Әжем екі жыл болды күз бен қысты біздің үйде өткізеді. Үйде шөберелеріне бас-көз. Жазда ұлына ауылға кетеді. Дастархан басында билер мен батырлар туралы аңыз, әңгімелер айтып, сексенге жуықтаса да кітапты көзілдіріксіз оқиды. Монғалиядан көшіп келген Ғизат деген жолдасымыз: “Қазақстанда да осындай шежірелі қария бар екен ғой”,-деп таң қалды. Бала кезімде атам екеуі жеті атамды жаттатып, тақпақ айтқызып жарыстыратын. Коридорда перде тағылушы еді. Екеуін отырғызып қойып, пердені сахна етіп сәндеп, “Роза Рымбаева ән салады”-деп концерт қойып бертінмін. Жатар кезде ертегі айтқызбай ұйықтамаймын. Студенттік жылдарымда ауылға барғанда да жақсы көретін ертегімді айтқызып қоятын едім. Әжем айтқан “Өлген жігітке күйеуге шыққан қыз” туралы ертегіні әлі бір кітаптан кездестірген жоқпын. Ауданда “Әжелер сайысының” жұлдызы, бас жүлдені ешкімге бермейді. “Қараторғай” деген әнді алғаш әжемнен естігем. Қуатты кезінде сырмақ басып, кілем тоқып, құрақ құрап, он саусағынан өнер төгілген әжем қазір шөпшек сүйіп отыр. “Аллаға шүкір, мендей жаман кемпір қайда жоқ” деп қояды.
Әжесі бар қандай бақыттысыз, мен екі әжемді де кішкентай кезімде көрдім, әжемді қатты жақсы көретінмін. әжем тек менікі деп таласушы едім басқа немерелерімен, біз «ханалшы» ойнайтынбыз, керемет ойнайтын, шиырып атудың шебері еді.
“Өлген жігітке күйеуге шыққан қыз”
осының толық нұсқасын жазып жіберсеңіз, оқып көрелік
осының толық нұсқасын жазып жіберсеңіз, оқып көрелік