Әмбебап жауап

Сондай бір әмбебап жауап қалыптасты даЧ қаззақтар арасында.

1 мысал:
Аптауызда келе жатасың. Жүргізуші шартты түрде:
  • темекі шегіп келе жатады;
  • аялдамада көп тұрып қалады
  • көлікті қайта-қайта кілт тоқтатып, адамды мезі қылады

Осындайда өзіңнің ренішіңді білдірсең, кондуктор мен жүргізуші тарапынан мына жауап аласың:
— Ұнамай ма, түсіп қал!

2 мысал:
Ұлтшыл зияткерлер арасында отырсың немесе жай ғана бір сайтта пікір жазып отырсың делік. Сен елдегі кемшіліктерді (коррупция, адамдардың мәдениетсіздігі, т.б.) айтып, өзіңнің ренішіңді білдірсең, төңірегіңдегілерден мына жауап аласың:
— Ұнамай ма, көшіп кет басқа жерге!

Әрине, бұндай жауап та теріс емес шығар кейбір тұрғыдан алып қарағанда. Бірақ, қаззақтардың өз кемшілігін көрмек түгілі, бетіне айтсаң өзіңді түтіп жеуге дайын тұратын настройлары көтке кірбің ұялатады.
Бөлісу:

25 пікір

patick
Осындай жауаптар айтылатын ситуацияларыңмен бөлісе отырыңдар
a63a1
1 мысалға қосымша: таксида кележатқан жоқсың
sammita
"ұнамай ма басқа жұмысқа кет"
satibaldi
Жиі естуші ме едіңіз?
sammita
ну бір ұжымда мыңдаған адам бар, естисің ғо. тікелей өзіме бағытталмапты шын.
satibaldi
Сенем, сенем. Саған анау айтқандай себеп болмаса, көп жолай бермеуге тырысатын шығар.
satibaldi
бір ұжымда мыңдаған адам бар
Ом манэ, «Большевичка» тігін фабрикасы қайтадан ашылды ма?
sammita
әсерлі естілсін деп
satibaldi
«Жүздеген» деп жұмсартсаң да шалқамнан құлайын девотыр едім, Қазалывагонжөндеудепосынсстың.
a63a1
Ең кереметЬ әмбебап жауап — Білмеймін.
madlen
Барымыз осы деген жауап
satibaldi
«Мүмкін емес». Журик құрылыс фирмасының бастығына ол салып берген үйдің қабырғасы, сылғаы, шанағы, контрфорсы, балкалары қираватыр деп барғанда еститін жауабы.
satibaldi
«Ақша жоқ». Культовый жауап.
Abilakim
аялдамада тоқтаңқырап қалғанда орыстар шулай бастайды. сол кезде көбіне«Біз кесте бойынша алда келе жатырмыз»деп айтып жатады
satibaldi
«Маман жоқ, 60-70 мың айлыққа қазір кім келсін?». Стоматологқа құлағыңды емдетіп отырғанда айтатыны.
satibaldi
«Жүйе сондай». Сантехниктер мен саясатшылардың әмбебап жауабы.
KILYZAMAN
Бірақ, қаззақтардың өз кемшілігін көрмек түгілі, бетіне айтсаң өзіңді түтіп жеуге дайын тұратын настройлары көтке кірбің ұялатады.
… -қарақыл қақ айырылды...
asaubota
өткенде Гаста жинақ қылып шығарып еді ғой
Gastarbaiter
повторюшка хрюшка, төмендегі коллекцияға қандай әмбебап жауап айтасың?

www.kerekinfo.kz/blog/debats/7647.html
patick
Білмеппін, кешір
Gastarbaiter
«Жоқ нақ, менікі Дзен Буддизм тұрғысында сәл басқалау» демегеніңе рахмет, амиго
zhanibek_nurish
«Білмеймін», көп естимін