Интернет-журналистке пайдалы 3 бағдарлама (онлайн-сабақтар)
Интернет-журналистика – дәстүрлі ақпарат құралдарының біріккен тұсы екені белгілі. Сондықтан мәтінге қоса аудио және видеоподкаст жасай білу, жедел түрде фото өңдеп жіберу машықтарын кез-келген интернет-журналист меңгеруі тиіс. Осы орайда интернет-журналистикаға енді қадам басқан жас мамандар үшін пайдалы болатын 3 онлайн-сабақ ұсынғым келіп отыр. Сабақтардың алғашқысы аудио өңдеуге арналса, екіншісінде видеоподкаст жасау негіздеріне тоқталамын. Екі жағдайда да тегін таратылатын бағдарламалар пайдаланылады. Үшінші қысқаша сабақта суретті тегін онлайн-сервисте жедел өңдеуді көрсетемін. Сонымен, кеттік!
1. Audacity бағдарламасында қарапайым аудиоподкаст жасау (Audacity-ді жүктеп алыңыз):
2. Freemake Video Converter бағдарламасымен жұмыс жасау (Freemake Video Converter-ді жүктеп алыңыз):
3. Fotor.com онлайн-сервисінде фото өңдеу:
Назарларыңызға тағы да рахмет!
Пікір қалдыра отырыңыздар, сабақтар сіздерге ұнаса, жалғастырамын
Скринкаст CamStudio Open Sourсe бағдарламасының көмегімен жасалды.
1. Audacity бағдарламасында қарапайым аудиоподкаст жасау (Audacity-ді жүктеп алыңыз):
2. Freemake Video Converter бағдарламасымен жұмыс жасау (Freemake Video Converter-ді жүктеп алыңыз):
3. Fotor.com онлайн-сервисінде фото өңдеу:
Назарларыңызға тағы да рахмет!
Пікір қалдыра отырыңыздар, сабақтар сіздерге ұнаса, жалғастырамын
Скринкаст CamStudio Open Sourсe бағдарламасының көмегімен жасалды.
тым-тым пайдалы пост сияқты, үйге барып қарайм, а то жұмыстан инет жылдамдық видео көрсетуді жаратпайд )
1) Мен қолданатын Pixlr.com-мен салыстырғанда жылдам жүктеледі (менің өлексе интернетім үшін үлкен плюс) Фоторға +1 бал.
2) Интерфейсы Қожанасырға да түсінікті екен. Сосын ашылғанда алдыңда тұрғанды жауып тастамайды кейде Pixlr.com -ның опциялары сөйтеді. Сосын, опциялары жанында болғаны ыңғайлы екен. Навигациядан Pixlr.com-ды айырып тұр. Фоторға тағы +1 бал. Pixlr-ға -1 бал
3) Кемшілігі, кейбір жақсы нәрселер үшін ақылысына қосылу керек. Тіркелуді де қақсап сұрай береді. Фоторға -1 бал.
4) Fotor Pixlr-ға қарағанда қыздарскилау көрінді. Бәлкім оған, Beauty — деген функциясы кінәлі шығар. 0-бал
6) Коллаж жасағанда арасын айырып тұратын фон түсін дербес таңдау жоқ екен. Pixlr.com — да бар. Мен әрине, егер ол портрет болмаса, жиі қарасын таңдауға тырысамын. Болмаса, сұрын. Оны таңдаудан әлбетте, мақалаң басқа боп кетпейд. Бірақ маған ұнайды оны да ойнатқан. Pixlr.com- ға бір ұпай кетті. (Фоторға -1 бал)
5) Эффекттерден, Pixlr.com бай, Фотор да кедей емес, ал сүйікті эффектім Alex- ті таппадым, тек оның аналогтары бар сияқты. Жақсы. Екеуіне де +1 балдан.
6) Бір эффекттен екінші эфектке, бір рамкадан екіншісіне, үшіншісіне өткенде «Сақтайын ба?» деп сұрап зайып алады. Фоторға -1) Pixlr.com — да ондай жоқ. +1
7) Суретке мәтін қосу жағынан Pixl.com — да жынд-жынд, зверский шриффтер бар, фоторда да бар. Алайда, ол жынд шрифтер қазақша тергенде наққа кететіндіктен олардан көбіне пайда жоқ. Дегенмен, Pixlr- ешбір шрифтпен қазақша оқымайды, тігіліп ұқсас әріппен теріп, ондағы Қ әріпіне пейнтке салып үтір қойғаным құрысын. Ал Фотор-да стандарт шрифтер қазақшаға судай. +10 бал әнәсс…
Мұрны қанаған "ұлдарский", брутальный Pixlr.com техникалық нокауттың кесірнен төбелесті жалғастыра алмай, корридорға шығып кетті. Барып жұбатып қайтайын. Кімде темекі бар?
ПС: Аршат, осындай баттл ма еді күткенің?