Мусор беріп жіберу
Мусор беріп жіберу — ХХІ ғасыр қала қазақтары арасында кеңінен дамыған дәстүр. Мусор әдетте үйден шығып бара жатқан еркектерге әйелдер тарапынан беріледі. Келіншектер күйеулеріне, қайныларына, ұлдарына береді.
Бұл дәстүр арқылы әйелдің еркекке құрметі, сенімі, сүйіспеншілігі паш етіледі. Сондай-ақ қазақтар үйден шыққан мусор арқылы үйдегі негатив энергия, нашар аура, керек емес артық заттар, қоқыстардан құтылатынына сенеді. Үйге келетін жаңа берекеге орын ашылды деп қуанады қазақ әйелдері.
Мусорды үнсіз алып кету — дәстүрді құрметтемегендік болып саналады. Сондықтан үйден шыққалы тұрған жауапкершілігі мол, салт-дәстүрге берік еркек «Мусор бар ма, ала кетейін» деп өзі сұрап алады немесе әйелдер жағы «Тоқтай тұр, мусор беріп жіберейін» деп бұл дәстүрге деген мұқияттылықтарын көрсетеді.
Мусор беріп жіберу — қазақ отбасындағы бала тәрбиесінің де бір бөлшегі. Буыны бекіп, бұғанасы қатая бастаған ұл балаларға жастайынан мусордың жеңіл түрлері беріледі. Ата-аналар әдетте бұл жауапты істі мәртебемен орындаған ұлдарын мақтап, мадақтайды. Осылайша дәстүрге бейімделе бастаған жас ұрпақ жауапкершілік сезініп, өзін үлкен өмірге дайындай бастайды.

мен ойымша оны еркектер тастамайды ол жерде. Пәтер жалдап тұратын жас отбасылы емес қыздар не жігіттер деп ойлаймын. Қалғандары балдары жүретін жерге олай тастамас еді.
мынау рас енді