Акушер-гинеколог Гүлбану Құсайынова: «Вумбилдинг – әйел денсаулығының кепілі»

«Вумбилдинг» терминін ең алғаш тұрмысқа шығып, жас босанған құрбымның аузынан естіген болатынмын. Тіпті ол әлдебір әйелдің қынабымен ауыр темірді қысып көтеріп тұрған видео сілтемесімен бөліскенде, «сонша зерттеп, соңына түсетіндей не көрінді екен оған?» деп қалғаным рас. Босанған соң әйелдерде не түрлі мәселелер пайда болатынын мен қайдан білейін. Мәселенің төркіні жай «извращенский» қызығушылықта емес екендігін акушер-гинеколог маманмен сұхбаттасқан соң ғана түсіндім.



Вумбилдинг (орысш. ВУМ (Вагинальные Управляемые Мышцы) – «басқарылатын қынап бұлшықеттері», ағылш. building – «құру, жасау, дамыту») терминін ең алғаш енгізген В.Л. Муранивский деген орыс. Атауы айтып тұрғандай, вумбилдинг – жыныстық қатынас кезінде аталмыш бұлшықеттерді басқару дағдыларын меңгеру.



Муранивскийдің мұндай фитнес түрінің негізін қалауға ең алғаш рет өзінің қынап бұлшықеттері табиғатынан ерекше дамыған шығыс әйелін кездестіруі себеп болған екен. Әлгі қасиетінің арқасында ол әйелге онсыз да көп адам құмар болғандықтан қарым-қатынастары ұзақ болмапты. Ресейге келген соң, Муранивский бұл туралы көп ойланып, ол бұлшықеттерді жаттығу арқылы да дамытуға болады деген қорытындыға келген. Осылайша жаттығу методикасын және түрлі тренажерларды ойлап тапқан. Қазір тіпті аты дардай «В.Л. Муранивский атындағы Ресей вумбилдинг федерациясы» да бар. Федерация түрлі тренингтер өткізіп, вумбилдинг инструкторларын дайындайды және оларға сертификат береді.

Алғашында тек секс сапасын жақсартуға бағытталған фитнес түрі қазір медицинамен байланыстырылып, «көптеген сырқаттардың алдын алуға көмектеседі» деген тұжырымды қалыптастырып келеді. Федерацияда тренингтен өткен вумбилдинг инструкторларының бірі, осы салада жүрген жалғыз қазақстандық акушер-гинеколог Құсайынова Гүлбану Жоламанқызы осындай пікірде. Ол №2 босану үйінде алғашқы болып осы вумбилдинг негізінде «Босанудан кейінгі сауықтыру» бағдарламасын бастады. Ендігі сөз кезегі – заманауи дәрігерде.

«Босанған әр әйел вумфитнеспен айналысу керек»

«Бізде босанған әйелдің денсаулығымен, оның босанудан кейінгі реабилитациясымен ешкім еш жерде айналыспайды. Біздің медицинада ең бастысы – әйелді айы-күні толғанға дейін бақылап, аман-есен босандырып алу ғана. Ал босанғаннан кейін әйелде шыжың, көтеу тәрізді сырқаттар мен қынап қабырғасының төмен түсуі, қынаптың кеңеюі сынды мәселелер пайда болуы мүмкін. Әйелдер босанған соң осындай түрлі қиындықтармен жалғыз қалады.

Көптеген әйелдер оргазмды онсыз да сезінбейді, ал босанған соң тіпті сезімталдығы жоғалып кетеді. Қынап жолы кеңейгеннен секс сапасының нашарлауы екібастан. Ал бұл еркектердің әйелдеріне деген құштарлығы жойылып, көзге шөп салуға әкеліп соғады. Осылайша ажырасу көбейеді. Әйелдер бұл мәселе турасында ешкіммен кеңесе алмайды, ары кетсе акушер-гинекологынан сұрайды. Олар өз кезегінде «енді ондай-ондай болады, туған балаң ірі болды ғой» деп жұбатып, ең аяғы хирургиялық тәсілмен қынап каналын тарылтуды ұсынуы мүмкін. Ал мен келіншектерге босанған соң ешқандай хирургиялық тәсілді қолданбай-ақ жыныс бұлшықеттерін қалпына келтіруге болатындығын айтып отырамын. Ең құрығанда вумфитнеспен айналысу бастапқы қиындықтарды жояды.»

«Вумбилдинг дегеніміз...»

ОҒМ жазбалары: Акушер-гинеколог Гүлбану Құсайынова: «Вумбилдинг – әйел денсаулығының кепілі»«Вумфитнес – вумбилдингтің алғашқы сатысы болып табылады. Оған Никитина автономды жаттығу құрылғысымен Кегель жаттығуларын жасау жатады. Яғни Кегель жаттығулары жыныс бұлшықеттерін жай жиыру болса, бұл – құрылғымен жиыру, яғни бұлшықетке қосымша күш түсіру. Бұл жаттығулар зәр жіберіп қою, көтеу тәріздес ауруларды емдеп, қынап қуысын тарылтады.

Вумфитнес сатысынан соң әйел өз еркімен келесі Муранивский пневматикалық жаттығу құрылғысына көше алады. Ол құрылғының бұлшықетті жиыру күшін көрсетіп тұратын манометрі бар, және алдыңғы Никитина құрылғысы тек қынаптың төменгі бұлшықеттерін жаттықтыруға арналса, бұл қынаптың барлық бұлшықеттерін күшейтуге арналған және секс сапасын жақсартады.

Осы құрылғымен жоғары нәтижелерге жеткен соң, металдан жасалған Никитина жүк жаттығу құрылғысына көшуге болады. Бірақ жатыр мойны төмен түскен әйелдерге бұл құрылғымен жаттығуға болмайды. Одан ары қарай тағы элиталы секске жаттықтыратын құрылғылар бар. Олар туралы үйренгісі келген адамдар біле жатар...»

«Перзентханада топтық тренинг бастадым»

«Негізінен жаттығуларым индивидуалды болып келеді, неліктен екені түсінікті шығар. Бірақ екінші перзентханадан топтық «босанудан кейінгі сауықтыру» бағдарламасын бастап жатырмын. Бұл еліміздегі осы бағыттағы ең алғашқы және жалғыз бастама. Ол жерде ең алдымен тренажерсыз қарапайым Кегель жаттығуларын үйретемін. Босанған әйелдер жаттығуға жиі келе алмайды, сәбилерінің қасынан шыға алмайды. Сондықтан оларға Кегель жаттығуының әліпбиін 2 сабақта үйретіп жіберуге тырысамын. Ал вумбилдингпен тереңірек айналысқысы келгендер кейін жеке сабақтарға жазыла алады. Себебі тренажер бағалары да арзан емес. Бір ғана автономды жаттығу құрылғысы 40 мың теңге тұрады. »

«Қазақ әйелдері жаттығуға жасырынып келеді»

«Вумбилдингтегі негізгі контингентім – өзім босандырған 25-40 жас аралығындағы келіншектер. Оның ішінде қазақ қыз-келіншектері көп. Яғни оларға босанған соң шыжың, геморрой сынды ауруларды емдеу үшін және қынаптың кеңейюі, қынап қабырғаларының төмен түсуі секілді мәселелерді жою үшін жыныс бұлшықеттерін қатайтып, тартып, қалпына келтіруге көмектесемін.

Одан бөлек естігендер тренингтерге жазылып жатады. Олардың жеке өмірі, мамандықтарын білмеймін және ол маған қызық та емес. Өздері де айта бермейді, себебі менталитетке сай болмағасын ұялады. Тіпті бір әйел маған сегіз ай бойы жалған есіммен келіп жүріпті. Кейін шынын айтқанда мен ренжіген де жоқпын.»

«Вумбилдинг босанбаған әйелдерге де пайдалы»

«Вумбилдингпен айналысу әйелдердің болашақта жеңіл босануына септігін тигізеді. Сонымен қатар көптеген әйелдерде жыныстық қатынас кезінде ауыру, дискомфорт сезімдері, қуық немесе тік ішекке қысым болады. Соның әсерінен өмір бойы жыныстық қатынастан ләззат алмай өтеді. Осындай сұрақтармен келетіндер көп. Ал мұның бәрі жыныс бұлшықеттерінің әлсіздігінен. Вумбилдинг жыныс бұлшықеттеріне түсетін қысымға қарсылық көрсетуге дағдыландырады. Тағы бірде «вагинизмге» ұшыраған жас келіншек келді. «Вагинизм» — алғашқы жыныстық қатынас тым ауыр тигеннен жатыр-қынап бұлшықеттерінің жиырылып қалып, еркектің мүшесін кіргізбей қоюы. Оның бір жағынан психологиялық факторлары да бар, дегенмен физиологиялық тұрғыдан да емдеу керек. Оған да вумбилдинг көмекке келді.»



«Вумбилдинг – ең алдымен әйелдің денсаулығы, содан соң ғана ерлі-зайыптылар арасындағы гармония» дейді еңбек өтілі 14 жыл құрайтын акушер-гинеколог. Тренингтердің түрлері және олардың бағасы туралы Гүлбану Құсайынованың жеке блогынан біле аласыз.

Фото сұхбат берушінің жеке мұрағатынан
Бөлісу:

101 пікір

VKM
Айгера, таңдаулыға қойдым, мүлдем білмейтін нәрседен хабарлар қылғаныңа рахмет.
Tyulpan
Көтеу деген геморрой ма?
AKY
Иә
Tyulpan
геморрой деген әдемірек естілетін сияқты ма қалай ))
Gastarbaiter
:v
"Әдемірек" ну инақ, қалай естілсе де жақсы нәрсе емес. Көтен эстеттерінссс
zholantai

AKY
смайдың скриндері ме мынау?
zholantai
иә, өзі сохранить картинку деген, сақтап, қайта шығарсам, қатып қалд, жынды ма, сонымен айта салш, енді
asaubota
қазір ерікті кесарево көбейіп кетіпті деп жатады ;)
AKY
;)
asaubota
неге күлдің, Бөрібаева? айт, бірге күлейік
dark_nazgul
Өткенде ғана дым білмейтін сияқты джыпылық-джыпылық етіп отыр едің «кегель? боулинг па?» деп (өләәәә, смайликтер қайда кеткен?)
AKY
Йенды маманмен сұхбаттасып, бәрін біліп кеп отырған жоқпын ба)))
zholantai
джыпылық-джыпылық етіп отыр
ған түріңді gifтеп тасташ :)
zholantai
өзекті, кезінде бала мен ана сайтында осы туралы көп айталатын еді, босанған келіншектер сұрақ қояд: «кеңейіп кеткен соң күйеуімнің маған көңілі толмай жүр, түнде кеш келетінді, үйге қонбайтынды шығарды, қайтем? деп, бұлшықетеріңізді жаттықтырыңыз деген жауап алатын, демек осы екен ғо, вумбилдинг деп те аталатының білдік,
zholantai
Муранивскийдің мұндай фитнес түрінің негізін қалауға ең алғаш рет өзінің қынап бұлшықеттері табиғатынан ерекше дамыған шығыс әйелін кездестіруі себеп болған екен. Әлгі қасиетінің арқасында ол әйелге онсыз да көп адам құмар болғандықтан қарым-қатынастары ұзақ болмапты.
автор қынап бұлшықеті мощный әйел туралы толығырақ айтып тастаса екен деген тілек енді :) :)
zholantai
видео жоқ па, там вумфитнестен?
dark_nazgul
видеоны сабаққа барсаң ғана береді, әлбетте ақысын төлеп барсаң.
zholantai
қажет емес, менікі со, для бригола көре қалу :)
DiasBisengali
Видео көп қой. Ана жерлерімен гирді көтеред
zholantai
мен көрмегем, гир көтергені керек емес, әнеубір жоғарыда көрсетілген құрылғыларды қалай пайдалатындары қызық,
AKY
кім рұқсат етед ол құрылғыны пайдаланғанын виедоға түсіруге. Қажет адам маманнан барып сұрап алады. Ал саған керегі жоқ оның, әрине римбилдингпен айналысқың келмесе)))))))))))
zholantai
енді ол құрылғыны кім пайдаланып жатырғанын көрсетпеуге де болад ғо, қынап біткенді көріп шықпаған соң, кімдікі екенін кім біліп жатыр: ) :) :)

әрине римбилдингпен айналысқың келмесе
айналысайын ба, сен айтш?! «иә» десең «дауай» дейін деп тұрм :) :) :)
DiasBisengali
Көтіңді қысып журу деген нарсе Римбилдинг қой сол
AKY
енді ол құрылғыны кім пайдаланып жатырғанын көрсетпеуге де болад ғо, қынап біткенді көріп шықпаған соң, кімдікі екенін кім біліп жатыр: ) :) :)
бұл пост бастапқы ақпарат үшін ғана, сендерді қоздыру үшін емес

айналысайын ба, сен айтш?!
Үйвай)))))))))))
zholantai
небопқалд? бетіңе қызыл жүгіре қалғандай ма қалай өзі?
AKY
аватарға қарап диагноз қоя беретіндерден бе ең сен де?
zholantai
қайдан, менікі чисто текстке қарап ғо :) :) айтпақшы андай смайликті қалай қяосың, айтЧ
Tyulpan
тайланд қыздары сыраның бөтелкесін тб ашады деп айтатын еді. олар вумбилдингпен жақсы жаттыққан-ау
ken
сыра бөтелкесін аша алатын болса, онда оларды зорламақ болған ерлердікін жұлып алуға да болатын шығар
zholantai
байқар келсейш, барып :)
AKY
Жәндерінің кіруін шіркіндердің
Gastarbaiter
Браво!!!
Тақырыпқа қатысты әнек.

Вум-фитнесшілер мақтанып отырған көрінеді:
Орыс қатын:
— Мен алманы әлгі жеріммен көтере алам жерден.
Қытайдың қатыны:
— Ал мен еденге қағылған шегені шпагатқа отырып суырып ала алам.
Қазақтың қатыны әлгі жерімен бетін жауып:
— Шпагаты несі, ұят-ай…
satibaldi
Сен қаззақ хуйлқына комплимент істегің келген болса, бұл жерде қаззақ қатын ұтылып қалуы керек еді
zholantai
игере алмадым, неайтқысы келд?
MERmukhanov
Бір тамаша тағылымды тәмсіл тығып қойды дейсің бе әнегіне?
zholantai
білмим, ну әнек болған соң күлу керек ғо, ал мен күлетін ештеңе таппай отырм
Gastarbaiter
Тупой әнек ғой, бетпе бет айту керек. "Іммә" деші деген сияқты.
satibaldi
Мен түсінбедім: осынау бір ғақылия дүниелерді қатындарға алып берсең — олар ренжи ме, қуана ма???
satibaldi
«Вумбилдинг – әйел денсаулығының кепілі»
Осы тұс поликлиникалық стильеді санбюллетенауи-плакатауи шаблон сияқты. Өзің ойлашы, вумбилдингпен айналысатын әйелді түрінен қалай байқауға болады?
AKY
КьетыңызЧ дейм
asaubota
Gastarbaiter
Өзіңді асыра бағалама, бір сиіп келсең, жата қалады :))))))
zholantai
әйтпесе көзге шабады дейд, рас па?
satibaldi
Ауылдағы әжелер осындай жерде жұмыс істейтін баласын қалай айтар еді? «Көт шынықтыратын жерде тренір қызым»
AKY
Айтпақшы мынадай және мынадай тренингтері бар бұл кісінің
satibaldi
Физиологиялық тұрғыдан қатыса алмайды екенмін, кешір.
AKY
Есесіне подружкаңызды жібере аласыз)
Anar70
«домой вы уйдете полностью подготовленные к применению освоенных навыков на практике.
Продолжительность занятия: 4 часа.Стоимость занятия: 15000 тенге» — дейді, 4-ақ сағатта дайындап жібереді екен ғой)))))) Неғылған тренинг десеңші))))
AKY
4 сағат жетпейд деп тұрсыз ба сонда соны үйренуге? )))))))
Anar70
канешна! жетпейді))))) 99,8 пайыз
Gastarbaiter
Ең қиын жұмыстар туралы тізіміңді қайта қарастырың ғой деймін, Сатеке. ))))
Gastarbaiter
«Көтім терлеп кетті» деген кезде адам өмірінде бірінші рет сөздің тура мағынасында прав болған дейсің ғой.
Simona
Кегель Кегель деп шулап кеткен соң қарасам бұл қай немiс деп. Немiсше Beckenbodentraining, жүктiлiктен кейiнгi жасалатын спорт түрi, әйелдерге әсiресе недержание мочи после родов, опущение матки, ал еркектерге рак простаты сияқты ауруға бiрден бiр ем-мiс. Немiсшесiн екiқабат әйелдерден көп естим, ол бiр нормаль гимнастика түрi, тiптi доқтыр направление бередi. Ондай гимнастикаға барам/бардым деп ешкiм ұялып, жасырмайды екен.
Gastarbaiter
Ауропаны қайдам. АҚШ-тықтар күйеуіне силикон салуға ақша берші деуге ұялмайды екен, форумдарына қарасаң. Кей күйеулер, мә салбырап жүрмей силикон салып ал деп өздері хирургқа жол сілтейтін көрінед.
Simona
Ну йенДi өз байыңнан сұрамағанда басқа кiмнен сұрайсың? Оны жасыру мүмкiн емес қой, төсiм әлi өсiп жүр дей ме не дейдi. Ал андай трейниңге менi доғдырым жаздырды деп дос-танысына айта алады, денсаулық үшiн екенi само собой, ешкiм «аха, секас-өмiрiңдi гүлдендiру үшiн бе?» деп жыртың-жыртың күлмейдi де )) Менталитeт ;)
Gastarbaiter
Сен түсінбедің. Мен жалпы үйленген бала шағасы бар адамның силикон салдыруын қабылдай алмаймын. Спорт, жаттығу куда бы не шло. Рак молочной железыдан кейін косметический дефектты құрту үшін силикон салса, тоже пажалыста. Бірақ екінші, үшінші размерге үлкейту үшін силикон салдырам деп айту, ну я не знаю, порноактриса сияқты болу үшін бе, маған еркіндік пойызының тоқтайтын жері сол ма деймін.
Simona
ендi түсiне алмайтын жағдайлар көп қой. Әркiмнiң өз комплексi өзiне де.
Gastarbaiter
Ол да бар. Адамның комплектстерін өршіту арқылы тұтастай бизнес-империялар гүлденіп жатыр ғо.
VKM
қыздар болса жарайды, барлық жігіттер мына тақырыпта неғып жүр:))) ятцыздар
zholantai
енді әйелдердің күйеуінің алдында комплексовать етпеуі үшін өмірге еніп алған бірдеңеинг сияқты ғо, :)
dark_nazgul
Алматыда да бар екен, елу бес ақ мың теңге :D
AKY
Иә, Алматыда және Ақтауда ғана сертифицированный мамандар бар. Бірақ олар дәрігер емес екен.
dark_nazgul
опшым, жан-жақты зерттеген екенсің)))))))))) мен ғой, анау Муранивскийдің әңгімесін оқып отырып, ішінде жатыры өзінен өзі жыбырлап жататын әйелді елестетіп жібердім))))))))))))))))))))))
AKY
Зерттегенде, анау Гүлбану Жоламановна айтты өзі. Себебі сертификаты жоқ самозванецтер көп екен. Алданбау керек дейд)))
Иә, Муранивскийдің әңгімесі аздап тітіркендірді, бірақ онша сене алмай жүрм оған))))
dark_nazgul
опшым, Астанаға бір барғанда тренингке кіріп шығу керек десейЩ))))))))))))))))
asaubota
қазақтарда да болған деп өтірік әңгіме бастап жіберейік пе? :)
dark_nazgul
Жоқ, басқа әңгіме бастап жіберейік. Мен өткенде бір тренингке қатысқам. сонда тренер айтад, бұл нәрсе (ну, жаңағы жиырылу) еркекке әйелден сексуал энергия өткізеді дейді. Во қалай, Михалыч.
asaubota
ой, ондай философиялық қыршуларға сенбе
dark_nazgul
гыгыгыгы. Бензині бітіп қалған мәшинеге теңеу ше еркекті? Типа, бензині бітіп бара жатқан машина сияқты, бойындағы сексуал энергия азайғанда, алдымен өзі үнемі ьарып жүретін заправкаға барады. А онда бензин жоқ. Ну, типа, постоянный партнерша энергия бермей қалад. Амал жоқ, сәпсем бензин бітпей тұрғанда бірінші кездескен заправкаға кіре салад. Қалай? Еркектердің проституткаға баруын осылай суреттейді.
asaubota
мдаааа… суретші хренов. әлбетте бұлай емес!
Gastarbaiter
Энергетика, биополе деген ұғымдарда спекуляция жасамаған дүмше ғалым қалмады.
asaubota
адамдар қалай ұялмай алдайды екен, а? наглость ваще!
dark_nazgul
Не ғой, Әкіш, гинекологпен келістің бе? Осы постты оқып барғандардан саған процент төлей ме?
AKY
джоқ))) тақырыпқа жазатын пища тапқаныма мәз боп жүре берем ғой мен)))
asaubota
көп пікір жазылғанына қарағанда пост сәтті шыққан сияқты.

өлең жазып қоясың ба деп қорыққам :)
(ойнап айтам и :) )
AKY
Өлеңді қай кезде жазу керек екенін білеміз а так :)
satibaldi
Бұл, с позовления Вашего сказать — «жаттығу» түрі мені кешеден бері абдыратып отыр. Түсініксіз мәселелер әлі де көп боп тұр.
Gastarbaiter , адам тәнінің білгірі ретінде, мынаны айтшы: бұл «жаттығудың» аяғы — қарапайым мастурбациямен бітпесіне кім кепіл?
AKY
Таңғы 5 жарымда мазалаған сұрағының түрін
zholantai
само әрекеттің өзі мастурбация сияқты ғо, әңгімелеріне қарасаң :) :) :)
Gastarbaiter
:))))))) Ешкім. Бірақ ол жаттығуға мастурбациядан шешім таппағандар кіріседі дейді менің қисыным. Жо-жоқ, бал ашу не психоанализ емес, қарабайыр анатомия. Шүртекейінің стимуляциясын жұғым көрмейтін, ал вагиналды тітіркенуді әлгі «көңілдің» кеңдігінен сезіне алмайтындардың ғана амалы ма деймін.
zholantai
не ғо, ауылдарға бармай ма екен, жылжымалы станция болып?
AKY
Ауылдың әйелдері онсыз да біледі деп ашуланып отырған кеше фбда біреу)
zholantai
сонымен көп сөзді қойып, видеосын тауып берші, а то еш представление жоқ,
asaubota
айттым ғой дана қазақта бұрыннан болған деп
Aya
айттым ғой, осы жолы жаржіберейін деп тұрсың деп))