Есте сақтау қабілеті жоғары, білімге құштар. Бұлардан өнерлі музыкант, суретші, мүсінші шығады.
БАЛЫҚ белгісінде туылған әйелдер сүйкімді, мейірімді. Сұлулық пен сәнге құмар. Олардың көңіл-күйлері мен денсаулықтары Айдың толысуына байланысты. Ай толғанда күш-қуатқа толы болады. Ай туар алдында-біраз әлсірейді. Бұндай әйелдердің ішкі жан дүниесі бай. Бұлардан мейірімді ана, сүйікті жар шығады.

P.S Эротикалық жұлдызнама да жарияладық бұрын.
Бөлісу:

77 пікір

ken
Бикеш белгісіндегі адам бері қарап отыр ма? Басы теріс қарап тұрған сияқты.
Nurshat
Жақсы жазба… Бірақ, Сарышаян белгісіндегі мамандық сәйкес келмей тұрғаны
seyh
менің де аялымның да мінездері жобамен дұрыс сипатталған. Бұрындары бұндай нәрселерге көңіл аудармаушы едім мынаны көріп бас шайқадым. Саудаға бет бұрсам ба екен
Makhabbat
Менікіде (арыстан) дұп-дұрыс келіп тұр
MickThatsMyNick
«Согласно мифологии, рак впился клешнями в ногу Геракла (Геркулеса), когда он боролся с многоголовой Гидрой. Когда рак был убит, ненавидевшая Геракла Гера (Юнона) отблагодарила это создание тем, что поместила его на небе»
мында әр жұлдыздың мифологиясы келтірілген: www.akviloncenter.ru/zodiac/index.htm
Aikona
Суреттер бір түрлі екен
asaubota
суреттер бодиарт. әсіресе Бикеш суреті әдемі шыққан, адамның алдын арқасына салған.
aikarakoz
Ия, әдемісіне әдемі ғой… Таразының қорқынышты боп қалғаны болмаса
Aikona
былай адамды қорқытатын сияқты
aikarakoz
Таразыны оқып алып, айна алдында ұзаааақ тұрып келдім ғой  Не деген сәйкестік дейм да
Zilola
сәтсіз/сәтті күндер мен сандарды есепке алмағанда былай ұқсастық бар. Ұйқыны соямын
asaubota
Суқұйғыш бауырларым қайдасыңдар? біз туралы дұрыс жазылған сияқты.
omarbirat
Барлық жағынан дұрыс келеді. Тек физика мен астрономиядан әлі жаңалық ашпағаным болмаса
Bayan_
Сәтті сан, түс, қыздар (әйелдердің) мінез-құлық туралы да толықтай келісем Суқұйғыш-жақсы шоқжұлдыз
Daniar-Alan
Тұрмысқа ерте шығады, алайда сирек бақытты болады.

??
Bayan_
Қай тұстары сәйкес келетіні жазылған, анықтап қарасаңыз
konvict
Иә, менікінің көп жері келеді екен. Бақытсыз секілді көрінемін, алайда тосын сый әзір тұрады. Ал, екінші ойлаған адамымдікі де тура шықты
Rozatai
Мен де суқұйғышпын. Мына жерде
Оның бақытсыздықтары ешқашан қара түнекке айналмайды.

дегені көңіліме жақты.
Негізі, бәрі де сенімге байланысты деп есептеймін. Жұлдызнамаға қатты сенетін адамдар өзіне жаманды-жақсылы бар ақпаратты внушать етіп алады да, соны күтіп жүреді. Тек позитив тұстарын ғана түртіп алып, қалғанын корзинаға лақтыра салу керек қой.
Жұлдызнама әр жерде әртүрлі беріледі, мысалы, мен оқыған көп жұлдызнамада «Таразылар бір шешімге келу үшін тым көп ойланады және бұл әрекеті айналасындағылардың ашуын тудыруы мүмкін» делінген. Айналамдағы жақын адамдарымның көпшілігі Таразы болғандықтан, олардың осы қасиеттерінен жиі зардап шегіп қалатыным бар.
Ал, мына жерде ол кемшілік мүлде айтылмаған екен
Aidar
 жақсы жазылыпты!
Олар керемет оқымысты, әсіресе атомды физика пен астронмия саласында тың жаңалықтар ашқыш.
Сай келетіндей!
dark_nazgul
өзімнің сондай екенімді баяғыдан білем.
Daniar-Alan
Олар керемет оқымысты, әсіресе атомды физика пен астронмия саласында тың жаңалықтар ашқыш.

 Атомды физика?? Астрономия??.. мен әліге дейін тіпті көбейту таблицасын да білмеймін ғой…
Daniar-Alan
бірақ оған тағдырдың сыйы оңай жолмен келіп тұрады.

мына жері рас енД… қатты қиналмаппын, барлығы өзімен өзі болады…
patick
Бейсенбі мен үшін сәтті күн депті. Менде керісінше, бейсенбі күні нашар оқиғалар көп болады.
Daniar-Alan
кешегіні айтып жатсың ба? кеше әшейін 13-не сәйкес келді ғой…
asaubota
ой, таста ондай күн-мүнді. ол қатындарға, қыздарға арналған. біздер үшін әр күн сәтті немесе сәтсіз
Aidakonya
БАЛЫҚ белгісінде туылған әйелдер сүйкімді, мейірімді. Бұндай әйелдердің ішкі жан дүниесі бай. Бұлардан мейірімді ана, сүйікті жар шығады.
Daniar-Alan
бахыттымын десеңЧ
Aidakonya
азир, просто «сүйікті жар» «мейірімді ана» болмадым, сондыктан олай деу ерте
Daniar-Alan
мен өзім туралы айтқам негізі…
Aidakonya
сенин сондай екенинди билип едим
asaubota
біздің махан сондай. пахан екеуі бір күнде туған Балықтар.
manshukn
Тауешкілердің есте сақтау қабілеті өте жоғары. Менде керісінше қазір. Ұмытшақтық пайда бопты. Түзелетін шығар Қандай тәсілдер бар, айта отырсаңыздар?
Daniar-Alan
Гастадан сабақ ал… осындай тақырыптарға құмар өзі…
Abilakim
Балықтар (балыктар емес)алға!
ErNur
Артыңа ердім, ал...
Kipshakkyzy
Таразыға берген сипаттама сәйкес келеді екен.Бірақ сейсенбі күні де мен үшіе сәтті күндердің бірі.
Abilakim
Құдайдың күнінің бәрі сәтті
ken
өзіне қатысты айтылған жақсы сөзді кім жаман көрсін? әдемілеп жазған. содан ғой көбіңдікі дұрыс келіп жатқаны
тіпті жағымсыз қасиеттерін жазса да, артынша «алайда олар ...» деп мақтап-мақтап қояды))))
aza
Алланың амандық берген күнінің бәрі сәтті мен үшін, бейсенбіде Анашым 7 шелпек бауырсақ пісіретін, содан қалған әдемі әсерлер жадымда әлі жүр. Ал, жұма аптаның соңы, тамаша сезімдер мен қуаныштарға толы күн) Жұлдызнамаға сенбеймін, тек өткен аптаның болжамын оқып отырсам сәйкес кеп жатады, қызық)
ken
әдетте сәйкес келмегендері есте қалмайды. ал сәйкестікпен сәйкес келіп қалғандары есте қалып қалады. бар болғаны осы ғана)))
Gastarbaiter
Екі типті бір ақ тығу арқылы әйтеуір біреуі сәйкес кеп қалар деген әрекетті шырамыттым, нақ.
Я ақ ат келед, я көк ат келед.
Жарысқаны екі ақ ат. Кендебайға қосылам.Сатыбалды жазған жұлдыз жорамалдар сияқты әжуа ма десем, олар ең болмаса күлдіргі еді.
dark_nazgul
«В середине дня найдите время для отдыха, иначе самочувствие может ухудшиться». депті МайлРудың астропрогнозы. Менің таңғы беске дейін пибілетіп, енді ұйқым келіп өлейін деп отырғанымды қайдан біліп қойды екен?
araika
Бұларға отбасында жақсы жар болу қиынға соғады.
Осындайлар көп жазылатын бопты, қорқа бастадым Сосын сәрсенбіні сәтті күн деген әу бастағы статусынан айырғым келмейді-ау…
totiya
мергендер отбасында жақсы жар бола алмайды депті… мен кәріқыз болып калып қоятын сияқтымын.
Abilakim
бұ заманда «мергендерден» бұрын бергендер байға шығатын болды ғой…
totiya
жігіттер жеңілтек қыздармен жүріп салмақтв қвздарға үйленеді
дегенді естіген жеңілтек қыздар салмақ қосамыз деп аяғы ауыр болып куйеуге шыгып жатыр… мен де салмақ қосам ау деймін.
Erkekyz
Мен сияқты екінші типіне жата салсайшы.))
Екінші типтегілер- ақылымен ерекшеленетін зайырлы әйелдер. Ол өнерге, кітапқа, танымал адамдарға құмар.
FaraOn1
мергеннің суреті ұнамады. түсініксіз. екі типтен де шамалап бар бойымда)
bazuka
БАЛЫҚ белгісінде туылған әйелдер сүйкімді, мейірімді. Сұлулық пен сәнге құмар. Олардың көңіл-күйлері мен денсаулықтары Айдың толысуына байланысты. Ай толғанда күш-қуатқа толы болады. Ай туар алдында-біраз әлсірейді. Бұндай әйелдердің ішкі жан дүниесі бай. Бұлардан мейірімді ана, сүйікті жар шығады.
Ай толған кезде байқап көру керек екен)
Korkem
ТАУЕШКІ белгісіндегі әйелдердің сұлулығы, көркемдігі жасы ұлғайған сайын ажарлана түседі. Олар 35 жаста 18 жастағы кезінен әлдеқайда жас, сұлу болып көрінеді. Бұл типтегі әйелдер бостандықты ұнатады. Олардан жақсы хатшы, директор, мұғалім, дәрігер шығады. Бұлар ТАУЕШКІ белгісіндегі еркектерден қарағанда өте салмақты, опасыздықты кешірмейтін типтер.
баазар жоқ мәзбін. Жұлдызнамаға аса мән бермейді екенмін, бірақ Тауешкі суреті сұмдық енД
aikarakoz
Солай суретке түс енді))
Korkem
ибәй, өле алмай жүр ғой деймісіз
konvict
Түспе-әй, мен ғана көруге тиіс нәрсені елге көрсетсең таяқ жейсің
Daniar-Alan
 сен ғана?? жәрәйД… солай ойлай бер
Korkem
қойшы-әй өзің © епті на*
AKY
ужс, мына жастар қалай-қалай
Daniar-Alan
бұған сенсек Сіз әлі әдемі емессіз ғой сонда?
VKM
Мыны гороскопта бәріміз күшті екенбіз)))
know_how88
Бәрін мақтап жазса бәрі сатып алады. Это лишь бизнес, ничего личного ©
Dana
ЖАЛПЫ АЛГАНДА МЕН МУНДАЙ ПАЛСАПАЛАРГА СЕНЕ БЕРМЕЙМИН…
«Түстері: жасыл, қою-қара, бозғылт» мынаган мулдем келиспеймин, маган «кызыл жане ашык тустер гана унайды.
»Сәтті күні: сейсенбі.
Сәтсіз күндері: дүйсенбі мен жұма" мынау да отирик, арайлап аткан арбир тан мен ушин сатти кун.
Сандары: 4, 5, 8, 9, 10, 11, 21, 100, 666.

«САРЫШАЯН бе мынау да сайкес келмейди, мен омиримде катал болудын кандай екенин сезине алмаган жанбын.

»Бір кезде одан асқан ақкөңіл табылмаса, кейде өте заһарлы болады" мынау да сайткес келмейди.

"Әлбетте мінезінің қаталдығынан қас-дұшпандары көп" мынау шыныдыкка тым жанаспайды гой.
«Бұлар өте қауіпті әйелдер! Сүйіктісінің басына шәй қайнатқанды жақсы көреді. Біреуді басынғысы келіп тұрады. Тіпті, кейде еркектерді өзіне қол жұмсайтын жағдайға дейін жеткізеді. Өмірге деген әуесқойлығы өзін де жоғалтып жіберед» матинди окып корип, туниле жаздадык гой омирден, сизбен мулдем де келиспеймин, мен бул жалган да «адал мен мейиримди жане сабырды» жаныма жалау етемин. Арине, Алла касиретинен сактасын. Сондыктан мундай киындыктарга тап боламын деп те ойламаймын. Шамасы, бул матинди жазган адам саршаяндарды аса унатпаса керек, бунын бари жасандылык, одан баска ештене де емес…
akbota
Мен Тауешкі. Тура өзімді көрдім жазбадан…
mairosh
Менікі торпақ. Мінезім сай келмейді. ((
edige
Егіздер дұрыс жазылған… Қыз да адемі… Салынған суретте егіздер ДАУНга уксайды
salta
Суреттері керемет екен)))
kaspi_meruerti
Қызық екен Арыстанмын. Барлығы бірдей келіңкірейді дей алмаймын…
Tyulpan
білмеймін, кейде сеніп қалам, кейде сене алмай қалам… по настроению, короче
JAKO
мен Тауешкімін, кей жерлері келетін сияқты ма,қалай өзі?..
NurzhamalSaktaganova
Шаяндар логикадан алшак жане анкау дегенге келиспеймин! Менин IQ корсеткиш оте жогары. Маган логикалык маселелер шешу унайды. Жанеде фантазия мен экстрасенстик кабилет жаксы дамыган деуге болады. Ал анкаулык маган оте жат кабилет карама-кайшы. Мен кез келген адамга тез сеним артпаймын. Омирде биреудин арбауына туспегенмин.
Lev
Сарышаян дал келеді екен.