Іштегі баланың жынысын анықтау

  • TOP
Бүгін бір "қыздарски" пост жазайын дедім. Жақында көптен ұл күткен бір ағам ұлды болды, Астанаға келген кездерінде келіншегім жеңгеме ұл болады деп «болжап» берген еді. Сол методпен бөліскелі отырмын. Бүгінге дейін есептелгендердің барлығында дұрыс шықты.

Обшым былай:

Алдымен етеккір келмей қалған айдың санын аламыз, мысалы қараша айынікі келмесе = 11. Сосын дәл сол кездегі әйелдің жасы, мысалы 27. Сосын осыларды қосамыз да шыққан қосындыға 1 қосамыз.

11+27+1=39 егер тақ сан шықса ұл, жұп сан шықса қыз. Егіз болса оны УЗИ анықтайды
:)

P.S бұл методты келіншегім "Қазақстан әйелдері" журналынан көріпті. Керек инфо болып қалар деп осында бөліскенді жөн көрдік.
Бөлісу:

197 пікір

patick
керекинфо екен!
GulbagymBakytovna
меники Узидан кыз деген, есептесем так сан шыгып тур, коремиз, 7ай мед келмеген +22жасым+1жауабы 30ягни жуп кыз№
asaubota
patick пен chimaq үшін өзекті болып тұрған сияқты ма

әйелдің ішіне қарап та айтатын «масетрлер» бар. егер әйелдің белі қатты өзгеріске ұшырамай іші алдыға қарай шошайып шықса ұл болады, егер беліне қарай көлденең шықса қыз болады дейді.
TERISKEY
хехехе Ал, мен әпкемнен қалай сұрайм?
asaubota
сұрама, осыны шығарып апарып бер
sammita
тытотумататол?
сайттың бетін ашық қалдырып жоғалып кет)
TERISKEY
сосын бастық келіп көрсе, не ойлайды екен?
Aldeken
Ал, мен әпкемнен қалай сұрайм?

жеңгеңнен сұрауға ұялмайтын шығарсың…
sammita
бауы берік болсын
TERISKEY
рахмееееет!
salta
шын аты шынымен кім болды?
TERISKEY
Хауа-Айша болды
VKM
Сен Хауа деп едің ғой. Алдамшы
sammita
арнайы календары да болады. Орыс сайттарында осындай не осындай әдістер көп кездеседі.
УЗИ де қателесіп жатады. Бұндай әдістер де 100 пайыз дәл анықтай алмайтын шығар…
asaubota
әрине 100 пайыздық ештеңе болмайды. бірақ, бұлар ең көп дәл тиген амалдар ғой. сондықтан халық осылар бойынша есептейді.
sammita
күтіп жүргені керісінше шығып жатса, кейбіріне күшті әсер етеді. УЗИстер де пациенті сұрамаса айтпайды. Осындай болжамдарға аса көңіл бөлмеуші ем өзім
asaubota
мен көңіл бөлдім, әсіресе екіншісінің ұл болуына. біріншісін көбінесе аман болсын кім болса да деп уайымдайсың. ал екіншісінде адам таңдай бастайды
sammita
роддомға бармай қоятын өкпешіл әкелер болады, күлкілі Әншейін қызығушылықпен көңіл бөлген шығарсың.
asaubota
ондай ақымақ емеспін әрине, баланың жынысы тікелей әкеге байланысты екенін білмейді емес білемін
sammita
Ершат деген вундеркинд-бала ғой©
Aldeken
баланың жынысы тікелей әкеге байланысты


баланың саны (егіз, үшем) кімге байланысты екенін айтжверсең…
asaubota
ол енді генге байланысты дейді ғой.
Abilakim
Баланың саны әкенің санына байланысты десең,ә)))
Ottegin
Иә, әйеліңнің жатырына не саласың, сол туады)))

әйелдің хромосомалары ХХ
ер адамдікі ХY

яғни, ер адмның ұрығындағы хромосома баланың жынысын анықтайды
Nurgisa
Иә, бастысы аман-есен жеңілденіп, сау ұрпақ туғаның ғой, саммита.
sammita
дұрыс, Жырғиса
VKM
"қыздарски" пост


Санап қойдым… хехе)
Aikona
Кімдікін десең иа
sammita
мен де өзімдікін санадым. дұрыс.
AKY
өзіңдікін?
Nurgisa
Дұрыс дегеніне қарағанда ішіндегі бөпесінің жынысы Аршаттың әдістемесі бойынша дәл келіп тұрғаны ғой. Қазір жақсы күтінуің керек, Баламқас. Қатты зорықтырмауың керек өзіңді…
sammita
Әбдіразақтың жұмбағында мен жоқпын
Қатты зорықтырмауың керек өзіңді
бопты, Жырғиса демеймін))
AKY
«Жырғиса, жазып берші жыр-қисса» де ендігіде.
sammita
мамаңның туған жылын жаз, саған да санап берем
AKY
1954
sammita
ұл.
AKY
Қате ғо анауың.
qisyq
Алдымен ойланып (хмм…) барып жауап бергеніңе қарағанды сенімді емессің-ау бұл тек саған қатысты.
VKM
өзіме санадым.Қашан ұл болатынын… хехе
Aikona
теккір келмей қалған айдың санын аламыз
мынаны білмейсің ғой дегенім ғой
sammita
ол теріс қарап санаған ғо. дұрыс
VKM
мазақтамаңдариии)))
sammita
жоқ мен салмақты пікір білдірдім. Ұл болуы үшін тақ сан шығуын қадағалайсың, жасыңды ескеріп.
VKM
мысалы деп алдым ғой… хехе, Айкона)))
Aikona
еее  Әлі не дошло
sammita
этикалық тұрғыдан «е»-ні алып тастағаның ақылдылығыңның айғағы.
asaubota
қыздар, постты мазаққа айналдырмауларыңды өтінемін. уақыты келеді, осы пост естеріңе түседі, сол кезде есептеп аларсыңдар. ал қазір тақырыпқа қатысты айтарларың жоқ болса былғамауларыңды өтінемін.
Zhan
уақыты келеді, осы пост естеріңе түседі, сол кезде есептеп аларсыңдар.
Точна екен.
Aldeken
Математикалық әдісті естігем, бірақ, толығымен бүгін естіп (оқып, көріп) отырмын.
Екі ұлдың әкесі ретінде аяғы ауырлаған кезден бастап, іштің білінуі кештеу болатын болса, ол іштегі сәбидің ұл екеніне меңзейтініне тәжірибе жүзінде куә болғанмын…

Пы.сы. Егіздер туралы білмейді екенмін… Егіз ұлдың әкесі болған досымнан сұрамасам…
Nurgisa
Әділетті танитын болып тұрсың ғой, демек
Aldeken
сол ғо… )))))))))))

Пы-сы. Әйеліне егіз тапқызған жігіт ретінде бұл жерде тек Әділетті таниды ма деп қалдым… ))))))))))
Nurgisa
Біздікі дедукция еді бар болғаны. Әйтпесе, Маратхан мықты админ ғой.
sammita
еркектің тұқымында егіз болса, егіз бала туылу ықтималдығы жоғары.
AKY
Керісінше, әйел жағынан берілед бұл қасиет. Менің мамам жағында да, папам жағында да бар егіздер, ляляля.
sammita
еркек жағынан беріледі. Генге ол жауапты.
dark_nazgul
Генге екі жақ та жауапты. Бірақ, әйел адамның егіз тууға деген қабілеті оның жұмыртқа жасушаларының ерекшелігіне тәуелді. Ал ұл, қыз болуына таза ер адам жауапты.
Әйелдің оған титімдей де қатысы жоқ, шын айтса.
Nurgisa
Жатпай-тұрмай ұл-қыз туралы оқитын сияқтысың. Помешанная дейтін бе еді. Дұрыс қой, адамның бір нәрсеге қызығушылығы болғаны жақсы сияқты. Есесіне, тематика өрісі осы болса.
alisha көрінбей кетті.
sammita
Денсаулық, ем-шара, қыздарға қатысты ақпарттар көп қараймын. Аса қажеттілік емес, керек болар деп.
Алишаны шақырғам, жауап жоқ.
Nurgisa
Сенің ұл-қыз туралы ойлайтының, бұл тақырып төңірегіндегі қызығушылығың біреудікін сыздатып жатыр, байқадың ба? )))
Не ғой, «ақпарат» дегенді қазір көпше түрде де нетіп жатсыңдар ма?
sammita
бұ қайсы кен?
ақпарат, дұрыс.
Nurgisa
Иә, ақпараттарың қашанда дұрыс болсын, Балам… ой, саммита!
Erkekyz
Мына әдіспен үшінші жеңгемдікін есептеп көрдім, дұрыс, екеуінде де ұл туу керек, ұл туыпты.
asaubota
Доминанттық факторы да бар дейді білгіштер. Мысалы еркек жұмысында қатты болуы мүмкін, бірақ үйінде әйелінің айтқанымен болса хромосомалардың да әйелдікіне жеңілу ықтималдығы жоғары.
VKM
Аршат ағаға енді қыз санау керек)))
asaubota
біріншісін қыз болса деп тілегем, кейінгілерді бағуға шешесіне көмектеседі деп. қазір жүр үлкен ұл өзі де ұйықтамай өзгені де ұйықтатпай  түк пайдасы жоқ, арамтамақ
Nurgisa
Әмин екеуміз сені ұрамыз, құрдас, Ipad айтпад деме.
dark_nazgul
Өз басым, бірінші баламның ұл болғанын тіледім. Өйткені, ерте ме, кеш пе, қызым да болатынын білдім (білмесем де, тіледім). Ал қыз баланың алдында ағасы болуы керек. Алдымда ағам жоқ, маған өмірде ер көтерер жүкті көтеруге тура келді. Қызымның өмірі ондай болмаса дедім.
Бірақ, әжем «ырыс алды — қыз» деп отыратын, яғни, бірінші бала қыз болуы керек дейтін.
patick
Бірақ, әжем «ырыс алды — қыз» деп отыратын

Ырыс алды — ынтымақ емес пе еді?
dark_nazgul
Ынтымақ та ырыс алды. )))
Aldeken
Әйелдің жынын қағып тұру керек деген принциппен, жұма сайын әйелін өлтіріп сабап, а деп аузын ашқызбайтын көрші мемлекеттердің бірінде жаппай ұл туып, қыздар дефицит болыпты дегенді естімеппін…
Ал, жалпы, мұндай болжамдардың түр-түрі бар ғой…
Жейтін тамағыңа да байланысты дегенді естіген біздің құлақ…
19852407
Ол рас. Мәселен сіз отағасы бола тұрып, тәттіге қмарлааааау келсеңіз және бала бітетін уақыт алды бірыңғай тәтті тағамдарға құмар болсаңыз, қыз баланы өмірге әкелуге себепші боларыңыздың ықтималдылығының пайыздық мөлшері анағұрлым жоғарырақ
Қысқасы, кімге ұл керек, «Жоспарлы ұрпақ» қарары қабылданбай тұрып, дүниеңіздің егесіне де, өзіңіздің де даярлықалды ас мәзірлеріңізге (кемінде 3-4 ай бұрын)балық, ет, көконістен қияр, т.б. вощым тұзды тамақты көбрек қосыңыз
qisyq
Саясат пен секстың арасы бір-ақ тұтам екеніне көзім жетті.
madlen
Баланы есептеп туатндар да бар екен. Я имею в виду, до зачатия.
sammita
есептеп туатндар
есеппен көтеретіндерді айтасың ғой. Заман/адам өзгерді, бәрі есеппен қазір(
Aldeken
Баланы есептеп туатндар да бар екен.

не ғо, жүрейін сол, келіншекке махаббат ашылып тұрғанда календарьмен ақылдасып… )))))))))))))))))

Жалпы, «Адамның шешіміне Алланың кесімі болады» деген бар ғой.
Екінші баламды босанатын кезде келіншегім қайынапасының гинеколог екенін, және жоспарлы түрде кесарево болатынын ескеріп, «жоспарлап» көрген. Қысқасы, босанатын кезі шамамен наурыз айының басында болды. Содан қайын апасына: «1 наурызда босанбаймын, ол күні ауылдағы үлкен қайын апамның туған күні, 3 наурыз босанбаймын, сіздің туған күніңіз болады соған таласпайық, 8 наурызда роддомда жатқым келмейді, такышто 2 наурызда босанайын, а» деген. Содан, қайын апасы Барбаросса жоспарын бекітіп, 2 наурыз күні апарды ғо, роддомға, сонда деймін, Астанадағы менмін деген роддомда таза құрал табылмай қалып, амал жоқ, 3 наурызда екінші ұл дүниеге келген-ді…
Опшым есептеймін деп әурелену қажет пе осы?
asaubota
есептеп қажеті жоқ, бұйырғаны болады.

оффтоп: Астананың роддомдарын жамандайтын бұрынғы провинциалдарды көп естіп жүрмін. баланың кіндігі түспей шығарып жібереді екен, сосын бала жылай береді. біздің үлкен ұл Ақтөбеде асықпай шығып еді 10 күндей жатып. ал екіншісін тез шығарып жіберді, жылауық.
sammita
не ғо, жүрейін сол, келіншекке махаббат ашылып тұрғанда календарьмен ақылдасып…
қажет болса жасайды, онда тұрған не бар. Бірнеше ұлы/қызы болып әдейі жоспарлайтын болса.
salta
адамның емес,Құдайдың бұйрығы ғой. бастысы аман болсын!
VKM
Менің қайтыс болған бауырымды ата-анам есептеді ғой, бәрібір табиғатқа қарсы шыға алмайсың…
asaubota
жүрек қағысы бойынша да анықтауға болады. қыздардікі тез соғады ұлдарға қарағанда.
nurjanbay
жүрегінің соғысын күнде тыңдаймын. тез соғады.
nurjanbay
дүк дүк дүк дүк дүк дүк дүк дүк дүк дүк
Abilakim
Бала жасалып қойған соң ұлы не қызы не бәрібір емес пе? аман болса болды ғой.
Алла берем десе береді айы мен жасына қарамай
dark_nazgul
Менің үлкен ұлымды дәрігер «жүрек соғысы ұлға ұқсайды» дейтін. Қандай айырмашылық бар деп сұрамаппын.
nurjanbay
бұл есеп бойынша ұл шығып тұр. басқа да барлық болжамдар да ұл деп тұр. барлық көріпкелбалгерсәуегейлер де ұл деп бал ашып қойды. бірақ келіншегіме узи кыз деді.
sammita
көріпкелбалгерсәуегейлер
сен соларға барасың ба, олар қайдан біледі.
nurjanbay
падружкалары, жеңгелері тағы басқалардың «көріпкелбалгерсәуегейлерден» қай жері кем? Аршаттың есебі сияқты есепке салып, жұлдызнамасы бойынша, ішінің өскеніне қарап деген сияқты айта береді ғой.
qisyq
Маған да сөйткен. УЗИ ғана қыз деді, ал былай көрріпкел, сәуегей, болжағыштар, есептеулер ұл деді. Қыз болдым.
asaubota
УЗИде анық көрінбеуі мүмкін
Erkekyz
Менің екінші жеңгемде бәрі ұл деген. Балшы-малшы бәрі, ішіне де қарап дегендей. УЗИ қыз деді, қыз босанды. Кейде шатасып та жатады, кім біліпті.
VKM
Біздің Айдока да ұл болу керек болған. УЗИде де ұл деген. Халық календары,қытай календары, бәрі-бәрі ұл депті.
Zilola
мен туылатын кезде де ұл деген, ой ауылдағылар шетінен түстерінде пышақ көріп, оны ұл туылатын болды деп жорыған. Қайдам, точны қызбын, бірақ көп қылықтарым, түрім де ұлға ұқсайды
Ottegin
Қожанасырдан бір жүкті әйел өзінің кімді туатыны туралы сұрапты.
Сонда Қожанасыр «Сіз не ұл, не қыз туасыз»,-деген екен, сол тәсілге ұқсай ма, қалай?
Zilola
Табан астында тексеріп көре салатын аяғы ауыр танысым да жоқ екен
Gulistan
«Ер бала анасының күшін, қыз бала сұлулығын алады» деп айтады ғой, сол қаншалықты шындыққа жақын?
Nurgisa
Иә, көтермелейміз деп көңілжықпас мінезге әбден үйірсек боп алғанбыз. Саяси бедел жинауда небір жақұтты да үйіп-төгесің. Қазақ — креативтен кенде халық емес.
asaubota
иә, ондай да бар. егер іште ұл болса әйел ажарлана түседі, қыз болса беті нашарлап азып кетеді дейді халқым.
dark_nazgul
егер іште ұл болса әйел ажарлана түседі, қыз болса беті нашарлап азып кетеді дейді халқым.
ол рас. Ұл мен қызға қатысты нақты медициналық тұрғыдан дәлелденген «народная примета» осы ғана. Қыз бала іште жатып, анасының әйелдік гормондарына ортақтасады.
Erkekyz
Менің мамамда тіптен керісінше болған екен. 4 баласында да арып, түрі әбіржулі болған. Ал мені көтергенде қатты толып, ажарланыпты. Қатты толғаны соншалық, мен ішінде 6 айлық болғанша ешкім білмепті де, сезбепті де. Ал мамам осы жаста туып не керек деп айта ма деп елден қысылып айтпай жүрген екен)). Нағашы әжем айтады екен мамаға Құдай саған 4 келініңді жамандап жүрсін деп осы жаста беріпті ғой бір қызды деп
dark_nazgul
арықтау — әбіржу, толу — ажарлану арасында өзім үшін тікелей байланыс жоқ.
Бастысы — қызда дақ шығады.
Сосын, жүкті, жүкті болғысы келетін келіншектерге кеңес: Дюфастон деген дәріні көп ішпеңіздер. Іштегі бала ұл болса, оның бойында әйелдік гормондар артып кетеді. )))
Zilola
Менің әпкем жүктілігінің соңғы айына дейін бетіне маска киіп жүрді, өйткені бетіне небір нәрселер шығып кетті. Бірақ қыз емес ұл босанды.
Aigolek
Тааак сауирде тусам тамызда жасаган мени ягни 8 мама о кезде 26 да бопты. 8+26+1=35.
Так боп калдым гой мен
Aigolek
елдин бариники келеди екен. Меники гана келмит. Мумкин мени баска биреуден асырап алган шыгар
19852407
Қызыққа мен де есептеп көргем, жұп сан шықты менде ) 11+24+1
Ал, інімдікі шықпай қалды.12+29+1
Пы: Сы: Бұл тәсілдің де наққа кетуі 100 пайыз секілді ме, қалай?...
Nurgisa
«Бо-та-қа-ным, сәседінен аумай қалған»…
19852407
«сәседский» болуымыздың ықтималдылығы 0 %! Себебі, әкемізден аумаймыз екеуміз де
Aigolek
ининдики дурыс шыккан так боп тур сеники шыкпай калган егер ул болсан
19852407
жоға, екеуінде де так сан шығып тұр ғой, Айгөлек ау, 36 да 42!..
Abilakim
36/42 екеуі де жұп
19852407
Құрдас, не болватыр мынжерде ))
Aigolek
Саган екинши сыныптын математикасын тусиндире алмай жатырмыз. Так пен жупты
19852407
Aigolek:
ининдики дурыс шыккан так боп тур сеники шыкпай калган егер ул болсан
Айгөлек, інімдікі де жұп шықты 42! Өзімдікі 46 — жұп! Қанша жазылды қоймадың ғой
Пост (ия, жоғарыдағы пост авторының
егер тақ сан шықса ұл, жұп сан шықса қыз
дегеніне назар аударсаңыз, құрметті айгөлек ханым  

Жұп сан екенін көріп тұрған шығарсыңыз, математиканы беске оқысаң. Қоймадың ғой тура, қаншама рет жауап жазып жатыр саған мындағы жұрт  
жоға, екеуінде де так сан шығып тұр ғой, Айгөлек ау, 36 да 42!..
ал мына жерде автоматты түрде жазылып кетіпті, тақ деп
19852407
36 дегенім, шатыстырып біттін тура елді ))))))))))
Aigolek
Қызыққа мен де есептеп көргем, жұп сан шықты менде ) 11+24+1

мынаны мен жаздым ба
19852407
36 шығады. Енді не дейсің?
Aigolek
екинши сыныптын математикасын бир карап келши сосын пост жаз
19852407
мен пост жазбаған сияқты едім…
бұл постты жазған админ болатын
19852407
уа, жамиғат! Аsaubotaның жазбасы сеп боп, аяқасты жынысым өзгеріп кетті ме өзі, ық-ық…
19852407
так боп тұрған жоқ, жұп екеуі де!
Aldeken
Бұл есептеулер болашақты болжауға арналған, өткен шақты тексеруге емес…
Aigolek
тексерип алып колдану керек кой.Рисковать ете бергенше
Aldeken
Тек, көңіліңізге келіп қалмасын…
Алдымен етеккір келмей қалған айдың санын аламыз
Сізді дүниеге келтірген жанның өмірінде осы құбылыстың қай айда орын алғанын, өзіңіздің дүниеге мерзімінде (одан бұрын немесе кеш) жарық дүние есігін ашқаныңызды да білу қажет…

Нужно проверять свои источники © Алекс Хитченс деген 1 кинодағы кейіпкер
Aigolek
Етеккир зачатие болган айда келмейди. Жарайды етеккир келип кеткеннен кейин зачатие болды деййк. етеккир келеси айында келмей калды. Менин жагдайымда бул есеп тура шыгады. Ал менин логикам бойынша етеккирдин келгени емес зачатие жасалган уакыт маныздырак.
19852407
муахаахаххаахахааааа
asaubota
олай керісінше есептеу анық шықпауы мүмкін. өйткені нақты қанша ай, қанша күн көтергенін білмейсің ғой және месячныйдың қай айда біткенін. бұл есеп негізі аяғы ауырларға арналған, кері есеп жасауға келмейді деп ойлаймын.
Aigolek
ягни есеп бар бирак натижесин тексеруге болмайды дегин келе ма?
asaubota
дұрыс түсінбедің. бұл есепті математикалық амал қылып қолдануға болмайды. яғни қосынды арқылы артқа қарай жолға шығуға болмайды. бұл жерде ең маңыздысы алғашқы санды білу.
Aigolek
Ягни далелдеуге болмайтын аксиома дещ
AKY
Менікі де қате екен. Өзім есептегем жоқ бірақ.
omarbirat
Осылай есептеп жүргендерін үйде көргенім бар.
dark_nazgul
Бір көрші апайдан көргем кесте. Әр балама қатысты сандарды соған салып есептеп көріп едім, ұлым қыз, қызым ұл болып шықты. ))
dark_nazgul
Жалпы, әйел адам өзі сезеді, ішіндегі бала не ұл, не қыз екенін. Басқаны білмейм, өз басым, ұлды да, қызды да дәл болжағам. )))
asaubota
иә, өзі біліп тұрады екен. біздікі солай деді.
Ottegin
Келіншегімнің аяғы алғаш ауыр болғанда кім туатынына мән бермеппін, ұл туғанда "өлердей" қуандым десем өтірік болар еді, тек екеуі (келіншегім де, ұлым да) де аман болғанын тіледім, ал екінші бөбектің қыз болғанын қалап едім, тілегім орындалды)))
satvaldo
математиканы үйтіп қорламау керек еді :ҚҚҚ
dark_nazgul
Постта жазылған әдіс бойынша енді ғана есептеп көрдім. Бәрі де дәл шықты. Қызық екен. ))
asaubota
мындағы қызық пікірлерді біздің «профессорға» оқып беріп отырмын. мәз болып отыр
boztorgai
бір жолсапарда пойызда осы әнгіме котеріліп сенбеп ем
satibaldi
Адам жанын "қатырып" болып, енді тәніне көшкенсіңдер ме, қайғы-физиологтар өңшең! Түйенің бурасы мен аруанасын айырып алыңдар әуелі, нақтар кілең!
salta
еркектер ұсақталып барады ма дедім ғой. әйелінің к… аңдып жүретіндер көбейді. кезінде баласының түріне тек қырқынан шыққаннан кейін ғана қарайтын әкелер, қазіргі таңда баланың шешесінің бір жеріне қарайтын әкелермен ауысқанға ұқсайды. Сатыбалды мырза, түйенің емес адам баласының еркек ия болмаса әйел екендігін ажырата алмайтын заман туындады емес пе?! таң қалып, таңдай қақтыңыз ба, әлде таң қалып т… ұстадыңыз ба?
asaubota
бір күнде ең көп оқылып, көп пікір жазылған посттардан шығар деп мен де мәз болып отырмын
Gastarbaiter
Ондаймен страдать етпид кенбіз
sammita
Гастаның романын оқимын деп жетіп келсем
Gastarbaiter
Бізде ырбаңдап, ұл-қыз деп отыратын уақыт жоқ Бергенін ала береміз
Zhan
Мені мамам 21 жасында туыпты. 21+12+1 болады 7. тақ сан шықты, ал керек болса, мен сонда ер бала болып туылуым керек еді ғо…
madlen
12-ай сенің туылған айың ба?
Онда сен дұрыс емес санадың.
Zhan
34 болу керек. сосын мен әдейі 3+4 қосып жібердім ғо
madlen
Алдымен етеккір келмей қалған айдың санын аламыз, мысалы қараша айынікі келмесе = 11. Сосын дәл сол кездегі әйелдің жасы, мысалы 27. Сосын осыларды қосамыз да шыққан қосындыға 1 қосамыз.
Gastarbaiter
Біздегі демографиялық жағдайда осынша геморрой теорияның не керегі бар, практикамен айналысыңдар. Неғұрлым көп бала болса, соғұрлым көп мүмкіндік, баланың да екі жыныстан да бала туатынына.
KILYZAMAN
Анықтау не үшін Керек екенін түсіндіре алатын бір адам табыладыма?
asaubota
алдын ала жынысын біліп, соған қарай дайындаласың. киім, ойыншық алу, ат ойлау.
KILYZAMAN
Ырым, тыйымдар ше?
asaubota
оларды бәрібір адамның ішіндегі қызығушылық жеңеді :)
satibaldi
Анықтау не үшін Керек екенін түсіндіре алатын бір адам табыладыма?
Шал жаман емес…
Dinara
Егер сәбиіңіз 12.12.12 күні туылғанын қаласаңыз осы апта соңғы апта деп жатыр есептегіштер, бүгін соңғы күн яғни
asaubota


ол ептілер, бірақ есепке қарамайды ғой  ерте шыққысы келсе ерте шығып кетеді. жата бергісі келетін жалқаулар да болады.
Nurgisa
Енді қоя берсейші, ниеттеніп жатқан шығар. Райынан қайтарып қайтесің…
albina0
ул болса келиншек адемилене тусед ал ишиндеги кыз болса керисинше бар сулулыгын тартып алады айелдин бетине кара дактар шыгып азады
Daniar-Alan
мұнан шығатын қорытынды: әйелдер іштен шықпай тұрып проблемасын алып келеді мына дүниеге
Aldeken
қателестің, негізі әйелдер арасындағы бақталастық, тумай тұрып басталады деген қорытынды дұрыс сияқты.
Daniar-Alan
тіпті шешесімен де ма?.. ойпырмайй…
dark_nazgul
Іште жатқанда гормондарына ортақтасады, сәл өскен соң көйлек, туфли, косметикасына ортақтасады.
Gulistan
Қызынан аянған ешкімді көрмедім.
mampasi
мен тағы бір есеп білемін.
көтерген ай оған толық жасыңды қосасың, мысалы 12+29=41 тақ сан шықса қыз, жұп сан шықса ұл. туған күнің қыста бірақ сен жазда көтерсең толмаған жасыңды қоспа.
Бүгінге дейін он шақты таныстарымды есептедік, барлығы дұрыс шықты.
asaubota
дәл осы посттағыдай есеп қой, тек бар айырмашылық бір қосу немесе қоспау
toha9566
егер ұл қажет болса сүндетке отырған баланың апщуін жейді. Есептемей ақ сонда ұл туады. Ал қыз баласын білмедім, дегнмен бір амалы бар шығар)))
zholantai
жеу демекші, мені сүндеттегенде кесіп алынған теріні апама берген, «сақтап қойыңыз, кейін осы немереңіздің келіншегіне көрсетесіз» деп. араққа тойып, қызара бөртіп алған біреу болатын.
Соңғы түзету:
toha9566
аа таптым мүмкін апщу жемей ақ қойса қыз туатын шығар
Emilia
Керек болады. Таңдаулыларға қосып алдым
Tamila
Көбінесе аяғы ауыр келіншек ащыға жерік болса ұл, тәттіге жерік болса қыз болып жатады немесе келіншек аяғы ауыр кезінде сұлуланып кетсе ұл, ал бетіне дақтар шығып азып кетсе қыз болғаны. Орысша айтқанда іштегі қыз всю красоту забирает
Tamila
Және бір жерде оқығанмын неге орыстар көбіне қыз босанады? себебі олар жасыл тамақтарды (укроп қияр т.б.) көбірек пайдаланады да ал біздкілер көбіне ет тағамдарына жақын келеді. сонда қыз болатын ұрық төзімді болып келеді де жатырда өлмей ер жынысты ұрықты басып тастайттын көрінеді-мыс. Қыз туғысы келетіндер жасыл тағамдарды көбірек жеңіздер!!! Ұл туғысы келетіндер керісінше!!!
MamaAya
екіншімді бір гинеколог календарьға қарап қыз деген, но УЗи ұл деді, есептеу келе бермейтін сияқты, еркектің бөліндісінің процентіне байланысты қанша жерден есептетсең де, слабый ма-қыз, жоғары ма-ұл!
ай, бірақ Алла кімді қалап берсе, сол қой негізі…
Соңғы түзету:
ZhuliabekPrankbay
сонда 1-ді не үшін қосады… қыздарға жұп сан көбірек жарасқаны үшін ба…
AyzhanNurseitova
Өтірік қой. Мен 24 те аяғым ауыр болды. 7ші ай 24+7+1=32 ал менікі ұл болды.
asaubota
өткен жылы ең көп оқылған осы екен — 52 000 рет
VKM
менікі тура келді)))
asaubota
көтеріп қояйын мына постты :)