Ерекше техникамен салынған суреттер


Бірғали Байекеев маңғыстау өңірінен шыққан ерекше дарын иесі. Маңғыстау өңірінде көптеген жылдар бойы журналист болған. 5 жасыннан сурет сала бастаған, қазіргі кезде көп суретшілер қолдана бермейтін (Қазақстанда кенже қалып қалған) линогрвюра, офорт, ксилография, литогрифия графикалық техникада сурет салады, онымен қатар қара қарындаш пен гуашьпен де сурет салудың шебері. Бұл техникаларда сурет салу өте қиын, жұмысы ауыр. "Әсіресе ақ қара түсті заттарды салған кезде ақ түсті суреттерді беру өте қиын дейді",- өнер танушылар.

Сонымен кезек суреттерде:

Мұқағали әлемі. Линогравюра

Гуашьпен салынған Автопортрет

Молшылық қолы. Қарандаш

Еділ мен Жайық. Линогрвюра.








Тағы да бір кішкене ақпарат, өнер танушылардың айтуынша үйге осындай суреттер қойған дұрыс екен, біріншіден өте қарапайым стиль, екіншіден адамның қабылдауына жеңіл.
Көрме "Ұлар" көрме үйінде өтіп жатыр, он күнге созылады.
Бөлісу:

11 пікір

edige
Тақырыбына қарамай атауын табу әрекетім сәтсіз болды… «Молшылық қолы» ҰНАДЫ
rakisheva
Иә, «Молшылық қолы» ерекше әдемі екен
Aikona
нағыз қазақ аталардың қолдары сияқты болып көрінді маған
araika
«Еділ мен Жайық»-ты қыз бен жігіт бейнесінде көрсеткені қызық екен
edige
Екі еркек қолыстасып тұрғанда атауы мүлдем бөлек болар еді…
Aikona
Түп мағына іздеп қажеті жоқ деп ойлаймын
Aikona
Адам фантазиясы жүйрік қой
ken
адамдарды осындағы Архун жақсы салады.
мына суретшінікі онша ұқсамайды. бірақ стильінің өзі сондай шығар, иә?
Aikona
линолеум мен темірге салған соң қиын шығар қағазға салғаннан да?
Marationok
Оны гравировалды аппаратпен жасай ма?
Суреттерің қызықты екен, іліп қояға турарлық.Әсіресе соңғысы.