Лондон Олимпиадасына болжам

USA TODAY басылымы Қазақстан Лондон Олимпиадасында 6 алтын, 3 күмiс, 3 қола алып, жалпы есепте 24 орынға тұрақтайды деп топшылап отыр.
Сонымен, кiм қай орыннан көрiнедi?
Бұл жайында басылым былай дейдi:
Бүкiл қазақ жанкүйерлерi сенiм артып отырған Илья Ильин украиналық Артем Ивановқа есе жiбередi-мыс.
Есесiне, Майя Манеза мен Светлана Подобедованы алтын алқа күтiп тұр. Зүлфия Чиншанло түрiк Айлен Дастелинге жол берiп, күмiс алады.
Боксшылардан Серiк Сәпиевтiң тұғырдың ең төрiнен көрiнетiнiне америкалық әрiптестерiмiз сенiмдi. Ал Әдiлбек Ниязымбетов пен Ғани Жайлауов қоладан үмiткерлердiң қатарында.
Дзю-додан Максим Раковқа ешкiм тең келмейдi. Грек-рим күресiнен Алмат Кебiспаев, үш қарғып секiруден Ольга Рыпакова алтын алуы мүмкiн. Ал, әйелдер күресiнен Жұлдыз Ишимова күмiс, грек-рим күресiнен Нұрмахан Тыналиев қола алады деген болжам бар.

www.astana-akshamy.kz/?p=494
Бөлісу:

43 пікір

Nurgisa
Ильин, Манеза, Чиншанло… Осы үш алтынға сенемін. Бокста күміске іліксек те жақсы деп отырмын осы жолы. Әуселеміз әмбеге аян.
asaubota
түпнұсқасын таба алмай отырмын, USA Today сайтынан
Nurgisa
Жақында жарияланғандардан мен де таппадым. «Абай Асанкелдіұлы» факторы боп жүрмесін е…
konvict
 Менің атым ойыншық па ии
asaubota
таптым: www.usatoday.com/sports/olympics/medal-tracker.htm

Спорт бойынша жасаған болжамдары қызық екен. теннисте еркектерден Надаль, қыздардан Возняцки алады дейді.

бізде бокстан Ниязымбетов пен Жайлауов қола, Сапиев алтын деп отыр.
Nurgisa
Әрине, болжам жасау оңай емес шығар. Дегенмен, Әзірбайжан алты алтынды қанжығалайды дегенге сену қиындау.
asaubota
мені ойландырып отырған сұрақ: Астана ақшамы өздері ізденіп тапты ма екен? өйткені еліміздегі басқа орысша ресурстар мұны әлі жазбаған. басредакторынан міндетті түрде сұраймын мұны
saken
мен «Алматы ақшамы» газетінен оқып едім. Кешегі келген номерінен.
kokbori
Аламан, Алашаренсы, Алашайнасы, Айқын секілділер жазды ғой, бір айдай болған сияқты
saken
не дейміз ЮэСЭй тудэйдің аузына май, астарына тай дейік енді.
Nurshat
Ильинның тағы бір шабары бар, ол алса, бәлкім 23 ке шығып қалармыз.
kokbori
Мая мен Зүльфиядан үміт бар, ал Светланаға күміс бұйыратын шығар. Илья үздік, Кебісбаев қола алса да мәз боламыз. Раков аяқ астынан аунап түсетінін Париждегі сайыстан көргенбіз, бұл күмісті еншілеуі де зор қуаныш. Сәпиев белгісіз. Оған бақ қана жетіспейді. Әділбектің қола алатынына өз басым сенбеймін, себебі рингке шыққаннан шаршап шығатындай әсер қалдырады. Жайлауов қола алатын деңгейде екені рас
Басқасында шатағым да жоқ
Nurgisa
Байқадыңдар ма, бокста қазір біршама ел баяғы тарланбоздармен емін-еркін иық тіресіп жүр. Қытай, Моңғолия, кәрі құрлықтың бірқатар елі — терезелерін теңестіріп үлгерді. Бізде белгілі бір кезге дейін Кеңес дәуірінің мықты мектеп үлгілері бақ боп кеп еді, бұл инфрақұрылым қараусыз қап қоймады ма екен деймін. Ішкі кухняда не жағдай болатынын кім білед… Кейбір айтқыштар, беделді бәсекелерге таныс-тамырмен барып қалып жатады дейді, шын мықтысы қалыс қалдырылып. Шынымды айтсам, Сәпиевке де, басқасына да сенімім аз боп тұр, неге екенін. Баяғыда медаль алсақ осы бокстан алармыз деп болжаушы да ма едік. Қазірше ауыр атлетика ғана спорт шенеуніктерін құтқарып тұр… Бірақ бұл да екі-үш атлеттің арқасында… Оның бір-екеуі жалдамалы… Отандық инфрақұрылымға ақша құйылмайынша дайын легионерлерді қыруар қаржыға сатып алумен көсеге көгермек.

Айтпақшы, нысананы дәлдеп атушыларды да есептен шығармайық…
asaubota
бокстан бұрын кәдімгідей держава едік, ел қорқатындай. қазір менеджменттен бе әлде спортшылар ұсақталып кетті ме, финалға жету арман болып қалды ғой.

күрес те солай. өткенде комментатор Астанада лицензиялық турнир өткеннің өзін қайта-қайта айтып мақтана берді. ұят.
kokbori
. Қазірше ауыр атлетика ғана спорт шенеуніктерін құтқарып тұр… Бірақ бұл да екі-үш атлеттің арқасында… Оның бір-екеуі жалдамалы… Отандық инфрақұрылымға ақша құйылмайынша дайын легионерлерді қыруар қаржыға сатып алумен көсеге көгермек.
Оны айтасың, жалғыз тілегіміз Ильяның өзін әрі бері итеріп, келімсектерге берген ақшаның оннан бірін бөлуге де қимай дауласқанды айтсаңшы. Амал жоқ, мойындатқаннан кейін артын қысты
a63a1
алдын ала келісіп алатындай көрініп тұрғой, жемқорлықтың иісі мүңкид не дегенмен
neoman
6 алтынға онша сенбейді екенсін. Бірақ болжамдар спортшылардың соңғы сайыстардағы нәтижелеріне сүйене отырып арнайы алгоритммен есептелінеді екен, яғни объективті түрде, букмейкерлердің есебі секілді.

Бұл трекер былтырғы жылдан бері істеп тұр. Біздікілер енді байқапты… Ай сайын жаңартылады екен… Көрейік болжамдарының қаншалықты орындалатынын
asaubota
6 алтын әлі болып көрген жоқ. қателеспесем тек 3 алтын болған сияқты максимум. қазір 2 алтынға да шүкір ететіндей болып қалдық қой.
omarbirat
Бір алтын болса да шүкіршілік етуге дайын болып отырмын
nurlat
USA TODAY басылымының болжауына мән бермей-ақ қоюымызға әбден болады, кім біледі АЛЛА ТАҒАЛА қаласа қазақтар барлығын жер жастандырар...Қазақ спортшыларына тілейтінім — сәттілік, намысты қолдан бермейік, ағайын!
satibaldi
100 метрге, 200 метрге, 300 метрге, 400 метрге, 500 метрге, 600 метрге, 700 метрге, 800 метрге, 900 метрге, километрге, 3 километрге, 5 километрге, 40 километрге — жүгіруден, аяңдап жүруден, қарғып-қарғып жүгіруден, орғып-орғып жүгіруден, қарғып-орғып жүгіруден 1 орынды, 2 орынды, 3 орынды, 4 орынды, 5 орынды, 6 орынды, 7 орынды, 8 орынды, 9 орынды, 10 орынды кениялықтар алатын сияқты…
Armanjan
Қазіргі күні ЕҚ, Айқын қатарлы республикалық, сосын облыстық деңгейдегі бас газеттердегі олимпиадаға қатысты жетістіктер туралы мақалада міндетті түрде елбасының есімін қосу әдетке айналып кетті. Спортшылардың, бапкерлердің жетістігі, алынып жатқан медальдардың барлығына үлкен кісінің септігі бар сияқты көзқарас. Тек енді Ильинге елбасы соғымға арнайы жылқы сойып жіберіпті деу ғана қалғандай.
asaubota
кездестірмедім әлі
Armanjan
кездестірмедім әлі
ЕҚ №477 «Тибеттің шөбі тиімді» мақаласын қарап жіберіңіз. (бұл тек бір ғана мысал)
asaubota


әкел қолды. мен де бір бәрін оқитындай пезнес айтыппын
Abilakim
Маралтайдың өлеңінде «Нұрағаның нояндары» немесе «Нұрағаның ұландары» дей ме сондай сөз бар. Ана жолы Ильяны күтіп алар кезде оқыған еді
Janasil
Рас қой, Мына жерде ерігіп пікір жазып отырғанымсыз да сол Бір кісінің арқасы ғой.
Gulistan
Қап, Олимпиада күнделігі деп бөлек пост ашу керек еді.
Негізі биыл жақсы үрдіс болды, жеңімпаздарымыздың алған медальдарына сай жеке пост ашып, соны талқылап, ой бөлісіп, мара-қара болып жатырмыз.
Әні-міне деп Олимпиаданы да аяқтап қалдық. Осы жолы ерекше күшпен, идеямен Қазақ/Қазақстан жастары ерекше атойлады. Лайым сол қалыптан таймайық!
Ал енді бүгін бокстан 3 арланымыз жартылай финалда өз өнерлерін көрсетеді. Содан қапы қалмайық, жанкүйер болайық!!!
mercedes
Абдулхаким Шапиев пен Жаңақорғандық Дәулет Ниязбеков күресіп жатыр ағайын
StrangeR
Дәулетіміз жартылай финалға шықты
mercedes
ураааа Дәулет полуфиналға шықтыыыыыы
StrangeR
Жапон палуаны осал емес екен. Дәулетке жеңіс тілейік.
mercedes
Дәулет ресей балуанымен шығады
StrangeR
Қолаға таласатын болды
StrangeR
Беріліп күреспеген сияқты көрінді маған
mercedes
ех… Енді қола алуын тілейміз
StrangeR
74 кг салмақта орыстың ұтылып қалғанына қуанып отырмын, неге екенін білмейм
StrangeR
Ай, ай( қоланы да уысынан шығарып алды. Жақсы бастап еді.
StrangeR
Көркем гимнастикадан Азия чемпионы Анна Алябьева 15 орынмен финалға өтпеді. Қазақ қыз ба өзі?
asaubota
жалпы болжам шамалап шыққан екен негізі