"ВКМ ның" құбылысы...


Аноооу Күн бетіндегі титтей ноқатты көресіз бе, Сол гой ВКМ, туййй, Шолпан)))

«ВКМ» Венера емес Керектегі… Кәдімгі таңғы аспанның көзмоншағы Шолпан ару жайлы…
«Бүгін Шолпан Күнге қонаққа барды. Жер ғаламшарының тұрғындары 110 жылда бір байқалатын құбылыс Шолпанның Күн бетімен өтуін бақылады. Таң жұлдызының Күн мен Жер ортасынан өтуін Азия құрлығы елдерінің тұрғындары анық байқайды. Жапонияда Шолпан траекториясын толық байқауға болады. Себебі, Шолпанның бұл құбылысы басталатын уақытта Күн жапон көгінде тұрады. Жалпы, ғалымдар аспан денесінің бұл қозғалысы табиғатқа әсер етпейтінін айтады. Тек аса сирек жағдайларда ғана су көтерілуі мүмкін. Бұл қызыққа Астана тұрғындары Күн көтерілген соң, яғни, жергілікті уақытпен таңғы 05 тер шамасында ғана куә болды. Елордадағы Оқушылар сарайының шатырына қойылған телескоппен Күн бетіндегі титтей ноқат Шолпанды анық көру мүмкін болды. Тіпті, жаңа технологиялар арқасында онлайн конференция да ұйымдастырылды...»
ПыСы: Бейреси ақпарат))): Не ғой, сол таң атпай Тәуелсіздік пен Момышұлының қыиылысындағы Сарайға бардық. Шатырға шығып Шолпанды тамашаладық. Сарайдың алдына да бір телескоп қойылыпты… 110 жылда байқалатын бұл құбылыс енді айналып келгенде менің жасым 135 те болады екен) Көріп алдық, келесісін күтпей алаңсыз жинала беруге болады енді ана жаққа)))
Жалпы… бір қыз айтады: Түүүу, осындайда ғасырда бір қайталанатын сирек құбылыстарды естігенде біртүсті бопқаламын. Өміріміз мәңгілікпен салыстырғанда түк емес я деп…
Келістім!
Бөлісу:

12 пікір

VKM
Cонда нешеге дейін көрінеді екен?
aza
10*45 ке дейін біз тұрған қала уақытымен)
rakisheva
Қандай әдемі, көре алмай қалғаным…
aza
қаап, енді 115 жыл күтуіңіз керек болады…
Abilakim
Пугачеваның қайтыс болуын ба?
bake
Көшіп-қонып жүріп көре алмадым. Әйтпегенде бала кезімнен жұргізген астрономиялық бақылаулар қоржынын толтырып қояр едім. Ең бірінші әдейлеп бақылап көргенім күн дақтары болатын әрі қарай тізе беруге болады: құйрықты жұлдыздар, күзде шығыстан бір мезетте шоқ болып ағатын жұлдыздар (жер астроидтер белдігін кесіп өтеді), күннің тұтылуы.