Мусор беріп жіберу
Мусор беріп жіберу — ХХІ ғасыр қала қазақтары арасында кеңінен дамыған дәстүр. Мусор әдетте үйден шығып бара жатқан еркектерге әйелдер тарапынан беріледі. Келіншектер күйеулеріне, қайныларына, ұлдарына береді. Бұл дәстүр арқылы әйелдің еркекке құрметі, сенімі, сүйіспеншілігі паш етіледі. Сондай-ақ қазақтар үйден шыққан мусор арқылы үйдегі негатив энергия, нашар аура, керек емес артық заттар, қоқыстардан құтылатынына сенеді. Үйге келетін жаңа берекеге орын ашылды деп қуанады қазақ әйелдері.
Мусорды үнсіз алып кету — дәстүрді құрметтемегендік болып саналады. Сондықтан үйден шыққалы тұрған жауапкершілігі мол, салт-дәстүрге берік еркек «Мусор бар ма, ала кетейін» деп өзі сұрап алады немесе әйелдер жағы «Тоқтай тұр, мусор беріп жіберейін» деп бұл дәстүрге деген мұқияттылықтарын көрсетеді.
Мусор беріп жіберу — қазақ отбасындағы бала тәрбиесінің де бір бөлшегі. Буыны бекіп, бұғанасы қатая бастаған ұл балаларға жастайынан мусордың жеңіл түрлері беріледі. Ата-аналар әдетте бұл жауапты істі мәртебемен орындаған ұлдарын мақтап, мадақтайды. Осылайша дәстүрге бейімделе бастаған жас ұрпақ жауапкершілік сезініп, өзін үлкен өмірге дайындай бастайды.











— Мектеп бітіргенде 10 арманым болған, қазір солардың үшеуі орындалды: араб тілі бойынша білім алу, «ХХІ ғасыр көшбасшысы» бағдарламасына қатысу және спортқа арналған сайт жүргізу.
— Иә, қазақ тілінде блог-тұғырлар жетерлік. Бірақ олардың бәрін сапалы деп айтпас едім. Блогтаймды ашудағы мақсатымыз да сол — блогосфераның сапалық деңгейін көтеру. Мысалы, тіс пастасы бар екен деп басқа өндірушілер қарап тұрмайды ғой, олар да өз пасталарын ұсынып, бәсекелестен асып түсуге тырысады. Біз де қатарымыздың алды болуды мақсат етеміз.
— Жоба коммерциялық мақсатпен, болашақта табыс әкелетін сайт деген жоспармен ашылған. Әдетте тәуелсіз БАҚ дегенде бірден сынаушы, мемлекеттің кемшіліктерін баяндаушы деген ой пайда болады. Бізде керісінше — мемлекеттің атқарып жатқан істерін насихаттау, кәсіпкерлерді қолдауға арналған шараларын ашып көрсеткіміз келеді. Бірақ бұл бизнестің басқа салаларын назардан тыс қалдырамыз дегенді білдірмейді. Жеке компаниялармен, банкттармен де қарым-қатынас орнатып жатырмыз.








