05 маусым - Қаралы күн

«Арқанкерген» шекара бекетінде шекарашылардың қаза болуына байланысты Мемлекет басшысының Өкімімен Қазақстан Республикасында 5 маусым ұлттық аза тұту күні болып жарияланды.

Қаза болған бауырларымыздың имандары жолдасы болсын, отбасыларына сабыр тілейміз.

Жатқан жерлерің жайлы болсын бауырлар. Тәңрі Қазақты қолдасын!




фото: С.Сейітов (Астана ақшамы)
Бөлісу:

47 пікір

sakenspb
все таки себебі не болды екен. бір мутный хикая.
zztop
Ресейдің қатысы бар сияқты…
Zilola
Шерше ля фам ©
meirzhan
шерше ля рус
Zilola
рустың водка ва фамы бекетке кіруден басталған
Daniar-Alan
водка ва фамның қатысы жоқ деді экспертиза. марқұмдардың артынан жаман сөз айтуға болмайды, жерлес…
Aya
Қайран атпалдай азаматтар… Иманды болсын...
Janasil
Қайталанбасын деп тілейік.!!!
Aidakonya
Иманды болсын, жас сарбаздар просто «марионетки» болды ше, себебин барлыгы билип отыр, но ешкашан айтпайды…
AKA
Қазаның арты қайырлы болсын…
asaubota
бүгін біраз ТВ арналар әсіресе музыкалық арналар эфирге шықпайды. басқа арналарда жарнама және ойын-сауық бағдарламалары көрсетілмейді. мүмкін болса біз де бүгін сол тәртіппен прикол жазбасақ деген тілек.
e_zhalgas
арты қайырлы болсын…
VKM
біз де бүгін сол тәртіппен прикол жазбасақ деген тілек.
дұрыс!
patick
Атырау облысынан 4 жігіт болыпты: Құрманғазы, Мақат, Қызылқоға аудандарынан және Атырау қаласынан. Артының қайырын берсін.
Gulistan
Тізімдері бар ма?
asaubota
тізімді әлі шығармай жатыр
Gulistan
«Біреуі Оралдан» деп Ербол Азанбек фейсбукте жариялап еді. Жанұяларына қиын болды…
Nurshat
Қайран асыл ерлер-ай! жатқан жерлерің жәннатта болғай…
Serzha
менше қытайдың қатысы бар, қазақстанның реакциясын қарауға жасалған, ұндемей отыра бере ме, әлде бой көтере ме деген сияқты
asaubota
кеше мындай инфа көрдім ФБда:

Российская десантная группа, базирующаяся в Киргизии, находится под подозрением у КНБ в поджоге погранзаставы Казахстана
patick
Бұл жерде «нақоя?» деген сұрақ туындайды
asaubota
мейрам тойлап отырып андай ракета сияқтымен басып жіберуі мүмкін ғой немесе просто барып өртеп кетуі мүмкін. сосын қытайдан көрсін деп әдейі істелуі мүмкін, интеграцияны тездету үшін.
asaubota
мынау да оқиғаны шешетін кілт болатын сияқты:

Обнаружен пропавший пограничник с заставы «Арканкерген»
Как сообщил источник kursiv.kz, пограничники обнаружили пропавшего пограничника. По словам источника (пока не подтвержденным), все эти дни он прятался в пещере, но потерял дар речи.
www.kursiv.kz/almaty_online/1195226807-obnaruzhen-propavshij-pogranichnik-s-zastavy-arkankergen.html
omarbirat
Бірінші болып Қырғыз Президенті көңіл айтып жатыр.
aza
Аза тұту күні жарияланғаны дұрыс болды… Қайғы мен қуанышта бірігеді ғой адам… Ұлттың рухын көтереді, бауыр, дос, туыс екеніміздің айғағы. Біргеміз солармен!
alisha
Тас түскен жеріне ауыр. Әрине, апталдай азаматтарынан айрылған жандарға жұбаныш болар сөз табу қиын мұндайда… Ендігі мұның қайталанбауын тілейік!
TERISKEY
Қаза қайырлы болсын! Не де болсын, тыныштық болсын елімізде!
bazuka
Арты қайырлы болсын! Жатқан жерлері жәйлі болсын!
Erkekyz
Күнде оянғанымда радио тыңдайтын әдетім бар еді. Сол неге бүгін бәрі тыныш деп қоямын, кейін қаралы күн, тулар жерге түсірілді дегенде денем түршігіп кетті.
Арты қайырлы болсын.
Daniar-Alan
Күнде оянғанымда радио тыңдайтын әдетім бар еді

ия, классика беріп жатыр.
Janasil
Рус радиодан домбыраның үнін естідім, «Мыналар қаралы күн болса ғана домбыраны ойнатадыма» деген ой келеді екен.
aza
Мешіттен келдім, Нұр астанадан. Еліміздің барлық мешіттерінде бесін намазынан соң қаза тапқандардың рухына бағышталып дұға оқылды… Жәннаттық болар, иншалла, шейіттер ғой. Әуелі атылды, оққа ұшқандар шейіт, сосын өртелді, отқа өртенгендер де шейіт қой…
Bayan_
Иманды болсын!

«Анамыз әкелген өмірге,
Дақ түсірмей көңілге
Армиядан қайтқан соң,
Отырғызам үйдің төріне…
Қамбар Ағанастың мамасына жазған соңғы құттықтау хаты. 2012 жылдың 8-мамыры
Rozatai
 Құдай-ай, жап-жас жігіттер. Екі-үшеуінен басқасының бәрі 91-92 жылғы балалар екен…
Gulistan
Атыраудың мешітінде де дұға оқылды:

caspionews.kz/?p=11275
aza
батыс жақтың азаматтары екен көпшілігі…
asaubota
біздің медианың қаралы күн түсінігі — көңілді ештеңе бермеу.

мана жұмыстан келсем бір канал күнде кезегімен беретін комедия сериалдарының орнына ужысфильм көрсетіп жатыр
AL-ASTER
Күлкілі болмағанда, мұңлы болар ед © Гастаның комментінен
Kipshakkyzy
Қазаның арты қайырлы болсын!
balenti
«Арқанкерген» уақытша шекара бекетінде әскери қызметін өтеген әскери қызметшілердің толық аты-жөні:
1. Кереев Алтынбек Құтжанұлы, 1984 ж.т., уақытша бекеттің бастығы, капитан.
2. Ақышов Ерлан Ерғалиұлы, 1988 ж.т., келісімшарт қызметінің кіші сержанты.
3. Ақылбаев Рүстем Бағдатұлы, 1991 ж.т., келісімшарт қызметінің қатардағы сарбазы.
4. Сәрсембаев Талғат Амангелдіұлы, 1984 ж.т., келісімшарт қызметінің қатардағы сарбазы.
5. Ағанас Қамбар Асқарұлы, 1991 ж.т., қатардағы сарбаз.
6. Әмірғалиев Бекзат Абатұлы, 1989 ж.т., қатардағы сарбаз.
7. Балғабаев Данияр Ғарифоллаұлы, 1992 ж.т., қатардағы сарбаз.
8. Ілиясов Жанат Қанатұлы, 1992 ж.т., қатардағы сарбаз.
9. Именов Мейірхан Сағындықұлы, 1992 ж.т., қатардағы сарбаз.
10. Мақсатов Әли Ізтұрғанұлы, 1992 ж.т., қатардағы сарбаз.
11. Мұқашев Нұрланбек Қуатбекұлы, 1991 ж.т., қатардағы сарбаз.
12. Рей Денис Викторович, 1993 ж.т., қатардағы сарбаз.
13. Сағынғалиев Жеңіс Дәулетұлы, 1990 ж.т., қатардағы сарбаз.
14. Үсіпәлиев Нұржас Дүйсембайұлы, 1991 ж.т., қатардағы сарбаз.
15. Челах Владислав Валерьевич, 1992 ж.т., қатардағы сарбаз.