Әмбебап жауап
Сондай бір әмбебап жауап қалыптасты даЧ қаззақтар арасында.
1 мысал:
Аптауызда келе жатасың. Жүргізуші шартты түрде:
Осындайда өзіңнің ренішіңді білдірсең, кондуктор мен жүргізуші тарапынан мына жауап аласың:
— Ұнамай ма, түсіп қал!
Әрі қарай
1 мысал:
Аптауызда келе жатасың. Жүргізуші шартты түрде:
- темекі шегіп келе жатады;
- аялдамада көп тұрып қалады
- көлікті қайта-қайта кілт тоқтатып, адамды мезі қылады
Осындайда өзіңнің ренішіңді білдірсең, кондуктор мен жүргізуші тарапынан мына жауап аласың:
— Ұнамай ма, түсіп қал!

2011 жыл, сәуірдің 21-і
2012 жыл, сәуірдің 4-і
Естеріңізде болса, былтыр Теріскей амиго маған
USA TODAY басылымы Қазақстан Лондон Олимпиадасында 6 алтын, 3 күмiс, 3 қола алып, жалпы есепте 24 орынға тұрақтайды деп топшылап отыр.
Сегіз бітіретін жыл. Гимназия-лицейлер жаңа ашылып, гүрлеп жатырған кез болатын. Бір күні апай (класс жетекші) бір бума листовка алып келді. Қазақ-Түрік лицейінің жарнамасы екен. Жазылымға қарағанда бір жыл тіл үйретіп алады екен. Үйге келіп, соған түспекші болдым. Барлық құжатты мектеп дайындап берді (табель қырт-сырттың көшірмелері). Емтиханға келіп, алғаш рет тест (ол кезде тест болмаған) тапсырдым. Еш қиын болмады, кешке нәтижесін қарауға келсек 80-нің 78-і дұрыс екен. Келесі күні жақсы балл жинағандарды шақырып жиналыс өткізді. Үйдегі активист әкем екеуміз. Жиналысқа әке-шешем бірге барды. Айналып келгенде әлгілер бір жыл бойы ағылшын мен түрік тілін үйрететін болды. Әрмен қарай сабақтар ағылшын және түрік тілінде болады демесі бар ма. Келген жеріміз сол болды. Мен дым түсінбеймін, әке-шешем үйге келгенше ұрсысып келді. Әкем маған -Оқисың ба?!- деп қояды арасында. Шешем -Бала не біледі?- дейді. Обшым түсініп отырсыздар, мен ол мектепке содан кейін бармадым.
