Ою-өрнек түрлері

Қазақ оюларының мазмұны мал өсіру мен аңшылықтың, жер-су, көшіп-қону көріністері мен күнделікті тұрмыстық заттардың бейнесін аңғартады. Барлығына дерлік мүйіз оюы үнемі араластырылып отырған.

Ою-өрнектің сыр-сипаты салынатын материялға, өрнектелінетін заттың қандай мақсатта қолданылатындығына байланысты. Мысалы, ақ түс — әділдіктің, шыншылдықтың, тазалықтың; қара түс — жердің, берекенің; жасыл түс — көктемнің, жастықтың; қызыл түс — күннің, оттың; сары түс — даналықтың, білімділіктің; көк түс — судың, ашық аспанның символдарын білдіреді.

Қошқар мүйіз — қошқардың иіле біткен қос мүйізіне ұқсайды. Мұндай ою түрі ұлттық киімдерде, текеметте, аяқ қап, сырмақ, киіз бұйымдарында кездеседі.
Жұлдыз өрнегі — аспандағы жұлдыз көрінісіне ұқсайтын болғандықтан да осылай аталған. Көбінесе клемдерде жиі қолданылады.
Сынық мүйіз — сынық жасап барып, мүйізді бейнелейтін өрнек. Ол көбінесе шым шиде, терме бауда, алашада көп кездеседі.
Балта — атауына сәйкес балтаға немесе «Г» әріпін ұқсас келеді. Кесте өнерінде қолданылады.
Тышқан із — тышқан ізіне ұқсас болады. Әже, апаларымыздың кимешек жиектеріне зер арқылы өрнектеледі.
Өсімдік пішіндес өрнектер сөмке қаптама, тыс әріздес тұрмыстық заттардағы өрнектерде кездессе, Геометриялық пішінді өрнектер тоқыма бұйымдарында көп қолданылады.
Түйемойын, қолтықша оюлар алаша, басқұр, шашбау, кілем, тұс киіз тоқуда өрнек ретінде қолданылады.

Күнпейіс Жұмахан " Қазақ сәндік қолданбалы өнер түрлерінің иллюстративтік анықтамасы" кітабынан алынды.
Бөлісу:

10 пікір

Aya
Бізде 200-ден астам ою-өрнек түрлері бар екен.
Бұрнада Бақ-бақ деген гүлдің сабағын екіге айырып, ауызымызға салып алып, "қошқар мүйіз, қошқар мүйіз",-деп қайталааааап жүретінбіз. Алған кезде дәл қошқар мүйіз болып қалатын, ұшы ішке қарай иіліп
Nurshat
Біздің ұлттық ою-өрнектерімізді моңғолдардан алған деген сөз бар. осы қаншалықты шындыққа жанасымды? бұлар қаншасыншы ғасырда немес жылдарда пайда болған? осы туралы мәлімет барма?
Aya
Көшпелілердің тұрмысымен тығыз байланысты ғой. Сондықтан моңғолдардан алды деуге негіз жоқ сияқты меніңше
asaubota
ою түрлерінің қасына суреттерін де қосқаныңда түсініктірек болар еді
zholantai
плюстедім, десе де кітаптан көшіріп ғана жариялап қоймай, сурет, не сілтемелер беріп, жандандырғаныңда болар еді. Оюға қатысты шыққан бір дені дұрыс (аты есімнен шығып отыр,) кітапты көргенім бар, ішінде мини CD дискісі бар еді. Әр ою суретінің электронды нұсқасы жинақталған.
zhandarm
ою деген кезінде ұзатқалы жатқан қызына жасауын дайындаған кезде әкесінің салған өрнегі екен. ал Ою деген сол қыздың әкесінің аты ою осыдан қалған деседі бұл мен естіген аңыз әрине
punk
мен естімеген аңыз екен)))
asaubota
ою деген етістіктен шыққан сөз емес пе ою, ойып алу?
Abilakim
сырмақтар мен текеметтерде көп кездесетін «Итқұйрық» деген түрі де бар оюдың
Mamyr
ең болмаса грамматикалық қате жібермеуге тырыссаңдар қайтер еді пост жазғанда. Басқасына үндемей-ақ қойдық тіпті