Юнайтед: Ұрпақтар сабақтастығы

  • UNITED
Манчестер Юнайтед тарихындағы ұрпақтар сабақтастығы, тәрбие, мызғымас дәстүрлер туралы бір кітап жазуға болады. Сөзді көбейтпей, Куинз Парк Рейнджерс пен МЮ арасындағы соңғы матчқа қана тоқталайын.
Әрі қарай

АВТОБУСТАҒЫ БІРТҮРЛІ ОҚИҒА

немесе «КАРМАННИКТЕР КОМБИНАЦИЯСЫ»

Кеше. Дала суық. Аялдама. Төле биге жетіп алуға асығып, кез келген бір автобусқа кіре салдым. Кірдім де есіктен жоғарыға көтерілмей тұрдым. Себебі адамдардың арасына кіріп кетсең, еее, мына рюкзагыңды алшы деген сөзден әбден құлақ шаршаған.
Әрі қарай

Қараңғы

Бұл баяғыда болған оқиға…

Әкесі мен баласы
Кішкентай кезімде бөлмеме барып жату мен үшін қорқыныш еді. Жарықты өшіріп, қараңғыда ұйықтау, айдалада жалғыз қалғанмен бірдей.
Әрі қарай

Тетрис электронды ойыны

Тетрис
Тарихи анықтама. Тетрис Совет Социалистік Республикалар Одағының туындысы, ойлап тапқан Алексей Пажитнов, 1984 жылы 6 шілде күні халыққа таныстырыпты. Ойын атауы екі сөзден құралған «тетрамино»* және «тенис».
Әрі қарай

Блогқұрылтай 2013 - өткізілу орны

Ассалаумағалейкүм!

Шараның алғашқы күні М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік университетінде өтеді. Бұл жайында толық бағдарламада жазылған. Екінші күні өтетін орын ретінде «Бәйшешек» лагерін таңдап отырмыз. Бүгін шымкенттік ұйымдастырушылармен бірге «бәйшешекке» барып, Сіздерге түсініктірек болуы үшін суреттерге түсіріп келдік.

Әрі қарай

Блогқұрылтай 2013 бағдарламасы



Ассалаумағалейкүм!

Наурыздың 23-24 наурызында өтетін «Блогқұрылтай 2013. Шымкент» шарасының бағдарламасы (қаралай нұсқа):


БЛОГҚҰРЫЛТАЙ 2013
Бағдарлама

1-күн
(М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік университеті.
2-мәжіліс залы)

9.00. – Тіркелу
10.00-10.30 – Ашылуы, пресс конференция
10.30-11.30 – 1-сессия
11.30-12.00 – кофе брейк
12.00-13.00 – 2-сессия
13.00-14.00 – түскі ас
14.00-15.30 – 3-сессия
15.30-16.00 – кофе брейк
Әрі қарай

"Тәжин тізімі" блогшылар үшін қорқыныш па, қуаныш па?

  • KazNET
Интернет ортада өткен аптаның басты тақырыбы «Тәжин тізімі» болды. 22 ақпан күні мемлекеттiк ақпараттық саясаттың өзектi мәселелерi бойынша өткен жиында Қазақстандағы ең танымал әрі ықпалды аналитиктердің, блогшылардың, әлеуметтік желілер модераторларының мәліметтер базасы жасалатыны туралы айтқан еді ҚР Мемлекеттiк хатшысы Марат Тәжин:

«Еліміздегі қоғамдық-саяси өнімдерді шығарумен айналысатын барлық мемлекеттік ұйымдардың, ең танымал әрі ықпалды аналитиктердің, блогшылардың, әлеуметтік желілер модераторларының біртұтас мәліметтер базасын құру керек. Бұл жұмыс 2 ай уақыт ішінде аяқталу керек. Бізде мәліметтер базасы болуы керек, шамамен сәуір айынан бастап осы бағыттағы жұмысты жандандыруға тиіспіз. Мен осыны талап етемін, алайда бірде-бір мемлекеттік органдарда ондай мәліметтер базасы жоқ. Бұл дұрыс емес. Осы жұмыспен ұдайы айналысатын адам керек»

Бұл сөздерді блогшылар әр түрлі формада қабылдап, түрлі-түрлі пікірлер айтыла бастады. «Тәжин тізімі» деген атау да қойылып үлгерді. Мемлекеттік хатшы сол жиында не айтты, қысқаша қарап көрейік.
Әрі қарай

Hatebook.org – хейтерлер мен мизантроптардың сайты

Ағылшын пәнінің мұғалімі Ұлжан апай айтқандай, «өмірде жаусыз қызық емес» деген сөзден бастағым келіп отыр. Өмірде де, әлеуметтік желілерде де біз дос жинағанды жөн көреміз. Ұнамағандарды жай ғана қара тізімге енгізіп қоя береміз. Мысалға, әлемге танымал әлеуметтік желі Facebook-те қолданушылар бір-біріне достық жібереді. Ал Хейтбук (www.hatebook.org) сайтында керісінше жау жинайсыз. Өзіңізге ұнамайтын, түсінбейтін немесе қабылдай алмайтын әрекеттер мен заттар туралы пікіріңізді жариялайсыз. Осындай антиәлеуметтік желі десек те болады. Біз үшін бір кемшілігі, сайт интерфейсінің ағылшын тілінде болуы, алайда ағылшын тілін осы сайтта өзіңіздің жек көретін нәрсеңіз туралы түсіндіруге немесе өзіңіздің жауларыңыздың жыны келетін нәрселерін түсінуге талпыну арқылы үйренуге болатындай.) Сыртынан болсын, көзінше болсын өсек айтуға да өте таптырмас құрал.
Әрі қарай

Шөпшегінің маңдайын иіскеп

ӘжемӘжем екі жыл болды күз бен қысты біздің үйде өткізеді. Үйде шөберелеріне бас-көз. Жазда ұлына ауылға кетеді. Дастархан басында билер мен батырлар туралы аңыз, әңгімелер айтып, сексенге жуықтаса да кітапты көзілдіріксіз оқиды. Монғалиядан көшіп келген Ғизат деген жолдасымыз: “Қазақстанда да осындай шежірелі қария бар екен ғой”,-деп таң қалды. Бала кезімде атам екеуі жеті атамды жаттатып, тақпақ айтқызып жарыстыратын. Коридорда перде тағылушы еді. Екеуін отырғызып қойып, пердені сахна етіп сәндеп, “Роза Рымбаева ән салады”-деп концерт қойып бертінмін. Жатар кезде ертегі айтқызбай ұйықтамаймын. Студенттік жылдарымда ауылға барғанда да жақсы көретін ертегімді айтқызып қоятын едім. Әжем айтқан “Өлген жігітке күйеуге шыққан қыз” туралы ертегіні әлі бір кітаптан кездестірген жоқпын. Ауданда “Әжелер сайысының” жұлдызы, бас жүлдені ешкімге бермейді. “Қараторғай” деген әнді алғаш әжемнен естігем. Қуатты кезінде сырмақ басып, кілем тоқып, құрақ құрап, он саусағынан өнер төгілген әжем қазір шөпшек сүйіп отыр. “Аллаға шүкір, мендей жаман кемпір қайда жоқ” деп қояды.
Әрі қарай