АВТОБУСТАҒЫ БІРТҮРЛІ ОҚИҒА

немесе «КАРМАННИКТЕР КОМБИНАЦИЯСЫ»

Кеше. Дала суық. Аялдама. Төле биге жетіп алуға асығып, кез келген бір автобусқа кіре салдым. Кірдім де есіктен жоғарыға көтерілмей тұрдым. Себебі адамдардың арасына кіріп кетсең, еее, мына рюкзагыңды алшы деген сөзден әбден құлақ шаршаған. Рюкзакты дереу қолыма алдым да, кондуктор орнына кондуктор боп, бағана сияқты есіктің алдында тұрып алдым. Бауырым, жоғарыға көтеріле сал. Қаз көтерілем деп интернет модем сатып алам деп қойған ақшаны қойын қалтаға салумен әуре боп жатырмын. Жоқ, дәл қазір көтерілші деп кондуктор жоғарыға көтерілуіме көмектесіп жіберді. Ақшаны қойын қалтаға салдым, енді ұрлай алмайды-ау деп өзімше мәз боп қаннен қаперсіз жоғарыдағы темірді ұстап тұрмын. Құрманғазыдан бір кемпірдің ізінен үш еңгезердей қара кеудешелі жігіт автобусқа мінді. Мен оларды төрге өткізіп өзім есіктің жанынан кетер емеспін. Себебі бір аялдамадан соң, Төле биде шығуым керек. Үшіншісі кіргені сол еді, кондуктор құлағыма «карманниктер» деп сыбырлап жіберді. Оппааа, қолымды телефонды алу үшін қалтама салғаным сол еді, бір қол зу ете қалды. Құдай сақтады, телефонды ала алмады… Бірінші жігіт немесе екінші жігіт қолын қалтаға салды ма, салғысы келді ме өте түсініксіз. Жылдамдық 100 м/с па, 50 м/секунд па есептеуге мұрша бермеді. Сен төменге түс деп кондуктор ымдап жіберді. Көзімен ана үш жігітті көрсетті. Енді үшеуінің комбинациясыыыыы, шіркін!!! Хави, Иньеста мен Мессидің комбинациясынан асып түспесе, кем түспейтіні анық. Аяқ-қол, көз, тіпті, киімдерімен де жұмыс жасайды екен бәтшағарлар. Төрге кіріп кеткен біреуі мен одан кейінгі екіншісі бір қызды екі жақтан қысып жатыр. Үшіншісі ірі ақша беріп, автобустың екінші бетінен шабуылдап, кондукторды тиын санатумен алдап жатыр. Олардың іс-әрекетін көз қиығымен білдірмей бақылап тұрмын. Ондай шанс келе бермейтіні белгілі, кондуктор ондай сырды айта бермейтіні де анық болғандықтан, бұл мүмкіндікті жіберіп алмайын деп қызығып білдірмей қарап қоямын. Екі жақтан екі жігіт қысқанынан ауа жетпей жұлқынып, екі Барселоналықтың арасынан суырылып шыққан Роналду сияқты, қыз да суырылып шығып, 100 теңгені созып, екі «карманниктің» денелерінің арасындағы қоңыр сөмкесін күшпен тартып алды. Дым да алып үлгере алмаған екеуі бір-біріне «сен тормоз, шансты қолдан шығардың» деген сияқты бір-біріне қарасты. Қабанбайға да келдік, бір орыс әйел кірді. Төрдегісі екі саусағын үсті-үстіне қойып ишара берді, сөйтіп, Иньеста Месси тұрған автобустың екінші жағына бет алды. Естеріңізде болса, Месси алдын ірі ақша (2000 тг) беріп еді, соның қсақ тиындарын алатын сияқты боп тұрды да, Хави жақтан жылдам ауысқан Иньестаға 100 теңге тиынды білдірмей беріп жіберді. Сондағы байқағаным, үшеуі жан-жақтан ақша берді де, Төле биге келгенде, менің артымнан топырлап түсті. Мен аялдамадан кішкене іркіліп тұрдым, кондуктор көзін қысты да, көрдің бе қандай "өнерлі жігіттер" бар екенін деген сияқты жымиып қойды. Сөйтіп, үш жігіт жолды жүгіріп кесіп өтті де, қарсы бетте Абай даңғылына қарай көтеріліп бара жатқан ішінде валидаторы бар Қытайдың ұзын автобусына кіріп үлгерді. Құдай біледі ана автобуста қанша адамды қан жылатқанын.

Морал: автобуста тұрғанда агентте, Туиттерде әңгіме айтам немесе құлаққа жағымды музыкадан ләззат алам деп Барсалықтар сияқты «жылдам, өнерлі жігіттерге» олжа боп қалмаңыздар. Ауыздарымыз аңқайып тұрып, ақшаны алдырып қойған соң, қанша қарғап-сілесек те пайда жоқ!!!

мақала фейзбук парақшасынан алынды. Авторы Нұрлан Жанай
http://www.facebook.com/nurlan.janai
Бөлісу:

9 пікір

MickThatsMyNick
есте қалғаны, Ақтөбе қаласында орталық базарда ол кезде милиционерлер бір «карманник»-ті желкесінен сүйреп, зарлатып алып бара жатты, сонда сатушылардың бірі: «ол бала ғой не істеп жатсыңдар, аяңдарщищ» деп айтты, сонда милиция қызметкерлерінің бірі: «апа сіздің затыңызды ұрлағанда басқаша сайрар едіңіз» деді. жалпы, қылмыс жасап қойыпты деп қылмыскерге аяушылықпен қарайтындарға түсінбеймін… Сосын олар алмаспен жүреді, сіздің затыңызды ұрлағысы келгендердің сумка мен пакеттерде іздері қалып қояды.
torgai
«Аяңдарщищ» дәл айтылған)))
madikon
Астанада сондай жағдай көп кездеспейтін сияқты.
torgai
Астанада болған. Соңғы курста оқып жүрміз. Жаңа жылды бірге қарсы аламыз деп, отырыс жасауға дайындықты бастап кеттік. Орталық базар сол кезде жаңа жерге көшке болатын. Қасымдағы досымды екі кішкене бала қағып өтті екі жағынан. Ол іле қалтасын қарап «Портмонем жоқ» демесі бар ма. Ал кеп қудық жаңағы жүгермектерді. Жетіп алып досым біреуін төмпештей бастасын. Базардағылар жиналып бізге шүйлікті. Екеуінің де қалтасын, қойны-қонышын тінтідік. Портмоне жоқ. Сол кезде досым тұрып «Онда бәрібір көк тиын жоқ. Тек құжат қана» деді. Анау бұтына қолын тығып, портмонені алып шықты ғой. Сөйтіп бір бәледен қаққаны бар бізді.
ken
бұрын бір-екі рет көргенмін. жаз болатын. қолана әдейі ветровкасын іліп алады. ол ветровка қолдың орта тұсында емес, білектен төмен жақта болады — алақан, саусақтарды жауып тұрады. шал, кемпір, әйелдердің жанына тұрып, қалта/сумкаларын тіміскілейді.
temir1986
Кездескенім жоқ. Бірақ қарап тұрдым дегеннен шығады, Алматыда на жылы бір студент қыз біреудің ақшсанын алғалы жатқанын көріп айтам дегенде қарманщик қыздың бетін тіліп жібергенде жаңағы қырап тұрғыш мырзалар саспай қызыққа қарап тұрыпты деген.
neoaskar
Барып тұрған масқаралық қой мынау,
temir1986
шатаспасам Аграрлық университеттің студенті болу керек қыз бала