Таныстырғалы отырған бұл сайттың қолданылған движогы LiveStreet яғни форматы осы керекинфомен ұқсас, нақты айтқанда болгплатформа, еркшелігі мұғалімдерге арналған.
Мақсаты:
мұғалімдердің өздеріне қажет ресурсты өздері қалыптастыруға жағдай жасау;
Мұғалімдердің ғаламтордағы белсенділігін арттыру;
Мұғалімдерге қажет болады ау деген компьютерге қатысты танымдық жазбалармен қамтамасыз ету;
Қазақстандағы жалпы мұғалімдерге әлеуметтік желі ретінде қызмет көрсету, яғни өзара танысып, тәжірибе алмаса отырып жұмыс жасауға ынталандыру;
Йә солай, алға қойған арман мақсаттар керемет, сайттың болашағы қалай болатынын уақыт көрсетеді, әзірге байқалғаны белсенділік төмендеу болып тұр, себебі де түсінікті сияқты, блогерлік деген не екендігі әліде болса беймәлім ұстаздар қауымына, техникалық тұрғыдан алсақта нашарлау біздің қауым.
Не дейсіздер жоба өміршең бола қоя ма? Қатардағы қалың сайттың бірі бола ма?
Аноооу Күн бетіндегі титтей ноқатты көресіз бе, Сол гой ВКМ, туййй, Шолпан)))
«ВКМ» Венера емес Керектегі… Кәдімгі таңғы аспанның көзмоншағы Шолпан ару жайлы…
«Бүгін Шолпан Күнге қонаққа барды. Жер ғаламшарының тұрғындары 110 жылда бір байқалатын құбылыс Шолпанның Күн бетімен өтуін бақылады. Таң жұлдызының Күн мен Жер ортасынан өтуін Азия құрлығы елдерінің тұрғындары анық байқайды. Жапонияда Шолпан траекториясын толық байқауға болады. Себебі, Шолпанның бұл құбылысы басталатын уақытта Күн жапон көгінде тұрады. Жалпы, ғалымдар аспан денесінің бұл қозғалысы табиғатқа әсер етпейтінін айтады. Тек аса сирек жағдайларда ғана су көтерілуі мүмкін. Бұл қызыққа Астана тұрғындары Күн көтерілген соң, яғни, жергілікті уақытпен таңғы 05 тер шамасында ғана куә болды. Елордадағы Оқушылар сарайының шатырына қойылған телескоппен Күн бетіндегі титтей ноқат Шолпанды анық көру мүмкін болды. Тіпті, жаңа технологиялар арқасында онлайн конференция да ұйымдастырылды...»
ПыСы: Бейреси ақпарат))): Не ғой, сол таң атпай Тәуелсіздік пен Момышұлының қыиылысындағы Сарайға бардық. Шатырға шығып Шолпанды тамашаладық. Сарайдың алдына да бір телескоп қойылыпты… 110 жылда байқалатын бұл құбылыс енді айналып келгенде менің жасым 135 те болады екен) Көріп алдық, келесісін күтпей алаңсыз жинала беруге болады енді ана жаққа)))
Жалпы… бір қыз айтады: Түүүу, осындайда ғасырда бір қайталанатын сирек құбылыстарды естігенде біртүсті бопқаламын. Өміріміз мәңгілікпен салыстырғанда түк емес я деп…
Келістім!
Топтық кезеңде бейтарап жанкүйерлердің назарын жаулайтын В тобы болатынына күмән жоқ. Мамандардың пікірінше дат футболшылары үшін бұл турнир топтық кезеңмен аяқталады. Негізгі талас қалған үш құраманың арасында өтеді.
Жүрек қағысы жиілеп, алақан терлеп, эмоциялық сілкініс алатын кез жақындады. Кейде күліп, кейде ашуланып, біреуді боқтап, біреуге сүйсініп… қысқасы, енді екі жылға жететін әңгімеге арқау табамыз. Дайындалыңыз жақын қалды! Енді төрт күннен соң, ұйқысыздық ауруы келеді.
«Арқанкерген» шекара бекетінде шекарашылардың қаза болуына байланысты Мемлекет басшысының Өкімімен Қазақстан Республикасында 5 маусым ұлттық аза тұту күні болып жарияланды.
Қаза болған бауырларымыздың имандары жолдасы болсын, отбасыларына сабыр тілейміз.
Жатқан жерлерің жайлы болсын бауырлар. Тәңрі Қазақты қолдасын!
Құрметті керек инфо сайтының қолданушылары! Жаңадан ашылған энтузиасттың сайты туралы жазсам ба деп отырмын.
Бұл сайтта кез келген тіркелген қолданушы компьютер жағынан білген тергенің, сол сайтта жазса болады. Білгенін жазып, білмеген жерін үйренуге өте ыңғайлы, пайдалы ақпараттарға сіздердің көмектеріңізбен толатын кішігірім жаңадан ашылған сайт. Сайттың админі өзім есімім Шаухаев Карлен Қаржаубайұлы. Сайт әліде шекілеу, даму үстінде болғандықтан білмеген жерім болып, сайттан қателіктер табылып жатырса айтуыңызды, көмектесуіңізді сұраймын!
Тағыда толықтырып жазайын десім не жазарымды білмей отырмын. Сайтқа келіп, өз көздеріңізбен көруіңізді сұраймын. Алдын ала алғысымды білдіремін.