Қымызды қалай ішу керек?

Қымызды ұлттық сусынымыз дейміз, жұрт патенттеп жатыр дейміз. Бірақ сол қымызымыз туралы қазақша нақты ақпараттар жоқ екен интернетте. Қымыз түрлері, дайындалуы, пайдасы туралы бар да, ал қымызды қалай ішу керегі туралы ешкім жазбапты. Амал жоқ Рунетті шарлауға мәжбүр болдым. Сонымен қымызды қалай ішеміз?

Бұрын қазақтар күніне 10-15 литрдей ішкен екен. Қазір әрине организміміз ондай жүкті көтере алмайды. Сондықтан арнайы графикпен ішкен дұрыс. Тәулігіне 100 миллилитрден 6 рет ішу керек. Мөлшерін көбейте отырып, бір күнгі норманы 2 жарым литрге жеткізуге болады. Қымыз ашқарынға, бөлме температурасымен аз ұрттаммен ішіледі. Таңғы және түскі астан кейін кем дегенде 1 жарым сағаттан кейін ішкен дұрыс. Ал кешкі астан кейін ішуге болмайды. Кешкі асқа дейін де 1 жарым сағат бұрын ішу керек.

Қымыздың дәрет айдағыш қасиеттері бар. Сондықтан ұйқы алдында ішпеу керек. Бірақ ұйқы шақырар қасиеті де бар. Жатар алдында аз мөлшерде ішуге болады.

Оффтоп суреттер:

Не ішеміз?: Қымызды қалай ішу керек?

Не ішеміз?: Қымызды қалай ішу керек?

Не ішеміз?: Қымызды қалай ішу керек?

Не ішеміз?: Қымызды қалай ішу керек?
Бөлісу:

53 пікір

torgai
Саумалды ішуге де денсаулық керек. Әрі қымызды күніне қарап таңдап ішкен абзал. Ішіп көрмеген адам бесті қымызды абайлап татқаны дұрыс.
GALEKE
Саумал ең пайдалысы дейді ғой. Ал тағы біреулері саумал асқазанның бүрін жойып жіберуі мүмкін дегенді айтады. Қайсысына сенеміз?
Соңғы түзету:
torgai
Ол жағын білмедім. Өзім бір ішкенде аз дегенде 2-3 сапар кесе(үлкен тостағанды осылай атайды біздің жақта) ішетінмін. Орта есеппен 1-1,5 литр. Саумал ішемін деп, кішкене бір кесесін әрең тауысқаным бар. Пісілмеген болған соң шығар. Оны да сүйсініп ішетіндер жетеді. Қазір қалаға келгелі қымыз ішу көзден бұл-бұл ұшты ғой. Ауылға барсақ таңсық асымдай ішемін. Бұрынғыдай көп ішуге қауқарым да жоқ. Ішу де өнер екені рас.
GALEKE
Қымыз сатқыш апайымыз да саумалды рекомендеп жатыр. Ол үшін азанымен, сағат 9-да жұмыста болу керек, оның үстіне аш қарынға ішу керек екен. Оған қайдан. Үйден тоя кекіріп, сағар 10:30-да келесің. Үлгермейсің де, аш қарын да емессің.
a63a1
саумал жылымыш қант араласқан сүтқой, білә іше алмайм. Саумалдың көбігін қасыққа салып шипонердің үстіне тығып қойсаң қантқа айналады біраздан соң
GALEKE
Өмірімде саумал ішіп көрмеппін. Мына сөздерден кейін бір күн ұйқыны қиып, азанымен жұмыста отырмасам ба.
a63a1
ішіп көр, кейбір адамға ұнап жатад
zhanara2013
Одан кейiн, саумалдан сон, патшанын озi жаяу баратын уйде отырасын, жумыста емес…
GALEKE
Қазір азанда бір кеседен ішуді бастадым. Таңғы ас пен түскі астың дәл ортасында. Денсаулыққа пайдасын білмеймін, бірақ, ләззаты керемет!
Daniar-Alan
Денсаулыққа пайдасын білмеймін, бірақ, ләззаты керемет!
туалетте отырғанда ма?
a63a1
сүр етпен закусывайттап ішіп отқанға не жетсін, ет болмаса бауырсақ немесе нанға қаймақ немесе сары май жағып жегенде ерекше бір тәбет ашады. негізі, қымызды шөлдеп келіп ішкендегі ләззат ол енд анау мынау емес, айтып түсіндіру қиын. Қымызды ішкен сімірген бетте ауыз қуысыңа қышқылдау болып сезіліп, жұтынып болғанда таңдайда бір жұмсақ тәтті майлы қою зат ішкендей әсер береді. Есмшек емгендей десе де болад пыфф)))
zholantai
соңғы сөйлеміңмен құртып кеттің)))
a63a1
расы осығой, шай дегенді бие байлағалы ұмыттық, күзге дейін енді осы. Ауылдан келетін автобустарым аман болсын)))
zholantai
той-домалақта, түрлі жиындарда болмаса, үйге алдырып ішпейм. бізде, ауылда, шұбат дүрілдеп тұр
zhanara2013
Шубат деген кымыран ба?
zholantai
иә, қымыран ғой, әдеби тілде көбіне шұбат деп қолданғаннан кейін, солай жаздым
Sashok
Шұбат — қымыран емес, шұбат — шұбат.
a63a1
Шұбат деген биенің таза сүті, күбіге құйылмаған, пісілмеген.
aza
Абзал, оттама! Шұбат түйенің сүтінен ащытылған сусын!
asaubota
шұбат көрмедіңдер ме не өмірлеріңде? шұбат тек қана түйе сүтінен!
neoaskar
е білмейсіңдер ме, шұбат қой мен ешкінің сүтінің араласқаны дей салсаң иә
Әрине дәл таптың асаубота түйенің сүтінен
Aya
Асау қымызды ашқарынға ішсең асқазаныңа ауыр тиеді ғой, ашқарынға саумал пайдалы, қымыз емес. Қымызды ет жеп отырып ішу керек, сонда күшТ кетед Сосын мынадай норыммен ішуді онша түсінбейді екенмін)) Жуас қымыздан көрі, асау қымызды кесені басымнан асырып, төңкере салған ұнайды. Ұрттап ішсең тез-ақ қымызға болдырып қаласың.
GALEKE
Сосын мынадай норыммен ішуді онша түсінбейді екенмін))
Нағыз қазақтың сөзі. Қазақтың нормасы — бірден әрі бәрін
Aya
 біздерді жаз сайын жайлауға жіберетін әкем мен шешем. Сол кезде тамаша болатын. Саба толы қымызды пісуден әбден шаршайтын едік. Майы кілкіп бетінде жүретін. Саба түбіне кішкене қалташамен қалампыр, өрік-мейіз салып қоятын.
torgai
Саба пісуден қашатынбыз. Апамыз 5 мың рет піс десе, 2 мыңнан кейін жаңылысып кетесің. Апа келіп «болдыңдар ма?» десе «иа» дей саламыз. Тұрғызып жіберіп өзі тағы мың рет піседі. Біледі екен ғой өтірік айтатынымызды. Біздің үйге беріп жіберетін қымызды 2 мыңға аз пісетін. Қалғаны ауылға жеткенше аттың жүрісімен соғылып бабына келеді екен. Қазір де құмармын. Айтқандай, сыздықтатып ішіп көрмеппін.
GALEKE
Бұлар қымызға ерекше дәм беретін болды ғой сонда?
torgai
Күбіні тобылғы немесе қайыңның түтінімен ыстау да бір өнер. Есесіне қымыздың дәмі ерекше болады.
GALEKE
Бұрын нанның нанға айналуы үшін қанша адам еңбек ететіні туралы бір мысал әңгіме болатын еді. Мен де дайын қымызды ішіп жүргеніммен, мыналардан соң ойланып ішетін сияқтымын
torgai
Нанды бір қолмен үзбе деп ұрсатын ата-анам. Екі қолдың еңбегімен келген асты бір қолмен үзіп, дарақы болма деп түсіндіретін. Сол сияқты бұл да.
Nur
Бисе сауысудан қашушы едік кезінде. бір сағат, бір жарым сағат сайын келеді де тұрады бие сауыс. Кешқұрым киіз үйдің ішінде алты адам тізіліп жатамыз, өңкей еркектер. Ішіндегі ең кішкентайы ретінде мен барып шошаладан бір шелек қымызды меймілдетіп алып келемін. Сапырып-сапырып, әрқайсысыеа екі сапаркеседен құйып беремін. Артынан өзім бір сапаркесесін төңкеріп алып, босаған шелекті шайқалақтап орнына апарып тастаймын. Сол кездегідей қымызға қанып көрмеген сияқтымын.
a63a1
таныс көрініс, қымыз сату деген дәстүр шыққалы, ауыл аралағыш қымызішерлерде азайып кетіпті. Үй аралап жүріп шелектеп ішіп жүретін қымыз алқаштары болатын ауылда
torgai
Шіркін, кермеде құлын еміп жатқанда ық жақта тұрып қымыздың иісін иіскеу бір рахат қой.
Aidakonya
мәшін айдайтындар сияқты тек қана кешке, кешкі ас алдында, ең бастысы тоқтамай ішіп «ббфффрррр» деп, барлық он екі мүшен бір дірілдеп, серпіліп қалағанда ұнайды))
Daniar-Alan
он екі мүшен бір дірілдеп
Сіздерде он бір  Ерлер қауымында ол 12
a63a1
Күбіні ыстау үшін тобылғыға барып, қаңғып ертелі күнді кеш қылып, қамшыға сап іздеп өз бетімізбен лағып кететін балалық шағым есіме түсіп қорс-қорс жылявалдм(((
Sashok
Қымыздан шұбат жақсы ғой, қаззақтар. Бірақ шұбат аз дәріптелед почему-то.
a63a1
арнайы алдырып іштім шұбатты, ашыған көже тәрізді. Шұбаттың сиырдың сүтінен айырмашылығын көрмедім.
torgai
Шұбатты жамандамаймын. Бірақ, Торғайда түйе деген аз. Сондықтан қымызбен өскенбіз. Шұбатты іздеп ішіп көрмеппін.
a63a1
Бір қызық айтайын, баяғыда ауылға Зәзәң деген көрші шал 3-4 түйе әкеліпті. Содан әлгі түйені көрген ауыл жылқылары ауылға қарай беттемейтін көрінеді. Ақыры түйелердің көзін құртып тыныпты-мыс. Жаңаарқа жақта түйе деген атымен жоқ. Сондықтан да болар шұбаттың қадірін білмейді екем
SaryQazaQ
Шұбат ішіп өстік. Қымызды Алматыға келіп алғаш рет ішкенде мен де сіздердің шұбатқа коменттеріңіздей ойда болғанмын. «Сары ащы көжені неге соншама дәріптейді екен» деген ойлар болғанын жасырмаймын.бірақ қазір қымыз ішіп жүрмін, қымыздың кәйпіне енді енді еніп келе жатырмын
Соңғы түзету:
zholantai
ойлайм да, админнің ішуге келгендегі ориентациясы өзгерген-ау деп)))
asaubota
кеше футбол ойнап едік жігітермен. сонда бір жігіт жақсы бір жердегі қымызды жарнамалады. барып алдық 2 лт. үйге келіп біраз іштім салқындай және тамақтан кейін. кейін ішім ауырды. сосын ойландым осыны біз дұрыс ішпей жүрміз ау деп. іздедім интернеттен, сосын халықпен бөліскенім ғой.
zholantai
үнемі ішіп жүрмеген ағза таңырқап қалған шығар, гендегі ақпараттар елең-елең етіп) Бір жағынан сенімді қолдың қымызы болмаса да қиын. Сүт, шалап, пісілген айран қосад деп, апам-әпкемдер таныс жерлерден ғана алатын
asaubota
сол үшін таныс емес жерден алмайтынмын. ішетіндерім тек Жаңаарқалық авторитеттер Айсұлтан мен Бекболаттың қымыздары еді. кеше алғанымыз халал дүкен, бұрын ет алатынбыз. солардікі таза ғо деп сеніп барып алдым.
a63a1
соңғы фотода оң жағынан екінші отырған Зәзәңғой?!)
GALEKE
Соңғының алдындағы суретке қарап, жиналыстың ұзаққа созылмағанын түсініп отырмын. Жақсы идея. Қармақты бір салып, екі балық ұстайсың
Erkekyz
Саумал ішіп жүрмін қазір. Емдік қасиеті үшін. Бірақ ашқарын немесе сағат уақытысы деген жоқ екен. Қай кезде сауып әкеледі, сол кезде іше береді екенмін.
bazuka
аш қарынға жақсы болады деп ағам ерте тұрып ішіп жүрді
SaryQazaQ
Саумал дегенді мүлде ішіп көрмеппін. Қымыздың өзін аздап ішіп жүргеніме жылға жеткен жоқ. Алматыда дұрыс қымыз қай жерде сатылады?
temir1986
5-6 алты оқып жүргенде 1,5 айдай жылқышы ауылда болғам. Сол кезде іштім қымызды. Жылқышылар екі үй. Екі үйдеде қымыз ашытады. Бірақ мен жатқан үйден гөрі көрші үйдің қымызы жақсы болатын. Біздің үй нан салып ашытады. да аналар қазыма бірдеңе салатын сол кезде. Саумал деген өте қантты болады екен. Дәмі әлі аузымда бірақ.
aza
Астанаға кеп үйрендім… Саумалыңды қайдам, "қымызды шөлдеп кеп ішкендегі сезім тамаша" деген Абзал сөзіне қосылам. Сосын ет пен домбыра болса… Бір күні Домбыра Патиге қымыз алдырамыз-ау осы
bazuka
7-8 класс оқып жүргенімде әке жұмысты тастады да жылқы ұстаумен айналысты. 3-4 бие сауатын анам. Басыңда онша ішу білмейтінмін)артынан қой десе қоймай ішітен болдық ғой)) Таңертен анам 6да бастайтын саууды. (1 сағат сайын сауады ғой) Ол саууға шығып кеткенде мен тұрып күбіден екі баклашкаға құйып алам, соны күнұзақ шайқап жүрем, сосын түскі демалу кезіңде рахаттанып ішіп аласын) Қымыз бауырсақ пен еттен кейінгі ең жақсы көретін ұлттық тағамым.